232
«Үмметім жайында ең көп қорқатыным – Аллаһ-
қа серік қосу. Бұл сөзіммен олардың айға, күнге немесе
пұтқа табынатындарын меңзеп тұрғам жоқ. Мені
үрейге бөлейтін басты нәрсе – Аллаһтың риза-
лығынан тыс мақсаттар үшін жасалатын амалдар
мен жасырын шәһуәттар (көзбояушылық сезімдер)»
(Ибн Мәжә, Зүһд, 21)
.
Олай болса иләһи ризалықтан тыс мақсаттар үшін
және көзбояушылық сияқты жүрекке тиісті дерттер-
мен орындалған құлшылықтар іші бос геометриялық
фигуралардан тұратын пайдасыз амалдар. Өйткені
хадисте айтылғандай:
«Амалдар ниеттерге қарай...»
(Бұхари, Иман, 41)
.
Инфәқ құлшылығындағы ықылас – садақа бекер
болмау сезімі бойынша «Хасбәтән Лилләһ», яғни тек
Аллаһтың ризалығын қалап, бергенін тікелей Аллаһтың
құдірет қолына ұсына алу сезімімен бере білу.
Хазіреті Пайғамбар
r
айтады:
«Адал мүліктен берілген әрбір садақаны Рахман
Аллаһ (құдірет) қолымен алады және қабыл етеді»
(Мүслим, Зекет, 63)
.
«Күмәнсіз садақа мұқтаж алмай тұрып алдымен
Аллаһтың (құдірет) қолына түседі»
(Мүнәуи, Күнузүл-
Хақайқ, 34)
.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
233
Яғни, инфәқта негізгі қарсы жақ – Аллаһ. Сондық-
тан инфәқта терең көңіл ынтасы ішінде болу керек.
Фәнилерден ілтипат пен алғыс күтпей, атақ пен көзбо-
яушылықтан аулақ тұрып, нәпсіні араға салмай, дүние-
лік мақсат көздемей: «О, Раббым! Тек сен үшін» деп
инфәқ ете білу керек. Инфәқтағы ықыластың негізі, міне,
осы.
Достарыңызбен бөлісу: