Кіріспе
Қазіргі уақыт талабына сай ағылшын тілінің пән ретінде қажеттілігі
күннен күнге артып отыр. Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-
техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болып
табылады. Мұның өзі ағылшын тілін мектептерде пән ретінде оқытудың
дәрежесін жоғарылатады. Қоғамдық құрылыстың барлық құрылымдары
дамушы жүйе ретінде қарастырылғандықтан, олардың құраушыларының өзара
байланысы, өзгерісі басқа элементтерге ықпалын тигізеді. Қоғамдық прогреске
сәйкес білім беру мазмұны өзгерістер мен толықтыруларға ұшырайды.
Ал, Қазақстанда білім беру жүйесін әлемдік стандартқа жақындату саясаты
жүргізіліп жатқан кезеңде, мектептердегі оқу мен тәрбие ісінің мазмұнына
қазіргі талапқа сай жан-жақты ойластырылған ең тиімді жұмыс түрлері мен
тәсілдерін іздестіруді талап етеді. Сондай жаңа тәсілдер туралы ой Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңында [1], Қазақстан Республикасының
2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында [2], сондай-ақ,
елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауларында [3,4,5]
көрсетілген. Нақ осы құжаттар, заңдар бүгінгі таңда шет тілін оқытудың негізгі
бағыттарын айқындап берді.
Достарыңызбен бөлісу: |