92
1. Интернет-ресурстарды қолданып, «Бейнекартаның құрылымы»
тақырыбына таныстырылымды жасаңдар.
2. Интернет-ресурстарды қолданып, мəтіндік редакторда «Бейне карта
порттарының салыстырмалы жылдамдық сипаттамалары» немесе «Бейне
карталарды қосуға арналған аналық тақшалардың кеңейту слоттарының
(ағытпалар) жылдамдық сипаттамалары» кестесін рəсімдеңдер.
3. Бейнекартаны қосу жөнінде электрондық фотоальбом-нұсқаулықты
жасаңдар.
4. Бейнекарталармен жұмыс істеуге арналған бұрын ұсынылған
бағдарламалардан
бағдарламаны
таңдаңдар,
Интернет-ресурстарды
қолданып, бағдарламаны сипаттаңдар. Бағдарлама туралы ақпаратты
мəтіндік құжатта сақтаңдар: бағдарламаның атауы, нұсқасы, шығарылған
немесе жаңартылған жылы, платформа (ОЖ), лицензия, орнату түрі
(портативтік, толық, таңдаулы жəне т.б.), көлем, автор немесе өндірушінің
сайты, бағдарламаның мүмкіндіктері.
Достарыңызбен бөлісу: