Сөздің соңғы дыбысы дауысты болса, онда оған жалғанатын қосымша тек дауыссыздардан
жаңсақ пікірлер де кездеседі. Олар
а) бу, су, ту, ми, қи, ине, биле, у, жуан, уық сөздерінің у, и әріптерін дауысты дыбыстар деп қарау.
ә) «ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге тұйық райдың у жұрнағы жалғанғанда і, ы дыбыстары
Алдыңғы морфеманың соңындағы дауыстылар мен көрші тұрып айтыла алатын дауыссыздар
мыналар:
а)
Үнді дауыссыздар.
Әсіресе
л, м, н, ң
үнділерден жалғаулар да, жұрнақтар да басталады
және олар дауыстылардан кейін еркін тұра береді терезе-міз, терезе-лер, терезе-ңіз, терезе-
ні, ойла-н, ал-ма.Ал
р, й, у
үнділерінен тек жұрнақтар ғана басталады: ала-й, қара-у.Үнді
дауыссыздар дауыстылар мен еркін қатар тұрып айтыла береді және ешқандай алмасуға
ұшырамайды. Бұл қасиет олардың құрамында салдырдан гөрі дауыстың басым болуымен
байланысты
ә)
Ұяңдардан
тек
г, ғ, д
дыбыстарынан басталатын қосымшалар ғана дауыстылардан кейін
тұра алады: терезе-ге, жылқы-ға, қала-ды. Ал сөз басында ұяңдардан кейін айтыла береді:
қара белбеу, қара дауыл, қара вагон.
б) Әдетте дауыстыға біткен сөздерге қатаң дуыссыздан басталатын қосымшалар жалғанбайды
делінеді. Алайда
с
және
ш
қатаңдарынан басталатын қосымшалар бұл заңға көнбейді де,
ретіне қарай дауыстымен көрші тұра береді. Олар: -
сы, -сі, -сың, -сің, -сыз, сіз, -с, -са, -се, -сын,
-сін, -шы, -ші, -ша, -ше, -ш, -шық, -шік
. Сондай-ақ т қатаңынан басталатын бірер қосымша
кездеседі: -т, -тай. Қатаң с және ш дауыссыздарынан басталатын қосымшаларды ерме
қосымшалар дейміз. Соңы дауыстыға біткен сөздерге басқы дыбысы қатаңдардан басталатын
қосымшалар жалғанбайдыдейтін қағида ең алдымен қатаң
қ, к, п
дыбыстарына негізделеді.