Мақсаты: Заманауи əдістерді қолдану арқылы кəсіби мəселелерді шешуде алған
білімін қолдана білуді үйрену жəне ғылыми ізденістің бағытын дəлелдеу жəне нəтиже
ала білу.
Мазмұны: Биотехнология мен селекция ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары,
тəжірибелерге қойылатын талаптар, бақылау нəтижелері мен оның түрлерін сипаттау.
Оқшау топтар əдістері, олардың кезеңдері, үйлестірілген топ-аналогтар əдісі, кезеңдер
жəне параллельді топ-кезеңдер əдісі, қайта орынбасу əдісі, латын квадрат əдісі.
Топтағы жануарлар саны, тəжірибені қайталау жəне оны жүргізу мерзімдері,
тəжірибелік жануарларды жайғастыру мен азықтандыру техникасы. Тəжірибелік
зерттеулерді жоспарлау. Зерттеу нəтижелерін талдау жəне қорытындылар. Ғылыми
есеп.
Ғылыми зерттеулердің əдістемесі мен əдіснамасы. Экономикалық қызметті зерттеуге
арналған ақпаратты іздеудің негізгі əдістері. Зерттеу қолжазбасын əзірлеу жұмыстары,
дайындау жəне əрлеу ерекшеліктері. Ғылыми іздеу дағдыларын қалыптастыру.
Ғылыми зерттеулердің негізін зерттеудің қажеттілігі туралы жалпы түсінік.
Ғылымның, ғылыми бағыттың жəне ғылыми нəтижелердің мазмұны, оның кез келген
қоғамның дамуына қажеттілігі. Ғылыми қызметті іске асырудағы негізгі теоретикалық
ережелермен, заңдармен, принциптермен, терминологиямен, мазмұнымен, түсінігімен,
үрдістерімен, əдістерімен танысу. ҚР жəне шет елдегі ғылыми зерттеулердің негізгі
бағыттарымен танысу. Ғылыми ізденісті жүргізудің дəстүрлі механизмін игеру: іздеу,
талдау, тəжірибе өткізу, танаптық тəжірибелер, пікіртерім ұйымдастыру, анкета
құрастыру. Ғылыми-зерттеулер мен жұмыстардың бастапқы кезеңін жүргізуді
меңгеру.
Күтілетін нəтижелер:
Пəннің зерттеу объектісі мен нысандарын білу, негізгі мақсаты
мен міндеттерін, ғылыми-зерттеулерді жəне іздестіруді ұйымдастыру əдістерін,
зерттеу тақырыбына сəйкес жəне мамандығы бойынша ғылыми-техникалық ақпараты
бар материалдарды іздестіру əдістерін игеру. Ғылыми-зерттеулер мен жұмыстардың
бастапқы кезеңін жүргізуді; ғылыми зерттеудің тақырыбын таңдауды жəне ғылыми
зерттеу жұмысының тақырыбына сай қажетті библиографиялық басылымдар мен
ақпараттық материалдарды іздеу дағдысын қалыптастыру. Ғылыми зерттеуді
жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша атқарылатын негізгі əдістерін меңгеру.
TZTZhI 5205 Танаптық жəне зертханалық тəжірибе
жүргізуді үйлестіру
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Ғылымның тарихы мен философиясы.
Постреквизиттер: Биотехнологияның заманауи əдістері, Ғылыми зерттеу машықтану
кезінде танаптық жəне өндірістік тəжірибелерді қою, Магистерлік диссертация
жобасын дайындау.
Мақсаты: Танаптық жəне зертханалық тəжірибе жүргізуді ұйымдастыру жəне
агрохимиялық картограмма құрастыру үшін теориялық білімді жəне тəжірибелік
дағдыны қалыптастыру.
Мазмұны: Зертханалық, танаптық жəне өндірістік тəжірибелерді жоспарлау жəне
қойылым əдістемесі. Зерттеу нəтижелерін өңдеудің математикалық əдісі, тəжірибе
құжаттарын жүргізу жəне ғылыми зерттеу нəтижелері бойынша есепті құрастыру
ережелері. Ауылшаруашылық өсімдіктерге тыңайтқыштардың əсерін зерттеу кезінде
танаптық тəжірибенің маңызы. Танаптық тəжірибелердің түрлері, қойылымдарының
негізгі талаптары. Танаптық тəжірибенің сызба нұсқасы жəне оның түсініктемесі.
Танаптық тəжірибенің əдісі мен бағдарламасы. Вегетациялық тəжірибе жəне оның
мағызы, жүргізу əдісі. Лизиметриялық əдіс, оның маңызы. Лизиметрлердің негізгі
құрылымы. Топырақты агрохимиялық зерттеу жəне ауыл шаруашылығына қызмет ету.
Тəжірибелік деректерді дисперсиондық талдау.
Күтілетін нəтижелер: Танаптық тəжірибелерді жүргізудің əдістемесі мен
бағдарламасын құрастыра білу, соның ішінде тыңайтқыштардың түрлері, нормалары,
енгізу мерзімі мен əдісі бар схемаларын жасай білу; агрохимия бойынша танаптық,
өндірістік, вегетациялық, лизиметриялық жəне зертханалық тəжірибелерді жүргізе
алу; өсімдіктердің, топырақтың жəне тыңайтқыштардың химиялық талдауын жасай
білу; тəжірибе нəтижелерін талдай алу.
Р 5205 Патенттану
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Математика, Информатика, Генетика, Биометрия, Компьютерлік
биостатистика.
Постреквизиттер: Магистерлік диссертацияны жазу.
Мақсаты: Өнеркəсіптік меншік нысандарына (ӨМН) өтініш жасау, ӨМН
лицензияларын сату-сатып алу, ӨМН бағасын жəне оны пайдаланудан түсетін
пайданы бағалау бойынша теориялық білімін жəне тəжірибелік дағдыларын
қалыптастыру.
Мазмұны:
Өнертапқыштық саласында құқық қорғаудың нормативтік-заң шығарушы
базасы. ҚР, Ресей жəне шетел мемлекеттерінің мəлімет базалары. Кітапханалық
қорлар. Ғылым жəне ғылыми əдістеме. Ғылымдар классификациясы. Ғылыми
танымның əдістемелік негіздері. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары (СҒЗж),
оны ұйымдастыру жəне кезеңдері. СҒЗж нəтижелерін рəсімдеу. Экспериментальды
зерттеулер. Эксперименттің классификациясы, түрлері жəне мəселелері. Патенттану
негіздері. Өнертапқыштық саласында заңнаманың дамуы. Зияткерлік меншік.
Өнеркəсіптік меншік. Өнертабыс жəне өнертапқыштық нысандары. Өнертабысқа
патенттеу қабілеттілігінің жағдайлары. Пайдалы модельді жəне өнеркəсіптік үлгіні
өнертабысқа патенттеу қабілеттілігі жағдайлары. Өнертабысты анықтау жəне
рəсімдеу. Патент алуға өтініш жасау мазмұны. Өнертабысты сипаттауға, ұсынуға жəне
рефератқа қойылатын талаптар. Патент беруге өтінішті қарастыру тəртібі. Авторлар
жəне патен иеленушілер. Өнертабысты қолдануға берілетін ерекше құқық. Патент
қызметін тоқтату. Кітапхана-библиографиялық классификациялар жүйесі. Əмбебап
ондық классификациясы. Халықаралық патентті классификация индексі. Патенттік
ақпараттың түрлері мен жалпы сипаттамасы. Патенттік құжаттардың ерекшелігі мен
артықшылықтары. Курстық жəне дипломдық жобалар аясында патенттік ізденістерді
жүргізу.
Күтілетін нəтижелер: Патенттік жүйенің бір бөлімі ретінде өнеркəсіптік меншіктің
объектілері мен субъектілері туралы білу; патенттану мен өнеркəсіптік меншік
объектілерін қорғау саласындағы қарым–қатынасты реттейтін негізгі заңдарды білу;
лицензиялық келісім-шарттарды рəсімдеуді; зияткерлік меншіктің субъектілері мен
объектілері арасындағы айырмашылықты ажырата алу; өнеркəсіптік меншік
объектілерін қорғау саласындағы қарым–қатынасты реттейтін заңдарды қолдана алуы
қажет.
BZMMVSO 5205 Биологиялық зерттеулерді математикалық модельдеу жəне
мəліметтерді статистикалық өңдеу
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Математика, Информатика, Генетика, Биометрия, Компьютерлік
биостатистика.
Постреквизиттер: Микроағзалар биотехнологиясы, Ветеринарлық биотехнология,
Медициналық
биотехнология,
Жасушалық
биотехнология,
Өсімдіктер
биотехнологиясы, Жануарлар биотехнологиясы, Экологиялық биотехнология,
Биогеотехнология.
Мақсаты: Кездейсоқ деректерді талдаудың негізгі принциптерімен таныстыру,
статистикалық пакеттермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны:
Түрленбелі көрсеткіштер (орман дақылдарының өнімділігі, өсімдіктердің
биіктігі, өсімдіктер өсуінің биометриялық көрсеткіштері) таңдалған жиынтығының
статистикалық сипаттаманы алуға, биологияда, орман шаруашылық ісінде
жүргізілетін зерттеу нəтижелерін өңдеуге, зерттеу объектісі жайлы дəл жəне түбегейлі
пікір жасауға мүмкіндік беретін математикалық статистика əдістері. Мал жəне өсімдік
шаруашылықтарының биологиялық пен биотехнологиялық жүйелер математикалық
модельдеудің объектісі. ЭЕМ құрылу принципі. Оңтайлы шешулерді экономико-
математикалық талдау. Биологиялық пен биотехнологиялық үрдістерді математикалық
модельдеу. Əр түрлі меншіктегі шаруашылықтар деңгейінде биологиялық жəне
биотехнологиялық үрдістерді модельдеу. Ауыл шаруашылық кəсіпорындарының
мамандықтары жəне оларды орналастыруды модельдеу. Биологиялық үрдістерді
статистикалық модельдеу. Биологиялық зерттеулерде қолданылатын заманауи
матемтикалық əдістер; компьютерлік технологиялар негізінде зерттеу нəтижелерін
дайындауға, өңдеуге жəне жеткізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз
етілудің статистикалық пакеттері. Арнайы əдебиеттермен жұмыс жасау.
Күтілетін нəтижелер: Регрессионндық жəне дискриминанттық талдау əдістерін білу;
модельді идентификациялау, параметрлері мен сапасын бағалау; ықтималдық жəне
математикалық статистика теорияларының негізгі ережелерін білу; тəжірибелік
деректерді статистикалық талдаудың заманауи əдістерін; бір реттік жəне көп реттік
іріктеудің статистикалық талдау əдістерін тəжірибеде игеру; статистикалық талдаудың
компьютерлік пакеттерінің мүмкіндігімен танысу.
BZA 5205 Биотехнологиялық зерттеулердің
автоматизациясы
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Компьютерлік биостатистика
Постреквизиттер: Биотехнологиялық зерттеу мəліметтерін статистикалық өңдеу,
Биотехнологияның заманауи əдістері.
Мақсаты: Басқарушы есептеу машиналарын жəне микропроцессорлық техниканы
қолдану арқылы автоматизация негізінде заманауи өндірісті басқару.
Мазмұны:
Биотехнологиялық зерттеулердің автоматизациясында ЭЕМ ролі.
Биотехнологиялық зерттеулердің автоматизациясы жүйесінің құрылу принципі.
Биотехнологиялық объектілердің белгілері. Биотехнологиялық зерттеулердің
автоматизациясы жүйесі. ҒЗАЖ мүмкіншілігі. Есептеу техниканың типтік құралдары.
ЭЕМ құрылысы жұмыс принципі. Биобақылағыштар мен биоөлшегімтерде микро-
ЭЕМ
жəне
микропроцессорлар.
Молекулалық
микроэлектроника
жəне
биокомпьютерлер. Имитация режимінде ЭЕМ қолдану. ЭЕМ-да есептерді шешу реті.
Бағдарламалаудың негізгі жолдары. Алгоритмнің блок-сызбасы. Автоматтандырылған
жұмыс орындарын техникалық жəне математикалық қамтасыз етуінің құрылу
принципі. ЭЕМ биотехнологиялық зерттеулер үшін автоматтандырылған жүйелердің
орталық элементі. Автоматтандырылған биотехнологиялық жүйесін ұйымдастыру
сызбасы. Таксономиялық зерттеулердің «Электрофорез» автоматтандырылған жұмыс
орны. Микроағзалардың басқарылатын культивирлеу үшін автоматтандырылған
жұмыс орны. Қоректік орталарды құрастыру жəне биотехнологияның морфологиялық
зерттеулері үшін автоматтандырылған жұмыс орны. Биотехнологиялық зерттеулер
үшін автоматтандырылған оқу-ғылыми жүйесі. Есептеу модульдері. АЖО-
автоматтандырылған жұмыс орындар, жəне олардың арналуы.
Күтілетін нəтижелер: Өндірістік үрдістерді автоматтандыру негіздерін; реттеудің
автоматтық жүйесінің математикалық модельдеуін, талдауын жəне синтезінің негізгі
əдістерін білу. ЭЕМ жəне микропроцессорлық техниканы ескере отырып,
автоматтандырылған жəне автоматты басқару жүйелерін орнатуда қолданылатын,
АБЖ негізгі қызметтерімен жəне техникалық жағдайымен жұмыс істей алу.
BOEA 5206 Биопрепараттар өндірісінің экологиялық
аспектілері
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Экология, Қоршаған ортаны қорғау, Жалпы биология, Химия,
Биохимия, Физиология, Молекулалық биология, Микробиология.
Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты: Биопрепараттарды өндіру барысында биохимияның, микробиологияның,
генетикалық инженерияның жəне химиялық технологиялардың жетістіктерін заманауи
қолдану барысында қоршаған ортаны қорғау жəне сақтаудың ғылыми
дүниетанымдығын магистранттарда қалыптастыру.
Мазмұны:
Экология жəне қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мəселелерін шешу
биотехнологияның мəселелері мен тəжірибелік жетістіктері. Қалдықтар мен жанама
өнімдердің сипаты мен мөлшері. Өндірістік ғимараттардағы атмосфералық ауаны
тазалау. Қатты қалдықтарды утилизациялау. Ағынды суларды тазалау əдістері. Этил
спиртінің өндірісі. Микробтық жер тыңайтқыш препараттар. Бактериалды, вирустық
жəне саңырауқұлақтық энтомопатогенді препараттар. Бактериалды, вирустық жəне
саңырауқұлақтық диагностикалық жəне емдеу-балаулық препараттар. Биоқауіпсіздік
талаптары. Биоқауіпсіздік техникасы, биопрепараттар өндірісінің жеке жəне
санитарлық гигиенасы. Корпускулярлы антигендер негізінде тірі вакциналар мен
диагностикумдарды алу технологиясының ерекшеліктері. Жасуша культурасы түсінігі
мен түрлері. Эмбриондарға қойылатын талаптар жəне қолдану шарттары.
Биопрепараттарды техникалық жəне биологиялық бақылауы.
Күтілетін нəтижелер: Биотехнологиялық үрдістердің алуандылығы мен табиғаты
жайлы; биологиялық материалдармен жұмыс жасау барысындағы қауіпсіздік туралы;
биопрепараттар биотехнологиясында гендік инженерияның жетістіктерін қолдану
туралы түсінік қалыптастыру. Биопрепараттар биотехнологиясында қолданылатын
биотехнологиялық үрдістердің экологиялық аспектілерінің əртүрлілігі мен табиғатын
білу, биотехнологияның əр саласын еркін ажырата білу керек.
TOOBZM 5206 Тағам жəне өнеркəсіп өндірісіндегі биоқауіпсіздіктің
заманауи мəселелері
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Микробиология, Вирусология, Жануарлардың кəсіби түрлерінің
селекциясы мен биотехнологиясы.
Постреквизиттер: Биотехнологиялық бейіннің пəндері, магистерлік жұмысты
орындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты: Тағам жəне өнеркəсіп өндірісіндегі биоқауіпсіздіктің заманауи мəселелерін
зерттеу, шешімінде дəстүрлі жəне заманауи биотехнология амалдары мен əдістері
қолданылатын заманауи мəселелерді анықтау.
Мазмұны:
Биотехнология и биоқауіпсіздік. Мəселенің жағдайы. Қауіпсіздік туралы
түсінік. Биологиялық, экологиялық, экономикалық, азық-түлік, əскери жəне басқа
қауіпсіздігі. Тағам өндірісіндегі биоқауіпсіздік туралы түсінік. Биологиялық қауіпті
организмдер жəне олардың өнімдері. Жасушалық, ұлпалық жəне органогенді
биотехнологиядағы биоқауіпсіздік. Биоинженерия мен трансгенозда генетикалық
тəуекел жəне биоқауіпсіздік. Биоинженерияда биоқауіпсіздік тұрақтылығы.
Генетикалық түрлендірілген ағзаларды құру. Генетикалық түрлендірілген ағзалар мен
олардан алынатын өнімдерді биоқауіпсіздігін бағалау əдістері, көрсеткіштері мен
критерийлері. Генетикалық түрлендірілген ағзалардан алынған тағам өнімді медико-
биологиялық бағалау. Адам үшін тағам қоспаларын қолдану мəселесі.
Күтілетін нəтижелер: Тағамдық өнімдердің негізгі құрылымдық заттарын жəне
олардың қасиеттерін, құрылымын, классификациясын жəне өндіру барысында
болатын өзгерістерін білу. Заманауи биотехнологияның өзекті мəселелерін өздігінен
анықтау жəне ғылыми жобалардың конкурсқа қатысуы үшін өтініш əзірлеу.
Зертхананың
заманауи
құрылғыларымен
жұмыс
істей
алуы.
Заманауи
биотехнологияның биоқауіпсіздігіне байланысты сұрақтары.
BShGKKBM 5206 Балық шаруашылығындағы жəне жабайы құстарды
көбейтуде биоқауіпсіздіктің мəселелері
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Микробиология, Вирусология, Балықтың өндірістік түрлерінің
селекциясы, Жануарлардың кəсіп түрлерінің селекциясы мен биотехнологиясы.
Постреквизиттер: биотехнологиялық бейіннің пəндері, магистерлік жұмысты
орындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты: Балық шаруашылығындағы жəне жабайы құстарды көбейтудегі
биоқауіпсіздіктің мəселелерін білу.
Мазмұны:
Биотехнология жəне биоқауіпсіздік. Мəселенің жағдайы. Қауіпсіздік
туралы түсінік. Биологиялық, экологиялық, экономикалық, азық-түлік, əскери жəне
басқа қауіпсіздігі. Биологиялық қауіпті организмдер жəне олардың өнімдері.
Жасушалық, ұлпалық жəне органогенді биотехнологиялардағы биоқауіпсіздік.
Биоинженерия мен трансгенозда генетикалық тəуекел жəне биоқауіпсіздік.
Биоинженерияда биоқауіпсіздік тұрақтылығы. Генетикалық түрлендірілген ағзаларды
құру. Генетикалық түрлендірілген ағзалар мен олардан алынатын өнімдерді
биоқауіпсіздігін бағалау əдістері, көрсеткіштері мен критерийлері. Генетикалық
түрлендірілген ағзалардан алынған тағам өнімді медико-биологиялық бағалау.
Балықты ГТА өнімдерімен азықтандыру мəселесі.
Күтілетін нəтижелер: Балық шаруашылығында (аквакультуралар) жəне жабайы
құстарды көбейту кəсіби білімін қалдануға дағдылану; Балық шаруашылығының су
қоймаларының, үрдістерінің, объектілерінің, жəне өнімдерінің экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, өсірілетін объектілердің сапасын басқару.
TB 5206 Топырақтың биоремедиациясы
Кредит саны - 2
Пререквизиттер: Топырақтану, Биоқауіпсіздіктің заманауи мəселелері.
Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты: Топырақты тазарту жəне қалпына келтіру үшін, соның ішінде қара
топырақтын өнімділігін қалпына келтіру үшін қолданылатын ремедиациалық
технологиялардың басты бағыттарын білу. Биоремедитация үрдісіне қатысатын тірі
жүйелердің потенциалымен жəне ластанған топырақтың биоремедиациясы
тəжірибесімен танысу.
Мазмұны:
Негізгі техногенді поллютанттар жəне олардың топырақ биоценозына
əсері.
Органикалық
поллютанттардың
микробиологиялық
деградациясының
механизмдері. Биоремедиация технологиялары.
ҚР агрокешенін дамытудың негізгі
бағыттары. Топырақтағы ылғалдың жиналуы мен сақталуы. Ресурс үнемдейтін
технологиялар база ауыл шаруашылық өндірістің дамуы. Топырақты өңдеудің энергия
үнемдейтін əдістер. Картоп шаруашылығындағы энергия үнемдеу. Ресурс үнемдеуші
технология
негізінде
ауыл
шаруашылық
өндірісін
дамыту.
Қазақстан
Республикасында жəне ТМД мемлекеттерінде танаптық дақылдарды егудің озық
тəжірибесі.
Техногенді - ластанған жерлердің биоремедиациялық тазарту жəне қалпына келтіру
үрдістері. Заманауи қондырғыларды жəне есептеуші кешендерді қолдану арқылы
экологиялық зерттеулерді жүргізу; жаңа ойлар мен əдістемелік шешімдерді
қалыптастыру. Кəсіби қызметтің ғылыми-зерттеу жəне өндірістік-технологиялық
мəселелерін шешуде, биологиялық ақпараттарды жинау жəне талдау үшін, заманауи
компьютерлік технологияларды қолдану.
Күтілетін нəтижелер: Қоршаған орта объектілерінің сапасына антропогендік
ластанудың əсері туралы заманауи көзқарас қалыптастыру, қоршаған ортаның
ластанған объектілерінің басты биоремедиация технологияларын білу. Қоршаған
ортаны қорғаудың заманауи мəселелерін түсіну; топырақ биоремедитациясы үшін
экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану принциптерін білу.
ESP 5206 Экологиялық жəне санитарлық паразитология
Кредит саны - 2
Пререквизиттер:
Зоология,
Микробиология,
Морфология,
Физиология,
Эпизоотология.
Постреквизиттер: Паразитологияның заманауи əдістері.
Мақсаты: Паразитизм туралы; паразитарлық тіршілік етуге бейімделу жəне
паразиттің тіршілік циклдері, ағзадағы паразит-иесі жүйесінің құрылымдық
қалыптасуы, популяциялық жəне биоценотикалық деңгейі туралы түсінік
қалыптастыру.
Мазмұны:
Паразитизм – тірі ағзалардың тіршілік ету формасы түрінде.
Паразиттердің классификациясын, олардың морфологиясы мен дамудың тіршілік
циклдерін оқу. Паразиттiк аурулардың таралуы жəне профилактикасы. Зерттеулердiң
негiзгi паразитологиялық əдiстерiн игеру. Паразиттердің таралған түрлерін балау
əдістерін меңгеру. Жануарлар əлемінде паразитизмнің таралуы. Иесінің
паразитофаунасы жəне оның онтогенетикалық жəне филогенетикалық дамуы.
Паразитарных жүйе түрлері жəне факторлары, олардың тұрақтылығын анықтау.
Паразиттердің популяциялық экологиясы. Паразиттердің медициналық жəне
ветеринариялық маңызы. Адамдардың трансмиссивті аурулары жəне зооноздардың
табиғи ошақтылығы. Ветеринарлық протозоологияның даму кезеңдері. Паразитарлық
қарапайымдылардың систематикасы, морфологиясы жəне биологиясы.
Күтілетін нəтижелер: Паразитологияның анықтамасын, терминдерін жəне негізгі
түсінігін қалыптастыру, паразитарлық жануарлардың негізгі топтарын, «паразит-иесі»
жүйесінің тіршілік ету заңдылықтарын, жануарлар əлемінде паразитизмнің пайда
болуы мен таралу мəселелерін, паразиттердің тіршілік циклдерін, иесінің тіршілік
етуіне жəне қоректенуіне паразитофаунаның байланысын білу. Паразиттердің
таралуының географиялық жəне антропогендік факторларын, популяциялық
экологиясын білу. Паразитарлық ағзалардың негізгі топтарының систематикалық
түрлерін ажырата білу. В.А. Догель бойынша толық паразитологиялық талдау жасау
əдісін игеру.
Достарыңызбен бөлісу: |