Махаббат мұңы» атты повестері кітап болып басылып шықты.
«Шынтас» повесі балықшы колхозында тұратын жастар жайында сыр шертсе,
«Махаббат мұңы» повесінің мазмұны екі адамының сүйіспеншілік сезімдерін
баяндауға құрылған. Бұл шығарманың көркемдік табысы мәңгі өшпейтін
махаббат проблематикасы арқылы адамның жан дүниесін ақтара көрсетуіне,
кейіпкердің ішкі әлеміндегі құбылыстарды қайшылықты түрде бейнелеп
беруіне байланысты еді. Бұл повесть адамның рухани әлемін суреттеу
жағынан алғанда, сол кезеңдегі қазақ әдебиетіндегі өзіндік құбылыс
болатын.Ауылдан келген жас қыз Ләззат пен ақын жігіт Нияз арасында
басталған тұрмыстық сипаттағы қарапайым қарым-қатынас махаббат сезіміне
ұласа келіп, қоғамдық деңгейдегі адамгершілік-имандылық мәселесіне дейін
көтеріледі. Шығарманың басты құндылығы да – психологиялық тартыстар
арқылы оқырманды рухани-эстетикалық әсерге бөлей отырып, парасатты
пайымдауға жетелеуінде, көркем түрде тәлімдік-тағылымдық қағидаттар
ұсынуында. Осы кездегі қазақ әдебиеті үшін соны тақырыптардың бірі майдан
өмірін, соғыс шындығын суреттеуге арналған.
Қазіргі қазақ әдебиетінің биік деңгейін байқататын шығарманың бірі -
Т.Ахтановтың «Боран» романы кетерген идеясымен де, қызғылықты
характерлерімен де арнайы әңгімелерлік туынды. Біз романның кейбір
ерекшеліктерін жинақтап, екшеп көрсету қажет деп білеміз.
«Боранда» жазушының бұрынғы шағармаларынд: («Қаһарлы күндер»,
«Махаббат мұңы» т.б.) бой көрсеткеь стильдік өрнек калыптаса, тереңдей
түскен. Ол - тұлғаларды өсу-өзгеру, диалектикалық дамуы үстінде көрсету,
адал мінезіндегі құбылыстарды бейнелеп отыру. Мәселесі романның орталық
қаһармандары: Қоспан мен Қасболаттын Жаңыл мен Қаламүштың әр кезендегі
кескін-келбетін, міне айырымын қапысыз аңғарып отырамыз.
Т.Ахтанов романында табиғат көрінісі қаһарманны-көзімен, көңіл
түйсігімен орайлас беріледі. Баяндау ме кейіпкердің көңіл күйлері
астарласа, қатарласа жүр отырады. Көлемі шағын романға бірталай
тұлғаның өм тәжірибесі, тағдыры, күрес-тайталасы, өзара араласу тари: сыйып
ісетуі кейіпкерлердің сыртқы, ішкі кескінін қат ғармониялы бірлікте беруге
байланысты. Қаһарманн бүгінгісі мен бұрынғысын жымдастырып көрсетуі
шына; шеберлікті дәлелдейді. Европа романдарының жак. тәжірибесін
творчестволық жолмен пайдалана білу, б. көркем, қою тіл, суреттеп отырған
оқиға мен ситуацияны же:. тексеріп білгендік, азаматтык тұрғының
берікт. характерлерді әлеуметтік тип дәрежесіне көтеріп, жан-жак: мінездеу -
жазушы романын бүгінгі әдебиеттің жаңа, жак.: жетістігі дегізеді.
«Боран» романы арқылы келген тың тұлғалардың өзіше ерекшелігі,
көркемдік сонылығы әдебиетіміз үшін жаңа деп есептеу керек. Сол үшін
олардың бірнешеуіне жвкелс тоқталып өтпекпіз. Әдебиетімізге «таныс,
бейтаныс» болып енген кей тұлғаның бірі - Қоспаң. Бұл кезге дейін
де шығармаларда малшы адамның бейнесі кездесетін. Бірақ Қоспан
солардың бәрінен де оқшау тұр. Мұның нег.: құпиясы - жазушының
сендірмей қоймайтын көркем шындыққа жетуінен, тұлғаның түсін де, ісін
де шеберлік аша білуінен. Біз Қоспанның түр ажарынан бастап әр кезле көңіл
толқындарының да растығына сенеміз. Қоспан тек алдындағы семьясын ғана
біліп, алаңсыз тіршілік кешіп жүрген жан емес. Оның көңілін теңіздей
шайқайтын, жүрегін сыздататын оқиғалар өткен екен. Жаңа ғана қызметке
араласып, ел қатарына қосыла бергенде соғыс басталып кетіп, Қоспан
майданға аттаныпты. Онда борышын абыроймен атқарып, ақырында ауыр
жарақаттанып, фашист тұтқынынан бір-ақ шығыпты. Қоспанның тұтқындағы
өмірі де баяндалған. Сырт көзге қимылы, сөзі сараң осы адамның әр іс-
әрекетінде қорғасындай салмақ, табандылық, адамгершілік ерлігі сезіліп
тұрады. Әскерден қайтып, еліне келгенде, мұның алдынан «тұтқында болған»
деген сөз кес-кестеп жүргізбейді. «Қайда барса Қорқыттың кері» дегендей
Қоспанды қызметке алуға ешкімнің жүрегі дауаламайды. Оның қойшылыққа
ауысу себебі осыдан. Автор қаһарманның басындағы шырғалаң мен
сергелдеңді уақыт шындығына сәйкес етіп, ақиқат көрсеткен. Төрт күнге
созылған боран өтінде бір қора қой соңынан өлермендікпен жүріп отырған,
өлім мен өмір бёлдескен шақта, Қоспанның ойына ауық-ауық өткен
тіршіліктің үздік-үздік эпизодтары келеді. Сонан біз оның үйлену тарихын,
майдангерлік істерін, соғыстан кейінгі жай-күйлерін танимыз.
«Боран» романы Совет дәуірінде еңбек еткен қарапйым адамдардың
тағдырлары туралы жазылған. Шығарманың бас қаһарманы Қоспан -
оқырманға ой салған кейіпкерлердің бірі. Күресте шыныққан, рухы күшті, ізгі
жанды, осынау қарапайым еңбек адамының жан дүниесін автор жан-жақты
ашып көрсетеді. Шығарманың сюжеттік желісі қарапайым. Бас кейіпкері
Қоспан шопан боран астында қалып, бір отар қойды аман құтқарып қалу
жолында күреседі. Сол арқылы бұл адамның қайшылықты ауыр тағдыры
көрінеді. Жазушы кейіпкердің жан дүниесіне, ол бастан кешкен кезеңдердің
әлеуметтік сипаты мен мәніне үңіле отырып, біраз шындықтың бетін ашады.
Бұл адамның өмірде көрмегені қиындығы жоқ. Қан майданның ортасынан
аман-есен оралған оның тағдыры дәуір шындығымен үндес. Кейіпкерлердің
ішкі монологы шығарманың сюжеті мен композициясын тұтастырып тұрған
да – осы ойлар арқылы берілген шегіністер. Қоспанның бұрынғы командирі
Қасболат та тың образ. Ол ақылсыз адам емес, бірақ қара басының қамын
көбірек ойлайтын мансапқор. Жас ұрпақ өкілі Қаламұш, қазақ әйелінің типтік
бейнесі Жаңыл сәтті шыққан образдар. “Боран” романы болған, не болуға
тиісті белгілі бір өмір шындығының негізінде замандас характерін сомдаған.
Романның бас кезіндегі Қоспан мен алдындағы малынан айырылған Қоспан
бейнелерінде айырмашылық бар. Ол алдындағы малына адал қарағанымен,
қоғамдық өмірге араласуға бейімсіз, басшылардың алдында жалтақ болып
келді. Жазушы осылайша даладағы боран мен еңбеккер адамның ішкі дүниесін
алай-түлей еткен боранды қатар салыстыра отырып, параллелизм әдісін
қолданады.
«Боран» романының идеясы адамдардың рухани күшін көрсетуі
қоғамның жаңа типті кейіпкерлеріне тән қасиет екені, тағдырдың қандай
қыспағына ұшыраса да, оны алға жетелейтін, еңсесін түсірмей, өршелене
ілгері бастыратын күш – рухани мықтылық. 1966 жылы бұл туындысы үшін
жазушыға қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ұлы Отан соғысы
тақырыбы жазушы шығармаларының негізгі өзегі десе де болғандай. Оның
алғашқы қаламын ұштап, жазушы деген абыройлы атаққа ие еткен де осы
тақырып. Сондықтан да болар, жазушы туындыларындағы кейіпкерлердің
едәуір бөлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар болып келеді. Өзі майдан
өмірін жақсы білетін жазушының кейіпкерлер іріктеудегі мұндай ұстанымы
сәтті еді. Т.Ахтанов – қазақ прозаиктерінің ішінде соғыс шындығын жете біліп
суреттеген тұңғыш қаламгерлеріміздің бірі. Оның көптеген шығармаларынан
Ұлы Отан соғысының лебі есіп тұратынында осындай себептер бар. Тағы бір
назар аударатын жай - жазушы өз әңгіме-повестерінде ақын, күйші,
компазитор, суретші сияқты өнер адамдарының бейнесін жасайды. Олардың
сыртқы тұлғасын ғана суреттеп қоймай, ішкі дүнеисіне де үңіліп, кейіпкер
психологиясына тереңдей енеді. Жазушы туындыларының көпшілік
геройлары – күнделікті өмірде жиі кездесетін қарапайым еңбек адамдары.
Жазушы олардың қызмет бабы, жұмыс дәрежесінің өсуін емес, рухани өсуін,
адамгершілік жайындағы түсінік-талғамын молырақ көрсетеді. Т.Ахтанов
прозасында бұрынғы мен бүгінгі өмірдің өрнектері қатар көрініп отырады.
Оның творчествосында өмірдегі шыншыл реализм мен өршіл романтика
қабысып жататыны анық. Мысалы, “Боран” романы шаруашылық мәселесінің
дұрыс шешілмеуін адамдардың таным-түсінігінен іздей отырып, Кеңестік
жүйедегі шаруашылықтардың оралымсыздығын, соған орай туындайтын
проблемаларды алға тартады.
Т. Ахтанов шығармашылығында «Ант» драмасының орны өзгеше.
Өзгеше болатын себебі, қазақ елі XVIII ғасырдың басында бодандыққа қандай
жағдайда келді? Ата-бабаларымыздың жеке мықты мемлекет болып
қалыптасуына ықпал болған қандай жайлар? Міне, осы тәрізді уақыт
шындығын ашуға ұмтылыс «Анттың» негізі. Халықтық бірлік шығарманың
басты ой қазығы. Мұнда ынтымағы жетпеген елдің ауыр қайғысы, жеке
мемлекет бола алмау қасіреті бар. Бұл өткеннің бүгінге сабағы. Әсіресе,
тәуелсіз мемлекет боламыз деген қазіргі кезеңге тарих тағылымы болса керек.
Шығармаға уақыттың, қоғамның қатыстылығы туралы кейін жазушы «Егемен
Қазақстан» газетіндегі сұхбатында былай дейді: «Мен «Антты» жазғанда оны
бір мерекеге арнағаным жоқ. Баяғыдан көңілімде, іште пісіп жүретін 1956-
1957 жылдары болу керек, бір кітаптарда Әбілқайыр Ресейге қосылып, той
жасады дегенді оқығанда Әбілқайырдың кешке қарай төбе басына шығып,
осының арты не болар екен-деп жалғыз ойланып қалған бейнесі көз алдыма
келеді. Бұл «апырай, сонда не ойлады екен?» деген образ болатын.
Жазушының көркем туынды жазғанда өз ойы, ұсынған түп қазығы болады.
Бұл ойды айтып жеткізуді мұрат тұтпай, қолға қалам алмайды. Ал тарихи
туындының жөні бөлек. Әбілқайырды алғанда қазақ баласының бірлігі үшін
бір ауыз сөз айтқым келеді. Ол кезде атын атап тұрып ұлттық бірлікке
шақырсаң ұлтшыл атануың қиын емес. Сол пікірді мен Әбілқайыр, оның ар
жағында тұрған халық арқылы айтсам керек. Бұл өзі жай пьеса емес, трагедия
ғой. Трагедия деуге болмаған соң драмалық пьеса деп айдар тағуға мәжбүр
болдым. Егер уақытында байқай алған, терең мән берген адам болса
трагедияның түп қазығы Төле бидің монологы, толғанысы» .
«Бір-біріңе қотыр тушаңды қиыспаған ағайын, (қотыр туша-малдың ең
нашары) ырғын дәулетің жауда қалды. Жаның шықса да жақыныңа берме,
жиған-тергенің жатқа бұйырсын»,-деп құдай тағала қарғап па еді бұл
қазақты»-дейді [1, 132 б]. Бұл трагедияны ұстап тұрған діңгек осы. Бұдан
артық қалай айту керек. Ол кезде осылай түсіндірмесең басқа жолы қане?!
Басты мәселе халық трагедиясын көрсету еді. Азаматтық биік өре мен
суреткерлік батылдық Т.Ахтанов талантының белгісі. Жалпы, ол «әдебиет −
ардың ісі» деп таныған қайсар қалам иесі. Уақыт, заман бейнесін шыншылдық
пен жазуды мұрат тұтты. Сондықтан да оның шығармалары келер ұрпақтың
рухани қазынасы. Ел басына түскен ауыр күн, халық басына түскен әлеуметтік
қиын мәселе адам тағдырымен терең тамырласып суреттелген. Соның
арқасында алыс ғасырлардың арғы белестерінде болған оқиға жазушының
бұған дейінгі творчестволық ізденістерінен қиғаш кетпей, ол көтеріп келе
жатқан азаматтық парыз, азаматтық жауапкершілік мәселесінің жаңа бір
қырын ашқан шығармаға айналған. Халық тағдырын, халық болашағын
ойлағанда өз басының эгоистік мәселелері мен жеке басының күйкі-күйтін
жеңе алмаған қайраткер қаншама дарынды, қаншама батыл, қаншама шешімді
болсын тарихтың, қоғамның алдында әумесер ақикөз авантюриске, халық
алдында опасыз сатқын- садуанға айналады. Эгоизм − ел тағдырын ойлаған
азаматтың жауапкершілікпен ешқашан жарасым тапқан емес. Ал адамгершілік
ар үшін, халық тағдырын, халық мүддесін малданып істелген қиянаттан артық
ауыр қылмыс болмақшы емес. Ахтанов шығармасындағы Әбілқайыр мен
Барақ сұлтан арасындағы тартыс осындай өрелі, әлеуметтік мәселе төңірегінде
өрбиді. Ол бүгінгі таңдағы ынтымақ-мұраты жарасқан халықтарымыз
арасындағы кемел достықтың ең бір терең тамырларын тауып көрсетіп,
мұндай ынтымақ, мұндай достықтың тарихи заңдылықтан туған объективті
сипатын дәйекті де дәлелді ашып бере алған»,- деп жазған белгілі драматург,
сыншы Қалтай Мұхамеджанов .Т. Ахтановтың «Ант» трагедиялық драмасы
қазақ халқының XVIII ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік шындығын
көрсетуге құрылған. Соның ішінде осы пьесаны жазуына үлкен екі оқиға негіз
болды. Біріншісі Ресей патшалығына Кіші жүз хандығының ант беріп, қол
астына кіруі. Екіншісі осы ірі тарихи актінің зор қиындықпен шешілуі, тіпті
шиеленіскен қанды оқиғаға соқтыруы. Мұның түпкі себебі жоңғар мен
қазақтың небір замандарға созылған соғысының зардабы. Қазақ халқының
бірігіп ел болып, хандық құрғаны 1465 жылдан, Ресейге қосылуы 1731 жылға
дейінгі 275 жыл ішінде төңірегіндегі жұртпен әр кез ірілі-уақты қағыс-
соғыспен өмір өткізді. Бұл феодалдық қоғамның тағылық заңының салдары.
Үш бөлімнен тұратын драма-дастанда (автор осылай атаған) «Түнгі
сыр», «Бопай қыз», «Ақтабан шұбырынды», «Сардар сайлау», «Аңырақай»,
«Ыдырау»,
«Арпалыс»,
«Ант»
тақырыптарына
бөлініп
пьесаның
композициясы айқындалған. Шығарма нақтылы бір жұмыр сюжетке
құрылмағандықтан автор уақыт пен оқиғаны кең қамту ниетінде осындай
тәсілге барған. Бұл әдіс жалпы драматургияда жат болмағанымен, қазақта тың.
Әр тақырып тарихи жайға жанасып, драманың түпкі идеясына саяды және
негізгі қаһарман Әбілқайыр ісінен ажырамай оның характерін толыстыруға
септігі тиеді. Пьесадағы басты тұлға Әбілқайырға автор ел басына күн туып
тұрған қиын-қыстау шақтың ауыр жүгін артқан. 1723 жылғы жоңғардың ауыр
соққысынан ойсырай жеңілген, бет-бетіне бытырай босып кеткен халықтың
есін жиюы оңай болмады. Қазақ жерінің шығысы мен оңтүстігі жау қолында
қалды. Жоңғарлар ілгері ентелеп, үнемі шабуылдаумен болды. Әбілқайырдың
хандық еткені осындай қиын кез еді. Әз Тәуке дәуіріндегідей емес, елді
бөлшектеп әлденеше хан мен сұлтандар биледі. Әбілқайыр бір- ақ жүздің, Кіші
жүздің ханы еді. Әр хандық өз бетімен өз тұсына келген жаумен ұрыс жүргізіп
отырды. Қазақ елі мен жері бір орталыққа бірікпеді. Осы бытыраңқылық
жоңғарға да, басқаға да қолайлы жағдай жасап, қазақты арадай талап, үнемі
шығынға ұшырата берді. Халық қасарысып қарсы тұра білді.
Міне, осындай ірі зардаптар сайып келіп халықтың ашу-кегін бір арнаға
құюға тиіс еді. Ол солай болды да, қазақ елі «Аңырақай» аталған зор майданда
жоңғардың бетін қайтарып, қайрат жасады. Үш жүздің ел болып бас қосып
Әбілқайырды қол басы сайлады. Бұл бірігу де оңайға түспей талас-тартыспен
шешілген еді. Қайып хан, Сәмеке хан, Барақ сұлтандар Әбілқайырдың бағын
арттырып, дәрежесін көтергісі келмеді. Ел қамын ойлаудан гөрі әрқайсысы өз
мәртебесінің биік болуына тырысты. Елдің бірігіп жоңғар бетін қайтаруына
мүрындық болғандар халықтан шыққан батырлар мен билер еді. Т.Ахтанов
осы бір үлкен істегі қаһарманының қайраткерлігін, өзге хан- сұлтаннан
ойының озығын, ел бірлігін тілейтін және билігінің де биік болуын арман
ететін қүлқын Әбілқайыр образы етіп көрсетеді. Өзге хан-сұлтандарды бұдан
қораш, таяз, бақталас етіп суреттейді. Әбілқайырдың түп есебін, ірі есебін
Сауран сұлтан жетік білмейді. Сауран мен Керей Бөкенбай батыр
Әбілқайырдың ел бірлігін сақтағысы келетін ниетін қолдайды. Пьесадағы
Әбілқайыр, Қайып, Сәмеке, Барақ, Төле би, Бәтимә (Бопай), Бөкенбайлар
тарихи белгілі адамдар. Сауран сұлтан автор қосқан персонаж. Біздің
ойымызша, Сауранның прототиптері: тарихқа мағлұм Барақ сұлтан мен
Жәнібек батыр болса керек-ті. Барақ сұлтан Әбілқайырмен бақталас, бітіспес
дұшпан, ал Шақшақ Жәнібек ханға жекжат, жаһаттасы, оның жолын
қолдаушының бірі. Жазушыға осы екі кереғар характерді өз қалпында
пьесасына қабылдауына болатын да еді .Драмалық шығармада Сауран сұлтан
мен Бопай қыз арасындағы қүштарлық пен қимастық тарихи әлеуметтік
драмаға романтикалық сарын қосып жылы леп әкеп тұр. Оның үстіне
динамика мен конфликтінің де үрістеуіне қисынды әсер етіп, бірнеше
характерді ашуға себепші де. Әсіресе, Бопай қыз бен Сауран психологиясын
айқындаған. Демек, келісті табылған Бұл ситуация автор позициясына
барынша пайдалы. Ал егер, Сауран орнында Барақ болған болса, онда хан мен
сұлтан арасындағы әрекет қатты күш алып, пьесаның негізгі нысанасы
әлсіреген болар еді. Сондықтан автор Барақ сұлтанның ірі әрекеттерін
Сауранға беріп, өзін өзге характермен бейнелеген. Барақ пьесадағы кейпінде
тарих білетін көкжал емес, жантық жанды әзәзіл.Сауран сұлтанға пьесада
үлкен орын берілген. Ол өте батыл, оқыс істерге ұрымтал қызулы қайрат иесі.
Ел бірлігі үшін күресуші, Әбілқайырды да осы ниетпен жақтайды. Билік бір
қолда болса, ел де шоқ болып жауына жем болмас деген үғыммен Сауран
сұлтан алауыз хандарға ашық қарсылық білдіреді. Ел бірлігін сақтауға
Әбілқайыр лайық, ертеңіне көзі жетер сол ғана деп Сауран сұлтан соңына
ереді. Тіпті өзі сүйген Бопайды жаны қиып, Әбілқайырға айттырады. Ханға
илікпегенді күшке сап көндіргісі де бар.
Сол Сауран ақыры келіп Әбілқайыр ханның ажалына да жетті. Ал,
тарихи шындыққа келсек, ол Барақ сұлтанның ісі еді. Сол Барақ «Әбілқайырға
менің астымдағы тағымды бердің. Өз қойныңдағы жарыңды бердің»,- деп
Сауранға айып тағады. Пьесаның көрнекті персонаждары Қайып, Семеке бір
сарынды бейнелер. Бұл екі хан да тарихымызда қайраткер есебінде
ерекшеленгендер. Ахтанов та осы тұрғыдан шығады. Дегенмен пьеса
персонажы еткен соң дараланған ісімен кейпі бөлек бейнеге жеткізу керек еді.
Өйткені, олар әлсіз болғандықтан Әбілқайыр образы да шығандап кетпей тұр.
Әрине, Қайып, Сәмеке, Барақтардың кертартпалық істері психологиялық
жағынан Әбілқайырдың қанатын қимағанымен қанаттыға қақтырмай тұс-
тұстан тұзақтап мысын құртады, шарасыз етеді. Пьеса өз шешімін «Арпалыс»,
«Ант» аталатын үшінші бөлімінде табады. «Ақтабан шұбырындыдан» алты-
жеті жыл кейін Әбілқайыр басшылығымен иісі қазақ бас қосып «Аңырақай»
соғысында жау бетін қайырған соң, халық біріксе не боларына көздері жеткен
батыр, би, намысты ерлер ел бірлігін күксейді. Бірақ ол болмады. Әр хан өз
дегеніне кетті. Айтысып, араздасып қарауындағы қазақтарын бөліп алып
Жәдіге мен Өскеден тараған төрелер өз білгенін істеді. Осымен Әбілқайыр
бастаған Сауран сұлтан, Бөгенбай батыр және басқалардың еңбегі еш болып,
үміті үзілді. Міне, бар бітім-береке осымен тамамданады да, қазақ тағдыры
тағы да тығырыққа тірелді.
Өмірдің ендігі тартары не болмақ, түсер жолы, барар беті қайсы, өмір
бойы айналасымен аңдысып, жағаласып өтпек пе, әлде бір толас болар ма?
Осы сұрақ Әбілқайыр жанын әлдеқашаннан мазалаған. Одан да бұрынғыларды
аз ойландырмаушы еді, тек шешімін таптырмайтын. Осы тарихи факт
пьесаның түйінді жеріне кеп түскен. Жазушы да тарихшы сияқты тарихи
материалдарды негізге алуға міндетті. Тек тарихшыдай өткен оқиғаны
тізбектеп оның қорытындысымен ғана қанағаттанып қоймайды, жазушы
оқиғаның өзімен, демек сол оқиға процесін жандандыруы арқылы жүмыс
істеуі керек. Яғни, бұл өнер тіліне ауу деген сөз. Сонда ғана оқырман немесе
көрерменнің бар процесс көз алдына келіп, күңіліне ұялайды. Тек фактіні ғана
қабылдап қоймай, тірі образдар сырын ұғып, сол шақтың, сол өмірдің бар
болмысына бой ұрады.
«Аңырақай» соғысынан үш жыл кейін
1731 жылы ақпан айында Әбілқайыр ханның Ресей патшалығына жолдаған
өтініші қабылданып, Анна Иоановна ағзамның қазақ жүртын қарамағына
алғаны туралы жарлығы шықты. Орыс халқы мен қазақ халқының тарихи
достастығы осылай басталған еді. «Ант» пьесасының түп түйіні осы.
«Анттың» айырықша табысы да сол тарихи тұлғаның іс-әрекетін тану арқылы
көрермен биік тағылым алады. Себебі, «Ант» драмалық дастаны
Т.Ахтановтың кәсіби драматург ретіндегі ең шоқтығы биік сахналық
шығармасы.
Шығармашылық жолын М.Горькийдің «Тоғышарлар», С.Айнидің
«Құлдар», Айбектің «Киелі қан» сияқты атақты туындыларын аударудан
бастаған. 1959 жылы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма
театрында «Бөлтірік бөрік астында» атты тұңғыш драмалық туындысының
премьерасы болды. Қалтай Мұхамеджанов пьесалары адам мінезінің, іс-
әрекетінің күлкілі жақтарын алып суреттеуге құрылады. Күлкінің ар жағында
ондай құбылысты әшкерелеу сарыны жатады. Бәрі де күлкіге арқау боларлық
дүниелер. Автордың үш пьесасы да кезінде театр сахналарынан қойылды.
«Шыңдағы шынар», «Айман–Шолпан» киносценарийлерінің де авторы.
А.Қаһардың «Ауру тістерін», Ш.Айтматовтың «Ана–Жер–Ана», «Арманым,
Әселім» пьесаларын, «Ақ кеме» повесі және Шығыс классикасының «Мың бір
түн» ертегісін (1-4-томдарын) қазақшалады. 1978 жылы «Жазушы»
баспасынан таңдамалы шығармаларының екі томдығы жарық көрген. 1998
жылы таңдамалы шығармаларының 3 томдығы шықты. Ол драмалық
шығармаларында диалогты, диалогтың даралану заңдылықтарын, диалогтар
даралығы бәсекелестігін шебер пайдаланды. Оның комедиялық және
драмалық туындыларының қай-қайсысында да қазақ қоғамында рухани
дерттің белең ала бастауы кеңінен қамтылып, қазақ халқының Кеңес
дәуіріндегі алмағайып тағдыры, ұлы тұлғалардың трагедиялық бейнесі айқын
көрініс тапты.
Қалтай Мұхамеджанов пьесалары адам мінезінің, іс-әрекетінің күлкілі
жақтарын алып суреттеуге құрылады. Күлкінің ар жағында ондай құбылысты
әшкерелеу сарыны жатады. « Достарыңызбен бөлісу: |