© Баярыстанова Э.Т., 2010
3
АЛҒЫ СӚЗ
Экономиканың нарықтық қатынастар жағдайында менеджмент табысты еңбек
етіп отырған кез келген ұйым үшін аса маңызды. Шындығында, басқару тек
техникалық және ӛндірістік процестерге ғана емес, сонымен қатар педагогика
сияқты күрделі әлеуметтік жүйе үшін де қажет. Ғылым мен білімнің қазіргі даму
кезеңінде тұтас педагогикалық процесті басқару ісіне ғылыми негізделген сипат
беруге деген ұмтылыс күшеюде.
Қазіргі заман мектебі – күрделі және кіріктірілген жүйе, ол оқушылардың,
оларды оқытып, тәрбиелейтін мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің, оқу-
тәрбиелік және қызмет кӛрсететін адамдардың іс-әрекетінен, мектеп алдында
тұрған жалпы міндеттерді шешуге белгілі бір жағдай жасайтын материалдық
базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегеніміз – мұғалімдер мен онда
қызмет ететін адамдар ұжымы. Сондықтан қазіргі мектепті ӛзара байланысы
бар ішкі құрылымы және социуммен белгіленетін тұтас әлеуметтік-
педагогикалық жүйе ретінде қарастыру керек. Бұл жүйенің тиімді де сапалы
қызмет етуі барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретіндегі мектеп
директорының тікелей басқару іс-әрекетіне байланысты.
Оқу құралында менеджменттің қалыптасу және даму кезеңдері, басқару
ісінің ғылыми ережелері мен заңдылықтары, принциптері мен әдістері
баяндалған. Сонымен қатар, менеджмент саласындағы әлемдік экономикалық
ғылым жетістіктерін негізге ала отырып, оны білім мекемелерін басқару
ерекшеліктеріне орай пайдалану жолдары кӛрсетілген.
Әрбір тақырып құрылымына мәтінмен қоса білімді бекітетін бақылау
сұрақтары және практикалық тапсырмалар енгізілген. Сондай-ақ, оқу
құралының соңында білімді тексеруге арналған тест тапсырмалары, глоссарий
берілген.
Оқу құралы болашақ білім менеджерлеріне, мектеп басшыларына
арналғанымен, білім саласында қызмет ететін барлық мамандардың
қызығушылығына ие болады деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: