Редактор: Закия Махитжанқызы


«Егер саған қарсы келсе, "Мен сендердің амал-



Pdf көрінісі
бет220/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   293
«Егер саған қарсы келсе, "Мен сендердің амал-

дарыңнан  аулақпын!"  де»  деген 

(Шұғара,  216)

.  Назар 

аударатын  нәрсе  –  Аллаһ  «Сендердің  жасағанда-



рыңнан  аулақпын»  деуін  әмір  еткен,  «Сендерден 

алыспын»  дегенін  емес!  Яғни,  күнәға  деген  жиір-

кенішті күнәһарға аудармау қажет.

Мүмин  дін  бауырының  алдында  не  артында  ол 

ұнатпайтын  сөздер  айтудан  сақ  болуы  керек.  Тек  әмрү 

бил-мағруф уә нәһю анил-мүнкәр мәселесінде үнсіз қа-

луға  болмайды.  Яғни,  керек  жағдайда  дін  бауырын  ес-

керту үшін әдепке сай тілмен ешкім жоқ жерде, тасада 

өзара насихат ету қажет. Осындай жағдайда оның ұна-

тып-ұнатпауына  мән  берілмейді.  Өйткені  бұл  ескерту-

лер сырт көріністе қаншалықты ауыр тисе де ақиқатында 

ол үшін үлкен жақсылық.

Хақ  досы  Абдұллаһ  бин  Мүбәрак  жаман  мінезді 

бір  адаммен  жолаушылыққа  шыққан  еді.  Саяхаттары 

бітіп,  қоштасқанда  Хазірет  іштей  жылай  бастады.  Бұл 

жағдайға  таң  қалған  достары  неліктен  жылағанын  сұ-

райды.  Ол  нәзік  жанды  Хақ  досы  терең  күрсініп,  жас 

толы көзімен:

327


БАУЫРЛАСТЫҚТЫ  ЖАНДАНДЫРУ

يِّنِإ  ْلُقَف  َكْو َصَع  ْنِإَف

َنوُلَمْعَت اَّمِّم ٌءيِرَب



328

«Мұншалықты  сапарда  бірге  болған  жолдасымның 

нашар  күйлерін  түзете  алмадым.  Ол  бейшараның  міне-

зін әсем ете алмадым. Бәлкім, өзімнің кемшілігімнен мен 

оған  пайдалы  бола  алмадым?  Егер  ол  менің  қате  мен 

кемшіліктерімнен  дұрсы  жолға  келмеген  болса,  ертең 

(есеп күнінде) халім қалай болады!» – деді де, ыңырсып 

жылай берді.

Хадис шәрифте былай айтылған:

«Аллаһ  үшін  бір-бірін  сүйген  екі  бауыр  кездес-

кен кезде бірі екіншісін жуатын екі қол сияқты. Екі 

мүмин  бір  жерге  келгенде  Аллаһ  бірін  екіншісінен 

пайдаландырады» 

(Ихия, ІІ, 394)

Раббымыз  мүминдердің  бір-бірін  жуатын  екі  қол 



сияқты  болуларын  қалайды.  Бір-бірін  жуатын  екі  қол 

дегені  –  бір-бірінің  материалдық-рухани  кемшілігін 

толықтыратын, қуаныш пен мұның бөлісіп, кемшілікте-

рін  кешіріп,  дертіне  ортақ  болу,  бір-біріне  ақыл-кеңес 

айту  мен  бауырын  өзінен  жақсырақ  және  тазарақ  адам 

деп бағалау.

Сонымен  бірге  дін  бауырының  қатесін  көргенде 

бірден  жаман  ойламай,  алдымен  жақсы  ойлап,  бұл  іс-

қимылының қандай бір себебі болған-болмағанын сұрап 

білу – бауырлас-тық әдебінен. Мүминдер үнемі бір-бірін 

жақсы бағалауы керек. Еш қор көрмеуі керек. Керісін-

ше, бауырының Аллаһ алдында өзінен де қабыл екеніне 

сенуі керек.

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ




329



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет