СЫРТҚЫ ОРТ
А
СЫРТҚЫ ОРТ
А
СЫРТҚЫ ОРТ
А
ТАЛАПТ
АР
ҚО
ЛД
АУ
САЯСИ ӘРЕКЕТТЕР
САЯСИ ШЕШІМДЕР
«КІРІС»
«ШЫҒЫС»
ӨЗЕКТІ ПРОБЛЕМАЛАР
ДЫ ШЕШУ
Ж
ӨНІНДЕ ПАРТИЯ АРҚЫЛЫ
(ПАРТИЯЛАР
ДЫҢ Қ
ОҒ
АМДЫҚ
ҚАБЫЛД
АУ
ЛАРЫ , ХА
Т Ж
ОЛД
АУ
Ж
ӘНЕ Т
.Б. АРҚЫЛЫ) БИЛІК
ОРГ
АНД
АРЫНА ЖҮГІНУ
ПАРТИЯҒ
А МҮШЕ БО
ЛЫП КІРУ
,
ПАРТИЯЛЫҚ ІС
-ШАР
АЛАРҒ
А,
ПАРТИЯ ЖАҚТ
АУШЫЛАРЫНЫҢ
АКЦИЯЛАРЫНА ҚА
ТЫС
У
ПАР
ЛАМЕНТТЕГІ, МӘСЛИХА
ТТ
АҒЫ
ПАРТИЯЛЫҚ ФР
АКЦИЯ ДЕПУТ
АТТ
АРЫ
АРҚЫЛЫ ТИІСТІ ШЕШІМДЕР
ДІ,
ЗАҢ
ДАР
ДЫ ҚАБЫЛД
АУ
ХАЛЫҚТЫҢ Ө
ЗЕКТІ
ЭК
ОНОМИКАЛЫҚ, Ә
ЛЕУМЕТТІК
Ж
ӘНЕ Т
.Б. ПРОБЛЕМАЛАРЫН
РЕТТЕУ МЕН ШЕШУ БОЙЫНША
ІС
-ШАР
АЛАР
САЯСИ ЖҮЙЕ
1. КЕЛІП ТҮ
СЕТІН Т
АЛАПТ
АР МЕН
ҚО
ЛД
АУ
ЛАР
ДЫҢ ҚАЛПЫН Ө
ЗГЕРТУ
2.
Ү
ЛЕ
СТІРГІШ ШЕШІМДЕР
ДІ
АЗАМА
ТТ
АР
ДЫҢ БА
СЫМ БӨ
ЛІГІНІҢ
ҚАБЫЛД
АУЫН ҚАМТ
АМА
СЫЗ ЕТУ
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
102
бірлігі партиясы, Қазақстанның халық конгресі, Халықтық-
кооперативті партия, Қазақстаның қайта жаңғыруы партиясы
және т.б. Қазақстанның халық бірлігі партиясының өкілдері
басым болды, олар Мәжілісте 24 орын, Сенатта 18 орын
иеленді.
1996 жылы «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңы
қабылдағаннан кейін партиялық құрылыс процесі жаңа
серпін алды, осыдан кейін посткеңестік Қазақстандағы
көппартиялық тарихының жаңа парағы ашылды. Бұл Заңның
қабылдануы партиялардың құқықтық институттануы ісінде
ілгері атылған қадам болды.
Аумақтық қағида бойынша ұйымдастырушылық
партиялық құрылыс заң жүзінде бекітілді, сондай-ақ саяси
партияларды мемлекеттік органдарда құруға, әскери
бағыттағы, мақсаты мен әрекеттері конституциялық
құрылысты күшпен өзгертуге, Республиканың тұтастығын
бұзуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлтаралық, діни, тектік-
топтық және рулық кикілжің тұтатуға бағытталған саяси
партияларды құру мен қызмет етуіне тыйым салынды.
1999 жылғы қаңтарда «Қазақстан Республикасы
Президентігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевты қолдаудың
қоғамдық штабы» негізінде құрылған «Отан» республикалық
саяси партиясы ықпалды саяси күшке айналды.
1999 жылғы 5 мамырда 16 аймақтық партиялық ұйым
(14 облыста және Астана мен Алматы қалаларында), 204
аумақтық партиялық ұйым (яғни, барлық 204 қала мен
ауданда), партияның 150 000 мүшесін біріктірген бастауыш
партия ұйымдары құрылды. «Отан» партиясымен:
Қазақстанның халық бірлігі партиясы, Қазақстанның
демократиялық партиясы, Қазақстанның либералды
қозғалысы, «Қазақстан-2030 үшін» қозғалысы, Қазақстан
Республикасының Әділет партиясы бірікті.
Бағдарламалық құжаттарда «Отан» партиясының
мақсаты қоғамды одан әрі демократияландыруға
бағытталған экономикалық және саяси реформаларды
жүзеге асыруға белсенді араласу, азаматтардың өмір
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
103
11-диаграмма.
Жоғарғы Кеңестің XIII шақырылымының саяси құрамы
ШАРУАЛАР ОДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ КОНГРЕСІ
КӘСІПОДАҚТАР
«ЛАД» СЛАВЯН ҚОЗҒАЛЫСЫ
4
4
8
11
33
«ҚАЗАҚСТАННЫҢ
ХАЛЫҚ БІРЛІГІ» ОДАҒЫ
12-диаграмма.
ҚР Парламенті Мәжілісінің саяси құрамы
(1995 жылғы 9 желтоқсанда сайланған).
КӘСІПКЕРЛЕР ОДАҒЫ
НЕВАДА-СЕМЕЙ
ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯ
ЖАСТАР ОДАҒЫ
КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ
ШАРУАЛАР ОДАҒЫ
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ ПАРТИЯСЫ
ХАЛЫҚТЫҚ-КООПЕРАТИВТІК ПАРТИЯ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ КОНГРЕСІ
ҚКП
АДВОКАТТАР ОДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ПАРТИЯСЫ
1
1
1
1
1
1
2
5
5
7
12
24
3
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
104
деңгейін көтеру, экономиканың барлық салаларында
нарықтық қайта құруларды іске асыру, азаматтар бойында
патриоттықты және Қазақстан Республикасының жан-
жақты әрі үндестікте дамуына жауапкершілікті тәрбиелеу
деп мәлімделген.
1999 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің
сайлауы Қазақстан тарихында алғаш рет қосымша он
орынға саяси партиялардың пропорционалды өкілдігі
жүйесі бойынша және бірмандаттық территориялық сайлау
аймақтарында өкілдіктіктің мажоритарлы жүйесі бойынша
өткізілді. Сайлау заңнамасының аралас жүйесінің енгізілуі
саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың мүдделерін
толымдырақ білдіруге септігін тигізді.
1999 жылғы 10 қазандағы Парламент Мәжілісіне сайлаудың
басты қорытындысы қазақстандық парламентаризмнің
күшеюінде ғана емес, сондай-ақ саяси партиялар алғаш
рет қоғамның саяси жүйесінің толыққанды буыны, заң
шығарушы қызметтің толыққанды субъектісі болғанында. Ел
билігінің өкілетті органдарына өткізілген сайлау мемлекетті
дамытудың демократиялық векторына адалдықтың дәлелі
болды.
ХХI ғасырдың басында партия жүйесін қайта құрылымдау,
елдің саяси өміріндегі оның орнын көтеру процесі жалғасты.
Елдің саяси картасында жаңа партиялар пайда болды –
«Ауыл» (көшбасшысы Ғани Қалиев), Қазақстан патриоттары
партиясы (көшбасшысы Ғани Қасымов), «Ақ жол» (Болат
Абилов, Әлихан Бәйменов, Ораз Жандосов, сондай-ақ
кейін Людмила Жуланова мен Алтынбек Сәрсенбайұлы тең
төрағалар қатарына қосылды).
Партиялық-саяси жүйенің қалыптасуы мен дамуының
жаңа кезеңі, біріншіден, Саяси партиялар туралы Заңның
қабылдануымен (2002 ж.), екіншіден, партиялардың
парламент сайлауына қатысуымен байланысты (2004 ж.).
2004 жылы депутаттық мандаттарға ие болуы үшін өткен
сайлауға 12 партия қатысты. Олар партиялық жүйенің
форматын құрады, аталған формат конфигурациясын
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
105
«Саяси партиялар туралы» жаңа Заң айқындап берді.
Партия қатарында 50 мыңнан астам болуы тиіс деген Заң
нормасын іске қосу партиялардың бәрі қайта тіркеліп
үлгермеуіне әкеп соқтырды. Осылайша, тіркеуден өтпеген
партиялар (немесе одан бас тартқандары): оппозициялық
Қазақстанның республикалық халықтық партиясы,
«Азамат» демократиялық партиясы, «Алаш» ұлттық
партиясы, сондай-ақ Қазақстанның қайта жаңғыруы
партиясы, «Ел Дана» партиясы (Әйелдер партиясы ретінде
танымал), «Отандас» партиясы және т.б.
Сайлауға дейін бір жыл бұрын, 2003 жылғы қыркүйекте, 7
партия тіркелді: Аграрлық (ҚАП), Азаматтық (ҚАП), «Ақ жол»,
Компартия (ҚКП), «Ауыл», Патриоттар партиясы (ҚПП),
«Отан». Олардың ішіндегі үш партия, Аграрлық партия,
Азаматтық партия және ҚКП кейін, 2004 жылғы маусымда,
блоктар құрамында тіркелді.
Сайлауға дейін 8 ай қалғанда, 2004 жылғы қаңтарда, жеті
партияға тағы екі партия – «Руханият» пен «Асар» қосылды
(2003 жылғы қазанда және желтоқсанда тіркелген).
Сайлауға үш ай қалғанда, яғни 2004 жылғы шілдеде үш
партия – Қазақстанның демократиялық таңдауы (ҚДТ),
14-диаграмма.
Партиялық тізім бойынша дауыс беру қорытындылары –
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия өкілдігі
(1999 ж. сайланған)
АГРАРЛЫҚ ПАРТИЯ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КОММУНИСТІК ПАРТИЯСЫ
ОТАН
АЗАМАТТЫҚ ПАРТИЯ
2
2
2
4
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
106
Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы (ҚКХП) мен
Қазақстанның демократиялық партиясы тіркеуден өтті.
2003 жылғы 5 сәуірде Алматы қаласында «Руханият»
партиясының құрылтай съезі өтті, аталған партия қайта
тіркеуден өте алмаған Қазақстанның қайта жаңғыруы
партиясының ізбасары болды. А. Жағанова партия
төрайымы болып сайланды. 2003 жылғы 25 қазанда Алматы
қаласында «Асар» республикалық партиясының құрылтай
съезі өтті, бұл партия осы аттас қоғамдық қозғалыстың
негізінде құрылған болатын. Д. Назарбаева партия
төрайымы болып сайланды.
46
2004 жылғы 21 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның
демократиялық таңдауы» халықтық партиясының құрылтай
съезі өтті, бұл партия осы аттас республикалық қоғамдық
бірлестіктің негізінде құрылған. А. Қожахметов «ҚДТ» ХП
саяси кеңесі президиумы төрағасы болып сайланды.
46
Булуктаев Ю.О., Чеботарев А.Е. Политические партии Казахстана. 2004 год.
Справочник. – Алматы: «Комплекс», 2004. - С. 84-88.
13-диаграмма.
ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тізім бойынша
дауыс беру қорытындысы (1999 ж. сайланған)
АЗАМАТТЫҚ ПАРТИЯ
30,89%
12,63%
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ
АГРАРЛЫҚ ПАРТИЯ
17,75%
«АЗАМАТ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ
11,23%
4,57%
«АЛАШ» ҰЛТТЫҚ ПАРТИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ ПАРТИЯСЫ
ЕҢБЕКТІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЯСИ ПАРТИЯСЫ
2,76%
1,97%
1,38%
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ КОНГРЕСІ ПАРТИЯСЫ
2,83%
«ОТАН»
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
107
2004 жылғы 29 сәуірде Астана қаласында Қазақстанның
демократиялық партиясының құрылтай съезі өтті,
бұлпартия «Құқықтық Қазақстан үшін» республикалық
азаматтық қозғалысының негізінде құрылған болатын. М.
Нәрікбаев партия төрағасы болып сайланды.
2004 жылғы 6 маусымда Астана қаласында Қазақстанның
коммунистік халықтық партиясының құрылтай съезі өтті,
партия Коммунистік партияның екіге бөлінуі нәтижесінде
құрылған болатын. В. Косарев ҚКХП ОК Бірінші хатшысы
болып сайланды.
Партиялық-саяси жүйенің қайта құрылымдануы 2004
жылы Мәжіліс сайлауы кезінде бәсекелестік тартыстың
күшеюіне септігін тигізді.
Депутаттардың мандаттары төмендегідей бөлінді:
• «Отан» партиясында – 53 мандат (7 партиялық тізім
бойынша, 35 бірмандатты аймақтар бойынша партия ресми
түрде ұсынғандар, 11 өзін-өзі ұсынған партия мүшелері);
• «АИСТ» блогында – 14 мандат (1 партиялық тізім бойынша,
10 ресми «бірмандаттықтар», 3 өзін-өзі ұсынғандар);
• «Асар» партиясы 4 мандат (1 партиялық тізім бойынша,
3 ресми «бірмандаттықтар»);
• «Ақ жол» партиясы – 2 мандат (1 партиялық тізім
бойынша, 1 өзін-өзі ұсынған);
• Демократиялық партия – 1 мандат (ресми
«бірмандаттық»).
«Ақ жол» партиясының партиялық тізімі бойынша өткен
депутат Ә.Бәйменов Парламенттегі орнынан бас тартты.
Парламенттік сайлаудан кейін партиялық-саяси алаңды
реформалау процесі жалғасты.
2004
жылғы
11
желтоқсанда
«Қазақстанның
демократиялық таңдауы» халықтық партиясы» қоғамдық
бірлестігінің 2-ші съезінде саяси мәлімдеме қабылдады,
ол мәлімдемеде ағымдағы билікті халыққа қарсы деп
санайтынын, сондықтан өз қызметінде әкімдер мен
соттардың шешімдеріне бағынбайтындығын айтты.
Бақылаушы органдар ҚДТ мәлімдемесін Қазақстан
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
108
Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзу деп
таныды. Осының негізінде 2004 жылғы 27 желтоқсанда
Алматы қаласының прокуратурасы «Саяси партиялар
туралы» Заңның 14 бабына сәйкес Алматы қаласының
мамандандырылған аудандық экономикалық сотына
«Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық
партиясы» қоғамдық бірлестігін жою туралы мәлімдеме
жасады. Сот шешімімен ҚДТ партиясының қызметі
тоқтатылды.
2006 жылғы 17 наурызда «Нағыз Ақ жол» демократиялық
партиясы тіркелді, партияның құрылтай съезі 2005 жылғы
29 сәуірде өткізілді. Б. Әбілов, О. Жандосов, Т. Жүкеев
тең төрағалар болып сайланды. 2006 жылғы 14 сәуірде
Қазақстанның демократиялық партиясының IV съезінде
партия атауы «Әділет» демократиялық партиясы болып
өзгертілді. М. Нәрікбаев, З. Алшыбаев, Б. Ахметжан,
Е. Оңғарбаев, Т. Сыдықов тең төрағалар болып сайланды.
2006 жылғы 4 шілдеде «Отан» партиясының ІХ съезінде
сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев «елді жеделдетіп даму
бағдары жағдайында партиялар халықты жұмылдыруға,
жүргізіліп жатқан қайта құруларды қоғам тарапынан
қолдауды қалыптастыруға қабілетті болуы тиіс. Осыған
орай «Отан» және «Асар» партияларының бірігуін елдің
партиялық жүйесінің дамуында аса маңызды қадам болып
табылады. Біз іс жүзінде қуатты әрі бәсекеге қабілетті
15-диаграмма.
Партиялық тізім бойынша сайлаудың қорытындылары –
ҚР Парламенті Мәжілісінде партиялардың өкілдігі
(2004 ж. сайланған)
«АСАР»
«АҚ ЖОЛ»
«АИСТ» БЛОГЫ
1
1
1
7
«ОТАН»
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
109
партиялардан тұратын заманауи партиялық жүйе құруға
кірісіп кеттік. Біріккен «Отан» партиясына үлкен коалиция
партияларымен әрі қарай да бірігу мәселесі жөнінде
келіссөз жүргізуді жалғастыра беру керек. Сондай-ақ,
жалпы алғанда, саяси жүйеде партия рөлін нығайту
демократиялық реформалардың басты басымдықтарының
бірі болады», – деді.
47
2006 жылғы 7 тамызда «Әділетті Қазақстан үшін»
(ӘҚҮ) қозғалысының негізінде Жалпыұлттық социал-
демократиялық партиясын (ЖСДП) құру жөніндегі
азаматтардың бастамашыл тобының жиналысы өтті. Партия
құндылықтары оның ұранындағы: «Еркіндік! Әділеттілік!
Ынтымақ» деген үш ауыз сөзде жарияланды. 2006 жылғы
10 қыркүйекте Алматыда партияның құрылтай съезі өтті.
Съезге елдің барлық аймақтарынан 2500-ден астам делегат
қатысты. ӘҚҮ қозғалысының төрағасы Ж. Тұяқбай партия
төрағасы болып сайланды. 2007 жылғы 25 қаңтарда партия
мемлекеттік тіркеуден өтті.
Осылайша, 2006 жылы партиялардың бірігу процесіне
байланысты партиялық-саяси кеңістіктің конфигурациясы
құрылымдық жағынан айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
2007 жылғы Парламент сайлауы алдында мынандай
оқиғалар орын алды:
• «Отан», «Асар», Азаматтық және Аграрлық
партиялардың бір партияға – «Нұр Отан» халықтық
демократиялық партиясына бірігуі;
• конституциялық реформа, оған сәйкес Мәжіліс
сайлауында дауыс берудің пропорционалды жүйесі
енгізілді (98 депутаттық орынға);
• Конституцияға түзету, оған сәйкес ел Президентіне
саяси партияны басқаруға тыйым салған бап алынып
тасталды;
• Парламенттің төменгі палатасының өзін-өзі таратуы
47
Выступление Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на
внеочередном IX съезде РПП «Отан» // По материалам официального сайта
Президента Республики Казахстан. Астана, 4 июля 2006 г.
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
110
және кезектен тыс парламент сайлауын жариялау.
Құрылымдық жағынан алғанда 2007 жылы өткен
сайлаудың қорытындылары айқын үстем бірпартиялық
жүйенің кескіндерін белгілеп берді, ол үстем партия – «Нұр
Отан» ХДП (партиялық тізім бойынша барлық депутаттық
орындарды алды). 2007 жылғы шілдеде қабылданған
конституциялық түзетулерге сәйкес партия ҚР Үкіметін
және оның жұмыс жасау бағдарламасын құру, жергілікті
атқарушы органдар басшыларын тағайындауға ықпал ету
құқығына ие болды.
Сонымен қатар Парламентте басқа, соның ішінде
оппозициялық партиялардың болмауы түрлі әлеуметтік
топтар мүдделерінің өкілеттілігі деңгейін төмендетіп қана
қоймай, қабылданған саяси шешімдердің эффективтілігін
де кемітті.
2007 жылғы сайлаудан кейінгі партиялық жүйенің
даму кезеңінде 2009 жылғы ақпанда қабылданған «Саяси
партиялар туралы» және «Сайлау туралы» Қазақстан
Республикасының заңдарындағы заңнамалық жаңа
түзетулер айтарлықтай мәнге ие болды.
Жаңа құқықтық тетік ұсынылды, ол тетік кем дегенде екі
партияның қатысуымен Парламент жасақтауға мүмкіндік
берді. «Сайлау туралы» Заңға келесі норма енгізілді: Егер
дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті
процентін тек қана бір саяси партия алса, онда депутаттық
мандаттарды бөлуге көрсетілген саяси партияның тізімі,
сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының
келесі көп санын жинаған партиялардың партиялық тізімі
жіберіледі.
«Саяси партиялар туралы» Заңға енгізілген өзгерістер
саяси партиялар туралы заңнаманы ырықтандыруға
және оның қызметінің ұйымдастырушылық-құқықтық
мәселелерін жетілдіруге, одан әрі демократияландыруға
және елдің саяси жүйесін ашық қылуға бағытталған.
Жекелей алғанда, партияларды тіркеу процедурасы
жеңілдетілді; партияны мемлекеттік тіркеу үшін қажетті
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
111
құжаттарды тапсыру мерзімі 2 айдан 4 айға дейін
ұзартылды; жаңа құрылған саяси партия атауында тіркелген
қоғамдық бірлестіктердің атауын пайдалануға заңдық
тұрғыдан тыйым салынды; партиялар құру жөніндегі
ұйымдастырушылық комитеттердің қызметін ашық ету
және нақтырақ реттеу қамтамасыз етілді.
2007 жылғы парламенттік сайлаудан кейін үстем партиялы
партиялық конфигурацияның түпкілікті орныққаны тәрізді
болғанына қарамастан, Қазақстанда партиялық құрылыс
процесі жалғасты.
2009 жылғы 20 наурызда тіркелмеген «Алға» ХП мен
Қазақстанның коммунистік компартиясы «Халық билігі»
блогын құрды. 2009 жылғы сәуірде ҚКП, ЖСДП, «Азат» ҚДП
және тіркелмеген «Алға» ХП (ҚДТ) шақырылған форумда
өздерінің бірігу негіздерін жасау бойынша ұйымдастыру
комитетін құрды. 2012 жылғы маусымда ҚКП, «Алға» ХП
және ЖСДП «Әділетті Қазақстан үшін» (ӘҚҮ) демократиялық
күштер блогының аясында бірігетіндері туралы мәлімдеді.
«Азат» ҚДП бұл бастамаға қосылмады.
Блокта қайта құрудың тиімділігі аз болатын, себебі
заңнамалық нормаға сәйкес сайлауға партия дербес түрде
өз атынан қатысуы тиіс. Сондықтан да 2009 жылғы қазанда
ЖСДП мен «Азат» ҚДП бірігіп, «Азат» ЖСДП партиясын
құрды. Ал коммунистер мен «Алға!» ХП «Халық билігі»
блогы форматында қалды.
2010 жылғы 16 наурызда Алматыда «Руханият»
партиясының VII съезі өтті. Партия көшбасшысы А. Жағанова
бұл жиынды тарихи деп атады. Партия – жасылдар партиясы
«Руханият» деген жаңа атауға ие болды. Партияны жаңа
көшбасшы – С. Мәмбеталин басқаратын болды.
2011 жылғы 3 қазанда Алматы қалалық прокуратурасы
Қазақстанның коммунистік партиясының төрағасы
Ғ. Алдамжаровқа қатысты әкімшілік іс қозғады. Келесі
күні әкімшілік сот ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Кодексінің 374 бабы 2 тармағында (қоғамдық бірлестіктер
туралы заңнаманы бұзу) қарастырылған әкімшілік құқық
САЯСИ ЖҮЙЕ: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР МЕН ҚАЗАҚСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
112
бұзушылық жасағаны жөнінде кінәлі деп табуы туралы
шешім шығарды. Алматы қаласының әкімшілік істер
жөнінде мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі
бойынша Қазақстанның коммунистік партиясының қызметі
жарты жылға тоқтатылды.
2012 жылғы сайлаудың қорытындылары бойынша елде
үш партиялы Парламенті қалыптасты.
2012 жылғы сайлаудың қорытындылары Парламенттің
төменгі палатасындағы саяси күштердің жаңаша бөлінуін
ғана емес, партиялық-саяси спектрды құрылымдаудың
жаңа тәртібін, ішкі реформалардың жүргізілуін және
партиялардың өзіндегі кадрлық ауысуларды да айқындап
берді.
Кейбір партиялар («Руханият», «Әділет», ҚКП,
Патриоттар партиясы, «Ауыл» ҚСДП) өз жұмыстарын
тоқтатты. Жаңа «Бірлік» партиясы пайда болды («Әділет»
және «Руханият» партияларының бірігуі нәтижесінде
құрылды). Қазақстанның патриоттары партиясы мен «Ауыл»
қазақстандық социал-демократиялық партияларының 2015
жылғы қыркүйекте болған кезектен тыс өткен съездерінде
«Ауыл» халықтық патриоттық партиясы» қоғамдық
бірлестігі құрылды (17–сурет).
16-диаграмма.
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партиялық өкілеттілік
(2012 ж. сайланған).
«АҚ ЖОЛ»
КНПК
7
8
83
«НҰР ОТАН» ХДП
САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ МЕКТЕБI
113
17
-сурет.
Қазақ
ст
анның са
яси пар
тиялары
«Ө
зің
е
да
усың
ды
қайт
ар
, өзің
е
елің
ді қайт
ар
»
«А
уылғ
а
дәстүр
ді
қайт
арайық
»
Достарыңызбен бөлісу: |