Қатқыл дискіні пайдалану шарттары
Көптеген ішкі, сол сияқты сыртқы жинақтаушылар сілкіністерге,
соққыларға, механикалық зақымдануларға жəне кернеудің кенеттен
өзгеруіне сезгіш келеді. Сондықтан оларды мобильді қолданған
кезде, қосымша аксесуар ретінде сатып алуға болатын, арнайы
құтыларға орналастырған дұрыс. Сыртқы қатқыл дискіні
операциялық жүйедегі «құрылғыны қауіпсіз өшіру» арқылы
компьютермен жұмыс істеген дұрыс ажыратқан жəне вирустарға
тексеру өткізу маңызды. Егер осы ережені елемесе, онда уақыт өте
қатқыл дискінің жадында бағдарламалық қателер туындайды жəне
маңызды ақпарат қайтымсыз жоғалып кетуі мүмкін. Олай болмас
үшін, енгізілген диагностика қызметтері мен қателерді түзету
қызметтерін ескермеуге болмайды. Кейде олар пайдаланушының
тікелей қатысуынсыз жұмыс істейді. Мысалы, Western Digital
қатқыл дискілерінде Data Lifeguard жүйесі қарастырылған. Ол
64
қатқыл дискіні пайдалану үдерісінде туындауы мүмкін, ақаулардың
туындайтын салаларын автоматты түрде айқындайды.
Қатқыл
дискіні
пайдаланған
кезде
қатқыл
дискіні
дефрагменттеуді жасап отыру қажет. Фрагменттелген қатқыл
дискілер жылдам өшіріліп қалады. Уақыт өте жеке файлдың
бөліктері дискінің əртүрлі бөліктеріне шашырап кетуі мүмкін.
Дискіні дефрагменттеу үдерісі жақын маңда файлдың барлық
бөліктерін біріктіреді. Бұл үдеріс жұмыстың тиімділігін арттырады
жəне қатқыл дискінің қызмет көрсету мерзімін ұзартады. Қатқыл
дискіде неғұрлым көп орын болса, соғұрлым тиімді жұмыс істейді.
Сондықтан қатқыл дискіде шамамен 25 % бос орын қалдыру қажет.
Жеткілікті бос орын мөлшері файлдардың аз фрагменттелуін
білдіреді.
Тағы да бір маңызды қауіпсіздік элементі – қатқыл дискідегі
ақпаратты рұқсат етілмеген қол жеткізуден қорғау. Жиі
өндірушілер басынан бастап шифрлауды қамтамасыз ететін,
бағдарламаларды орнатады. Дискінің жұмыс кеңістігі екі бөлікке
бөлінеді, олардың бірі парольмен ғана қол жетімді болады.
Ішкі қатқыл дискіні орнатқанда, салқындату туралы қамдану
қажет. Қатқыл дискілер үшін кулер түрінде арнайы салқындатқыш
сатылады, олар төрт бұрандаға бекітіледі. Компьютерде қарқынды
жұмыс істеген кезде жеке құраушылардың қызуы 50...60°С-қа дейін
жетуі мүмкін. Бұл қатқыл дискінің пайдалану мерзімін қысқартып,
құрамына кіретін, магниттік элементтерге əсер тигізеді. Қатқыл
дискінің тиімді жұмыс істеу температурасы 35...40°С құрайды.
Температураны көптеген бағдарламалардың көмегімен өлшеуге
болады, олардың кейбіреулері тегін болып келеді, мысалы HD Tune.
Егер дискінің температурасы жүктеудің астында рұқсат етілген
шектен жоғары болса, сырттан келетін ауаны тартып алып,
жинақтауыштарды салқындатқандай орналастырып, қосымша
желдеткішті орнату туралы ойлану қажет. Қатқыл дискі үшін
тұрақты кернеу қажет. Кернеудің тұрақсыздығы қатқыл дискідегі
деректерді зақымдауы мүмкін. Копьютер қосылған розеткаға
кондиционерлерді немесе жылытқыштарды қоспаңдар. Кернеудің
тұрақсыздығынан деректерді жоғалтып алуды алдын алу үшін тоқ
күшінің артуынан қорғайтын құрылғыны қолданыңдар. Бұл үшін
үздіксіз қоректендіру құрылғысын қолданған жөн, ол электр қуаты
сөніп қалғанда немесе кернеудің кенеттен секірісі кезінде қатқыл
дискіні қорғауға көмектеседі.
|