6
КІРІСПЕ
Фосфорит кені – әлемдік экономиканың аса қажетті шикізаты. Бірақ
біздің ел бағалы кенге бай бола тұрса да, шикізаты фосфор болатын тауарлы
өндіріс орындары мүлде жоқ деуге болады. Сондықтан да олар көптеген
тауар түрлерін импорттау үшін қыруар қаржы жұмсауда. Ал жағдай осылай
болып тұрғанда елімізде, Жамбыл облысында, Қаратау өңірінде мыңдаған
отандастар жұмыссыз жүр. Біз назар аударарлық тұс, Қазақстанның осы
саладағы ғылыми әлеуетті жаңа өнеркәсіп құруға лайық.
Қарт Қаратаудың қазыналы байлығының бiрi – фосфор. Менделеев
кестесiнiң V тобында белгiленген осы химиялық элемент тау жыныстарында
минералды шикiзат түрiнде кездеседi екен. Оның 180-дей түрi бар. Негiзгi
минералдары – фосфорит пен апатит. Фосфорит кенi Қазақстандағы Қаратау
қойнауында көп, Ақтөбе облысында аздау көрiнедi. Апатиттiң мол қоры
Ресейдiң Кола түбегiнде жинақталған. Фосфорит қоры жөнiнен ТМД елдерi
арасында Қазақстан екiншi орынды иеленедi. Шикiзат көзiнiң жақын болуы
оңтүстiк өңiрiнде кезiнде фосфор өндiрiсiн дамытуға мүмкiндiк бердi.
Фосфорды фосфор қышқылдарын алуда қолданылады. Сонымен қатар
таза фосфорды электроникадан жартылай өткізгіштер жасау үшін: бор,
алюминий және сирек металдардың фосфориттер алуда қолданылады. Қызыл
фосфорды сіріңке өндірісінде қолданылады. Одан басқа дәнекерлеу
құралдарын алу үшін алюминий және мыс фосфориттерін қолданылады.
Фосфор ангидриді фосфор қышқылын алудағы жартылай өнімнен басқа
кептіруге арналған құралдар ретінде пайдаланады. Фосфор ангидридінен
термиялық әдіс арқылы алынған фосфор қышқылын 100%-ды Р
2
О
5
түрінде
алады. Бұл алынған қышқыл фосфат алудағы фосфор қышқылды тұздар
алуда және шоғырланған тыңайтқыштар алуда пайдаланады. Сонымен қатар
термиялық фосфор қышқылын тағам, қант, керамика, шыны, текстиль т.б.
Өндірістік салаларда қолданылады. Тағамдық өндірістерде: ішімдіктерге
қышқылдық дәм беру үшін, қант рафинатты өндірісте қантты сироптардан
тазалау үшін пайдаланады. Тағамдық өндірісте қолданған фосфор
қышқылындағы фосфордың адамға маңызды. Бұдан басқа тіс цементтен,
фосфатты цементтен алуда пайдаланыды.
Бұл дипломдық жобада өндірістік жағдайда сары фосфор алуға
байланысты жұмыстар орындалған.