Әдеп сақтау – адамдар арасындағы қарым-қатынас нормасын
орындап жүру.
Әдет – жеке адамның қажетіне айналып, қалыптасып кеткен тұрақты
әрекеті.
Әдет-ғұрып – дәстүрге айналған, жалпыға бірдей қалыптасқан, әр
этносқа тән ортақ тәртіп, салт-сана. Әлеуметтану ғылымында отбасы- некеден және қандас туыстар
негізінде құрылған кішігірім топ.
Әке тәрбиесі – әкенің ұл баласына үйрететін тәлім-тәрбиесінің
жиынтығы.
Әмеңгер – жесір әйелдің күйеуінің орнын басуға құқылы қайнысы
мен қайын ағасы.
Әңгүдік – даңғой, жарымес, делқұлы адам.
Әңгімелесу – ұстаз бен шәкірттің өзара пікірлесуі, ой бөлісуі. Бұл
ертеде Сократтың әңгіме әдісінен, яғни ұстаз-ғалымның көпшілікпен
алаңда халықпен пікірлесуінен шыққан.
Әулекі – өзін ұстай білмейтін, дарақы, даңғой адам.
Әулет дәстүрі – бір атаға жататын үрім-бұтақ, туыс адамдардың
өздеріне тән мұралық дәстүрі.