131
табанына кірген шеңгел менің мандайыма қадалсын» деп әлпештеп
өсірген, перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде мойындарына
бұршағын салып «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға
жалбарынған, өздерін балалары үшін құрбан еткен. «Бала – ата-ананың
бауыр еті», «Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар» деген сияқы толып
жатқан мақалдар да ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан
жоқ па?!
13-оқушы: Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен әпке-
қарыңдастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы
қоғамның ең маңызды ұйтқысы болып табылады. Өйткенгі адам ең
алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ержетіп,
отбасының тәрбиесін алады. Шынында, отбасы – ол да бір шағын
мемлекет.
Достарыңызбен бөлісу: