Хазіреті Пайғамбар
r
Мырзамыз үмметін өзі-
нен көп ойлайтын. Сахабалары тоймайынша өзі мен
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
311
жанұясы рахаттанып, тамақ ішпейтін. Қолында не болса,
мұқтаждарға беретін, үйінде қаншама күн ошақ жан-
байтын, тіпті, жейтін бір үзім нан болмайтын.
Сахабалардан Әбу Һүрайра
бір күні қатты
қарны ашып, жейтін еш нәрсе таба алмағандықтан
қарнына тас байлаған. Бұл жағдайда жүргенде Хазіреті
Әбу Бәкірге
жолығып қалады. Бәлкім, мені тамақ-
тандырар деген үмітпен одан бір аят сұрайды. Хазіреті
Әбу Бәкір
сұрағына жауап бергеннен кейін кетіп
қалады.
Кейін Хазіреті Омар
келе қалады. Ол да тура
солай етеді. Өйткені сол сәтте екеуінің де мүмкіндігі жоқ
болатын.
Осы кезде Хазіреті Пайғамбар
r
Әбу Һүрайраны
көреді де, жүрегіндегіні жүзінен түсініп, оны үйіне
шақырады. Хазіреті Пайғамбарымыздың үйіне бір
торсық ішінде біраз сүт келген болатын. Әбу Һүрайра
сүтті көріп, қуанса да Хазіреті Пайғамбар Әбу Һүрай-
раға Сұффа тұрғындарын шақыруын әмір етеді.
Сұффа тұрғындары Ислам қонақтары болатын.
Олардың паналайтын жанұялары, дүние-мүліктері,
ешкімі жоқ адамдар болатын. Хазіреті Пайғамбар
r
садақа келгенде бірден оларға жіберетін, өзі одан еш
нәрсе алмайтын. Егер келген сыйлық болса, өзі бір мөл-
шерін алып, қалғанының барлығын оларға тарту ететін.
Аллаһ Елшісі Сұффа тұрғындарын шақырғанда
БАУЫРЛАСТЫҚ
312
Әбу Һүрайраға бұл айтарлықтай ұнамады. Өйткені сүт
Сұффа тұрғындарында жетпейтін, артылып өзіне де қал-
майтын. Бірақ Аллаһ Елшісінің әміріне мойынсұнбауға
болмайды деген оймен дереу барып Сұффа тұрғында-
рын шақырды.
Хазіреті Пайғамбар
r
Әбу Һүрайраға сүтті барлық
Сұффа тұрғындарына беруін әмір етті. Торсықты алған
әрбір сахаба қанғанға дейін ішіп, торсықты кері береді.
Барлық Сұффалықтар ішкеннен кейін Әбу Һүрайра
торсықты Аллаһ Елшісіне
r
ұсынды. Аллаһ Елшісі
қолына алған торсықты Әбу Һүрайраға беріп:
«Отыр да іш!» – деді. Ол да отырып, қанғанға
дейін ішті. Торсықты Хазіреті Пайғамбарымызға берген
сайын Аллаһ Елшісі қайта-қайта:
«Отыр да іш» – дейді.
Сосын Әбу Һүрайра
:
«Жоқ, сені ақиқат пайғамбар етіп жіберген Аллаһ-
қа ант етемін, енді ішетін жерім қалмады» – деді.
Сонда Хазіреті Пайғамбар
r
торсықты алды,
Аллаһқа хамд етті, Бисмиллаһ деді, қалған сүтті ішті»
(Бұхари, Риқақ, 17)
.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
313
Һәндәк соғысы күндері болған мына оқиға да өте
ғибратты:
Һәндәк (ор) қазған сахабалар Расулұллаһ
r
Мырзамызға келіп қатты бір жартасқа тап болып, оны
сындыра алмағандарын айтты. Үш күн бойы еш нәрсе
жемеген және аштықтан қарнына тас байлаған Хазіреті
Пайғамбарымыз
r
орға түсіп, балғаны ұрғанында ол
қатты жартасты сындырып, ұнтақ қылады.
Осы кезде Хазіреті Жәбир
үйге кетпек болып
Аллаһ Расулынан рұқсат алды. Үйінде әйеліне Аллаһ
Елшісінің аштықтан шыдай алмай жүргенін айтып:
«Үйде жейтін не бар?» – деп сұрады.
Әйелі біраз арпа мен лақ бар екенін айтады. Хазі-
реті Жәбир лақты сойды, арпаны үгітті. Етті қазанға,
нанды пешке қойдырып, дереу Аллаһ Елшісінің
r
қасына барды:
«Ей, Аллаһтың Елшісі! Біраз тағамым бар, бір-
екі адаммен бізге келіңіз» деді. Хазіреті Пайғамбар
r
тағамның қаншалықты екенін сұрады. Жәбир
барын
айтты.
Сонда Хазіреті Пайғамбар
r
:
«О, өте көп әрі жақсы екен! Әйеліңе айт, келген-
ше қазанды оттан түсірмесін, нанды да пештен шы-
ғармасын!» – дейді.
БАУЫРЛАСТЫҚ
314
Кейін сахабаларына:
«Тұрыңдар!» деді. Мүһәжірлер мен әнсарлар бар-
лығы бірге тұрды.
Хазіреті Жәбир сасқалақтап, әйелінің жанына
барып:
«Әттең басымызға келгендерге! Аллаһ Елшісі
r
жанында мүһәжірлермен, әнсарлармен, олармен бірге
болғандармен бәрі бірге келе жатыр» – деді.
Әйелі:
«Сенен қанша тамағымыз бар екенін сұрады ма?» –
деді.
Хазіреті Жәбир:
«Иә, сұрады» – дегенде, парасатты әйел:
«Олай болса, сасқалақтаудың керегі жоқ» – деп,
күйеуін тыныштандырды. Көп уақыт өтпей сахабалар
келе бастады. Хазіреті Пайғамбар
r
сахабаларына:
«Кіріңдер, ығысып отырмаңдар!» деп айтып жат-
ты. Аллаһ Елшісі
r
нанды үзіп, үстіне ет қояды, әр кез
қазан мен пешті жауып отырады. Алғанын сахабаларына
береді. Олардың барлығы тойғанша нанды үзіп, үстіне
ет қоя береді. Ақырында бір мөлшер тағам артылып та
қалды. Аллаһ Елшісі
r
Жәбирдің әйеліне:
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
315
«Бұны же, көршілеріңе де бер, өйткені аштық
адамдарды әбігерге салды» – дейді
(Бұхари, Мағази,29;
Уақиди, ІІ, 542)
.
Дін бауырын өзінен артық көріп, «алдымен
Достарыңызбен бөлісу: |