МОйНЫ БАРдЫң МОйНЫН
ҚЫЛЫШ ШАБАдЫ...
Бар екенін көрсету мен менмендік дәмесінен
алыс кішіпейіл адамдар көптеген рухани қауіптерден
аман болады. Мәуләнә Хазірет бұл ақиқатты былай
салыстырып түсіндіреді:
«Мойны бардың мойнын қылыш шабады... Кө-
леңке жерге төселгендіктен ешбір қылыш соққысы
оны жаралай алмайды».
Сондықтан иесін рухани өрлететін шынайы кіші-
пейілдік адамның хикмет пен мағрифатының да артуы-
на, парасаттылығының ашылуына себепші болады. Бұл
туралы Мәснәуиде былай денілген:
«Кішіпейілділігіңмен сырт көзге қор болған
сияқты көрінсең де Аллаһ сенің көзіңе тура көру
парасаттылығын сыйлайды. Бұдан кейін әр нәрсенің
ақиқатын ашық көретін, “Аллаһым, бізге барлық
нәрсенің ақиқатын көрсет!” хадисінің сырына қанық
боласың».
Кішіпейілділік мейірімді, қызмет етуді және жо-
марттықты тудырады. Кішіпейіл адам қызмет иесі, мейі-
рімді, жұмсақ. Керісінше, кішіпейілділіктен нәсіпсіз адам
да тәкаппар, менменшіл, иләһи сыйлармен ілтипаттан
мақрұм.
Имам Шарани «әл-Бахрұл-Мәуруд» атты еңбегін-
де былай дейді:
ХАҚ ДОСТАРЫНЫҢ ҮЛГІЛІ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
56