Гендік инженерлік организмдердің адам денсаулығы мен қоршаған ортаға көрсететін қолайсыз әсерлерінің қауіптілігін бағалау



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата07.01.2022
өлшемі0,52 Mb.
#18793
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Генетикалық инженерия

Генетикалық инженерия - бұл жасушадан тыс нуклеин

қышқылдарының молекулаларымен жүргізілетін манипуляциялар арқылы

генетикалық материалдың жаңа комбинацияларын алу технологиясы және

гендердің құрылған құрылымдарын тірі ағзаға көшіру нәтижесінде

олардың осы ағзада және оның ұрпақтарында қосылуы мен белсенділігіне

қол жеткізу.

Осы анықтамадан көрініп тұрғандай, ГӨО құру процесін бірнеше

кезеңге бөлуге болады:




Бірінші кезеңде басқа организмге салынатын, сонымен қоса реттеуші элементтері

(оларсыз ешқандай ген өзінің функциясын атқара алмайды) сәйкес келетін жеке гендерді

(ДНҚ мен РНҚ ның сәкейс фрагменті) бөліп алу және идентификациялау жатады. Кейде

гендер немесе олардың бөліктері жасанды синтезделеді. Содан кейін бұл гендер мен

реттеуші

элементтер

бір-бірімен

таза


химиялық

әдістердің

(рекомбинантты

ДНК


технологиясы немесе гендік инженерия) көмегімен белгілі бір тәртіппен біріктіріледі. Яғни,

барлық аталған манипуляциялар организмнен тыс,



in vitro

(пробиркада) жүргізеді.

Нәтижесінде құрамында бір немесе бірнеше гендер (дәлірек айтқанда, протеиндердің

аминқышқылдарының — ген өнімдерінің тізбегін кодтайтын ДНҚ фрагменттері), сондай-ақ

оларды организмдерге тасымалдағаннан кейін осы гендердің (трансгендердің) белсенділігін

қамтамасыз ететін барлық қажетті реттеуші элементтер бар генетикалық құрылым алынады.

Мұндай генетикалық құрылымдар клондауға арналған векторды ДНҚ-мен қосады.

Вектор ретінде көбінесе көптеген бактериялардың клеткаларында бар плазмидтер - шағын

сақиналы ДНҚ молекулалары қолданылады.

«Клондаушы вектор - кірістірілген ДНК» конструкциясын құру тірі организмдерде

трансгендерді тиімді тасымалдау және белсенділігі (репликация және трансляциялау) үшін

қажет.



Келесі кезең — трансгендерді жеке тірі жасушаларға көшіру

(трансформация процесі немесе оны соңғы уақытта "генетикалық

түрлендірулер" деп атауға болады), онда олар репликациялануы

және трансформацияланған жасушаларды бөлу кезінде пайда

болған еншілес жасушаларға берілуі мүмкін. Егер барлық

сипатталған процедуралар қалыпты өткен жағдайда, өсіру кезінде

бір трансформацияланған жасушадан жасанды генетикалық

құрылымнан тұратын көптеген жасушалар пайда болады және бұл

ретте трансгендердің протеиндері - өнімдері пайда болады.



Организм үшін жаңа протеиндердің биосинтезі оның жаңа селекциялық

белгісі, мысалы гербицидтерге, антибиотиктерге төзімділігі, зиянкестер

жәндіктерге және т. б. төзімділігі көрініс беру үшін негіз болып табылады.

Бір жасушалы организмдер үшін генетикалық модификация процесі,

әдетте, оларға рекомбинантты плазмидаларды енгізумен және кейіннен

трансформацияланған

жасушаларды

іріктеумен

аяқталады.

Тек


жекелеген жағдайларда трансформанттардың тұрақтылығы неғұрлым

жоғары болуы үшін трансгендердің бактериялық хромосомаға қосылуына

қол жеткізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет