Жүктеу (2.13сур.)–жүйені жүктеуді басқаруға мүмкіндік береді. Қызмет (2.14сур.)–қызметтерді қосыға (ажыратуға) мүмкіндік
береді. Бұл бағдарламада Microsoft қызметтерін жасыруға
мүмкіндік беретін, Майкрософт қызметтерін бейнелемейтін сүзгі
бар, онда бөгде əзірлеушілердің қызметтері көрініп қалады.
Автожүктеу (2.15сур.)–бұрын автожүктеу элементтерін
сөндіру үшін MS Config бағдарламасы қолданылған, қазіргі кезде
оны Мəселелердиспетчері орындайды.
Сервис (2.16сур.)–өте пайдалы астарлы бет. Жүйенің əртүрлі
баптау құралдарын іске қосып қана қоймай, сонымен бірге іске қосу
үшін қандай команда қолданылатынын көруге мүмкіндік береді: сіз
жиі қолданатын құралдарды іске қосу үшін таңбаша жасай аласыз.
Жедел жадыны CPU-Z құралдарымен тестілеңіз. Алынған
деректерді есеп-файлда бекітіңіз жəне бағдарламаның скриншотын
сақтаңдар.