«6М020500 – филология» мамандығы бойынша


KTBZhB 5301 – ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ



Pdf көрінісі
бет2/216
Дата07.01.2022
өлшемі1,07 Mb.
#18557
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   216
Байланысты:
6М020500-Филология

KTBZhB 5301 – ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНІҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ 
(ғылыми және педагогикалық бағыт) 
 
Көлемі 2 кредит 
 
Автор: 
Әлкебаева Д.А. – филология ғылымдарының докторы, қазақ тіл білімі 
кафедрасының профессоры 
 
Пікір жазғандар: 
Манкеева Ж. – филология ғылымдарының докторы, профессор 
А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі  институты 
Смағұлова Г. – филология ғылымдарының докторы, профессор әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
 
 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
Қазіргі 
тіл 
ғылымы 
әртүрлі 
ғылым 
салаларының 
өзара 
ықпалдастығымен, 
бір-біріне 
әсерімен, 
жан-жақтылығымен 
және 
көптарамдылығымен  ерекшеленеді.  Тілді  зерттеуде  антропоөзектік  ұстаным 
алдыңғы  қатарға  шығып,  тілдің  иесі  ұлттың  ойлау  ерекшелігімен,  тарихи-
әлеуметтік,  танымдық  болмысымен,  ділімен,  мәдениетімен  байланыстырып 
зерттеу кең етек алды. Әлемдік тіл білімінде болып жатқан өзгерістер оның 
бір саласы ретінде қазақ тіл біліміне де әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазақ тілі 
және оны зерттейтін тіл ғылымы ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарынан бері 
қарай  жаңа  даму  белесін  басынан  өткізіп  отыр.  Оған  көптеген 
экстралингвистикалық  факторлар  да  әсерін  тигізді.  Олардың  негізгілері: 
қазақ  халқының  егенмендік  алуы,  қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебеге  ие 
болуы,  тіл  туралы  заңның  шығуы,  мемлекеттік  деңгейде  тілді  дамытуға 
бағытталған түрлі құжаттардың қабылдануы, т.б. 
Қазақ  тілінің  қолданыс  аясының  кеңеюі  оны  қатысымдық,  танымдық, 
функционалдық, 
прагматикалық 
тұрғыдан 
тыңғылықты 
зерттеудің 
қажеттілігін туғызды. Осыған байланысты қазақ тіл білімінде функционалды, 
когнитивтік, 
этнолингвистикалық, 
прагматикалық, 
елтаным-
мәдениеттанымдық,  қолданбалы  т.б.  тіл  ғылымының  бағыттары  туып 
қалыптасты,  дамыды.  Тілді  зерттеуде  жаңа  ақпараттық  технологиялар,  тың 
әдіс-тәсілдер пайда болды.  
Қазақ тіл білімінің  жаңа бағыттары  пәні бойынша осы жаңа бағыттар 
туралы  толық  ғылыми  ақпараттар  мен  олардың  зерттеу  ұстанымдары  мен 
ғылыми  –  теориялық  мәселелері  талданып,  ғылыми  концепциялары 
айқындалып  нақты  түсінік  пен  білім  қалыптастырылады.  Оның  бұдан 



 
былайғы  даму  бағыттары,  тенденциялары  сарапталады,  қазіргі  қазақ  тіл 
ғылымының алдында тұрған міндеттер, өзекті мәселелер қарастырылады. 
Пән  2  жылдық  магистранттың  қазіргі  тіл  білімінің  жаңа  бағыттарын 
талдап,  түсінуге,  өзінің  ғылыми-тәжірибелік  зерттеу  жұмыстарында 
пайдалана  алу  қабілеттерін  дамытуға  және  зерттеу  жұмыстарына  бағыт-
бағдар беріп, кәсіби білімі жоғары маман ретінде қалыптасуына көмектеседі.  
«Қазақ тіл білімінің жаңа бағыттары» пәнін оқу барысында магистрант 
білуі тиіс

жалпы  тіл  біліміндегі,  қазақ  тіл  біліміндегі  жаңа  бағыттарға 
арналған  ғылыми  әдебиеттермен,  ондағы  теориялық  тұжырымдармен, 
концепциялармен танысып, оларды меңгеруі тиіс; 

теориялық  білімдерін  практикалық  қолданбалы  мақсаттағы 
жұмыстармен ұштастыра білуі  тиіс; 

тіл  біліміндегі  жаңа  технологиялар  мен  әдіс-тәсілдерді  меңгеруі 
тиіс. 
Магистрант жасай алуы тиіс

әлемдік, отандық тіл ғылымдары дамуындағы жаңа тұжырымдар 
мен  концепцияларды  сыни  тұрғыдан  қарастырып,  өзінің  ғылыми 
көзқарастарын  ғылыми  форумдар  мен  семинарларда,  конференцияларда 
еркін жеткізе білуі; 

тіл  ғылымындағы  әртүрлі  бағыттар  негізінде  алған  білімдерін 
өзара  ұштастыра  отырып  аналитикалық  талдау  жасай  алу,  осы  негізде  өз 
білімдерін кеңейтіп, тереңдете алу; 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нәтижесін  ғылыми  мақалалар 
мен диссертациялық жұмыстарды жазуда еркін пайдалана білу. 
Магистрант дағдылануы тиіс: 

алған  білімдерін  көпшілікке  жеткізе  білуге,  әріптестері  мен 
ғылыми мамандардың алдында өз көзқарастарын дәлелдей алуға

алған білімдерін одан әрі жетілдіруге, тереңдетуге; 

алған білімдері негізінде жаңадан туындаған күрделі мәселелерді 
шеше алуға дағдылануы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет