Интернеттегі ойды еркін білдіру құқығы: еуропалық стандарттар


 ТАРАУ  Блогерлер және интернет-журналистер үшін басқа да кепілдіктер



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата02.01.2017
өлшемі0,88 Mb.
#1012
1   2   3   4   5   6

ТАРАУ 

Блогерлер және интернет-журналистер үшін басқа да кепілдіктер. 

Интернетке  қолжетімділік:    блогерлер  және  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының интернетке қолжетімділік құқықтары.   

Желілік тең құқықтық дегеніміз не? 

Желілік  бейтараптық  немесе  «желілік  тең  құқықтық»  Интернеттегі 

мәліметтердің  барлық  трафиктеріне  үздіксіз  қолжетімділік  және  тең дәрежелік 

қағидаты  ретінде  анықталады.  Іс  жүзінде    бұл,  желілік  операторлар  мен 

провайдерлер    қолданушылардың  интернет-контентке  барынша  жоғары 

қолжетімділіктері  болуы  үшін,  контенттің  пайда  болуы  мен  оның  түрі  және 

мақсатына  қарамастан,  мәліметтер  пакетін  бірдей  тең көлемде  өңдейді  дегенді 

білдіреді.  Қолданушыларда  кез  келген  мәліметтерді  қолдануға,  сонымен  қатар 

өз  таңдауындағы  кез  келген  қызметке    желі  операторлары  тарапынан  трафик 

кемсітуінсіз 

немесе 

басымдылығынсыз, 



арнайы 

басқарымынсыз 

қолжетімділікке  мүмкіндігі  болуы  керек.  Бұл  жалпылама  қағидат  Интернетке 

қосылу үшін қолданылатын құрылғылар немесе желі, инфрақұрылымға тәуелсіз 

қолданылуы шарт. 

Желілік бейтараптық қағидат қалай көтеріледі? 

Желілік бейтараптылыққа әр түрлі ықпал етуге болады: 

 

Желілік    трафиктің  операторылары  бейнефайлдар  алмасуына  кедергі 



келтіре  және  зияткерлік  меншік  құқығы  үшін  қызметін  блокадалап 

немесе жылдамдықты шектеуі мүмкін.  

2011 жылы еуропалық  реттеушілер  Ассоциациясы электрондық коммуникация 

саласында  (BEREC)  сауалнама  жүргізіп,  Ұлыбритания  және  Польша,  Литва, 

Венгрия,  Греция,  Франция провайдерлары  бейне  бағдарламалар  ағынына  және 

қолданушылар  арасындағы  файлдар  алмасу  жылдамдығына  шектеу  ендіргенін 

анықтады. 

 



 

Трафик  және  желілік  қызмет  операторлары  неғұрлым  жоғары  бағасын 

төлеуге дайын контент-провайдерларға, кең көлемдегі деректерді неғұрлым 

жылдам  беретін  (IP-телефония  немесе  бейне  бағдарламалар  ағыны), 

премиум қызметтерін ұсына алады.  Олар бұны нарықта бәсекеге қабілетті 

болу  үшін,  өздерінің  техникалық  жүйесін  модернизациялау  қажеттігімен 

дәлелдейді.  Бұл,  мысалы,  БАҚ-қа  аздаған  этникалық  немесе  маргиналдық 

топтардың ықпал ету мүмкіндігі. Нәтижесінде ой әртүрлілігі мен бұқаралық 

ақпарат құралдарының плюрализміне ықпал етеді.  

Желілік бейтараптықтың халықаралық стандарттары қандай? 

Еуропа  Кеңесі  және  Еуропалық  Кеңесі  стандарттау  органдары  өздерінің 

жүйелік бейтараптық қағидатын ұстанатындарын атап өтті.

xcviii


  

Мемлекет:  



 

39 


1.    Ойды  еркін  білдіру  құқығын  есепке  алатын,  желілік  бейтараптықты  ендіру 

қажет. 


2. Олардың ұлттық реттеуші органдары: 

 



электрондық    коммуникация  жүйелері  провайдерлары  үшін  қызмет 

көрсету сапасына ең төменгі талап қоюын;  

 

операторлардан талап етуін:  



o

 

көрсетілетін қызмет сапасының ашықтығын; 



o

 

желімен  басқару  бойынша  олардың  қолданатын  өлшемдері, 



үйлесімді, сәйкес және қисынсыз кемсітушіліктің жоқтығының кепілі 

болып табылатынын; 

o

 

қолданушыларды ...туралы ақпараттандыру:  



o

 

қызметке  қосылу  барысында  туындайтын,  соның  ішінде  ЕО  мүше-



мемлекеттері  қолданымдар  мен  қызметтерге  қолжетімділікті  шектей 

алатындай жағдайлар жайындағы белілі бір мәселелерден;  

o

 

провайдермен,  трафикті  өлшеп  және  қалыптастыру,  сонымен  қатар, 



бұл  өлшемнің  қызмет  сапасына  ықпалын    білу  үшін  орнатылған, 

процедураларын қамтамасыз етуі тиіс. 

3. Қолданушылардың:  

 



басқару  бойынша  шешімді  даулауға  және  залал  өтеміне  қол 

жеткізуге;  

 

провайдерлар қызметін ауыстыруға мүмкіндіктері болуы тиіс. 



Байланыс  нарығы  туралы  фин  Заңына  сәйкес,  Финляндияның  барлық 

азаматтарының, Финляндияны бірінші  ел атағы құқығына бекіткен, секундына 

бір  мегабит  жылдамдықтағы  кеңжолақты  байланысқа  қолжетімділікке  заңды 

құқықтары бар. 

Норвегияда  желілік  бейтараптылық,  тұтынушылар  тауары  бойынша  басқарма 

және  салалық  ассоциациясы,  контент-провайдерлар,  норвеждік  интернет-

қызмет  жеткізушілерімен  бірлескен  телекоммуникативті  және  пошта 

қызметтерін    реттеуші  норвеждік  мемлекеттік  органдармен  құрастырылған 

басқарымдық 

қағидаттармен 

кепілденеді. 

Аталмыш 


басқарымдық 

қағидаттардың қарастыратыны: 

•   Интернет-қолданушылары Интернетке берілген жылдамдықта және сапада 

қосылу құқығына ие.  

•  Интернет-  қолданушылары  Интернетке  қосылуға  құқылы,  оларға 

мүмкіндіктер беріледі:   

o

 

өз таңдауы бойынша хабарламаларды жіберіп және алуға; 



o

 

өз  таңдауы  бойынша  қолданымдарды  жүргізіп  және  қызметтерді 



қолдануға;   

o

 



өз  таңдауы  бойынша,  желіге  залал  келтірмейтін  бағдарламалық 

 

40 


қамтамасыз етулерді қолданып және құрылғыларды қосуға.    

 



Интернет-қолданушылары,  жіберушілер  немесе  алушылар  мекенжайы, 

контент  болмаса  қызмет,  қолданым  түріндегі  қатынастарда  кемсітушіліктен 

ада Интернетке қосылуға құқықтары бар. 

2010  жылы  Чили  желілік  байтараптықты  өз  заңында  бекіткен,  әлем  елдерінің 

біріншісі  болды.  Интернет-провайдер  «олардың  дереккөздері  немесе  жеке 

меншігі  негізіндегі  қызметтері  мен  қолданымдары,  контент  анықтай  алмайтын 

қызметтерді  ұсыну    мен  желідегі  қолжетімді  қолданымдар  мен  қызметтердің 

барлық түріне қолжетімділікті қамтамасыз»  етуі тиіс.  

 

Интернет-БАҚ және блогерлерді лицензиялау 

БАҚ-ты лицензиялаудың халықаралық стандарттары қандай? 

 Лицензиялау  БАҚ-ты  оның  жасалу  этапындағы  реттеу  тәсілінің  негізі  болып 

табылады.  Лицензиялау  ойды  білдіру  еркіндігі  құқығын  іске  асыруда  ықпал 

ететіндіктен, ол АСХҚП 19 бабы, 3 тармағына сәйкес болуы шарт.  

Адам  құқығы  жөніндегі  БҰҰ  Комитеті,  баспалық  БАҚ-ты  мәжбүрлі 

лицензиялау  тәсімі  ойды  білдіру  еркіндігі  құқығын  бұзғандық  болып 

табылатынын қаулы етті

.

xcix



 

Электронды БАҚ-ты лицензиялау қажетті деп табылды, өйткен себеб, мемлекет 

БАҚ  плюрализмін  қамтамасыз  етіп,  қоғамдық  меншік  болып  табылатын 

радиожиілікті таратуды реттеуге тиіс. 



Интернет-БАҚ және блогерлерді лицензиялау қажетті ме? 

Кейбір  мемлекеттер  интернет-БАҚ  пен  блогерлерді  тіркелуге  міндеттейді. 

Мысалы,  Сингапурдың  телерадио  хабар  тарату  заңы,  сингапурлық    интернет-

мекенжайдан  жасалған,  айына  жоқ  дегенде  50000  бірегей  қатысымды  екі  ай 

бойына  белгілеген,  кез  келген  жаңалықтар  веб-сайттарын  тіркеуге  талап  етеді, 

сонымен  қатар    «Сингапурге  байланысты  діни  немесе  саяси  мәселелерді 

талқылап  немесе  жылжытып,  таратады».  Ресейде  блогерлер,  егер  олардың 

сайттарына  күніне  3000  қолданушылар  кірсе,  тіркелуге  тиісті  болады.  Осыған 

ұқсас схема Иран, Сауд Аравиясы және Шри-Ланка елдерінде де бар. 

Сөз еркіндігі жөніндегі БҰҰ арнайы баяндамашысы, мемлекет тарапынан саны 

шектелген  жиіліктерді  тарату  немесе  тіркеу  үшін  лицензиялауы  қажет 

телерадио  хабар  тарату  секторына  қарағанда,  ондай  талаптар  Интернет 

жағдайында ақталмайды. Себебі, интернетте қолжетімділік нүктесінің шектеусіз 

санын  орналастыруға  болғандықтан,  сәйкесінше,  қолданушылардың  да  саны 

шектеусіз болады.

c

 



 

Интернет-БАҚ және блогерлердің мемлекеттік өкіметтің органдарында тіркелуі 

қажет  емес.  Ондай  тіркелу  лицензиялауға  ұқсас  және  халыхаралық  құқықты 

бұзады. Еуропада блогерлер мен интернет-БАҚ мемлекет тарапынан рұқсатсыз 

және лицензиясыз жұмыс жасайды. 


 

41 


 Дегенмен  де,  интернет-БАҚ  және  блогерлердің  таза  техникалық  себепті, 

домендік  атаудар  басқарымы  органдарында  тіркелуге  міндетті  болулары 

мүмкін

.

ci



 

 

 



Домендік атауларды алу және реттеу    

Домендік атаулар дегеніміз не? 

Домендік  атаулар  бір  немесе  бірнеше  IP-мекенжайлармен  анықталады  және 

белгілі бір веб-бөлімдерге жатады. 

Домендік атауларды кімдер қолдайды? 

Домендік атаулар шетелде әрекет етсе де  .com, .org и .net –ке аяқталады, бірақ  

АҚШ  заң  құзіреттілігі  астындағы  АҚШ-ғы  негізделген  домендік  атаулар 

тізілімімен  басқарылады.  Кез  келген  елдің  өз  елінің  кеңейтілген  домені 

көрсетілген тізілімі болады. 

Домендік атаулар неге ойды білдіру еркіндігіне ықпал етеді? 

Домендік  атаулар  веб-сайттарда  орналасқан  контентті  суреттеу  немесе 

сәйкестендіру үшін, немесе қауымдастық және виртуалды жиын үшін кеңістікті 

құруға қолданылады. 

Кейбір  жағдайларда  домендік  атаулар    веб-сайт  мазмұны  туралы  ақпарат 

беретіндіктен, жарнама түрі болып та табылады.  Басқа жағдайларда олар саяси 

хабарлар  және  саяси  көзқарас  түрін  білдіреді  (мысалы,  votejohnsmith.com). 

Сонымен  қатар,  қайсы  біреудің  жеке  меншігіне  ықпал  етуші  де  (тауарлық 

белгілер) домендік атаулар болады.  

Интернет-БАҚ  және  блогерлерге    домендік  атаулар  басшылары  қалай 

ықпал етуі мүмкін? 

 Мемлекеттер домендік атауларын таңдауға шектейтін заң қабылдады. Мысалы, 

басқа  тұлғалар  атынан  тіркелген,  тауарлық  маркаларды    қолданушы  домендік 

атаулар  (мысалы,  Nike  немесе  Coca-Cola)  немесе  нақты  топтарға  қатысты 

кемсітушілік болмаса өшпенділік тұтатушы домендік атаулар. 

 Сот  орындары  қылмыстық  әрекеттерге  қолданылған  домендік  атауларды 

тәркілей алады. Мысалы, Ұлыбританияда әр жыл сайын айлакерлік сайттардың 

мыңдаған домендік атаулары тәркіленеді.  

 Әдетінше  домендік  атаулар  айлакерлер  мен  контрафактылық  өнімдерден 

қолданушыларды  қорғау  мақсатында  тәркіленсе  де,  интернет-БАҚ  және 

блогерлердің  домендік  атаулары  да  тәркіленуі  әбден  мүмкін.  Мысалы,  2010 

жылы  –  Wikileaks  домен  қызметін  жеткізуші  EveryDNS  –әшкерелеуші 

платформада қызмет көрсетуін тоқтатты. 

Домендік атауларға қатысты халықаралық стандарттар қандай? 


 

42 


Домендік  атауларға  қатысты  Еуропа  Кеңесі  стандарттары,  келесілерді 

қарастырады: 

 

Домендік  атауларға  қатысты  реттеу  мен  тәркілеу  ойды  білдіру 



еркіндігіне ықпал етеді. Сол себепті домендік атаулардағы ойды білдіру 

еркіндігі,  ойды  біліду  еркіндігі  құқығымен  қорғалған.  Домендік 

атаулардағы  кез  келген  шектеулер,  ойды  білдіру  еркіндігі  құқығына 

кепілдікпен  үйлесімді  болуы  үшін,  сот  шешімімен  негізделуі  шарт. 

Ондай шарттар: 

o

 



түсінікті және ашық, қолжетімді заңмен көрсетілген болуы; 

o

 



заңды мақсатты қууы;  

o

 



қажеттілік  және  үйлесімділікте  болғандығымен  шектеліп,  ал 

қолданушы  шектеу  себебі  туралы  ақпараттандырылған  болуы 

қажет

cii


 



Мұнымен  қоса,  кез  келген  негізсіз  кемсітушілік  түрі  болмауы  қажет. 

Контент-провайдерлары  шағымдану  мүмкіндігінен,  сонымен  қатар  сот 

арқылы  шағымдану  үшін  қайда  баруға  болатынынан  хабардар  болуы 

қажет.


ciii

 

Мемлекет  домендерді  реттеу  барысында  әр  түрлі  өкілеттілікке  (өз  қалауы 



еркіндігі) ие. Бұл өкілеттілік, домендік атаулар тауарлық маркаларға ықпал етіп 

немесе жарнама түрі болып табылғанда, кеңейеді және олар саяси ойды білдіру 

формасы  болып  табылып  немесе  жалпы  ақпараттандырумен  байланысты 

болғанда,  шектеледі.  Қандай  жағдайда  болмасын,  домендік  атауларға  қатысты 

шешім  қабылдау,  ойды  еркін  білдіру  құқығын  бұзғаны  туралы  шағымды 

қараушы халықаралық сот орындарының бақылауына жатады. 



Контентті жою және блокировка, мониторинг 

Ойды еркін білдіру құқығына мониторинг қалай ықпал етеді? 

 Бүгінгі  таңда  интернеттегі  жеке  тұлға  әрекеті  және  коммуникация  туралы 

ақпаратты  мемлекеттік  органдар  да,  жеке  тұлғалар  да  жинап  және  бақылай 

алады. БҰҰ арнайы баяндамашысы атап өткен: 

Бірқатар  мемлекеттер  теріс  пайдалануға  қарсы  жеткілікті  кепілдікті 

бермей, Интернеттегі қолданушылар әрекеті үстінен бақылауды күшейту 

үшін әрекеттегі заңды өзгертеді немесе жаңасын қабылдайды. Мұнымен 

қоса,  кейбір  мемлекеттер  Интернетте  контентті  көшіріп  немесе 

қолданушылар  пікірлерін  қалдыра  алулары  үшін  шынайы  атауын 

сәйкестендіруші  жүйені  орнатады,  ал  бұл  олардың,  соның  ішінде,  адам 

құқығы  жиі  бұзылатын  елдерде  оз  ойларын  анонимдік  түрде  білдіру 

мүмкіндіктерін қатерге тіктіруі мүмкін. Сонымен бірге, көптеген елдерде 

шифрлау  технологиясын  қолдануға  шектеу  ендіру  сияқты,  рұқсат 

етілмеген 

бақылаудан 

интернет-қолданушылардың 

өзін 

қорғау  


мүмкіндіктерін төмендетуге бағытталған өлшемдер қабылдануда.

civ


  

Мониторинг  Интернеттегі  ойлар  мен  ақпараттардың    еркін  ағымына  бөгет 

қоюымен,  Интернеттегі  адамдар  қауіпсіздігі  және  сенімін  кетіреді  және  жеке 


 

43 


өмір  сүру  құқығына  интернет-қолданушылардың    құқығын  бұзған  болып 

табылады.

cv

  

Интернет-контент мониторингінің  халықаралық стандарттары қандай ? 



Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы мыналарға үндейді:  

 



Қолданушының  келісімінсіз  жеке  мәліметтерді  тек  «дәлелді 

күдіктер  негізінде  шығарылған  сот  үкімі»  негізінде    жиналып 

және саралануын. 

 



Сот  орындары  мен  парламенттерге  барлау  қызметтерінің 

бақылануын. 

 

Заңсыз бақылауға іліккен мәлімдеушілердің қорғалуын. 



 

Интернеттегі  қауіпсіздікке  төнген  басқа  кез  келген  және  жаппай 



аңдуға  қарсы  тұру  тәсілі  болатын  мәліметтерді  қорғаудың 

ынтымақтастық  (автоматтандырылған) тәсілінің дамуын. 

 

Авторитарлық  ережені  ұстанатын  елдерге  алдыңғы  қатарлы 



бақылау технологиясын экспорттаудан тартынуын.

cvi


 

Блокировка дегеніміз не?  

Блокировка интернеттегі белгілі бір мәтінге қолданушылардың қолжетімділігін 

болдырмау шарасына жатады. Блокировкаға қолданушылардың белгілі бір веб-

сайттарға,  интернет-протокол  мекенжайы  (IP),  домендік  атаулар,  олар 

орналасқан  веб-серверлерден  веб-сайттарды  алу,  немесе  басқа  ерекше 

контенттер  немесе  түйінді  сөздерден  тұратын  бөлімдердің  пайда  болмауына 

сүзгі технологиясын қолдану кіреді.  

 Мысалы,  кейбір  Түркия  немесе  Қытай  сынды  елдерде,  You  Tube  жиі 

блокировкаға қойылады.  

Блокировканың  ойды  еркін  білдіру  еркіндігі  көзқарасы  тұрғысынан  қандай 

жалпы мәселелері бар? 

Әлем бойынша блокировкаға қою тәжірибелері, блокировкаға қою шаралары әр 

кезде  заңмен  қаралмайтыны  немесе  заңдағы  ереже  айтарлықтай  бұлыңғыр  әрі 

жалпылама  болып  келетінін  көрсетеді.  Тағы  бір  мәселе,  блокировка  үрдісі 

кезінде туындаған келеңсіздіктерге қарсы тиісті кепілдіктің жоқтығы. Мысалы, 

блакировка  қоюға  ұйғарым  тәуелсіз  сот  орынынан  емес,  прокурорлар  немесе  

мемлекеттік  орындардан  беріледі.  Блокировка  қою  саясатында  айқындық, 

сонымен  қатар  оған  жауап  беретін  қоғамдық  есеп  беруші  органдар  жоқ.  

Мұнымен  қоса,  тіпті  заңсыз  деп  табылған  контентті  ғана  емес,  көбіне    кең 

спектрлі  контентті    де  блокировкаға  қойып  тастайтын  кездер  болады.  Ақыры, 

көбінесе мәтіні тәуелсіз органдар немесе сот араласуынсыз блокировкаланады.    

Блокировканың қандай халықаралық стандарттары бар? 

 Еуропада  блокировкаға  қою  балалар  порнографиясымен  күрес  және 

террористік  насихатты  таратумен  байланысты  қаралған.  Екі  жағдайда  да  бұл 


 

44 


саясат  тиімсіз  деп  табылды,  себебі,  көптеген  жағдайларда  блокировкаға 

қойылған  веб-сайттар  Еуро  Одақ  немесе  заң  құзіреттілігі  аясынан  тысқары 

басқа атаумен қайта пайда болады. 

 Аймақтық ережелердің болмауына қарамастан, мемлекет көптеген жағдайларда 

блокировкаға қойылған веб-сайттардың заң құзіреттілігі аясынан тысқары басқа 

атаумен  қайта  пайда  болуына  ұлттық  ережелерді  ендіре  алады,  және  бірқатар 

елдер  оны  жасады  да.    Блокировкаға  қою  ойды  білдіру  еркіндігі  құқығын  іске 

асыруда  ықпал  ететіндіктен,  ол  АСХҚП  19  бабы,  3  тармағына  сәйкес  болуы 

шарт: 



 



түсінікті және ашық, қолжетімді заңмен көрсетілген болуы; 

 



заңды мақсатты қууы; 

 



қажеттілік  және  үйлесімділікте  болғандығымен  шектеліп,  ал 

қолданушы  шектеу  себебі  туралы  ақпараттандырылған  болуы 

қажет.  

Мұнымен  қоса,  кез  келген  негізсіз кемсітушілік  түрі  болмауы  қажет.  Контент-

провайдерлары  шағымдану  мүмкіндігінен,  сонымен  қатар  сот  арқылы 

шағымдану үшін қайда баруға болатынынан хабардар болуы қажет.

cvii

 

Арнайы  баяндамашы,  блокировкаға  қою  шарасының  ақталғандығы,  балалар 



порнографиясын  қоспағандағы,    ұлттық  заңнама  дұрыс  қолданбаған  немесе 

теріс пайдаланушылыққа қарсы тиімді және нақты кепілдік беріп, соның ішінде 

реттеуші  орган  мен  әділ  және  тәуелсіз  сот  тарапынан  бақылау  мен  қадағалау 

жүргізетіні болып табылатынын атайды. 



Түркияға қарсы Йылдырым ісі,

 cviii


  ЕС Интернетке қолжетімділікті шектеу 

барысында жоғарыда аталған стандарттарды қалай қолданғанын көрсетеді. Сот, 

түрік сотының Google Sites Интернет-доменінің, оның ішінде қуынушының 

сайты да болған,  қолжетімділігін блокировкаға қою туралы шешімі, 

белгіленген заңмен ұсынылған негізделген жорамалы болмағандықтан, заңсыз 

болған деп бекітті. Еуропалық Сот, түрік сотының қолжетімділікті 

блокировкаға қою туралы шешіміш қабылдау барысында қажеттілік өлшемін 

қолданбаған деп шешті (жоғарыдан 3-Бөлімді қараңыз). 

 

Контентті жоюға қатысты қандай халықаралық стандарттар бар? 

Контент  заң  құзіреті  шеңберінде  орналасса,  контентті  жою  туралы  бұйрығы 

заңды. 

ЕО  елдері  өз  аймақтарында  немесе  аумақтарынан  тыс    орналастырылған 



балалар  порнографиясын  таратқан  немесе  ұстаған  веб-бөлімдерін  тез  арада 

жоюға тырысулары  қажет.

cix

 

Контентті  жою  туралы  бұйрық  ойды  білдіру  еркіндігі  құқығына  ықпал 



ететіндіктен, олар осы құқық кепілдігіне сай болулары шарт. Сондықтан, әрбір 

бұйрық: 


 

45 


 

түсінікті және ашық, қолжетімді заңмен көрсетілген болуы; 



 

заңды мақсатты қууы; 



 

қажеттілік  және  үйлесімділікте  болғандығымен  шектеліп,  ал 



қолданушы  шектеу  себебі  туралы  ақпараттандырылған  болуы 

қажет. 


Блогерлер мен БАҚ, интернет-журналистердің заңды жауапкершіліктері 

Интернеттегі   бір  қызмет,   бір ақпаратқа қатысты заңдық құзіреттікке бірнеше 

мемлекет  бірден  ниет  білдірулері  мүмкін,  ал  бұл  қолдану  ережісінде  жанжал 

және қарама-қайшылықты қамтамасыз етері сөзсіз. Заңсыз контент және қызмет 

туралы  ұлттық  ереженің  әр  түрлілігі,  сонымен  қатар  қарама-қайшы  және 

бәсекелес  заңдарды  қолдану  күрделі  құқықтық  ортаны  қалыптастырады.  Ол 

ішкі және халықаралық қолданушылармен кепілдендірілген  қорғауға шағымды 

қиындатады.  Мәліметтерді  өңдеу  және  сақтау  бойынша,    ақпаратты  алушыға 

немесе  иесіне  жақын  жердегі  емес  қашықтағы  қызметті  тарату,  бұл  мәселені 

ұлғайта түседі. 



Блогерлер мен интернет-БАҚ жауапкершілігінің саласы қандай? 

 Интернет-БАҚ,  журналистер  және  блогерлер  өздерінің  жариялаған  онлайн-

контенттеріне заңды жауапкершілік атқарады. 

 Үшінші  жақтың  контентті  орналастыру  жауапкершілігі  жайындағы  мәселе 

толықтай түсінікті емес. 

Еуропалық Кеңестің өз мемлекеттеріне демократиялық коммуникацияға қатысу 

мақсатында  саяси  партиялармен  және  мемлекеттік  емес  ұйымдармен, 

азаматтардың  ИКТ  қолдануын  қамтамасыз  ететін  заңнаманы  қабылдауына 

шақыруына қарамастан, ол үшінші тұлғалардың форумдар немесе веб-сайттарда 

жасаған  түсініктемелеріне    жауапкершілікке  қатысты  ешқандай  нұсқау 

бермеді

cx

.     



Еуро  Одақта    Директива  электрондық  коммерция

7

  жайында  ескерту  және 



жауапкершілік  рәсіміне  шектеу  ендірді.  ЕО  Директивасына  сәйкес  ақпараттық 

қызмет 


жеткізушісі, 

(интернет-провайдерлары, 

хостинг-компаниялар, 

әлеуметтік  платформалар  және    ізденім  жүйелері  Web  2.0)  егер  олар 

сақталынған  ақпаратты  білсе  және  бақылап  отырса,  жауапкершілік  атқарады. 

Осылайша,  қызмет  жеткізушісі  заңсыз  әрекет  немесе  ақпарат  туралы  «нақты 

біліп алғаннан соң» жедел әрекет етпесе және сәйкес ақпаратты жедел жоймаса, 

болмаса оған қолжетімділікке блокировка қоймаса, заң алдында жауап береді.  

Электрондық  коммерция  жайындағы  ЕО  Дирекциясы,  оның  құзіретіне 

интернет-БАҚ  кіре  ме,  кірмей  ме,  оны  көрсетпейді,  сондықтан,  интернет-БАҚ 

                         

7

      2000  ж.    8  маусымдағы    2000/31/EC  Еуропарламенті  және  Кеңесі    Директивасының 



ақпараттық қоғамдастық  қызметін реттеуші  бірқатар құқықтық аспектілері,  соның  ішінде ішкі 

нарықтағы  электронды  коммерция  туралы    басылым,  Еуропалық  қоғамдастықтың  Ресми 

журналы, 2000 ж. 17 шілде,  1 бет.  43, OJ L 178  


 

46 


веб-сайттарында  жарияланған  үшінші  тұлға  түсініктемелеріне  таралушы 

жауапкершілік және шектеулер туралы мәселе түсініксіз. 

 Мемлекет  үшінші  жақ  тұлға  үшін  интернет-БАҚ  жауапкершілігі  туралы 

мәселеде бәтуаға сол бойы әлі келген жоқ. 

Бір жағынан, кейбір мемлекеттер (Ұлыбритания сияқты) интернет-БАҚ  заңсыз 

контент туралы хабардар болып және оған қарсы  ешқандай шара қолданбаған 

жағдайда  үшінші  тұлғаның  түсініктемелері  үшін  жауапкершілік  атқаруы  тиіс 

деп санайды. 

Ұлыбританияның 2013  жылғы  диффамация туралы заңы қаулы етеді: 

(1)  Осы  бөлім,  веб-сайтта  орналасқан  мәлімдемедегі  жала  жабуға  веб-сайт 

операторына шағым түскен жағдайда қолданылады. 

(2)  Оператордың      ондай  мәлімдемені  сайтта  орналастырған    оператордың  өзі  

болмағанының дәлелін көрсетуі, қорғаны болады 

(3) Қорғаушы істен жеңіледі, егер қуынушы мыналарды дәлелдеп шықса:  

(a)  мәлімдемені  орналастырушы  адамды  анықтауға,  қуынушының  мүмкіндігі 

болмаса;   

(b)  қуынушы  мәлімет  жарияланымына  қатысты  шағым  туралы  операторға 

ескертпе берсе;   

(c)оператор шағым туралы ескертпеге нормативті ережеге сәйкес көңіл бөлмесе.

 

 



 

Басқа  жағынын,  интернет-БАҚ  үшінші  жақ  тұлға  мәліметіне  әр  кезде  де 

жауапкершілік атқарады дейтін де мемлекеттер бар. 

Эстонияның  ұлттық  соттары,  әйгілі  жаңалықтар  интернет-порталы  өзінің  жеке 

бастамасы  бойынша  іске  асырылатын,  үшінші  жақтың  жала  жабушы 

мәлімдемесін жою үшін жауапкершілік атқарады деп бекітті. Эстонияға қарсы 



Дельфи 

cxi


  ісінде,  адам  құқықтары  бойынша  Еуропалық  соты  жаңалықтар 

интернет-порталдарының  «бұл  іс  «жауапкершіліктер  мен  міндеттерге» 

қатысты»  екенін  көрсететін  эстондық  төрешілер  шешімімен  келісті,  себебі 

олардың  анық  заңсыз  түрде  қатысуы,  басқалардың  жеке  құқықтарын  бұзады, 

өшпенділікті насихаттайды және оларға қарсы зорлыққа арандатады. 

ЕАҚС, ескертпе сипатының заңсыздығын орнату, ол анық заңсыз болғандықтан, 

қандай  да  болмасын  тілдік  сараптаманы  немесе  құқықтық  талдауды  қажет 

етпейтінін бекітті.  

Сот,  істің  өзінің  жаңалықтар  топтамаларын  жариялап  және  оқушыларды  оны 

түсініктеуге  шақыратын,  коммерциялық  негізде  жұмыс  атқарушы  ірі  және 

кәсіби басқарылымдағы  жаңалықтар интернет-порталымен байланысты екенін 

атап  айтты.  Бірқатар  түсініктерге  қатысты  көпшіліктің  олардың  кереғар 

сипатына алаңдаушылықтар туындады. 

Бұл  шешім  талқыланады,  себебі  барлық  түсініктеулер  бақылауды  БАҚ  іске 



 

47 


асыру  барысында  цензура  туындау  тәуекелділігі  пайда  болады.  Мониторинг 

БАҚ  үшін  қосымша  қаржылық  салмақ  болып  табылады,  себебі  қосымша 

қызметкер  жалдау  қажет  болады.  Дегенмен  де,  бұл  шешім  Интернеттегі 

болашақтағы  сөз  еркіндігіне  қауіп  төндірсе  де,  ол  пікірталастарға  өзі 

бастамашылық  жасап  және        түсініктемелерден  пайда  тапқан,  Дельфи 

порталының сипаттамасына өте тоғыстырылғанын атап өту қажет. Сол себепті, 

шешім  блогтарды  қоса  алғандағы,  барлық  веб-сайттардың    бәріне  бірдей 

таралмайтыны бекітілді. 

 

Дегенмен де, күні бүгінге дейін ОБСЕ елдері шеңберінде үшінші жақ тұлғалар 



түсініктемелері  үшін  блогерлер  мен  интернет  –БАҚ  жауапкершілігі  туралы 

мәселе,  негізінен,  өзін  өзі  реттеу  тақырыбы  болып  табылады.  Өйткені,  

мемлекет  оны  жалпы  позиция  келісілмегенге  дейін,  заңнамалық  тұрғыда 

реттегісі  келмейтінін  көрсетеді.  Мұнымен  қоса,  WordPress  сынды  блог-

хостингтік  компаниялар  түсініктік  жазушының  кім  (олар  аттарын  және 

поштасының  элекронды  мекенжайын  көрсетуі  тиіс),  және  оның  нақтылығын 

тексеруші  сүзгі  құрылғысын  қосты.  Көптеген  мүдделі  тараптар,  дегенмен, 

сүзбенің  орынсыздығын  мақұлдайды,  көбінесе  ол  сүзгінің    артық  немесе 

кемдігіне  әкеп,  ойды  жеткізудің  еркіндігі  құқығын  бұзады,  болмаса  жай  ғана 

тиімсіздігін көрсетеді. 



Үшінші  жақ  тұлға  үшін  интернет-БАҚ  жауапкершілігін  реттеуге 

қатысты алдыңғы қатарлы тәжірибе қандай? 

Мемлекет  Интернет-БАҚ-тың,  егер  олар  контенттің  заңсыз  мазмұнын  біліп 

және  оны  дер  кезінде  жоймаған  жағдайында  ғана  үшінші  жақ  тұлға 

түсініктемелері үшін жауапкершілік артатынын кепілдендіретін, жауапкершілік 

тәртібі  мен  ескерту  жүйесін  заң  жүзінде  бекітуі  қажет.  Заң  ойды  білдіру 

еркіндігі қағидаттарын  сақтай  отырып,  барынша  нақты  тұжырымдалған  болуы 

шарт.  Ескертпе  контент  орналасуы  мен  шағым  жайлы  ақпаратты  жеткілікті 

көлемде беріп, сонымен қатар оның заңсыздығын  дәлелді түрде бере білуі тиіс. 

Үшінші  жақтың  келіспеушілік  мүмкіндігі  болуы  қажет.  Істі  қарау  жедел  болу 

қажет. 


Үшінші жақ тұлғаның интернет-түсініктерінде анонимдік жіберіле ме? 

 Өз нақты есімімен ашық сөйлей алмайтын адамға, анонимдікті қамтамасыз ету 

маңызды.  Ойды  білдірі  еркіндігі  құқығы  нақты  есімдерге  қатысты  емес. 

Дегенмен, халықаралық құқыққа сәйкес, мемлекеттермен салыстырғанда, жеке 

компаниялар  өз  ережелерін  анонимдік  шартында  қабылдай  алады.  Мысалы, 

Facebook  анонимдікке  рұқсат  бермейді,  тіпті  қолданушылар  өз  тұлғасын 

жасырып, ойдан алған есімдерін орналастырса да. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет