- Бағанағы бір сөзді біліп кетсем деп, соған қарап отырмын, - дейді бала. - Пэлі, балам, сөздің қадіріне жететұғын бала екенсің, енді саған оның мәнісін айтайын: жігіт адамға бас кесір - еріншектік, ортаншы к есір - ұйқышыл болу, кенже кесір - кежірлік. Осы үш мінез бір адамда болса, ол адам өмірінде оңбайды», - депті. Қаражігіт би Төле бидің айтқан ақыл-кеңесіне дэн риза болып, шын ықыласымен ел-жұртын еңбек етуге шақырыпты (Егемен Қазақстан. - 1997. - 24 желтоқсан. С. Дәуітұлы, Данышпан). Кезінде сенімді серігі болған Қойгелді батырды Төле би мұны бір сынайыншы деп: «Қойгелдім, адам қайтсе адам болады?», - дейді. Сонда өзін сынап отырғанын сезген Қойгелді мүдірмейді: «Меніңше, Төке, дүниеге жоқтан бар болып келген соң адам баласы