Редактор: Закия Махитжанқызы


«... (Расулым!) ықыласты да кішіпейіл адамдар-



Pdf көрінісі
бет28/293
Дата07.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#18646
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   293
Байланысты:
Үлгілі мінез-құлқы

«... (Расулым!) ықыласты да кішіпейіл адамдар-

ға  қуанышты  хабар  бер!  Олар  сондай,  Аллаһ  еске 

алынғанда  жүректері  дүпілдейді,  бастарына  түскен 

бейнетке  шыдайды,  намаз  оқиды,  өздеріне  ризық 

қылып бергендерімізден (Аллаһ үшін) сарып қылады» 

(Хаж, 34-35)

.

Олай болса ықылас пен кішіпейілділік Аллаһқа құл 



болу міндетімізді өтеуде өмірлік маңызға ие.

КІШІПЕЙІЛДІЛІК




МОйНЫ  БАРдЫң  МОйНЫН

ҚЫЛЫШ  ШАБАдЫ...

Бар  екенін  көрсету  мен  менмендік  дәмесінен 

алыс  кішіпейіл  адамдар  көптеген  рухани  қауіптерден 

аман  болады.  Мәуләнә  Хазірет  бұл  ақиқатты  былай 

салыстырып түсіндіреді:

«Мойны  бардың  мойнын  қылыш  шабады...  Кө-

леңке  жерге  төселгендіктен  ешбір  қылыш  соққысы 

оны жаралай алмайды».

Сондықтан  иесін  рухани  өрлететін  шынайы  кіші-

пейілдік  адамның  хикмет  пен  мағрифатының  да  артуы-

на, парасаттылығының ашылуына себепші болады. Бұл 

туралы Мәснәуиде былай денілген:

«Кішіпейілділігіңмен  сырт  көзге  қор  болған 

сияқты  көрінсең  де  Аллаһ  сенің  көзіңе  тура  көру 

парасаттылығын сыйлайды. Бұдан кейін әр нәрсенің 

ақиқатын  ашық  көретін,  “Аллаһым,  бізге  барлық 

нәрсенің  ақиқатын  көрсет!”  хадисінің  сырына  қанық 

боласың».

Кішіпейілділік  мейірімді,  қызмет  етуді  және  жо-

марттықты  тудырады.  Кішіпейіл  адам  қызмет  иесі,  мейі-

рімді,  жұмсақ.  Керісінше,  кішіпейілділіктен  нәсіпсіз  адам 

да  тәкаппар,  менменшіл,  иләһи  сыйлармен  ілтипаттан 

мақрұм.


Имам Шарани «әл-Бахрұл-Мәуруд» атты еңбегін-

де былай дейді:

ХАҚ  ДОСТАРЫНЫҢ  ҮЛГІЛІ  МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ

56



«Бір  рухани  мәжілісте  ең  көп  пайдаланған  адам 

онда көбірек кішіпейілділік танытқан адам. Өйткені 

иләһи  мейірім  үнемі  жаратылысы  мен  ұстанымы 

пақыр  адамдай  болған  қарапайым  адамдардың  көңі-

ліне  түседі.  Не,  көрмей  жүрміз  бе?  Жаңбыр  сулары-

ның өзі де үнемі шұңқыр мен алқаптарда жиналады, 

өзендерден ағады».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   293




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет