1. Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық


 Ақпараттық технологиялардың түрлері



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата07.01.2022
өлшемі0,82 Mb.
#17992
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
00052844-bcfe0cda

 

1.3 Ақпараттық технологиялардың түрлері 

Тіл тағдырын жетілдіру көп ретте мектепте атқарылатын жұмыс деңгейіне 

байланысты.  Өйткені,  өскелең  ұрпақтың  балғын  санасына  бай  тіліміздің  нәрін 

сіңдіріп, көкірегіне ұялатуға әр пән мұғалімі ауқымды істер атқаруы тиіс. 

Ағылшын  тілін  саналы  меңгерту,  оны  өз  деңгейінде  қажеттілікке 

айналдыру,  бір  жылғы  мәселе  емес,  сондықтан  ағылшын  тілін  оқыту  ісімен 

шұғылданатын  мамандар  арасында  туындайтын  бір  сұрақ:  ағылшын  тілінде  өз 

ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны 

ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн? 

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір 

технологиялық 

тізбекте 

біріктірілген 

әдістер 


мен 

өндірістік 

және 

бағдарламалық - технологиялық құралдардың жиынтығы. 



Ағылшын  тілі  сабағында  компьютерді  қолдану  мәтіндер  мен  ақпаратты 

білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс 

істеуге  қызығады,  өйткені  кейбір  жағдайларда  компьютер  білмеген  жерін 

көрсетіп,  көмекке  келеді.  Қазақстан  Республикасының  мемлекетаралық  тілі  – 

ағылшын  тілін  жаңа  технологиялар  арқылы  оқыту  ісі  күннен  -  күнге  өзекті 

болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – 

тіл  үйренушінің  өз  бетімен  тіл  үйрену  қабілеттерін  жетілдіруіне  игі  ықпал 

ететін тиімді жүйе болып табылады. Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, 

шығармашылық  және  коммуникативтік  істерін  дамыта  алады,  оқушының  оқу 

белсенділігі  артады,  сабақтың  негізгі  кезеңдерінің  бәрінде  оқушыларға 

шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.  



15 

 

Орта мектептерде ағылшын тілін оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, 



негізгі,  орта  және  ортадан  жоғары  деңгей  бойынша  базалық  және  пәндік 

құзыреттерді  жүзеге  асыра  отырып,  ағылышын  тілін  қатысымдық  тұрғыдан 

меңгерту;  сөйлесім  әрекетінің  түрлеріне  сай  оқушыны  тілдік  білім  негізінде 

оқыған  тілде  сөйлеуге,  сауатты  жазуға  үйрету  арқылы  дара  тұлғаның  тілдік 

қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік 

тұрғыдан  ұсына  отырып,  оқушыларға  ағылышынша  тілдік  қатынасты  игерту 

мақсатын  көздейді.  Осы  аталған  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  оқытудың 

ақпараттық  технологияларын  пайдаланған  орынды.  Қазіргі  кезде  сабақта 

ақпараттық  технологияларды  бәріміз  кеңінен  қолданамыз.  Ұлы  атамыз  Абай 

Құнанбайұлы:  «Шәкірттерің  жақсы  оқу  үшін,  оның  оқуға  деген  ынтасы  және 

қызығушылығы  зор  болу  керек»,  -  деген.  Расында  да,  тек  ғана  жігерлі,  әр 

нәрсені  үнемі  білгісі  келген,  табандылығын,  шыдамдылығын  көрсеткен  адам 

ғана мақсатына жетеді[12]. 

Адамзат  баласының  өз  ұрпағын  оқыту  мен  тәрбиелеудегі  ең  озық,  тиімді 

әдістерін  тәжірибелерін  жалғастырып  тың  жаңалықтар  іздеу,  классикалық 

педагогиканың  озық  үлгілерін  жаңашылдықпен  дамыту  қашанда  жалғаса 

бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның 

іс  -  әрекетін  ұйымдастыру  арқылы  ойлау  дағдыларын  дамыта  отырып  жүзеге 

асырылады.  Білім  –  жолы  қиында  қастерлі  жол.  Болашақ  жастарды  оқыту, 

тәрбие  беру,  қазіргі  өмір  ағысына  бейімдеу  ұстаз  алдында  тұрған  ең  басты 

міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары 

мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне 

жоғары  талаптар  қоюда.  «Кәсіби  құзыреттілік  –  жеке  тұлғаның  кәсіби  іс- 

әрекетті  атқаруға  теориялық  және  практикалық  әзірлігімен  қабілеттілігінің 

бірлігі». 

Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау 

ғана  емес,  рухани  дүниесі  бай  және  адамгершілігі  зор,  қоғамдық  өмірдің 

барлық  аясында  ұлттық  құндылықтарды  бағалауға  және  дамытуға  қабілетті 

тұлғаны  қалыптастыру  керек  екенін  баса  айтқан  жөн.  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаев  29  қаңтар  2011  жыл  Қазақстан 

халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу 

әркімнің  дербес  табыстылығының  міндетті  шарты  еккендігін  айтып  келемін. 

Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 

пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді[12]. 

Олай  болса,  оқушыны  ағылшын  пәніне  қызығушылығын  тудырып 

дамытуды  және  жемістің  нәтижесін  көруді  мақсат  тұтқан  әрбір  мұғалім 

жолдауға  жедел  үн  қосу  керек  деп  білеміз.  Шетел  тілін  үйрету  қиын  да, 

қызықты  жұмыс.  Қазіргі  кезде  ұстаздарға  қойылып  отырған  талап  жаңа 

технологиялық  әдістерді  қолдана  отырып  сапалы  терең  білім  беру, 

оқушылардың  ойлау,  есте  сақтау  көру  қабілеттерін  жетілдіру.  Мектептерде 

жаңа  технологиялар  арқылы  оқыту  шет  тілін  үйренудің  сапасы  мен  маңызын 

арттырады.  Шет  тілін  оқыту  процесінде  тілді  дұрыс  үйрету  ауызша  сөйлеу, 

сауатты  жазу,  мәнерлеп  оқыту  өте  маңызды.  Қазіргі  кезеңде  мектептерде 

ағылшын  тілін  оқыту  дұрыс  жолға  қойылған.  Оқушылардың  ағылшын  тілін 




16 

 

біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. 



Шетел  тілін  оқытудағы  білімділік  мақсаты  -  шетел  тілінде  сөйлеуді  үйрету, 

байланыста  бола  алу  мен  ортақ  тіл  табысып,  қарым  -  қатынасты  нығайтуға 

ұмтылу  болса,  тәрбиелік  мақсаты  -  өзге  адамдарды  тыңдау  мәдениетін 

қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету. 

Ағылшын  тілді  оқытуда  жаңа  технологияларды,  техникалық  құралдарды 

сабақта  жан  -  жақты  қолдану,  мұғалімнің  көптеген  қиындаған  қызметтерін 

жеңілдетіп,  осы  іскерліктің  ұстанымды  жаңа  тәсілдерінің  пайда  болуына 

мүмкіндік  туғызады.  Осындай  жаңа  жолдардың  біріне  ақпараттық  оқыту 

жүйесіндегі  компьютерлік  бағдарламалардың  түрлері  арқылы  тіл  үйретуді 

жатқызуға болады. 

 Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану 

басты  мақсат  болып  отыр.  Ол  тек  қана  техникалық  құрал  емес,  сонымен  бірге 

жаңа  ақпараттық  ,  коммуникациялық  технология  және  білім  беру  жүйесіндегі 

сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. 

Компьютерлік  телекоммуникациялар  бүгінгі  қоғамда  үлкен  қолданысқа 

ие.Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде. 

Қазіргі  заман  мұғалімі  тек  өз  пәнінің  терең  білгірі  болу  емес,  тарихи-

танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді 

және 

ақпараттық-коммуникациялық 



білімді 

және 


ақпараттық-

коммуникациялық  технологияны  жан-жақты  меңгерген  ақпараттық  құзырлы 

маман болу керек. 

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының 

кілті екені белгілі. Біздің мемлекетімізде жаңа ақпараттық құралдардың дамып 

келе  жатқаны  сөзсіз.  Қазіргі  заман  педагогтарына  компьютер  және 

мультимедиялық  құралдарды  қолданудың  сабақ  өту  барсында  өте  тиімді  тәсіл 

екені  белгілі.Бұл  құралдың  қуаттылығы  соншалықты  онымен  бірге  білім 

жүйесіне  жаңа  әдістермен  бірге  әлемдік  ойлаудың  жаңа  идеологиясы 

(шығармашылығы) енгізілді. 

Компьютерлік  және  ақпараттық  технологиялар  заман  талабы.  Бұл 

жұмыстың  басты  мақсаты  компьютер  желісін  және  мультимедиялық  - 

электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда 

ағылшын  тілі  сабағында  презентацияларды  және  мультимедиялық  - 

электрондық  құралдарды  мектеп  қабырғасында  және  білім  беру  процесінде 

терең қолдану. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі 

Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық 

оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: 

- лексиканы оқып үйретеді; 

- сөйлеу ырғағын; 

- диалог, монолог және рөлдік ойындарды; 

- хат жазуға үйретеді; 

- грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға 

көмектеседі. 




17 

 

Қазіргі  кезде  ағылшын  тілімен  компьютер,  телекоммуникациялық 



құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың 

рөлі зор. 

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технология құралдарын  қолданудың 

басты  мақсаты  -  оқушыларға  шетел  тілінде  қарым-қатынас  жасауды  базалық 

деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік 

біліктілікті,  қажетті  жағдайда  ауызша  және  жазбаша  (сөз,  тыңдап  түсіну,  оқу, 

жазу)  өзара  мәдени  қарым-қатынас  процессінде  қолдана  алу  қабілеттілігі  мен 

дайындығын  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін  тілдік,  сөздік,  әлеуметтік-

мәдени білім, білік дағдылар енеді. 

Компьютердің  білім  беру  құралы  ретінде  кең  таралуының  негізгі  алғы 

шарттары: 

1)  Компьютер  шексіз  ақпарат  әлемінде  енуге  және  ақпаратты  жүйелі 

түрде  талдап,  сараптауға  мүмкіндік  береді.  Ақпаратты  алудағы  жоғары 

жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды. 

2)  Компьютер  адамның  зерттеу  -  танымдық  әрекетінің  әмбебап  құралы 

ретінде ерекшеленеді. 

3)  Өзге  құралдардан  компьютердің  ерекшелігі  –  оның  қатысымды  құрал 

бола  білуі.  Яғни,  білімгер,  ол  арқылы  қатысымның  барлық  түрлерін  жүзеге 

асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл 

үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ. 

4)  Құрал  бітімгерлерге  өз  әрекеттерінің  нәтижесін  айқын  көрсете  алады. 

Білім  алуда  дұрыс  шешім  жасай  білуге  деген  оқушылардың  өзіндік  тәсілін, 

стратегиясын қалыптастырады. 

5)  Компьютердің  көмегімен  жаттығулардың  кешенді  түрлерін  аз  уақытта 

орындау мүмкіншілігі туындайды. 

Ағылшын  тілі  сабағында  компьютерді  қолдану  мәтіндер  мен  ақпаратты 

білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс 

істеуге  қызығады,  өйткені  кейбір  жағдайларда  компьютер  білмеген  жерін 

көрсетіп, көмекке келеді. 

Қазіргі  заманда  ғылымсыз  жан  -  жақты  дамыған  өркениетті  елдердің 

қатарына  қосылу  мүмкін  емес.  Ал  мектеп  мұғалімдерінің  бүгінгі  заманға  сай 

берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр.Пән мұғалімдері 

арасында  да  үнемі  үзілмес  байланыс  болуы  керек  деймін.  Мысалы:  қазақ  тілі, 

орыс  тілі  және  ағылшын  тілі  мұғалімдері  бір  тақырыпты  бір  уақытта  бастап, 

пәндер арасында тым құрығанда атауларын бала үш тілде біліп, байланыстыра 

отырып  тіркес,  сөйлем,  қысқа  біліп,  байланыстыра  отырып  тіркес,  сөйлем, 

қысқа  әңгіме  құра  білсе  бір  оқу  жылы  ішінде  біршама  жетістікке  жетер  еді 

демекпін.  Әрине,  барлығын  байланыстыру,  жүйелеу  оңай  жұмыс  емес,  бірақ 

белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» болуы үшін, 

нәтижесін  көруге  болатын  сияқты.  Үш  тілді  болу  -  қазіргі  заман  талабы. 

Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға 

қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек.  

Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Сол себепті     

еліміздің  барлық  білім  беру  ошақтары  қазіргі  озық  технологиялармен 




18 

 

жабдықталып,  мультимедиялық  кабинеттер  ашылды.  Ең  алдымен  технология 



туралы  жалпы  мәліметті  қарастырайық.Сөздіктерде  «Технология»   деген 

адамдардың нақтылы күрделі үрдісті өзара байланысқан жүйелер, рәсімдер мен 

операцияларға жіктеу арқылы жүзеге асыру тәсілін айтады. Бұл арада рәсім деп 

басты  үдеріс  (немесе  оның  бір  кезеңі)  жүзеге  асыратын,  нақтылы 

технологияның мәнін білдіретін әрекеттер кешенін айтамыз, ал операция – осы 

рәсім аясындағы міндеттерді практикалық жағынан шешу жолы. 

Поляк  педагогы  В.  Оконь  оқыту  құралдарын  мұғалімнің  іс-әрекетін 

ауыстыру  мен  білім  алушылардың  әрекетін  автоматтандыру  мүмкіндігінің 

өсуіне  байланысты  жіктейді.  Осыған  сәйкес,  оқыту  құралдары  екі  топқа 

бөлінеді: жәй және күрделі. Жәй құралдар: сөздіктер, оқулықтар және басқа да 

мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, модельдер, суреттер. 

Күрделі  құралдар:  механикалық  визуалды  құралдар:  кодоскоп,  диапроектор 

және  т.б;  аудио  құралдар:  магнитафон,  радио,  музыка  ойнатқыш; 

аудиовизуалды:  дыбысты  фильм,  телевизор,  бейнежазба;  оқыту  процесін 

автоматтандыру  құралдары:  мультимедиялық  кабинет,  компьютерлер, 

ақпараттық  жүйе,  телекоммуникациялық  жүйе.  Бұл  технологияларды  әсіресе 

шетел тілін үйренуде пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір 

ұлттың  мәдениеті  мен  әлеуметін  қатар  үйренеді.  Ал  оны  толықтай  меңгеру 

үшін  оқулықтың  аздық  етері  анық.  Адам  көру,  есту  арқылы  тіл 

қолданушылардың  мәдениетін  тезірек  сезінеді.  Яғни,  өзінің  де  сол  тілді 

меңгергендердің  қатарына  қосылуы  әбден  мүмкін.  Қазіргі  таңда  жаңа 

ақпараттық 

технологияларды 

оқушылардың 

ағылшын 

тіліне 


деген 

қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық 

технологияларды  енгізу  және  қолдану,  интеллектуалды  дамыған,  ақпараттық 

ортада  жақсы  әрекеттене  білетін  тұлғаны  қалыптастыру  жолында  пайдалы 

болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді 

процесі жүріп жатыр[13]. 

Ағылшын  тілі  сабағында  компьютер  және  т.б.  жаңа  ақпараттық 

құралдарды 

пайдалану 

заман 


талабы. 

Жаңа 


замандағы 

Жаңа 



Қазақстанымыздың  дамып  келе  жатқан  қадамында  оқу  процессіне  жаңа 

ақпараттық  технологияларды  енгізілуі  де,  келешекте  компьютер  заманы 

болатынына  көз  жеткізеді.  Ең  тиімді  программалардың  бірі  Microsoft  Power 

Point. 


Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен 

қамтамасыз  етіп,  компьютерлік  білімін  даярлауға  көмектеседі.  Және  ол 

оқушылардың  түрлі  қабілеттерін  ашады.  Олар:  есте  сақтау,  көру,  есту,  ойлау, 

эмоционалды, автоматты және т.б. 

Интерактивті  тақтамен  презентацияны  бірге  қолдану  оқушылардың 

сабаққа  деген  қызығушылығын  ерекше  арттырады.  Ағылшын  тілі  сабағында 

компьютерді,  мультимедиялық  және  электрондық  оқулықтарды  және 

интерактивті тақтаны пайдаланғанда: 

- лексиканы оқып үйретеді; 

- сөйлеу ырғағын; 

- диалог, монолог және рөлдік ойындарды; 



19 

 

- хат жазуға үйретеді; 



-  грамматикалық  құрылымдарды  түсіндіріп,  оқушылардың  есінде 

сақтауға  көмектеседі.  Көбіне  мен  ағылшын  пәнінде  компьютерді  жаңа  сабақ 

түсіндіргенде,  грамматикалық  құрылымдарды  өткенде  және  қорытынды 

сабақта  қолданамын.  Интерактивті  тақтаға  сөзі  анық  жазылған  ағылшын 

тіліндегі видеороликтерді, аудио дискідегі өлеңдерді, электронды оқулықтарды 

компьютер  арқылы  енгізіп,  тақырыбы  бойынша  сабақта  қолданамын.  Бұл 

көрнекі  құралдар  тақырыпты  ашуға,  оқушыға  жеткізуге  көп  көмегін  тигізеді. 

Әрбір  оқушы  таңдалған  тақырып  бойынша  жаттығулар  мен  тапсырмаларды 

орындап,  тестілер  шешіп,  семантикалық  карталар  және  сызбалармен  жұмыс 

жасауға дағдыланады.  

Мазмұны  қиындау  бір  үлкен  тақырыптың  бөліктерін  өткенде  қосымша 

бейнехабар  және  клиптер  қажетті  элемент  болып  табылады.  Бейнеклиптер 

уақыт  масштабын  өзгертуге  және  көріністерді  тез  және  жай  түрде  көрсетуге 

пайдалы.  Интерактивті  тақтаны  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай 

әртүрлі тақырыпта материалдар енгізіп қоюға болады, кез-келген керек уақытта 

сол материалды ойланбай қолдануға болады. Ағылшын тілін үйрету барысында 

интерактивті  тақтаны  тәжірибеде  кеңінен  қолдана  отырып,  төмендегідей 

қорытындыға  келдім:  оқушының  тіл  үйренуге  қызығушылығын  арттырады; 

қарым-қатынас  дағдыларын  дамытады;  оқу  процесін  жекешелендіреді  және 

ерекшелендіреді; оқушылардың ойлау қабілетін дамытады;  оқып жатқан тілде 

мәліметтерді  тыңдау  арқылы   сол  тілде  сөйлеушілермен  қарым-қатынас 

жасауға  мүмкіндік  береді;  тақта  аркылы  сабақта  әртүрлі  тиімді  әдістерді 

қолдануға мүмкіндіктер ашылады. 

Интерактивті  тақта  –  топтағы  оқушылардың  барлығын  оқытуға  және 

оқытушы  жаңа  материалды  өте  қызықты  және  қарқынды  етіп  түсіндіруге 

көмектесетін,  көзге  көрінетін  құнды  құрал.  Ол  сызбаларды  түсіндіруді 

жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің 

жаңа  ойларын,  идеяларын  әсерлі,  тартымды  етіп  көрсету  үшін  осы  тақтаны 

қолданса  мақсаттарына  жетеді.  Бұл  тақтада  оқытушылармен  жаңа 

материалдарды  бірігіп  талдауға  мүмкіндігі  зор.  Түрлі  ресурстарды, 

қызықтыруларды  ұлғайта  отырып  қолданса,  оқытушылар  үшін  де,  оқушылар 

үшін  де  интерактивті  тақта  сабақты  қызықты  ететіні  анықталды.  Интерактивті 

тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады[15]. 

Интерактивті  тақта  топтағы  барлық  оқушылардың  басты  назарына  айналады. 

Ал  егер  де  керекті  материалдардың  барлығы  алдын  ала  дайындалып,  түсінуге 

оңай  болса,  сабақтың  жақсы  қарқынды  өтуін  қамтамасыз  етеді.  Интерактивті 

тақтаның 

керемет 


мүмкіндіктері 

оқушыларды 

таң 

қалдырады, 



шабыттандырады. Көптеген мектептерде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін 

білмегендіктен,  тек  слайд  көрнекіліктер  көрсетумен  ғана  шектеліп  жүрген 

мұғалімдер бар. Бүгінгі күні бірнеше интерактивті тақта түрлері бар. Солардың 

бірі  –  ACTIVboard  (Promethean  компаниясы),  ACTIVstudio  программасы 

арқылы  іске  қосылады.  Бұл  құрылғы  компьютер,  мультимедиялық  проектор 

және  ақпараттарды  енгізуге  арналған  активті  қаламнан  тұрады.  Осы 

техникалық  оқыту  кешеніне  кіретін  интерактивті  құралдарға  тоқтала  кетсек. 



20 

 

ACTIVstudio-ның  көптеген  құралдары  бар,  атап  айтқанда,  объектілер  құратын, 



арнайы  эффектілер  енгізетін  презентацияда  интерактивті  элементтерді 

қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар 

панелінің  көмегі  қажет.  ActinPen  –  бұл  меңзерді  басқару  құрылғысы  және 

компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. Активті 

қалам  мен  «тышқан»  құрылғысының  арасында  өзара  байланыстар  бар,  яғни 

активті  қалам  «тышқан»  құрылғысының  қызметін  атқара  алады.  Алайда 

интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы, ActiveBoard 

электрондық  тақтасы:  материалды  қызу  талқылауға  ерекше  бөліп  көрсетуге, 

нақтылауға,  қосымша  ақпарат  қосуға,  электрондық  маркер  арқылы  түсін  және 

сызықтың  қалыңдығын  өзгертуге;  сөздер  мен  сөйлемдердің  бір-бірімен 

байланысын  көрсете  отырып,  тақырыпты  немесе  сөйлемді  толықтай  аударуға; 

flash–анимациаларды  пайдаланып,  өлеңдер  мәтінін  жаттауға,  суреттермен 

слайдтар  жасауға;  ағылшын  тілінде  сөйлеушілердің  дауысымен  жазылған 

видео-роликтер  көруге  болады.  Интерактивті  тақтамен  жұмыс  істеудің 

артықшылықтары:  бағдарлама  бойынша  барлық  топ  оқушыларына  қолайлы; 

сайттарды,  басқа  да  құралдарды  қолдана  отырып,  жаңа  материалдарды 

түсіндіруге,  меңгеруге  қолайлы;  берілген  материалды  әсерлі  жеткізуге  және 

оны  топтағы  оқушылары  арасында  талқылауға  үлкен  мүмкіндіктер  туғызады. 

Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. 

Электронды  оқулықтың  ең  қажет  мүмкіндігі  аудио-хабарлар.  Электрондық 

оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып 

көрсетуге  болады.  Бұл,  әрине  оқытушының  тақтаға  жазып  түсіндіргенінен 

әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. 

Сабақта  уақытты  үнемдеу,  демонстрациялық  материалдар  даярлау 

мақсатында  интерактивті  тақтаны  пайдаланған  тиімді.  Интерактивті  тақтаның 

үш  режимінде  де  жұмыс  жасауға  болады.  Ақ  тақта  режимі  –  ең  қарапайым 

режим.  Ақ  тақта  режимін  қолданғанда оны  ақ  бет  қағазбен  жұмыс  жасағандай 

және  тақырыпқа  қажетті  жерін  белгілеулермен,  негізгі  ұғымдарын  ерекшелеу 

үшін  түрлі  түсті  қаламды  қолдануға  болады.  Ақ  беттің  артына  фон  ретінде 

мазмұнды  суретті  пайдалануға  болады.  Тақтаның  бұл  қасиеті,  сабақ 

жүргізгенде  ыңғайлы.  Екінші  режим  –  Office  режимі.  Бұл  режим  сабаққа 

қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа 

дайындық  жұмыстары  Word  мәтіндік  редакторының,  Excel  электрондық 

кестесінің  құжаттары,  Power  Point  –  презентациясы  болуы  мүмкін.  Мысалы  , 

Microsoft  Word  құралдарымен  төрт  түрлі  мәтіндік  тапсырмаларды  қамтитын 

құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының 

дұрыс  нұсқаларын  немесе  амалдардың  дұрыс  тізбегін  көрсету  керек. 

Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен 

жасырамыз.  Сабақта  қажет  кезде  бұл  құжатты  интерактивті  тақтаның  Office 

режимінде  ашу  қажет.  Бұл  режим  Microsoft  Office–нің  барлық  мүмкіншілігін 

ұсынады.  Сондай  мүмкіншіліктерінің  бірі  –  құрылған  құжатқа  мәтінді  қосуға 

болады,  яғни  экраннан  түсірілген  суретпен  емес  құжатпен  тікелей  жұмыс 

жасаймыз.  Сонымен,  мұғалім  оқушыны  тестілік  тапсырмаға  жазбаша  жауап 

беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра 




21 

 

алады  («тік  төртбұрыш»  объектісін  жылжыту  немесе  жою  арқылы  )  және 



дайындалған  материалды  шаблон  ретінде  келесі  сабақтарды  пайдалану  үшін 

сақтап  қоюға  болады.  Үшінші  режим  –  тақтаның  интерактивті  режимдегі 

жұмысы.  Сабақтарды  жүргізуде  өткен  материалды  қайталау  қажет,  сондай 

жағдайда  интерактивті  тақтаның  сілтеме  жасауға  арналған  компонентін 

қолдануға  болады.  Бұл  компонент  арқылы  Microsoft  Office  құралдары  арқылы 

құрылған  құжаттарға,  графиктік  редакторлардың  немесе  программалау 

ортасының  көмегімен  құрылған  файлдарға,  интернет  беттеріне  сілтемелерді 

ұйымдастыруға мүмкіншілік береді

.

 

Қазіргі  кезде  ағылшын  тілімен  компьютер,  телекоммуникациялық 



құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың 

рөлі зорая түсуде. 

Оқушылардың  ағылшын  тілі  пәніне  деген  қызығушылығын  арттыруда 

көп  ізденіп,  жаңа  ақпараттық  технологияларды  меңгеруді,  әр  -  түрлі  әдіс-

тәсілдерді  білуді  қажет  деп  санаймыз.Сондықтан  заман  талабына  сай  жас 

ұрпақты  көкірегі  ояу,  ізденімпаз,  өзіндік  шығармашылық  жұмыспен  айналыса 

алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Қоғамның басты бағыттарының бірі – білім 

беру  процесін  ақпараттандыру.  Жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 

білім  беру  үрдісінде  тиімді  және  білім  сапасын  көтеруге  ықпал  жасайды.Оқу 

үрдісінде  жаңа  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  қолдану, 

әлемдік  білім  кеңістігіне  толығымен  еніп,  халықаралық  деңгейге  көтерілуде 

білім  беру  үрдісіне  ақпараттық  –  коммуникация  технологияларының 

жетістіктерін  енгізу  қоғамды  дамытудың  жоғарғы  тиімді  технологияларына 

сүйенген  жаңа  білім  стратегиясына  көшу  болып  табылады.  Ақпараттық  –

коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз 

мамандығына  қызығушылығын  арттырып,  шығармашылық  шабытын  шыңдап, 

ғылыми  көзқарасын  қалыптастырып,  мамандық  сапасын  арттырып,  еңбек 

нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол. 

Қорыта айтқанда, инновациялық технологияларды сабақта қолдану – бұл 

оның  нәтижелігіне  қолайлы  жағдайды  жасаудың  бірден-бір  жолы,  ал  ол  өз 

кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым-қатынастарға себепкер болады. 

Оқытуға  жаңашыл  көзқарасты  қолдану,  тәжірибеге  бағытталған  оқытудың 

үлкен  жетістігі  болып  табылады,  сондай-ақ  оның  сапасы  алынған  білімнің 

нақты  жағдайда  мақсатқа  жетумен  қатар  өмірдің  сапасын  көтеруде  үлкен  

сұранысты  қанағаттандыруды  қамтамасыз етеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет