Механикалық тазалау әдіс
Механикалық әдістер- ерімеген қалдықтары бар суларды әртүрлі
торлардан, сүзгілерден, электрден өткізіп, бір жерге жинап, тұндыру
арқылы тазалайды. Бұл әдіс суды ірі дисперсті заттардан тазартудың
оңай жолы және тазарту үлгісінің 1-ші сатысы болып табылады.
Механикалық әдіс, лас судың құрамындағы күрделі минералды
заттарды, ерітілмейтін қоспаларды ұстау үшін қолданылады. Жалпы
механикалық әдіс сирек қолданылады. Өндірістік лас суды тазартуда
жеке қолданылуы мүмкін, ал көбінесе басқа әдістердің алдында
қолданылады.
Механикалық әдістерге төмендегідей қондырғылар мен ғимараттар
жатады: қабылдау камерасы, кереге, құмұстағыштар, тұндырғыштар.
Ағын суларды тазалаудың механикалық әдісінде ластаушыларды айыру
үшін гравитациялық және ортадантепкіш күштер қолданылады
Механикалық әдісте ағынды судағы ірі және ұсақ түйірлі тез тұнатын
бөлшектерді өздігімен тұндырып немесе оларды және қалқып шығатын
заттектерді тұндырғыш сүзгіш, құмұстағыш арқылы өткізіп немесе
әртүрлі конструкциялық техника құралдарын (торларды, електерді,
гидроциклондарды, т. б.) қолданып, ал беттік ластағыштарды -
мұнайұстағыш, май мен смола аулағыш жабдықтар мен материалдарды
пайдалану арқылы жояды.
Механикалық әдіс кезінде қолданылатын аспап
• Химиялық әдіс
• Қалдық суларға химиялық реагенттерден (басқа затпен қосылып химиялық
реакция жасайтын заттар) қосып еріген және ерімеген заттарды бөліп алу
кейбір заттарды ерітіп зиянсыз ету арқылы тазалайды. Бұл әдіспен
тазалағанда ерімеген қалдықтың 95, еріген қалдықтардың 25% бөліп алуға
болады.
• Химиялық әдісті әртүрлі зиянды заттары бар қалдық суларды тазартуға
қолданбайды.
• Химиялық әдістер негізінен бейорганикалық қосылыстарды тазарту үшін
қолданылады. Реагенттік әдіске қышқылдар мен сілтілерді бейтараптау,
иондарды еруі қиын қосылыстарға айналдыру, бейорганикалық заттарды
тұндыру жатады. Жиі қолданылатын әдіске қышқыл суларды негіздермен,
күйдіргіш натриймен, әкпен магнезитпен, сілті қалдықтарымен
бейтараптау жатады, бұның ішінде ең көп қолданылатыны-калций
гидрооксиді (сөндірілген әк)
Химиялық әдіс кезінде
қолданылатын аспап
|