1 Сары фосфор алу
1.1. Қазақстандағы фосфор өндірісі
Қазақстанда фосфор өндірісі негізінен оңтүстік аймақтарда
шоғырланған. Қазфосфат– химия өнеркәсібіндегі өндірістік құрылым,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік. 1999 ж. құрылған. Жамбыл және
Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы бірқатар химиялық кәсіпорындарды
біріктіреді. Негізгі өндірістік нысандары: «Қаратау» кен өңдеу кешені, Жаңа
Жамбыл фосфор зауыты, Минералдық тыңайтқыштар зауыты, Темір жол
көлігі кешені, Шымкент қаласындағы синтетикалық жуу заттарын
шығаратын зауыт, т.б. Қызметінің негізгі түрлері: минералдық шикізат
(фосфорит кентасын) өндіру, байыту және өңдеу, олардың негізінде
өнеркәсіптік өнім мен халық тұтынатын тауарлар шығару; геологиялық
барлау жұмыстарын жүргізу; минералдық тыңайтқыштар, сары фосфор және
оның қосылыстарын шығару. Бұл негізгі бағыттарынан басқа «Қазфосфат»
ЖШС-і фосфор саласындағы кәсіпорындардың құрылымын дамытуға,
өндірістік процестерін жетілдіруге, қуаттылығын арттыруға бағытталған
үлкен істер атқаруда. Бұл іс-шаралар Қаратау фосфорит алабының табиғи
қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта
«Қазфосфат» ЖШС-і фосфор саласының тек шикізат өндіруге бағытталған
біржақтылығын өзгерту, сыртқы және ішкі рыноктарға сапалы, бәсекеге түсе
алатын өнім шығару бойынша іргелі жұмыстар жүргізуде. [1]
ЖЖФЗ филиалы – Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15
шақырым қашықтықта «Кіші Қаратау» жотасының Үлкен Бурыл сілемінің
терістік етегіне орналасқан сары фосфор мен құрамында фосфоры бар өнім
шығаратын химия зауыты. Зауыттың жалпы аумағы 644,75 гектар. Кәсіпорын
құрамына келесі негізгі өндірістер кіреді:
- үш АКМ-312 агломашинасы бар агломерат өндірісі;
- құрамына әрқайсысының қуаты 80 МВт төрт РКЗ-80Ф-И1 іспетті
рудатермиялық электр пештері кіретін 1 блокты сары фосфор өндірісі ;
- екі технологиялық желісі бар термиялық фосфор қышқыл өндірісі ;
- төрт технологиялық желісі бар натрий үшполифосфат өндірісі ;
-
екі технологиялық желісі бар фосфор тұздары (калий
үшполифосфаты, калий-натрий үшполифосфаты, үшнатрий фосфаты)
өндірісі;
- тағамдық натрий үшполифосфаты мен тағамдық ортофосфор
қышқылын шығару .
Кәсіпорында әлемдік тәжірибеде алғаш рет сары фосфорды фосфор
шикізатының агломераттанған ұнтағынан алу технологиясы енгізілген.
Сары фосфорды өндіру кезінде пеште балқыған өнімдер – қож бен
феррофосфор пайда болады. Зауытта отандық металлургияда кеңінен
пайдаланылатын және басқа елдерге шығарылатын феррофосфордың төрт
түрі өндіріледі. Бұл қорытпалар сапасы саланың көптеген басқа
зауыттарында өндірілетін өнімдерге қарағанда анағұрлым жоғары.
8
Фосфор мен оның қосылыстары халық шаруашылығының түрлі
салаларында кеңінен қолданылады: сіріңке өндірісінде, шойын мен құрышқа
қосу үшін металлургияда, мата, пластмасса, ағашқа, отқа қарсы төзімділік
беру үшін химия өнеркәсібінде, бұрғы сұйықтықтарын, тіс пастасын,
көптеген тағамдық және фармацевтикалық препараттар алу үшін
қолданылады. Фосфор қосылыстары фосфор органикалық қосылыстар
(тиофос, карбофос, т.б.) өндірісінде де үлкен қолданысқа ие.
ЖЖФЗ филиалында шығарылған сары фосфор жоғары сапасы үшін
беделді халықаралық жүлделермен марапатталды:
- «Алтын Арка» - Испанияның кәсіпшілері мен бизнесмендері
Ассоциациясынан;
- «Гауһар Жұлдыз» - Мексикадан.
Сары фосфор Шығыс және Батыс Еуропаның бәсекелестігі жоғары
рыногына, сондай-ақ Ресейге шығарылады.
Компания натрий үшполифосфаты рыногында Ресей, Украина,
Молдова, Иран және Қазақстандағы барлық негізгі деген синтетикалық жуу
құралдарын шығарушы өндірістер үшін өнім өткеруші озық компаниялардың
бірі болып табылады.
ТМД елдері аумағында құрамында фосфоры бар өнімдер өндіру
жөнінен жетекші компания болып табылатын «Қазфосфат» ЖШС - Қазақстан
Республикасы фосфор өнеркәсібінің шынайы бет-бейнесі.
«Қазфосфат» ЖШС өнімдері Шығыс және Батыс Еуропаға, ТМД
елдеріне, Қытайға және ішкі рынокқа шығарылады.
Компания қызметі Қазақстанның химия саласы кәсіпорындарын
дамытудағы өміршең міндеттерді шешуге, әлемдік рынокқа бәсекеге
қабілетті сапалы өнім шығаруға, шикізат өңдеудің жоғары деңгейін
көрсететін жоғары технологиялық тауарлар өткеруші ретінде Қазақстан
Республикасының бедел-бейнесін жасауға бағытталған.
«Қазфосфат» ЖШС-нің тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындары
бюджетке қомақты қаржы аударуда, өнеркәсіпті жандандыруда, еңбекке
жарамды халықтың көпшілігін жұмыспен қамтамасыз етуде, ал мұнымыз
аймақтағы әлеуметтік ақуалды жақсартудың негізгі факторы болып
табылады.
Өндірілген өнімнің сапасына және оның сервистік деңгейде өткерілуіне
ерекше ден қойған компания қызметкерлерінің жоғары кәсіби біліктілігі мен
дұрыс таңдаған стратегиясы, сондай-ақ өндірістің даму қарқыны
«Қазфосфат» ЖШС-н Қазақстандағы ең бір үміт күттіретін кәсіпорын деп
санауға кепілдік береді.
– «Қазфосфат» ЖШС – еліміздегі фосфор индустриясы саласында
жетекші компаниялардың бірі. Кәсіпорынның негізгі бағыты – кен
орындарын зерттеу, фосфат кенін өндіру, сары фосфор түрін өндіру, өткеру,
сондай-ақ минералды тыңайтқыштар өндіру, фосфат шикізатын өндіру. Атап
айтқанда, кәсіпорын бүгінгі күні тұтынушыларына химия өнеркәсібі,
медицина және ауылшаруашылық саласына қажетті фосфор минералдық
9
тыңайтқыш, сары фосфор, триполифосфат натрий, трикальцийфосфат сынды
өнімнің жиырма шақты түрін өндіруде.
– Компания бұған дейін басқару сапасы, қоршаған ортаға зиянды
қалдықтарды шығару көлемін азайту, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және
қорғау BS OHSAS 18001:2007 салалары бойынша халықаралық сапа
менеджмент жүйесіне көшкен болатын. Бүгінгі күні кәсіпорын халықаралық
«Moody Іnternatіonal certіfіcatіon» компаниясының жоғарыдағы үш стандарты
бойынша жұмыс жасап отыр. Осы халықаралық сапа менеджмент жүйесі
«Қазфосфат» ЖШС-нің барлық филиалдарына енгізіліп отыр. Сондай-ақ
басқару сапасын арттыру және бизнес-процестерді жаңғырту бойынша соңғы
екі жылда ІRP SAP жүйесін енгізу бойынша 240-қа жуық бизнес жобалар
дайындалып, бекітілді. Жыл сайын халықаралық дәрежедегі сапа жүйелерін
кәсіпорынға енгізу жұмысы тынымсыз жүргізіледі.
– Тараз қаласының маңында химия кәсіпорнының қалдықтары – 8
миллион тонна фосфогипс үйіліп жатыр. Оның қоршаған ортаға зияны
туралы аз айтылып жатқан жоқ.
Кәсіпорын,
әсіресе,
химия
өнеркәсібі
болғандықтан
шлак,
феррофосфор, фосфогипс сынды өндірістік қалдықтарды шығарады. Алайда
бұл қалдықтардың қоршаған ортаға зияны шамалы. Екіншіден, бүгінгі күні
бұл қалдықтарға цемент өндірісіне, жол құрылысы, ауылшарушылық,
металлургия өндірісіне сұраныс артып отыр. Тек өткен жылдың өзінде
тұтынушыларға 576329 тонна шлак, 23036 тонна фосфогипс, 2208 тонна
феррофосфор артылып тиелді. Сонымен қатар «Қазфосфат» ЖШС
«Минералды тыңайтқыштар» филиалының жұмыс жоспарында қоршаған
ортаны қорғау шараларын ширату мақсатында минералды тыңайтқыштар
өндірісінің қалдығы – фосфогипс көлемін азайту қаралған. Фосфогипс
бесінші санатты қауіптілікке жатады. Яғни толық қауіпсіз деуге негіз бар.
Өйткені бұл қалдық түрі жанбайды, жарылмайды, суда ерімейді, ауаға
тарамайды. Дегенмен бүгінгі күні кәсіпорында ауылшаруашылық саласына
қажетті минералды тыңайтқыштар өндіруде фосфогипсті қолдану кең қолға
алынып отыр. Ауылшаруашылық саласына фосфогипс сапасының
қолданылуы барлық техникалық талаптарына сай келіп отыр және
«Минералды тыңайтқыштар» филиалы ауылшаруашылық саласының
тұтынушыларына жылына 300 мың тонна өнім арту үшін облыс
орталығының маңындағы фосфогипс төгілген жерде кешен құрылысын
жүргізуді қолға алуда. 1,5 гектар аумақты алып жатқан бұл жер –
«Қазфосфат» ЖШС меншігінде. Сондай-ақ, «Минералды тыңайтқыштар»
филиалының мамандары өндірістік қалдықтардан жаңа өнім түрлерін шығару
технологияларын игеруде. Әрине, мұның бірнеше тиімділігі бар. Біріншіден,
фосфогипстен жаңа өнім шығару. Екіншіден, бұл экономикалық тиімділікке
қол жеткізеді. Үшіншіден, фосфогипс үйіліп жатқан аймақ тазартылады және
мұның қоршаған ортаға зияны көп төмендейді.
– Инвестицияға бөлінген қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Атап
айтқанда, 2010 жылы 717 миллион, 2011 жылы 4727 миллион, 2012 жылы
10
7622 миллион теңге қаржы құйылды. Ағымдағы жылы 11123 миллион теңге
қаржы құйылады деп күтілуде
– «Қазфосфат» ЖШС – елімізде ғана емес, ТМД мемлекеттерінің
арасында да фосфор индустриясы саласында жетекші компаниялардың бірі.
Сондықтан кәсіпорынның өніміне деген сұраныс жоғары. Өнімнің 94 пайызы
Еуропа және ТМД мемлекеттеріне, Орта Азияға экспортталады. Ұзақ
мерзімді келісімшарт негізінде Шығыс және Батыс Еуропа мемлекеттері,
Қытай, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Украина, Молдова, Ресей,
Польша сынды мемлекеттер сатып алады.
– Кәсіпорынның өнімі сыртқы және ішкі нарыққа шығарылады. Соңғы
бірнеше жылдың көлемінде отандық ауылшаруашылық саласының
тұтынушыларына Үкіметтік бағдарлама аясында субсидия бөлінген.
Сондықтан ауылшаруашылық өнімін өндірушілерге минералды тыңайтқыш
елу пайыз жеңілдікпен өткеріледі.
– Бүгінгі күні кәсіпорында алты мыңға жуық адам еңбек етеді. 2013
жылдың бірінші қаңтарына кәсіпорындағы еңбеккерлердің орташа айлық
жалақы көлемі – 75932 теңге болды. Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 83569
теңгеге жеткізу межеленіп отыр. Дегенмен «Қазфосфат» ЖШС
жұмысшыларының орташа айлық жалақы мөлшері аймақтағы көрсеткішпен
салыстырғанда 104,7 пайызды құрап отыр. Бұл жаман көрсеткіш емес. Оның
үстіне жұмысшылардың әлеуметтік әлеуетін көтеруде де жүйелі жұмыстар
жүргізілуде. Өткен жылдың өзінде 48 маман біліктіліктерін көтерсе, 73
маман әлі білімін көтеру курстарында білім алуда.
– «Қазфосфат» ЖШС химия өнеркәсібі болғандықтан жұмысшылар
денсаулыққа зиянды ортада жұмыс жасайтыны белгілі. Сондықтан
жұмысшыларға денсаулығына зиянды ортада қалай жұмыс жасау керектігі
туралы үнемі арнайы сабақтар өтіп тұрады. Тіпті «Қазфосфат» ЖШС жұмыс
істегеннен бергі аралықта жұмысшылар арасында кәсіби ауру деңгейін
төмендету шаралары күн тәртібінен түскен емес. «Жұмысшының еңбек
міндеттемесін орындауда өміріне қауіпті зиян келген жағдайда
жұмысберушінің міндетті сақтандыру азаматтық-құқықтық жауапкершілігі
туралы» 2007 жылғы ҚР Заңына сәйкес кәсіпорын өз жұмысшыларының
еңбекке жарамдығын жоғалтқандарына өтемақы төлеп келеді. Дегенмен
жоғарыдағы заңнама негізінде кәсіби ауруға шалдыққандарға өтемақыны
сақтандыру компаниялары төлейді. Сондықтан кәсіпорын өз жұмысшыларын
сақтандыруда да, сақтандыру компанияларына көлемді қаржы аударуда да
жұмыс жасап келеді. Өйткені адам өмірі, оның денсаулығы бәрінен де
маңызды.
Зауыт құрылғалы бері екі рет жаңару мен тоқырау кезеңдерін бастан
өткеріп үлгеріпті. Он жыл бойы тұралап келген зауыт 1999 жылы қайта
түлеген. Инвестор табылып, өнеркәсіптің өн бойына қан жүгіріпті. Қиын-
қыстау кезеңде зауыт жылына бар болғаны 5-6 мың тонна фосфор өндірсе,
қазір зауыт жылына 84 мың сары фосфор шикізатын экспортқа шығарып
отыр. Фосфордан күнделікті тұрмыста қолданылатын қажеті тауарлар
шығарылады. Сыртқы нарықтағы негізгі тұтынушылары – Польша, Алмания,
11
Чехия, Ресей, Украина, Түркия, Жапония, Үндістан, Иран сияқты елдер.
Қысқасы, шойын жолдарымызбен жылына 60 мың тоннадай сары фосфор
экспортқа жөнелтіліп отыр. Бюджетке жап-жақсы қаражат құя бастаған
зауытта 2585 адам жұмыс істейді.
Алпысыншы жылдары Шымкент “Фосфор” өндiрiстiк бiрлестiгi
салынып, жұмыс iстей бастаған. Ол химия өнеркәсiбiнiң жетекшi
кәсiпорнының бiрiне айналды. Алғашқы жылдары натрий триполифосфат
цехы ашылса, кейiнiрек реактивтi фосфор тұздары және мырыш фосфидi
цехтары iске қосылды. Жетпiсiншi жылдардың соңына қарай кәсiпорында 54
түрлi өнiм шығарылды. Сексенiншi жылдардың соңына қарай Шымкент
фосфор зауытында он мыңнан астам адам еңбек еттi. Зауыт өнiмдерiнiң
құпиялылығы бұрынғыдан да арта түстi. Ал, бұл кезде әскери қарулардың
оқ-дәрiсi үшiн қолданылатын сары фосфор тонналап батысқа қарай
жөнелтiлiп жатты. Заңғар зауыттың түбiне жеткен де әскери-өнеркәсiптiк
мақсаттағы осы құпия өнiмдерi болды. Кеңес Одағы тарап, бұрынғыдай
жоспарлы өнiмге негiзделген байланыс арнасы жабылды. Әскери қуатын
арттырмақ түгiлi, аяққа тұрудың өзi бас қайғы болған Ресейге шалғайдағы
Шымкент зауытының бақыр тиындық құны да қалмады. Әлi қуаты аз,
қаржысы жоқ, жаңадан құрылған Қазақстан мемлекетiне iрi өндiрiс орнын
ұстап отыру тиiмсiз едi.
Тоқсаныншы жылдардың ортасында фосфор зауыты жұмысын
тоқтатты. Мыңдаған адамдар жұмыстан айырылып, күнкөрiссiз қалды.
Зауыттың құрал-жабдықтары, iске татырлық дүние-мүлiктерi талан-таражға
түстi. Оның құрылыс материалдарына дейiн жұртқа жалақы үшiн берiлiп
жатты. Ал, еңбек ақысын ала алмағандар зауыт ауласында аштық жариялап,
кәсiпорынды iске қосуды талап еттi. Алайда, фосфор зауыты Арал теңiзiнiң
қаусаған кемелерiне ұқсап, бас-аяғы бiр-екi жылда қаңырап шыға келдi…
Экономикалық реформа жағдайында Қазақстанда iз-түзсiз жоғалып
кеткен кәсiпорындар аз емес. Бiрақ фосфор зауытын олардың қатарына қоса
алмайсыз. Өйткенi, ұзақ жылдар бойы “өнiмi бiзге, қоқысы сiзге”
принципiмен жұмыс iстеген отаршыл империялық пиғыл жергiлiктi аймақта
экология талаптарын сақтауға бас қатырып та жатпады. Соның салдарынан
фосфор зауытының соңында жүздеген мың тонна аса қауiптi өндiрiс
қалдықтары қалды. Қауiптiлiгi сол, арнайы орындарда ұдайы су астында
сақталмаса, өз-өзiнен бықсып, түтiндеп, өрт шақырады. Осы қалдықтардың
қатерiн кейбiр басылымдар “баяу жарылатын бомбаға” теңестiрдi. Бұл сөздiң
жаны да жоқ емес едi. Мiне, сол қатердi, ең алдымен, зауыттың мамандары
сезiндi. Кәсiбiн терең меңгерген және үлкен жауапкершiлiк жүгiн арқалаған
олар өз проблемалары туралы бiрiншi рет “Қайнар” ЖШС-нiң 10 жылдығына
арналған баспасөз мәслихатында баяндап бердi. Алайда, ол кезде тек ақпарат
берумен ғана шектелiп, кеңейтiп жазудың сәтi түспеген. Ендi мiне,
редакцияның тапсырмасымен сол бiр аңызға айналған өндiрiс ошағына келiп
тұрмыз. “Қайнар” ЖШС-i дегенiңiз бiр кездегi ұшы-қиырына көз жете
бермейтiн кең ауланың шет жағын ала орналасқан ескiлеу, шағын
ғимараттар, iшiнара бүлк-бүлк етiп қоятын қошқыл қою жылбысқы
12
сұйықтыққа толы бассейндер, буы бұрқыраған қондырғы-жабдықтар,
құбырлар екен. Сырты қоршалған ауланы темiржол тұйығы бөлiп тұр. Бiр
тұста бүйiрiне “Фосфор” деп жазылған екi-үш вагон цистерна көзге түстi.
Достарыңызбен бөлісу: |