Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Қазығұрт ауданы,
«Көкібел» атындағы жалпы орта мектебінің
3-сынып оқушысы Тәжіхан Ақбота Орынбасарқызы
Ғылыми жетекшісі: Бастауыш сынып ІІ деңгей мұғалімі Исабаева Катира Борибаевна
Тақырыбы: “Көкөністердің адам ағзасына пайдасы ”
Жұмыстың мақсаты:
Көкөністерді үй жағдайында және
медицинада емдік қасиетін зерттеу.
Жұмыстың міндеті:
1.
Берілген тақырыпта материалдар жинақтау көкөністер туралы емдік қасиетін зерттеу.
2.
Көкөністердің пайдасы туралы анықтау.
3.
Көкөністерді өсіру жолдарын анықтау.
4.
Жұмыстың практикалық маңызы
5.
Дүниетану пәніне жүйелі теориялық материал ұсынылады
Зерттеу жұмыстың ғылыми жаңалығы
-Көкөністердің адам ағзасына әсері және оның емдік қасиетін түсіндіру.
-Тағамдық өнімдерді байытып,тағам құрамына жетіспейтін микроэлементтерді, дәрумендерді қосу.
Шипалы жемістер мен көкөністер Сырқаттан сауықтырып, жаныңды жасартады. Көкөніс дақылдары
Ол – негізінен шырынды өнімдер, жапырақты өсімдіктер, тамыр-жемісті өсімдіктер, баданалар, т.б. Көкөністердің 80
тұқымдасының 600-ден астам түрі өсіріледі.
1.
Жеміс – ұрықтылар: қызанақ, қияр, бұрыш
2.
жапырақтылар: қырыққабат (капуста), салат, баданақ: пияз және сарымсақ
3.
тамыр – жемісті өсімдіктер: сәбіз, қызылша, ақжелкен, шалғам.
Нақты деректер бойынша, біз 3 –мыңыншы жылдары – ақ Ежелгі Қытай, Мысыр, Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим көкөністер
өсірумен айналысқан.
Жеміс – жидектерде де, көкөністер де дәрумендерге, шипалық қасиетке, азық–түліктік құндылықтарға өте бай.
Көктемде көкөніс жеу. Халқымыз көктемді – ұзынсары келген қараөзек шақ, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы
дейді. Бұл кезде адамдар бойында күзде жиналған дәрумендер қоры азаяды. Соған байланысты денеде ауруға қарсы тұру
қабілеті кеміп, тұлабойда әлсіздік пайда болады. Сол себепті оған жол бермеу үшін дастарханда құнарлы тағамдармен бірге
алуан түрлі көкөністерді, жеміс-жидектерді жеген жөн. Сапалы көкөністер болмаса, қалбырланған көкөністерді, тұздалған
қырыққабатты, көк пиязды молынан пайдаланған абзал. Қараөзек шақта көк пияздың пайдасы өте жоғары. Оның 100
грамынан тәулікке қажеті С дәрумені табылады. Ашытылған қырыққабаттың 100 грамында 20 мг С дәрумені бар. Сүт
өнімдерінің, қазы-қартаның, сүр еттің де көктемде пайдасы зор. Негізінен, жылдың барлық мезгілінде ересек адамдар үшін
картопты қоспағанда, көкөністің күндік мөлшері 300 грамнан 400 грамға дейін болуға тиіс. Көкөніс пен жеміс орта және
егде жастағы, әсіресе толығуға бейім адамдардың тамағында айрықша орын алғаны жөн.
“Картоптың емдік қасиеті ” Көкөністі қалай қайнатады? С дәрумені бар көкөністі аз қайнатады. Және де оны алюминий
ыдыста қайнатқан жөн. Тазаланған картопты суда көп ұстамайды. Су алғашқы жарты сағатта картоптың құнарлығының 40
пайызын жояды. Ұсақ кесілген картоп көп дәруменін жоғалтады.
Көкөністі баяу отта, қақпағын жауып қайнатқан дұрыс. Ең пайдалысы – қабығын аршымай қайнату. Қайнап жатқан суға
лимон қышқылын қосса, картоп 7 пайыз ғана дәруменін жоғалтады. Көкөністерді қайнатқанда, құрамындағы минералды
тұздар азаяды. Картоп 20 пайыз тұз жоғалтады. Сондықтан, картоп мейлінше аз суда қайнатады. Жеміс – жидектен
жасалған тағамдарды тамақ ішерден 1 – 1,5 сағат бұрын дайындау қажет. Үш сағат өткен соң картоптан жасалған сорпада 40
– 60 пайыз дәрумен қалса, алты сағаттан соң ізі де қалмайды. Жеміс – жидектерді шикі күйінде, әрі қабығымен жеу керек.
Өйткені, ішкі бөлігіне қарағанда, қабығындағы дәрумен бірнеше есеге көп.
“Сәбіздің емдік қасиеті ” Көкөністі қайнатып пісіргенде, жемістің құрамындағы коратин бұзылады
Қайнатылған сәбізде коротин шикі сәбізге қарағанда екі есе аз болады. Қырыққабаттың ішкі бөліктерінен гөрі сыртқы
қабықтарында коротин мен С дәрумені өте бай. Сол себепті, оны қайнатқанда қабығын аршымай, жақсылап жуып
қайнатқан жөн.
167
Ол адамзат баласына біздің ғасырымызға дейін 2 мың жыл бұрын белгілі болған. Римдіктер оны дәмді тағам ретінде пай-
аланған. Сәбіз авитаминозды (тағамда дәруменнің жетіспеуінен болатын ауру) жояды, ағзаның тұмауға қарсы тұруын
күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Шикі сәбіз несепті айдаса, ондағы кобальд тұзы қан қысымын түсіреді, қанның қызыл
түйіршіктері (эритроцит) мен гемоглобиннің түзілуіне қатысады. Сәбідің сары өзегі жүрек бұлшық етінің шаршағанын
басады, шырынын жүрек инфарктінде ішуге белгілейді. Сәбіздің тор көздемшелері адам бойында Холестериннің шапшаң
бөлінуіне мүмкіндік жасайды. Сәбізді оттегі және қуықтағы тасқа қарсы пайдаланады. Халық медицинасында сәбізді
бұрыннан несеп айдау мен ішек құртына қарсы, қан аздыққа, әлсіреуге, ішек-қарын қызметінің бұзылуына қарсы ішу
ұсынылады. Осы мағсатта сәбізді сүтке қайнатып та жейді.
“Асқабақтың емдік қасиеті ” Асқабақ. 1.Отқа немесе қайнаған суға күйіп жарақаттанғанда, асқабақ етін жаншып жараға
таңса өте пайдалы. 3.Өкпеге шығу шыққанда, асқабаққа 250 г сиыр етін қосып, суға пісіріп, тамақ орнына жейді. Май мен
тұз қоспайды.
4.Құртты түсіру үшін ішкі асқабақ етінен ересектерге 500 г, балаларға 350 г жегізді, 2 сағаттан соң іш айдайтын дәрі
ішкізеді, сонда құрт түседі. Дәріні 2 – 3 күн ішеді.
5.Таспа, сазан құрттарды түсіреді.
6.Көкжөтелге ем болады.
7.Тұқымының 1 келісін суға қайнатып, геморойды күніне 2 рет булайды.
8.Балалардың жұтқыншағы ауырғанда емге қолданады.
9.Жүрек әлсіздігінен жүдегенге шипа.
“Қант қызылшасының емдік қасиеті ” Қанды көбейту, қақырықты босату, сіңірлерді бекемдеу, денені қуаттандыру үшін
пайдаланады. Көк бауыр ауырғанға: қант қызылшасын сірке суымен, қышамен араластырып ішкізсе, көк бауырда-ғы
бөгеттерді ашады. Бір жақ шеке ауырғанда, қол – аяқтың қалтырауына: қант қызылшасының суық балмен араластырып
мұрынға тақса, ауру белгілері жеңілдейді. Құлақ ауырғанға: қант қызылшасы жапырағының суын сығып алып, балмен
қосып қайнатып, жылы күйінде құлаққа тамызады. Шаштағы битті жоюға, қайызғақты кетіруге: жапырағының суымен
шашты жуады. Іш кернесіне: қант қызылшасын қыша сірке суымен қосып қайнатып ішсе, ауырғанды басады.
Адам ағзасындағы түрлі қоқыс – қалдықтарды, артық тұздарды қуады.
Қызылша тұнбасы сәбіз, қияр шырыны қосылып әзірленеді.
“Қырыққабаттың емдік қасиеті ” Оны қалай жесе де пайдалы. Ашыған қырыққабат (капуста) тәбетті, асқазанның сөл
бөлуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартады. Ашыған қырыққабатты ас қорыту жүйесінің бұзылуына (қыжылдау, құсу,
кекіру, жүрек айну, ықылық ат) алдын алу үшін пайдаланылады. Ашыған қырыққабат семіруге,қарсы ем. Қырыққабат сөлі
(бұзылмаған) асқазанның әлсіреуін, қарын, ұлтабар жарасын, өт қабының, бауырдың әртүрлі ауруларын, асқазан қабынуын,
тоқ ішек жарасының қабынуын емдейді. Сары ауру мен көк бауыр ауруларына да қырыққабат сөлін ішу қажет.
Қырыққабат шырыны асқазан сөліндегі қышқылдың көбейген кезінде, қарын ауырғанда қолданылады. Сапа болғанда, ауыз
қолдырап, қабынып ауырғанда қырыққабат сөлін сумен араластырып, ауызды, тамақты шаяды. Бас ауырғанда, буын
сырқырағанда ауырған жерге қырыққабаттың жас жапырағын жапсырса, ауруды басады. Қырыққабаттың құрамында
асқазан жарасына ем болатын заттар бар. Шырыны бауыр ауруына ем. Оны ішкеннен кейін аурудың жанға батқаны азайып,
бауыр қалпына келеді. Қырыққабат шырынының құрамындағы күкірт пен хлор, иод асқазан мен ішектің шырышты
қабығын тазартады. Бұл үшін қырыққабат шырынын 100 грамнан күніне 3 рет ішу қажет. Оған сәбіз шырынын қосып ішсе,
әсері одан да жақсы. Бұл үшін 100 грамм қырыққабат шырынына 200-300 грамм сәбіз шырынын қосады.
“Қиярдың емдік қасиеті ” Қияр. 3 қасық ұсақтап туралған жас қиярға 1 стақан қайнаған суды ыстықтай құйып, 2-3 сағат
қойып, тұнбасын сүзіп алып, қалдығын сығады да 1 шай қасық балмен араластырады. Сосын бұл тұнбамен мақтаны шылап
алып, таза жуылған бетті сүртсе, ол безеуден арылтады. Қияр.
3 қасық ұсақтап туралған жас қиярға 1 стақан қайнаған суды ыстықтай құйып, 2-3 сағат қойып, тұнбасын сүзіп алып,
қалдығын сығады да 1 шай қасық балмен араластырады. Сосын бұл тұнбамен мақтаны шылап алып, таза жуылған бетті
сүртсе, ол безеуден арылтады.
“ Қызанақтың емдік қасиеті ” Қызанақ. Ол біріншіден, тағам ретінде өте пайдалы.оның құрамында қант, пектиндік,
азоттық заттар, алкалоид, минералды тұздар мол. Екіншіден, қызанақта А, В, В әсіресе, С дәрумені өте көп. Үшіншіден, жас
қызанақ пен томат шырынының шипалық қасиеті жақсы. Асқазан жарасы бар адамдар жас томат шырынын ішуге тиіс.
Томат шырыны ағзадағы тастарды да ерітеді. Қызанақ бауыр ауыратындар үшін де өте пайдалы. Ол каротин, калийге өте
бай.
“Қызыл бұрыштың емдік қасиеті ” Қызыл бұрыш. Ол адамның ғұмыр жасын ұзарта алады. Бұл ғалымдар ашқан
жаңалық. Қызыл бұрыш линидтік алмасуды қалпына келтіріп, дұрыстайды, артериялық қысымды төмендетеді, ішек
жолдарының микрофлорасын сауықтырады, жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді.
“ Қауынның емдік қасиеті ” Құрамында қант (негізінен сахароза), белок, клетчатка, пектин заттары, ароматтық заттар, 20
мг пайыз С дәрумені, каротин (А провитамині) минералды тұздар бар. Қауынды 6-7 ай сақтауға болады. Қауын несепті
көбейтіп, оны тазарта түседі. Ірің бөлінуін тоқтатады, бүйректі қыздырып, қуық жолдарын да тазартады, бүйректегі тасты
шығарады.
168
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Қазығұрт ауданы,
«Көкібел» атындағы жалпы орта мектебінің
3-сынып оқушысы Шигирбай Ақниет Бақытқызы
Ғылыми жетекшісі: Бастауыш сынып ІІ деңгей мұғалімі Исабаева Катира Борибаевна
Тақырыбы: Адыраспанның емдік қасиеті
ЖОСПАР
І. Кіріспе.
Адыраспанның емдік қасиеті
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Адыраспанның өсіп- өнуі, табиғатта таралуы.
2. Дәрілік өсімдік – адыраспанның пайдасы.
3. Адыраспаннан жасалатын дәрілік тұнбалар қасиеті.
4. Адыраспан халық ұғымында
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырып өзектілігі: Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктерөседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта
қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді.
Адыраспан көбінесе шөл-шөлейт жерлерде кездеседі. Шипалы өсімдіктің
құрамында гармалин және гармин алкалойдтері, ал гүлі мен бұтағында
пеганип алкалойдтері болады.
Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы,
оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді.
Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке
сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен,
ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдейді.
Адыраспанның өсіп-өнуі, табиғатта таралуы
Адыраспан –түйетабандар тұқымдас тарамдалған бұтағы мол көп жылдық өсімдік. Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше
күштісасық иісті, дәрілік өсімдік. Бозғылт сары гүлдері жеке-жеке өседі, жемісі қоңыр түсті, иісі өте жағымсыз. Адыраспан
көбінесе шөл-шөлейт жерлерде кездеседі. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гармин алкалойдтері, ал гүлі мен
бұтағында пеганип алкалойдтері болады. Гүлінің 5 тостағаншасы, 5 күлте жапырақшасы, 15-16 аталығы, 1 аналығы, жемісі
қоңыр түсті, ірі ұрығы бар, диаметрі 1см –дей шар тәрізді қауашақ.
Өсімдік аты: Адыраспан
Биіктігі: 30-60 см
Гүлдеу мерзімі: Маусым, шілде айлары
Кесдесетін орны: Сортаң топырақты далаларда
Пайдаланылатын бөлімі: Шөбі, жапырағы, гүлі, дәні
Жинау мерзімі: Тамыз, қыркүйек
Қандай ауруға пайдаланылады: Бел ауруры, бас ауруы, асқазан.
Пайдалану мөлшері: сабағы мен жапырағынан 4-8 грамм, тұқымынан 0,1-0,5 грамм. Адыраспанның құрамында адыраспан
сілтісі, ұшпа май бар.
Ескерту: улы болғандықтан, абайлап қолданған жөн.
Дәрілік өсімдектермен емдеу тәсілін ерте заманнан бері ата-бабамыз қолданып келе жатыр. Ертеде өмір сүрген Әбу-
Насырәл Фараби, ӘбуӘли Ибн Сина, Беруни, Әл- Джуржани орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары халық
медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып,пайдалануына ықпалы зор болды.
Халық медицинасында пайдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі- адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл көзден
сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта
Азияда ертеден белгілі болған. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданған.
Адыраспанның сипатына келетін болсақ, түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік. Шипалы
өсімдіктің құрамында гармалин және гармин алколойдтері, ал гүлі мен бұтағында пеганип алколойдтері бар.
Емдік қасиеттері. Емдік мақстта адыраспанның шөбін, Яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық
медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. Адыраспанды ирак халқы
«Уарау Аспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен.
Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі-дәрмекке пайдаланып келеді. Қазақ халқы бұл шөптің қайнатпасымен
тері ауруларын емдейді.
Емдеу тәсілдері. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан емшілік қасиеттері өте көп. Сол емшіліктің бір саласы әр түрлі
шипалы шөптермен емдеу болып табылады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы ауруы бар
науқастың бөлмесін залалсыздандырады.
Адыраспанның ем болатын аурулары:
• Ревматизм ауруы
• Ұмытшақ ауруы
• Тіс ауруы
• Бастың созылмалы ауруы
• Тарамыс ауруы
169
• Буынның қабынуы
• Бел, сал ауруы
• Асқазан ауруы
Адыраспаннан жасалатын дәрілік тұнбалар қасиеті
Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол –улы өсімдік. Халық емшілері
адыраспанды адамның сегізкөзін жүйке ауруын емдеуге пайдаланған.Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың
қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар.Халық
медицинасындаадамдарды буын
ауруынемдеуге пайдаланады, қайнатылған суынбезгекпен ауырғанадамғаішкізеді. Сондай-ақ малдыңқотырында жазады.
Адыраспаннан жүнмен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу а лынады. Тұқымымен көкшөбінен алынған тұнбаны
адыраспан
шаруашылық
зиянкестерінеқарсы күреске пайдаланады. Адыраспан –
улы
өсімдік
(құрамында бірне
шеалкалоидтар бар), дәміащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп
сақтайды.
Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаумен қатар ем дарытатын қасиеті де бар.
Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен
ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып,
жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Tic
қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспан дысабағы мен
жапырағын бірге қайнатып ішеді.Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын
байқаған.
Адыраспан халық ұғымында...
Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге - кереге
басына іліп қояды. Жаңа үйге кірердебосағағажын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен
қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір
бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған.Сондай-ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан
текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді.
Алайда, адыраспан – улы өсімдік. Қаратаусілемдеріндеөсетінадыраспандыашыққанкездесиыр мен жылқыжеп,
тыныстарытарылып, уланады.
Қорытынды:
Адыраспан туралы зерделей келіп, мен мынадай ойларды түйіп, төмендегідей ұсыныстар айтқым келеді.
1.Қазіргі медецинада адыраспанның емдік қасиеттерін қолдану енгізілсе
2. Адыраспан туралы әлі де тереңірек зерттегім келеді
3. Дәрілік өсімдіктер жайында, оның ішінде адыраспан туралы газет, журналдарға арнайы мақалалар жарияланып тұрса
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Денсаулық журналы №12 2010 жыл.
2. Ақпараттық құралдардан 2014ж.
3. Ғаламтор желісінен.
* * * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Қазығұрт ауданы,
«Көкібел» атындағы жалпы орта мектебінің
4-сынып оқушысы Қырғызбай Ұлбала Салдарбекқызы
Ғылыми жетекшісі: Бастауыш сынып І санатты мұғалімі
Жаркынбекова Акмарал Онеровна
Тақырыбы: «Ағаштар мен жеміс-жидектердің адам бойына тигізер пайдасы»
Тұрмыста жеміс – жидектерді жуу арқылы ластан, адам ағзасына зиянды
микроорганизмдерден құтыла аласың. Саяжайда өсіп тұрған жемісті сабағынан үзіп алып,
жумаған күйде жеудің өзі зиянды. Сенбесеңіз, сол жемісті шағын ыдыста аздаған сумен
жуып, оны микроскоппен қарап көріңіз, ішінен адамның іш ауруын да, басқа да
сырқаттарды туғызатын құж – құж қаптап жатқан құрттарды (микробтарды) көресіз.
Жалпы, жеміс – жидектерден ауруға, түрлі зиянкестерге қарсы бүркілген түрлі улы
химикаттардан жақсылап жуу арқылы ғана арылуға болады. Шетелден әкелінген жемістерді арнайы сабынды суда
щеткамен жуып, соңынан таза сумен мұқият шаю қа-жет. Мамандар басқа мемлекеттерден әкелінген жемісті балаларға
берер алдыңда 1 сағаттай салқын суға салып қоюға ақыл – кеңес береді. Сонда оның құрамындағы зиянды заттар суға
шығады. Ал мұндай алманың қабығын мүмкіндігінше, аршып жеген дұрыс.
Жеміс ағашын отырғызу – сауап
Ұлық Пайғамбарымыз Мұ-хаммед (с.ғ.с.) адамдардың жеміс ағашын отырғызып, жемісін игілікке жаратуын құптап,
қолдаған. Ол бұл орайда өзінің хадис шәрібінде былай дейді: «Егер мұсылман кісі жеміс ағашын отырғызып, одан адам,
хайуанат, немесе құстар дәм татса, көлеңкелесе, мақшар күніне дейін садақатты сауапқа қалады».
Р/с
Ағаш түрі
Қандай қасиеті бар?
1
Емен
Ол адамның иммунитетін, рухын көтеріп, ойына керемет ой қосады.
2
Шетен
Жақсы донор болып саналады. Адамға жақсы көңіл-күй, тың күш, жұмсақ сезім сыйлайды.
Бұл ағаш – отбасындағы бақыт пен тыныштықтың символы. Сондықтан ертеде үй маңына
отырғызған.
170
3
Терек
Түзу теректің энергиясы түзу болады. Оның көмегімен бас және омыртқа ауруынан құтылуға
болады деп есептеледі. Ол үшін ауырған жерге бір айдай терек тақтайшасын қоюға кеңес
беріледі.
4
Арша
Бұл ағашы емдік қасиеті қазақ баласы үшін таңсық емес. Ауырған адамды, үйді, аршаның
исімен аластап тазалайды. Етті қымыз пісетін сабаны аршаның түтіні бірден-бір ем саналады.
5
Қайың
Қайың ағашы жұрттың бәріне көмектесе бермейді. Қайың тек өзін еркелететін, өзіне ғашық
жандарға ғана жомарттығын көрсетеді. Ақ қайың – ақ ару дейтініміздей, қайың ежелден нәзік
жандардың символы, әйел аналарға көп көмектеседі. Қайың шырынын ішу денсаулыққа өте
пайдалы саналады.
6
Үйіңкі
Бұл ағаштың биоалаңы өте күшті. Сондықтан кез келген адам үйіңкіні батыл құшақтай беруге
болады.
7
Қызылтал
Адам бойындағы құрыс-тырысты, бас ауруын жазады делінеді.
Ағаштар арнайы уақтында аса пайдалы күш бере алады.
Үйіңкі
Жүйке кернеуін азайту үшін таңғы 7 мен 10 арасында баруға болады. Бұл кезеңде ағаштың
биоэнергиясы аса пайдалы.
Шетен
Күндізгі 11-ден 13 аралығы. Оның міндеті – ағзаны тазарту.
Көктерек
Пайдалы уақыты 14 пен 17 сағат аралығы. Қозу мен стресті алады. 10 минуттан артық
тұрмаңыз. Жүрек айнуы мен бас айналуы ықтимал.
Жөке
Уақыты 2 мен 6-ға дейінгі кезең. Күші жұмсақ, одан жылылық пен тыныштықты сезіне
аласыз.
Ақ терек
Уақты 15 тен 18-ге дейін. Күші тегіс. Оны біраз уақыт құшақтасаңыыз шаршағандығыңыз
басылады.
Қайың
Пайдалы кезеңі 5-тен 9-ға дейін. Қайыңның күші жұмсақ тыныштандырады, стресті алады.
Қарағай
Барлық кезде пайдалы. Ол күйзеліспен жақсы күреседі.
Талшын
Пайдалы уақты түнгі 1-ден 5-ке дейін.Бойыңызға күшқуат береді.Өзіңізді еркін сезінесіз.
Емен
Уақыты 21 ден түңгі 3-ке дейін.Жүйке ауруларымен күреседі.
Бірақ естеріңізде болсын, тек сау ағаштарды ғана құшақтаңыздар.
Арнайы уақытында жақындап ағаштан өмірлік күшті артығымен беруін сұрау керек.
«Жеміс-жидектер» бөлімінде
1
Алма
Бүйректі тазартады, асқорту жүйесін жақсартады.
2
Өрік
Қан көбейтеді, тері және шашқа жағымды әсері бар. Қатерлі ісік
ауруларының алдын-алуға көмектеседі.
3
Банан
Жүрекке және бұлшық ет жүйесіне, шаршағанға және іш өткенге өте
пайдалы.
4
Шие
Минерал және дәрумендер қоры.
5
Апельсин
Суық тию, тұмау, жарақат алу, жүрек және сал ауруларынан сақтайды.
6
Мандарин
Инфекциялармен күресуді жеңілдетеді.
7
Жүзім
Бүйректердің жұмысын жақсартып, жүрек соғысын реттейді. Бауырды
тазалайды.
8
Алмұрт
Жүрек және қантамырының саулығын және физикалық жұмыс істеу қабілетін
арттырады.
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы Құрбан ата ауылы
Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебінің
9 «А» сынып оқушысы Тұрысбек Наздана Нұрболқызы
Жетекшісі биология пәні мұғалімі Мырзамұратова Мағира Әуелбекқызы
Зерттеу жұмысының тақырыбы: “Өсімдік зиянкестеріне қарсы биолабораторияда
бунақденелерді көбейту және тиімді пайдалану
А н н о т а ц и я
Бұл тақырыпты алудағы басты себебіміз Оңтүстік Қазақстан жағдайында көп қоректі зиянкес
насекомдардың ішінде өздерінің зиянкестік дәрежесі жағынан кеміргіш қоңыр көбелектердің
практикалық маңызы өте зор. Бұл топқа жататын зиянды көбелектердің ішінде әсіресе күздік және мақта кеміргіш қоңыр
көбелектері аса қауіпті болып саналады. Олар облысымыздың онтүстік және онтүстік - шығыс аймақтарында бау - бақша,
техникалық дақылдардың бірқатарына қатты зиян келтіреді. Энтомофагтар өсімдік дамуының негізгі факторларын өзгертіп,
зиянкестер адаптацияланған жағдайды өзгертеді, соның есебінен олардың тигізетін зиянды әсерін азайтып, пайдалы
жәндіктерінің өсіп - өніуіне жағдай туғызады. Нәтижеде өсімдіктердің жылдам өсіп дамуына жағдай туады, өз
кезегінде ол өсімдіктің артуына септігін тигізеді. Бұл жадай химиялық өңдеу жұмыстарын азайтуға әсер етеді.
Зерттеу мақсаты: Табиғата жиі кездесетін энтомофагтардың биологиялық ерекшілігін зерттеу. Зиянкестердің тигізетін
әсерін алдын алудағы қолданатын жергілікті энтомофагтардың мүмкіндігін бағалау.
Ауылшаруашылық дақылдарына аса зияны жоқ кейбір жанама зиянкестердің табиғи жаулары (энтомофагтар) қырылған
соң, зиянкестердің саны көбейіп, негізгі зиянкестердің қатарына кіреді де, оларға қарсы бірнеше дүркін химиялық өңдеу
жұмыстарын жүргізуге тура келеді. Соның салдарынан бір маусым ішінде бірнеше ұрпақ беретін бунақ денелілер мен
кенелерге удың тигізетін әсері төмендеп, төзімділігі күшейеді.
171
Пестицидтерді жиі қолдану қоршаған ортаны, алынған өнімді ластап, халықтың денсаулығына әсерін тигізеді,
сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарлар әлемі құрамының нашарлауына әкеледі. Осы аталған жағдайларға байланысты ба-
лама әдістемелер – экологиялық өсімдік қорғау, биологиялық егіншілік, биологиялық өсімдік қорғау, уды қолданбау
технологиясына жүгінуге тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |