Күтілетін нəтижелер: Магистрант білуі қажет – топырақтың қалыптасу схемасын;
топырақ қалыптасуының факторлары мен олардың байланысын; құрамын;
режимдерін; топырақтың географиялық орналасу заңдылықтары мен сипаттамаларын;
топырақтың өнімділігін арттыру жағдайларын. Заманауи селекция, биотехнология,
биоремедитация жетістіктерін білу керек. Топырақ үлгілерінің химиялық құрамын,
морфологиясын анықтау əдістерін игеруі қажет. Топырақтың құнарлығын арттырудың
реттеудің шараларын дұрыс таңдап, жүргізуді ұйымдастыра алуы қажет.
BAShZBM 5303 Балық жəне аң шаруашылығының заманауи
биотехнологиялық мəселелері
Кредит саны -2
Пререквизиттер: Салалық биотехнология мен селекцияның заманауи мəселелері
Постреквизиттер: Кəсіби қызмет.
Мақсаты: Аңдар мен балықтардың биологиялық пен шаруашылық ерекшеліктерін
меңгеру, ұдайы жетілдіру кезінде жоғары рентабельді деңгейде өндіріс жүргізуге
мүмкіндік беретін өндірістің технологиялық үрдістерін меңгеру
Мазмұны: Биотехнологияның даму кезеңдері мен оның ветеринарлық медицина мен
мал шаруашылығының мəселелерін шешуінде үлесі. Биотехнологиялық фармациялық
жəне ветеринариялық препараттарды құруда негізгі жолдары. Ғылыми iргелi
зерттеулер, ББЗ-ды алуын зертханалық регламенті, дəрiлік заттардың клиникалыққа
дейiн жəне клиникалық сынаулар, дəрi препараттардың ірі масштабты өндiрiсi. Халық
шаруашылығы үшiн биотехнологияның негiзгi бағыттары, келешегі мен мəнi. Балық
жəне аң шаруашылығының əр түрлi салаларының дамытуында биотехнология,
микробиология, биохимия, молекулалық биология жəне молекулалық генетикасының
үлесi. Жануарлар мен балықтардың жаңа түрлерiнiң өсіруінде жасушалық
(гибридомалық) технологияның мүмкiндiктерi. Жануар ұлпасы мен жасушалары əр
түрлi дəрiлік заттар жəне биопрепараттарды алу үшiн жануарлар биотехнологиясында
қолдану Жасанды жағдайларда балықтың кəсiпшiлiк түрлерiн алу. Сирек жəне
жануарлардың жойлып бара жатқан түрлерiн биотүрлiлігін қалпына келтiру (деректер
қорын құру).
Күтілетін нəтижелер: Өнеркəсіптік пен жеке шағын ферма жағдайында тұқымдық
жұмыстарды жүргізу үшін сұрыптау əдістерін меңгеру; аңдардың түрлі жыныс
жетілген топтарды азықтандыру мен күту технологияларын, əдістерін меңгеру; ірі аң
өсіру шаруашылықтарында қолдануға арналған технологиялық жабдықтардың
түрлерін меңгеру; зоотехникалық пен асыл тұқымдық есеб əдістерін; дербес
компьютерді қолдану арқылы генетика-математикалық пен статистикалық талдау
əдістерін меңгер.
MOTBZA 5304 Мақсатты өнімдерді тазалау жəне бөлудің заманауи əдістері
Кредит саны - 3
Пререквизиттер: Математика, Химия, Физика, Жалпы биология, Жасушалық
биотехнология, Микроорганизмдер биотехнологиясы, Биотехнологиялық өндірістің
негіздері.
Постреквизитері: Дипломдық жобалау, Болашақ кəсіби қызмет..
Мақсаты: Өндірісті жетілдіру мен дамудың заманауи концепциясы қосымша ресурс
үнемдеуді шикізат базаны нығайту мен кеңейту нақты көзіне айналдыруға, пайдалы
өнімді алуға негізделген.
Мазмұны. Гомогенді таза биотехнологиялық препараттарды алумен сипатталатын,
микробиологиялық, фармацевтикалық, тағам өнеркəсіптерінде, мал шаруашылығы
мен ветеринарияда, фитобиотехнологияда жəне басқа да бағыттарда қолданылатын
өнімдерді бөліп алу жəне тазарту əдістерінің физикалық пен химиялық негізі.
Ферментация ортасының фракциялануы. Ферментация ортасы мен биомассадан
өнімдерді бөліп алу. Тазалаудың түрлі дəрежеде мақсатты өнімдерді алу. Заттарды
бөліп алудың заманауи əдістері: ион алмасу, аффиндік, гельдік хроматографиясы,
иммуносорбция, электрофорез. Мембраналар арқылы бөліп алу: кері осмос, ультра
жəне микрофильтрация. Бөліп алудың бірнеше амалдарын үйлестіру. Өнімді құрғату,
оның өзгеруі мен тұрақтыну тəсілдері. Құрғақ жəне піскен азықтың өндірісі;
биологиялық белсенді заттардың өндірісі; ет-май өндірісі қалдықтарынан жемдік
байытылған қоспалардың өндірісі; үй жəне жыртқыш жануарларға арналған жемдер.
Каныгадан (күйіс қайыратын жануарлардың қарындағы ішіндегісі) биологиялық
белсенді заттардың өндірісі. Асқазан сөлі мен рибонуклеазаны алу технологиясы. Мал
базасы мен каныға қалдықтарынан жемдік ақуыз-дəрімендік қоспаларды алу. В
дəрумендер тобымен байытылған қоспалардың биохимиялық құрамы мен жемдік
құндылығы, алу технологиясы. Құрғақ жəне түйіршіктелген жем. Жемдік ұнмен (етті,
ет-сүйекті, қанды) қосу принциптері, өндіріс технологиясы. Азықтық өнімді
өндірісінің қарқынды технологиялық əдістері, аппаратурамен рəсімдеу. Аспалы
центрифугаларда ылғалды майды майсыздандырумен вакуумдық қазандарда
шикізатты қайта өңдеу технологиясы. Құс саңғырығы бар төсеніштен жемдік ұнның
өндірісі. Үй жəне жыртқыш жануарларға арналған жемдер мен минералды
қоспалардың, аң фермаларына арналған жемдердің өндірісі.
Күтілетін нəтижелер: Ет май, құс сою, шұжық пен консерв өндірісінде өнеркəсіптік
қалдықтарынан алынатын екінші жəне техникалық шикізаттар номенклатурасын
игеру; ресурстардың биологиялық, азықтық, жемдік құныдылығының, химиялық
құрамының ерекшелігі; екінші шикізаттар мен қалдықтарынан азықтық, жемдік жəне
арналғы қолдануға арналған өнімдері өндірісінің технологиясы; дəстүрлі емес
өндірістерді ұйымдастыру жəне технологиялық үрдістерді қайта бағыттау
принциптерін игеру. Кəсіпорын жағдайында ағындарды, екінші шикізат ресурстардың
қалыптасу көздерін талдау; қалдықтар мен екінші шикізат ресурстарын жинау, тиімді
қолдану жəне қайта өңдеу бойынша нұсқаулықтарды құрастыру; шикізаттың қосымша
көздерін іздеу, базадағы ассортименттің кеңейту перспективаларын бағалау.
ZBGZ 5304 Заманауи биохимиялық жəне гематологиялық зерттеулер
Кредит саны – 3
Пререквизиттер: Бейорганикалық химия, Органикалық химия, Физикалық жəне
коллоидты химия, Аналитикалық химия, Биохимия, Биофизика, физиология,
Молекулярлы биология, Микробиология, иммунология.
Постреквизиттер:
Биотехнологияның
молекулярлы-генетикалық
негіздері,
биотехнологиядағы заманауи əдістер, бейінді пəндер.
Мақсаты:
Қалыпты жағдайда жəне патология кезінде қан жасушаларын
морфологиялық жəне басқа да белгілер бойынша ажыратуды үйрету, қан жүйесі
аурулары дамуының себептері мен механизмдері бойынша білім беру, қанды
лабораториялық зерттеу жəне гематологиялық аурулар балау əдістерін меңгеру.
Мазмұны:
Биохимиялық зерттеудің жалпы принциптері. Буферлі ерітінділер мен рН
орталар. Биологиялық үрдістерге рН əсері. Биологиялық зерттеулерге арналған
буферлі ерітінділер.
Бөлудің əдістері: центрифугалау, хроматография, электрофорез.
Аналитикалық əдістер. Қан зерттеу. Эритроциттер мен лейкоциттерді санау.
Жағындыны дайындау, бояу. Лейкограмма (лейкоцитарлы формула). Лейкоздарды
гематологиялық балау. Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ). Гематокрита –
қандағы эритроциттердің жалпы санын анықтау.
Қан сарысуында ақуыздың жалпы
құрамын рефрактометрлік əдіспен анықтау. Қан сарысуында «Са» жалпы санын
кешендіметриялық анықтау. Қан сарысуында бейорганикалық «Р» анықтау
(С.А.Ивановский модификациясында Бригс бойынша). Диагностика жəне емдеу
үрдістерінің жүйесіндегі зертханалық балау. Клиникалық биохимия. Негізгі
патологиялық синдромдардың, аурулардың зертханалық критерийлері. Цитологиялық
жəне гематологиялық зерттеулер. Зертханалық зерттеулердегі иммунология жəне
гемостаз.
Күтілетін нəтиже: зертханалық жабдықтар мен ақпараттық жүйелерді қолдана
отырып жиі кездесетін жалпы клиникалық, биохимиялық, коагулологиялық,
гематологиялық, паразитологиялық, иммунологиялық жəне цитологиялық зерттеу
түрлерінің технологиясын;
жалпы клиникалық, гематологиялық, биохимиялық,
коагулологиялық, иммунологиялық зертханалық экспресс-зерттеулерді жүргізу
технологиясын; зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру мен олардың сапасын
бақылау технологиясын; емделуші адамдарды зертханалық зерттеудің жоспарын
құрастыру əдістемелері жəне жиі кездесетін ауруларды алдын алу, балау жəне емдеу
сатыларында зертханалық зерттеулер нəтижелерін талдауды меңгеру.
BBZAA 5304 Биологиялық белсенді заттарды
айқындайтын əдістер
Кредит саны – 3
Пререквизиттер: Биология, Математика, Физика, Химия, Цитология, Генетика,
Биоорганикалық химия, Молекулярлы биология, Молекулярлы генетика.
Постреквизиттер: Болашақ кəсіби қызмет, магистрлік диссертацияны орындау.
Мақсаты: Тағам қоспалары мен ББҚ қолданудың мақсаттылығы, рұқсат етілуі,
ақпараттық қамтамасыздандыруы, олардың сапасын бақылау қажеттілігі, тамақтану
жүйесіне əсері, оларды сақтау мерзімі бойынша өзінше шешім қабылдай алатын
мамандарды дайындау мақсатымен теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды
беру.
Мазмұны:
Фармакологиялық заттардың, медициналық мақсаттағы пленкалар, азық-
түліктерді, құнарлы қоспалар, фитосусындар, ішетін судағы қосындылар, түрлі
органикалық жəне бейорганикалық заттар мен материалдардың биологиялық
белсенділігін анықтау. Заттардың биологиялық белсенділігін анықтаудың əдістері.
Цитокиндердің секреторлы формаларын зерттеу үшін поли- жəне моноклоналды
антиденелерді пайдаланатын иммуноталдау əдістері. Ағынды цитофлюорометрия,
вестерн-блотинг жəне in situ иммуногистохимия əдістері. Цитокиндердің мРНҚ
экспрессиясын, цитокиндердің мРНҚ изоформаларының бар болуын, табиғи
антимəнді нуклеотидтік тізбектерін зерттеуге арналған генетикалық əдістері.
Цитокиндер гендерінің аллельді варианттарын зерттеу. Адамның лимфоциттерінің
миграциясының факторын жəне ингибиция факторын анықтау. Интерлейкиндердің
белсенділігін анықтау. Биорезонансты балаудың əдісі. Спектральді талдау. Фолль əдісі
(ЭАФ-диагноз). Спектральді-корреляционды тест (СКТ).
Күтілетін нəтиже:
Тағамдық қоспалар мен ББҚ қажеттілігін дəлелдеу жəне
қолданудың принциптерін; категориальді (түсініктемелік) аппарат; тағамдық қоспалар
мен ББҚ жіктелу мен кодтау принциптерін; тағамдық қоспалар мен ББҚ сапасы мен
қауіпсіздігін бағалаудың əдістемелік тəсілдерін; тағамдық қоспалар мен ББҚ тіркеу
рəсімін білу.
BZA 5304 Биотехнологиядағы заманауи əдістері
Кредиттер саны – 3
Пререквизиттер: Биология, Математика, Физика, Химия, Цитология, Генетика,
Биоорганикалық Химия, Молекулалық биология, Молекулалық генетика.
Постреквизиттер: Магистерлік жұмысты орындау, болашақ кəсіби қызмет.
Мақсаты:
Магистранттарға биотехнологияның заманауи əдістерін таныстыру жəне
болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолдана білуін қалыптастыру.
Мазмұны: Жануарлар мен өсімдіктердің жасушаларын құрастыру жəне ядроларын
трансплантациялау əдістері. Объектілер арасында генетикалық материалды
тасымалдау əдістері. Биотехнологияда мембраналық құрылымдарды зерттеу жəне
пайдалану əдістері. Биотехнологияда қолданылатын биофизикалық əдістер.
Биополимерлерді оқу жəне секвенерлеудің заманауи əдістері. Биотехнологияда
генетикалық инженерияның əдістері. Биотехнологияда иммунологиялық əдістері.
Биотехнологияда ақпараттық технологиялар. Ағзалар мен жасушалардың реттеу
жүйелерін, ақуыздарды, нуклеин қышқылдарын зерттеудің компьютерлік əдістері.
Рекомбинанты белоктар мен полипептидтер (инсулин, өсу гормоны, интерферон).
Алудың дəстүрлі жəне генді инженерлік əдістері. Коммерциялық өнімді (амин
қышқылдары, витаминдер, антибиотиктер, табиғи полимерлер) алу үшін
рекомбинантты микроорганизмдерді қолдану. Биологиялық белсенді заттарды жəне
басқа дəрілерді алу үшін биореактор ретінде трансгенді өсімдіктер мен жануарлар
қолдану. Трансгенді жəне рекомбинантты организмдермен жұмыс істеу кезіндегі
потенциалды
қауіптілік.
Изотопты-модифицирленген
культуралды
орталар.
Рекомбинантты
белоктар,
пептидтер
жəне
нуклеозидті
антибиотиктер
биотехнологиялық өндірісінің өнімділігін арттырудың жаңа сатысы. Адамның
рекомбинантты белогы- биотехнологиялық өндірістегі дəрілердің нанобөлшектері.
Күтілетін нəтиже:
Биотехнологияда қолданылатын заманауи əдістердің табиғаты мен
көпжақтылығы, тағам өнімдері, өсімдіктен жасалатын өнімдер, сонымен қатар, суды,
ауаны зерттеп білу, биоремедиациялар, топырақты тазартуға арналған препараттарды
түсініуі жəне білуі қажет.
Биотехнология саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстарының нəтижелерін қорыта
отырып өзінің пікірін білдіру. Оқу саласы жөнінен- тағам өндірісінің негізгі
кезеңдерін жəне тағам өнімдерін өндіру процестерінің негізгі жағдайын білу;
технологиялық режимдерді басқару мəселесін үйрену; Болашақ ұрпақ үшін
диагностикумдер жəне вакциналар жасау, жерді тыңайтатын жəне энтомопатогендік
жəне басқа да биопрепараттарды жасаудың негізгі кезеңдерін оқып үйрену; олардың
негізгі ерекшеліктерін білу, технологиялық режимді басқаруды үйрену қажет
OShOZhZA 5304 Өсімдік шаруашылығының өнімділігін жоғарылатудың
заманауи əдістері
Кредиттер саны – 3
Пререквизиттер: Биология, Математика, Физика, Химия, Цитология, Генетика,
Биоорганикалық ХИМИЯ, Молекулалық биология, Молекулалық генетика.
Постреквизиттер: Тірі ағзалардың тіршілігін, өміршендігін, тұқым қулаушылық
заңдылықтарын білгенен кейін биотехнологияларды жоғары денгейге артыруға
мүмкіншілік туғанын дəлелдеп магистанттарға білім беру.
Мақсаты:
Биосфераның негізгі элементі ретінде организмнің өміршеңділігінің нақты
процесіне қызығушылықты, метаболиттік мүмкіншіліктер, жануарлар мен өсімдік
ұйымдарының Функционалды зерттеулеріндегі заманауи жетістіктер, өнімділік
процессті бақылау əдіснамаларын қалыптастыру.
Мазмұны: Өсімдіктердің өнімділігін арттыру негізгі əдістері – сұрыптау мен іріктеу.
Өсімдіктердің өнімділігін арттырудың гендік инженерия мен заманауи əдістері.
Каллус. Суспензиялық өсінді. Биотыңайтқыштар мен минералдарды қолдану. Ауыш
шаруашылық культураларды өңдеудің агротехникасы. өсу мен даму – өсімдікітің іс-
əрекетіндегі ең күрделі процесстер, тыныс алу, фотосинтез, заттарды тасымалдау, су
режимі, ас қорытумен тығыз байланысты болып келеді. өсу мен даму өсімдіктердің
барлық бөлшектерінің өзара байланысының көрінісі. өсімдік мүшесінің өсу
(корреляция, полярлық, регенерация, біркелкі өспеуі, тыныштық) ерекшеліктері. өсу
мен дамуға фитоценоздың өсімдікке өзара əсері. өсімдіктің гормоналдық (өсу
стимуляторы, ингибиторы) жүйесі. Фитогормондардың өзара байланысы.
Фитогормондарды қолдану жəне олардың өсімдік шаруашылығындағы синтетикалық
алмастырғыштары. өсімдіктердегі қоздырғыштығы мен тітіркендігіштік процесстері.
Өсу қымылы. Тропизм, настия, шеңберлік нутация жəне олардың беймделгіш маңызы.
Жəндік жегіш өсімдіктер. Өсімдіктердің онтогенезінің ұзақтығы жəне олардың типі.
Онтогенездің этаптары. Жасаралық өзгергіштер. Тұқымдардың өсу физиологиясы,
вегетативтік мүшелердің қалыптасуы. Гүлденуге (яровизия, фотопериодтық) сыртқы
факторлардың əсері. өсімдіктердің гүлденудің гормоналды теориясы ( М. X.Чайлахян
бойынша). Гүлдену, тозаңдану, ұрықтану, тұқымдар мен жемістердің жетілуі мен
дамуы.
Күтілетін нəтиже:
өсімдіктерді қолданумен эксперимент пен бақылау жүргізу;
алынған нəтижелердің негізінде қорытынды, сызбанұсқа жəне көрнекілік түрінде
кесте жасап, эксперимент пен бақылаудың нəтижелерін көрсету; курстың мəселелері
бойынша дискуссияларға қатысу; алынған білімдер мен дағдыларды іс-əрекеттік
тəжірибелерде қолдану.
BBZ 5304 Биотехнологияда биохимиялық зерттеулер
Кредиттер саны – 3
Пререквизиттер: Бейорганикалық химия, Органикалық химия, Физикалық жəне
коллоидты химия, Аналитикалық химия, Биохимия, Биофизика, физиология,
Молекулалық биология, Микробиология, Иммунология.
Постреквизиттер:
Биотехнологияның
молекулярлы-генетикалық
негіздері,
биотехнологияның заманауи əдістері, бейіндік пəндер.
Мақсаты:
Тірі материяның құрамына кіретін, құрылысы мен химиялық
қосылыстардың қасиеттеріне жəне олардың өзара алмасуы жайлы, тұқым
қуалаушылықтың молекулярлық механизмі, өміршеңділігтің физико-химиялық негізін
түсіну үшін олардың биохимиялық процесстердегі маңызы жайлы фундаменталды
білім беру; ағзалық, жасушалық жəне молекулярлық деңгейде оларды реттеу жəне
ағзадағы метаболиттік процесстер бірлік түсінігін құрау, биохимиялық процесстерді
эксперименталды зерттеудің тəжірибесін беру
Мазмұны. Биохимиялық зерттеудің жалпы принциптері. Буферлік ерітінділер жəне
ортаның рН. Биологиялық үрдістерге рН-тің əсері. Биологиялық зерттеулер үшін
буферлік ерітінділер. Бөліп алу əдістері: центрифугалау, хроматографиялық əдістер,
электрофорез. Аналитикалық əдістер: спектроскопиялық əдістер, радиоизотопты
əдістер, электрометрлік жəне потенциометрлік əдістер. Нуклеотидтердің биологиялық
рөлі. Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы. Нуклеотидтердің жəне
нуклеозидтердің физико-химиялық қасиеттері, номенклатурасы жəне құрылысы.
Пиримидиндік жəне пуримидиндік негіздері. Минорлық негіздер. Нуклеин
қышқылының құрамындағы сутектік компонет.Нуклеин қышқылының алғашқы
құрылысы. ДНҚ-ң жəне РНҚ-ң нуклеотидтік құрамы жəне фосфодиэфирлі байланысы.
Алғашқы құрамыды зерттеу. ДНҚ-ң екіншілік құрылысын зерттеу. Чаргафф ережесі,
пиримидиндік жəне пуриндік негіздердің комплементарлығы. ДНҚ-ң үшіншілік
құрылысы.
ДНҚ-ң
физико-химиялық
қасиеттері.
Жоғарыспирализациялану.
Эукариотты хромосомалардың құрылысы. Матрицалық, рибосомдық жəне
тасымалдаушы РНҚ-ң функциялары, қасиеттері жəне құрылысы. Рибонуклеин
қышқылдарының екіншілік жəне үшіншілік құрылыстары. Вирустық жəне фагтық
РНҚ-ры.
Күтілетін нəтиже: тірі ағзаның құрамына кіретін химиялық заттардың қсиеттері мен
құрылысы жайлы теориялық түсінік болу, зат алмасуы, метаболиттік процесстердегі
энергияны жинау жəне қолдану, араларындағы интеграцияны жəне физиологиялық
қалыпты жағдайда, патологиялық жағдайларда, қалпына келу жəне жасушадағы
генетикалық ақпараттың жүзеге асуы барысында оларды реттеу; молекулярлық
биология мен биохимия бойынша жағдайлық міндеттерді шеше білу; басқа
биологиялық пəндерді оқыған кещде алған білімін қолдану; патологиялық
жағдайларда жəне метаболттік процесстердегі ақауларды бағалау, қоршаған ортаны
биохимиялық мониторингілеу кезінде қолдану; эксперименталды жұмыс жасау үшін
алған білімді қолдану; in vitro жəне in vivo биохимиялық процесстерді зерттеу
тəжірибесі.
ABZZ 5304 Акушерліктің биофизикалық жəне зертханалық
зерттеулері
Кредиттер саны – 3
Пререквизиттер: Көбеюдің гигиенасы мен санитариясы, Сүт өндiрiсiндегi гигиена
мен санитария, Сот-ветеринарлық акушерлік, Сот-ветеринарлық сараптама, Көбею
мониторингі мен өнімді алуды болжау.
Постреквизиттер: Қояндар, құстар мен балықтардың патоморфологиясы.
Биоқалдықтардың ветсанитариясы, санитарлық пен экологиялық паразитология жəне
геопаразитоценоздар, тағам қауіпсіздікті эпизоотикалық бақылау.
Мақсаты:
регламентеуші
құжаттарда
қарастырылған,
алдын-ала
емдеу
бөлімшелеріндегі гинекология мен акушерлік аумақта емдеу мен профилактикалық
жұмыстарды жүргізу үшін, зерттеу əдістері мен алған білімінінің мөлшері жəне екінші
дəрежелі дəрігерге талап етілетін міндеттерге сəйкес маманды дайындау.
Мазмұны: Техника қауiпсiздiгі, акушерлік, гинекология мен андрологияда
зертханалық зерттеулерді жүргізгенде еңбекті қорғау. Жүктiлiктiң зертханалық
зерттеулері, сүтті, зəрді, реактивтер мен биопрепараттарды дайынау, бояғыштарды
байындау, жағындыны бояу əдістер, зертханалық жануарларды дайындау жəне оларды
пайдалану. Гинекология мен акушерлікте қолданылатын негізгі биологиялық,
химиялық жəне физикалық заңдардың нақты түсініктері. Акушерлік жəне
гинекологиялық патологияларды құрастыруда патогенетикалық факторлар бағалау
əдісін қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |