Баярыстанова э. Т


 Басшылық стилі ұғымы, оны қалыптастыру факторлары



Pdf көрінісі
бет39/68
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#18454
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
Байланысты:
Баярыстанова Э.Т. Білімдегі менеджмент негіздері

4. Басшылық стилі ұғымы, оны қалыптастыру факторлары 

  Адам  факторына  ерекше  кӛңіл  бӛлген  алғашқы  авторлардың  бірі  Д.Мак-

Грегор  болды.  Ол  ӛзінің  «Кәсіпорынның  адамгершілік  жақтары»  кітабында 

басшылықтың ӛктемшілдік (автократиялық) және либералдық (демократиялық) 

түрлерін ажыратып кӛрсетеді.  

Ол  жұмыскерлерге  ӛктемшілдік  басшылықты  «Х»  теориясы  деп  атады.  Бұл 

теория бойынша басшылар ӛз қарамағындағылар туралы былайша ойлайды: 

1) қабілеті орташа адамдарда жұмысты жек кӛрушілік сезім басым болады, олар 

ебін тауып содан қашқақтауға тырысады; 

2) Адамдарда  осындай  қасиет  басым  болғандықтан,  оларды  бақылау,  жазалау 

арқылы  жұмыс  істеуге  мәжбүрлеу  керек,  осындай  күш-жігер  жұмсау 

нәтижесінде ұйым мақсатына жету қажет; 

3) Қабілеті  орташа  адамдар  ӛзіне    басшылық  ету  тиіс  деп  санайды,  олар 

жауакершіліктен қашқақтайды. 



Автократ  –  өктемшіл  басшы;  ол  өзінің  өкілдігін  барынша  қолданады;  шешім 

қабылдағанда қарамағындағыларға еркіндік бермейді. 

Либерал  (демократ)  басшы  «Ү»  теориясы  бойынша  мынадай  қағиданы 

ұстанады: 

1) адамға ойнау, демалу қаншалықты қажет болса, кез келген жұмысты орындау 

үшін ақыл-ой мен дене күшін жұмсау соншалықты қажет; 



61 

 

2) ұйым  мақсатына  жету  үшін  бақылаумен  және  жазалаумен  қорқыту  –  күш-



жігерді  жұмылдырудың  бірден-бір  құралы  емес.  Мақсатты  шынайы  түсінген 

адамдар ӛзін-ӛзі бақылап, ӛзіне-ӛзі басшылық ете алады; 

3) қабілеті  орташа  адамдар  тиісті  жағдайда  ӛзіне  жауакершілік  алып  қана 

қоймай, оны орындауға тырысады; 

4) тапқырлық пен іскерлік – адамдарда кӛп кездесетін қасиеттің бірі; 

5) қазіргі 

жағдайда 

адамдардың 

потенциалы 

жарым-жартылай 

ғана 

пайдаланылады; 



6) адамдардың жұмысы тиімді болу үшін оларды ынталандыру ӛте қажет. 

Жапон  менеджерлері  қызметкерлерді  басқарудың  ӛзіндік  қағидасын,  «Z» 

теориясын  ұсынады.  Бұл  адамдарға  қамқорлық  жасаудың  жапондық 

ерекшеліктеріне  негізделген  (қайда  тұрады,  немен  тамақтанады,  бос  уақытын 

қалай ӛткізеді, олардың балалары қайда оқиды, т.с.с.) 

  Ұжымға  басшылық  ету  процесінде  әлеуметтік-экономикалықтан  басқа, 

әлеуметтік-психологиялық қатынас та қалыптасады.  

Басқару қызметіндегі әрбір басшы  ӛзінің қызметтік міндетін тек ӛзіне ғана тән 

стильде  орындайды.  Басшылық  стилі  тұрақтылығымен,  амалдарды  жиі-жиі 

қайталаумен ерекшеленеді. 

Басшы  жұмысының  стилі  –  оның  басқару  процесінде  пайдаланатын 

тәсілдерінің, амалдарының, іс-әрекеттерінің жиынтығы.  

Басшының дербес және жалпы стилі болады.  

Дербес  стиль  –  нақты  құбылыс,  оны  түгелдей,  егжей-тегжейлі  қайталауға 

болмайды.  Дербес  стиль  алуан  түрлі  объективтік  факторлардың  ықпалымен 

қалыптасады: 

1) іс-әрекет сипаты; 

2) басшы мен бағыныштылар арасындағы байланыс; 

3) психологиялық ерекшеліктер; 

4) орындау тәртібінің жағдайы, т.б. 

Стильдің қалыптасуы – ұзаққа созылатын, күрделі процесс. 

  Стиль  дегеніміз  әлеуметтік  құбылыс,  себебі  онда,  біріншіден,  басшының 

кӛзқарасы  мен  сенімі  бейнеленеді,  екіншіден,  ол,  түптеп  келгенде,  жүйенің 

қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. 

Басшыға  ұжымның  барлық  мүшелерін  қанағаттандыратын  жұмыс  стилін 

қалыптастыру оңайға түспейді. 

Басшының  дербестігі  істеген  ісіне  қарай  емес,  қалай  істегендігіне  де  орай 

сипатталады.  Олардың  жұмысын  бақылай  отырып  мынаны  анықтауға  болады: 

басшы бір мәселенің ӛзін алуан түрлі тәсілмен, ӛзінше шешеді. 

  Стиль  дегеніміз  әлеуметтік  құбылыс.  Себебі,  біріншіден  онда  басшының 

кӛзқарасы  мен  сенімі  бейнеленеді,  екіншіден,  ол  түптеп  келгенде,  жүйенің 

қалыпты  жұмыс  істеуінің  ақырғы  нәтижесін  ойластырады.  Басшы  ұстанған 

стилі  оның  қарамағандағылардың  ұдайы  назарында  болып,  олар  мұны  ӛзінше 

бағалап,  ӛзінше  қабылдайды.  Әдетте,  басшы  стилі  бүкіл  жүйеге  таралады, 

себебі,  жұртшылық  оның  жүріс-тұрысына,  ісіне  зер  салады,  соған  еліктейді, 

содан үлгі-ӛнеге алуға, үйренуге талаптанады. 




62 

 

  Басшыға  ұжымның  барлық  мүшелерін  қанағаттандыратын  жұмыс  стилін 



қалыптастыру  оңайға  түспейді.  Бағыныштыларына  ықпал  етудің  кейбір 

амалдары алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер бір басшы оларға сенім кӛрсету 

арқылы ықпал ететін болса, екіншісі «тиістісің», «міндеттісің» секілді қағиданы 

басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып, 

оларды  ӛзіне  «аулақ  ұстайды»  да,  ұсақ-түйек  мәселеге  дейін  ӛзі  шешеді.  Енді 

бір  басшылардың  есігі  әрқашан  да  ашық,  оған  кез  келген  мәселе  туралы 

пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады. 

  Басқару  стилінің  типі  түпкілікті  қалыптаспаған,  сондықтан  да  отандық  және 

шетелдік әдебиеттерде оның ӛзі түрліше жіктеледі. 

Мәселен, Х.Кох (Германия) басшы стилін былайша бӛледі: 

2. Бір жақты автократтық стиль; 

3. Билікті біркелкі қолдана отырып басқару стилі; 

4. Ӛндіріс процесіне немесе тұтастай жұмыс процесіне біркелкі қатыса отырып 

басқару стилі; 

5. Парламенттік сипаттағы басқару стилі; 

6. Бағыныштылар, 

негізінен, 

дербес, 


жоғарға 

басшылардың 

тікелей 

қатысуынсыз-ақ әрекет ететін басқару стилі. 

  Автократтық және парламентарлық стильдер қолайсыз деп саналады, ӛйткені 

алғашқысында  бағыныштылар  тарапынан  ешқандай  дербестік  болмайды,  ал 

екіншісінде  жұмыс  жоспарсыз  жүргізіліп,  бағыныштылар  мүлде  дербес әрекет 

етеді. 


  Ең  қолайлысы  кооперативтік  стиль  –  «жақсы  ынтымақтастық»,  «ұйымдасып 

әрекет  ету»,  қиын-қыстау  жағдайда  ӛзара  бірлесе,  ынтымақтаса  отырып  күш 

біріктіру.  Басшы  жұмыскерлерді  мұқият  тыңдайды,  олардың  ұсыныстары  мен 

пікірлерін  ескереді,  нақты  міндеттер  қойып,  шешімді  жоспарлайды  және 

қабылдайды.  Мұндай  стильде  қойылған  міндеттер  іскерлікпен  орындалады, 

себебі  дәл  осындай  жағдайда  қызметкерлер  ӛзін  іске  қатыстымын  деп 

есептейді. 

АҚШ-та мынадай стильдер белгілі: 

1. Қызметті  беру  стилі  -  әрбір  қызметкерге  ӛзі  басқара  алатын  нақты  істі 

тапсыруды кӛздейді. Бұл қызметкер ӛзіне бекітілген іске толық жауап береді, ал 

оның бастығы басқару жауапкершілігін саналы түрде шектейді. 

2. Міндетті  бӛлісіп  басқару  –  басшы  мен  бағыныштылар  алдағы  міндеттерді 

бірлесіп  қарастырады  да,  әрбір  адамның  міндет  аясы  белгіленіп,  нәтижесіне 

орай жауапкершілігі айқындалады.  

3. Ерекшелеу  тәсілімен  басқару  –  басшының  міндеті  ӛз  қызметкерлерінің 

мүмкіндікті  тиімді  пайдалауына  қолайлы  жағдай  туғызу  болып  саналады. 

Тӛменгі лауазымдағы қызметкерлер белгіленген еңбек нормасына және жұмыс 

нәтижесін бағалау ӛлшемдеріне сәйкес кӛмек қажеттігін  хабарлайды, ал кӛмек 

қажет болса, оның уақытын мәлімдейді. 

4. Жүйені  ретке  келтіру  арқылы  басқару  –  белгіленген  тәртіпті  қатаң 

басшылыққа  алу,  жұмыс  процестері  мен  еңбек  тәсілдерінің  шаруашылық-

экономикалық қызметін жеңілдету кӛзделеді.   




63 

 

  Демек, басқару стильдерінің жіктелуі алуан түрлі екендігін аңғарамыз, оның 



үстіне  осы  жіктеулердің  қай-қайсысы  болмасын  басқарудың  сан-қырлы  стилін 

толық қамтымайды. Бізде басқару стилінің ондаған түрі бар. 

Басшы  стилін  жіктеу  негізіне,  әдетте,  басшы  мен  бағынышты  аралығындағы 

қарым-қатынас  сипаты  алынады.  Басшының  жеке-дара  ерекшеліктеріне  оның 

саяси,  ұйымдық,  педагогикалық,  моральдық-этикалық,  кәсіптік  сапалары 

жатады.  Басшының  стиль  ерекшеліктеріне  осы  аталған  компоненттердің 

қайсысы басым болатындығына байланысты. Практикада кӛбінесе басқарудың 

классикалық үш стилі кездеседі: либералдық, авторитарлық және демократтық 

(Кесте 2). 

Либералдық  стиль:  мұндай  жұмыс  стилінде  басшы  ерекше  белсенділік 

танытпайды,  іс-әрекетінде  кездейсоқтық  басым,  жүйелілік  болмайды.  Мұндай 

стильдегі 

басшы 

тәртіп 


бұзушыға 

қатаң 


талап 

қоймайды, 

қарамағындағылардың білімінің тӛмендігіне, жұмысты орындауына және еңбек 

тәртібіне  онша  мән  бермейді.  Мәселелерді  немқұрайлы  талқылайды,  ашық 

пікірлесуге,  сын-ескертпелерге  бара  бермейді.  Мұндай  басшы  кез  келген 

келіспеушілікті  жағымсыз  құбылыс  ретінде  қабылдайды.  Ұжымда  мұндай 

басшының  беделі  онша  болмайды,  әрі  кәсіпорын  да  тиімді  жұмыс  істей 

алмайды.  Соның  салдарынан  жауапсыздық,  берекесіздік,  тәртіптің  бетімен 

кетушілігі орын алады. 

Авторитарлық  стильдің  негізі  макиавеллизм  деп  аталады.  Бұл  стиль  Николо 

Макиавеллидің  құрметіне  қойылған.1532  жылы  ол  «Принц»  кітабында 

билеушіге  ақырғы  нәтижеге  жету  үшін  амал  таңдаудың  қажеті  жоқ,  ӛйткені 

«мақсат тәсілді ӛтейді» деген идея ұсынады. 

Авторитарлық  стильде  (Батыста  мұны  тиімсіз  деп  есптейді  және  де  ол  мүлде 

кездеспейді) шешімді бір адам қабылдайды, ол жарлық, бұйрық түрінде келеді 

(«менің  айтқаным  бойынша  істе»).  Бұйрық  талқыланбайды,  күдіктенуге 

құқығың жоқ. 

Автократ  бағыныштыларының  іс-әрекетін  ӛз  жауакершілігіне  алады.  Тек 

қажетті  мәліметтер  жӛнінде  ғана  пікір  алысып,  ӛз  жоспары  туралы  әңгіме 

қозғамайды. Мәліметті тым кӛп жинайтындықтан, жұмыс басты болады.  

Автократ  басшылар  сырттай  бұйығы,  үнемі  жұмысты  ойлайтын  адам  сияқты 

кӛрінеді,  олардың  жүзінде  «жұмысбастылық,  іске  үлкен  жауапкершілік» 

сезіледі. Д.Браунның сипаттауынша, «...автократ ескірген жылу жүйесі секілді, 

қоршаған  орта  климатына,  дәлірек  айтқанда,  эмоционалдық  климатқа  кӛңіл 

бӛлмейді». 

Мәжілісті,  кӛбінесе,  бағыныштыларына  нұсқау  беру  түрінде  ӛткізеді, 

қарамағындағыларды  жиі  сынайды;  ұжымдағы  кез  келген  бейресми  топтарды 

қатаң  айыптайды.  Мұндай  стиль  тиімсіз,  шығармашылық  белсенділік 

туғызбайды. Дегенмен, мұндай стиль ӛміршең келеді. Оның ӛзі басшының жеке 

басының  сапасына  немесе  ол  басқарып  отырған  ұжымның  құрылымына 

байланысты.  Егер  басшы  ӛз  ісін  жетік  білмесе,  әрі  кәсіби  білім  дәрежесі  ӛзі 

басқарып  отырған  адамдардан  тӛмен  болса,  онда  ол  авторитарлық  стильді 

пайдалануға  мәжбүр  болады.  Алайда  автократтардың  барлығы  бірдей  біліксіз, 



64 

 

білімсіз емес. Кейде ұжымға кәсіби білімі тӛмен адамдар жинақталады. Мұндай 



жағдайда  тәжірибелі  басшылардың  ӛзі  авторитарлық  стиль  элементтерін 

қолдануына тура келеді. 

   

  Кесте 2. Стилі әртүрлі басшылар іс-әректтерінің сипаттамасы 



Стильдің  ерекшелік 

сипаттамасы 

Классикалық стиль түрлері 

Авторитарлық 

(ӛктемдік) 

Либералдық 

(ымырашылдық) 

Демократтық 

Мақсатты бағдарлау 

Міндетке 

 

Қарым-қатынасқа 



 

Екеуіне де 

 

Еңбек 


қауырпалығының 

дәрежесі 

Жоғары 

 

Жеткіліксіз 



 

Қалыпты 


Бастама (инициатива) 

кімнен? 


Негізінен, басшыдан 

 

Мамандардан 



 

Екеуінен де 

 

Шешімді 


орталықтандыру 

дәрежесі 

Жоғары 

 

Шамалы 



 

Қолайлы 


 

Мәліметтер 

жинақтауға кететін 

уақыт 


ӛте кӛп, барлығын ӛзі 

жинағысы келеді 

Шамалы, 

шиеленістіргісі 

келмейді 

Істің 


маңыздылығына 

қарай  


Адамдармен қарым-

қатынас нышаны 

тұйық, 

байланысы 

нашар 

 

ӛте  жиі,  әңгімелесуге 



құштар 

Іс  мүддесіне  қарай 

қолайлы 

 

Жарлық беру мәнері 



бұйрық 

 

ӛтініш 



 

Ұсыныс, кеңес 

 

Қиын-қыстау 



жағдайда ӛзін ұстауы 

жылдам,  әрекеттері 

ойластырылмаған 

шешім 


қабылдауы 

ұзақ («ертең кел») 

 

Шешімі 


ойластырылған, 

әрекеті жылдам 

Ұжымға жариялауы 

тӛмен 


 

жеткіліксіз 

 

Жоғары 


 

Басқару тәсілі 

 

әкімшілік 



 

субъективті сипатта 

Прагматикалық 

 

Беделі 



ресми 

немесе 


лауазымды 

жалған 


Нақты іскерлік 

 

Авторитарлық стильдің алуан түрлі нышаны болады: 



-  патриархалдық: барлық «отбасы мүшелері» басшыға бағынуы тиіс, ал басшы 

бағыныштыларын «әлі жетілмеген» деп есептейді; 

-  харизматикалық  (харизм  –  құдай  шапағаты):  дидерді  ең  кӛрнекті,  дана  деп 

есептейді,  ал  ол  бағыныштыларына  ӛте  қатал,  аяусыз,  оларға  қамқорлық 

жасауды қажет деп санамайды; 

-  автократтық:  жеке  адамдардан  гӛрі  институтқа  (мемлекетке,  кәсіпорынға) 

тән.  Басшылықты  аппараттағы  бағынышты  инстанциялар  арқылы  жүзеге 

асырып жанама түрде автократтық шешімді жүзеге асырады; 

-  бюрократтық  (тӛрешілдік)  –  басқару  «биліктің  кімнің  қолында»  екендігін 

дәлелді түрде анық кӛрсету арқылы  жүзеге асырылады.      




65 

 

Демократтық  стильде  (Батыста  кооперативтік  стиль  деп  аталады)  мәселенің 



кӛпшілігі  ұжымда  талқыланып,  сонда  шешіледі,  бұйрықтар  осындай 

талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың кӛпшілігі (мадақтау немесе жазалау, 

жұмысқа  қабылдау  немесе  шығару,  т.б.)  ұжымда  шешіліп,  содан  кейін 

бекітіледі.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет