Үндестік заңы туралы ұғым
Адамның тілі -- дыбыстық тіл. Біз өз ойымызды осы дыбыстардың тіркесі, тізбегі арқылы
білдіреміз.Дыбыстардың өзара тіркесуінде әр тілдің өзіне ғана тән белгілі бір қалыптасқан заңдылық,
жүйе болатыны айтылады. Мәселен, қазіргі қазақ тілінде түбір мен қосымшаның немесе, сөз бен
сөздің арасында қатаң қ, к, п дыбыстарының дауыстылармен қатар тұру мүмкіндіктері жоқ деуге
болады. Ал морфемалардың құрамында бұлар қатар тұра да, айтыла да береді.Қазақ тілінде көбіне
алдыңғы дыбыс өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, игереді.