104
ҚОРЫТЫНДЫ
Бірінші мағынада бағалау үйренушілердің жетістіктерін, білімін сан-
дық және сапалық тұрғыдан анықтайды. Бұл тұрғыда бағалау – үйренуші-
лердің оқу жетістіктерін белгілі бір талаптармен (критерийлер, стандарт-
тар, үлгілер, эталондар, идеалдар) салыстыру, сол тұрғыдан нақты өлшем-
дер (балл, процент) көмегімен оларды сипаттап және тексеріп, соңынан
қорытынды шығару. Мұндай түсініктегі бағалау«сыртқа», яғни қоғамға,
социумға бағытталады.

Екінші түсінікте «бағалау» үйренушілердің жоспарланғаннәтижелерге
жету көрсеткіштеріретінде қарастырылады. Мұнда студенттердің дамуы
мен өзгерістері олардың әрекеттері (нақты құралдар) арқылы көрсетіледі:
тест, эссе және басқа да жазба жұмыстары, жоба, сауалнама, интервью,
портфолио, т.б. Мұндай өлшеу (мониторинг) студенттердің өз
жетістіктерін бағалау немесе ЖОО-ның оқу нәтижелерін жоспарланған
нәтижелермен салыстыру үшін қажет. Өз жетістіктерін басқалардың
білімі
немесе өзінің кешегі білнәтиженімен салыстыра отырып, үйренуші өзінің
қаншалықты дәрежеде дамығандығын айқындап (жетістіктері мен кемші-
ліктері), өз білімін әрі қарай қалайша дамыта түсу керектігін анықтайды.
Мұнда бағалау «ішке», яғни үйренушінің тұлғасына немесе оқу орнына
бағытталады.
Үшінші вариантта «бағалау» біздің қолданысымыздағы«баға»,
«бағақою»ұғымымен байланыстырылады: емтихан, тест, жазба жұмысы,
жобаның орындалуы немесе семестр нәтижесі бойынша рейтингтік жүйе,
балл мөлшері (мәселен, бес немесе жүз балдық) немесе сандық жүйе
(дәстүрлі бес балдық), әріптік жүйе (A,B,C,D,F) негізінде студенттің
жұмысына қойылатын баға.