359
2. Иманнан кейін күпірлікке түсуді отқа түскен-
дей қауіпті деп білу;
3. Аллаһ үшін сүю және Аллаһ үшін жек көру»
(Бұхари, Иман, 3, 14)
.
Әрине, иманның ләззатын тата білу үшін сүйіспен-
шіліктің тек Аллаһ үшін болуы шарт. Бұның да кейбір
белгілері бар.
Сәһл рахмәтұллаһи аләйһи бұны былай түсіндіреді:
«Аллаһты сүюдің белгісі – Құранды сүю. Аллаһ
пен Құран сүйіспеншілігінің белгісі – Хазіреті
Пайғамбарды
r
сүю. Хазіреті Пайғамбарды сүюдің
белгісі – Сүннетті сүю. Сүннетті сүюдің белгісі
– ахіретті сүю. Ахіретті сүюдің белгісі – дүниені
ұнатпау (яғни оның нәпсіге ұнамды көрінетін тар-
тымдылығына алданбау). Дүниені ұнатпаудың бел-
гісі – ахірет азығы бола алатынының басқасының
барлығынан алыс болу».
Сөздің қысқасы, шынайы сүйген – сүйіктісі сүйген-
нің бәрін сүйеді, сүймегендерін ұнатпайды және сүй-
генін есіне көп алады. Хазіреті Пайғамбардан иманның
ең абзалы не деп сұрағанда, былай деген:
«Аллаһ үшін сүюдің, Аллаһ үшін жек көруің және
тіліңді Аллаһтың зікірімен қимылдатуың ...»
(Ахмед,
Мүснәд 5/247)
.
АЛЛАҺ ҮШІН СҮЮ, ЖЕК КӨРУ