аятын есінде сақтап өмір сүрді.
«Бұл адамды қиындықтан құтқара алатын
біреуді таба алар ма екенмін?...» деген оймен ізденісте
болуы, мұқтаж бен айналамыздағы мол мүмкіндікке ие
болғандар арасында көпір міндетін атқаруға тырысуы-
мыз керек. Хадисте айтылғандай:
«Жақсылыққа себепші болған жақсылықты жаса-
ғанмен тең»
(Термези, Иман, 14)
.
Хақ достары әр мүмкіндікте адамдарды жақсылық-
қа шақырып, олардың жақсылықтарына рухани ортақ
болудың ізгілігімен ғұмыр кешкен.
Аталарымыз бұл сезіммен тәрбиеленіп, жетілгені
үшін жақсылықта биікте болған, қоғамды мейірім торы
күйінде қайырымдылық мекемелерімен безендірген.
Бұл тұрғыда Фатих Сұлтан Мұхаммед ханның тұл-
ғалығының қалыптасуында және жеңістерінде үлкен
еңбегі бар Хазіреті Акшәмседдиннің мына ісі өте назар
аудартарлық:
Ыстанбұлдың жеңісінен кейінгі алғаш жұма на-
мазынан кейін Оқ майданында жеңіс салтанатты той-
мен құттықталды. Қол жеткізген үлкен жеңісте айна-
ласындағылардың жәрдемін еш уақыт ұмытпаған
падишах:
«Шәһидтерге Рахманның мейірімі, Ғазиларға абы-
рой мен даңқ, еліме атақ пен алғыс...» – дегеннен кейін
әскер-халық жүз жетпіс мың адамға жеңіс сыйы ретін-
де мал мен дүние-мүлік, жер таратты. Тура сол кезде
225
ИНФӘҚ ӘДЕБІ
Фатихтың рухани жетекшісі Хақ досы Акшәмседдин
ғазиларға үн қатып, мына насихатын айтты:
«Ей, Ғазилар! Біліңдер, барлығың жайында Ақыр-
заман Пайғамбары: «Олар нендей тамаша әскер...»
– деген. Аллаһтың қалауымен барлығың кешірімге
иесіңдер. Енді олжа-ғаниметтерді ысырап етпей, қайы-
рымдылыққа жұмсаңдар да падишахтарыңа сүйіспен-
шілікпен бағыныңдар!...»
Осылай Ыстанбұлды алған әскердің ізгілігін жаңа
ізгілікпен тәжілендіру үшін олардың барлығын қаланы
көркейтіп, халық игілігі үшін қайырымдылық мекеме-
лерін құруға шақырды
(Самиха Айверди, Түрік тарихында
Османлы Ғасырлары, Ыстанбұл, 1999, 227-228)
.
Ұлт ретінде біздер де үлкен ізгіліктер мәдениетін
құрған бабалар немерелеріміз. Олардың ерекше таза-
лық, сыпайылық пен әдептілік өлшемдерімен құрған
мәдениеттің берекелі жемістерін бүгін де уақфтар/
қорлар, мұқтаждарға тегін тамақ беретін асханалар,
ауыз су жолдары мен садақа сандықтары, т.б. түрлерде
көріп келеміз. Біз де бабаларымыздың сондай қастер-
лі мирасына ие болып, олар сияқты қайырымдылық
мекемелерін құруға, істеген игі істерін жалғастыруға
күш салуымыз керек. Алдымен өз ішкі дүниемізді
ізгіліктермен толтырып үлгі көрсетіп, кейін шәһид,
ғазиларымыздың аманаты болған қастерлі құндылық-
тарымызды және Отанымызды қорғау үшін иманды,
тәрбиелі және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.
Олай болмаса, дін әлсірейді, ұрпақтар зая болады,
226
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
227
Отан басқалардың қолына өтеді. Бұл міндетімізді
жауапкершілікпен сезініп, инфәқ иесі мұсылмандар
болуымыз керек.
Бір сөзбен айтқанда инфәқ иесі болған мүмин
– басқалардың қамын ойлайтын адам. Ертең иләһи
сотта ақталып, аман қалудың құжатын ала білу үшін
бүгін басқалардың құтылуына күш-жігер жұмсаумен
өтетінін білген адам. Тек өз пайдасын ойлайтын, дөрекі,
пайдакүнем, менменшіл және сараң адамды Раббымыз
қабыл етпейді.
Бұл тұрғыдан алғанда басқалардың жауапкерші-
лігін мойнымызда сезіне алған деңгейде өз жауапкер-
шілігіміздің есебін жеңіл бере алатынымызды ойдан
шығармауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: