тықпалаумен келеді. Отандық БАҚ-тарда «нені көрсетуге болады, нені көрсетуге болмайды» дегендей ортақ ұстаным жоқ. Содан болар, елімізде шетелдік телеарналар көрсетілімінің ретрансля- циясы 20 пайызға дейін қысқартылса да, 70 жыл бойы орыстың телевидениесіне тәуелді болып келген кейбір арна басшылары элі де «бұл тәуелділіктен» қол үзгісі жоқ», - деген шынайы пікір білдіреді. Шынында да, ресейлік «Дом-2» бағдарламасындағы жастардың іс-әрекеті біздің менталитетімізге сай келмейді. Релити- шоуға қатысушы ұл-қыздардың аузынан шығатын былапыт сөздер мен бір-бірімен жанжалдасып жататындары сорақы дүние екені даусыз. «Дом-2» бағдарламасы Қазақстан Республикасының «Жар- нама туралы» заңын өрескел бұзуда. Аталмыш Заңның 13-бабы - на сәйкес: «Темекі жэне темекі бұйымдарын, алкоголь өніміне,