Бейнекартаны орнату
Жабдықпен барлық манипуляциялары толық қосылған компьютер
кезінде өткізу керек! Компьютерді батырмамен немесе операциялық жүйе
командасымен сөндіру жеткіліксіз, себебі сұлбалардың жартысы кернеу
астында қалады. Оны резеткеден ажырату қажет. Компьютерді бейнекарта
аналық тақшаның слотына толық кіргенін жəне теңселмейтінің, ал барлық
90
сымдар тығыз жалғастырылғанын тексергеннен кейін ғана қосады.
Бейнекартаны ортанқан кезде ағытпаның типін ескерген жөн, себебі ол
арқылыбейнекарта жəне аналық тақша арасында деректерді алмасу жүзеге
асырылады. Аса əйгілі интерфейстер – PCI Express 2.0, 2.1 жəне 3.0.
нұсқалары. PCI Express шинасы 2.0 стандартында бір арнаның
жылдамдығы 150 Вт дейін максималды энергия тұтыну кезінде 5 Гбайт-с
дейін ұлғаяды. Сонымен бірге толық кері үйлесімділік қамтамасыз етіледі.
Егер аналық тақшада PCI Express өлшемді бірнеше слоттар болса, онда
бейнекартаны орталы процессорға жақын слотқа орнатыңдар, себебі басқа
слоттар толық жылдамдықпен жұмыс істемеуі мүмкін. Жылдамдығы кем
құрылғылардың порттарда бейнекартаны физикалық орнатуға мүмкіндік
бермейтін қорғанысы болады. Орнатқан кезде карталардың арасында
арақашықтық болған жөн, себебі олардың арасында электрмагниттік
кедергілер болуы мүмкін. Кейбір аналық тақшалар PCI Express шина
желілерінің санын басқаруға мүмкіндік береді, сондықтан орнатардың
алдында бейнекартаға сəйкес келетін, желілер санының мəнін жəне үнсіз
келісім бойынша шинанын жиілігін көрсету қажет.
Көптеген қазіргі заман бейнекарталарында құрылғыларды электрмен
жабдықтау бойынша интерфейс шиналарына салынған мүмкіндіктерден
артатын энегия тұтынуға ие. Салдарынан бейнекарталар қосымша қуатты
күшейткішті қосуды талап етеді. Бейнекартадағы күшейткішті қосу
ағытпасы PCIE 6-түйіспелі ағытпалардың бір-екі ағытпасы түрінде немесе
PCIE бір 6-түйіспелі жəне бір 8-түйіспелі түрінде орындалады. Жаңа
қоректену блоктары осы ағытпаларды тікелей ұсынады, ең ерте блоктар
үшін Molex (IDE-қатқыл дискілерді жəне CD-ROM қоректендіру үшін)
стандартты ағытпа жұбынан PCIE ағытпаны алу үшін жалғастырғыш тетік
қажет. Бейнекартаны сатып алар алдында, компьютердің қоректену
блогында күшейткішті қосу үшін бос ағытпалардың қажетті саны барына
жəне бейнекартаның жинағында жалғастырғыш тетік барына көз
жеткізіндер. Бейнекарта қуатты күшейткішті жалғастырусыз-ақ жұмыс
істеуге қабілетті, алайда елеулі төмендетілген жиілікпен жəне графикалық
процессордың төмен қут кернеуімен қауіпсіз режимде жұмыс істейді.
Соңғы қадам – электр қуаттың барлық кабельдерін қосындар жəне
операциялық жүйені іске қосыңдар. Операциялық жүйе автоматты түрде
жаңа жабдықты анықтауы жəне Жабдықты орнату мастерін іске қосуы
тиіс. Подключите все кабели электропитания и запустите операционную
систему. Содан кейін бейнекартамен жинақта болған драйверлері бар
дискіні CD-ROM-ге салу. Драйверлері бар дискіде, setup.exe немесе
install.exe. файлды тауып алу. Егер драйверлермен мəселе туындаса,
өндірушінің сайтын немесе қажетті драйверлерге сілтемелер беретін
сайттарды қолдануға болады. Орнатқаннан кейін компьютерді қайта
жүктеңіз.
|