кенішті күнәһарға аудармау қажет.
328
«Мұншалықты сапарда бірге болған жолдасымның
нашар күйлерін түзете алмадым. Ол бейшараның міне-
зін әсем ете алмадым. Бәлкім, өзімнің кемшілігімнен мен
оған пайдалы бола алмадым? Егер ол менің қате мен
кемшіліктерімнен дұрсы жолға келмеген болса, ертең
(есеп күнінде) халім қалай болады!» – деді де, ыңырсып
жылай берді.
Хадис шәрифте былай айтылған:
«Аллаһ үшін бір-бірін сүйген екі бауыр кездес-
кен кезде бірі екіншісін жуатын екі қол сияқты. Екі
мүмин бір жерге келгенде Аллаһ бірін екіншісінен
пайдаландырады»
(Ихия, ІІ, 394)
.
Раббымыз мүминдердің бір-бірін жуатын екі қол
сияқты болуларын қалайды. Бір-бірін жуатын екі қол
дегені – бір-бірінің материалдық-рухани кемшілігін
толықтыратын, қуаныш пен мұның бөлісіп, кемшілікте-
рін кешіріп, дертіне ортақ болу, бір-біріне ақыл-кеңес
айту мен бауырын өзінен жақсырақ және тазарақ адам
деп бағалау.
Сонымен бірге дін бауырының қатесін көргенде
бірден жаман ойламай, алдымен жақсы ойлап, бұл іс-
қимылының қандай бір себебі болған-болмағанын сұрап
білу – бауырлас-тық әдебінен. Мүминдер үнемі бір-бірін
жақсы бағалауы керек. Еш қор көрмеуі керек. Керісін-
ше, бауырының Аллаһ алдында өзінен де қабыл екеніне
сенуі керек.
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ