CІЛТЕМЕЛЕР:
1.
Gülendam, Ramazan, «Mehmet Akif’in İdeal İnsan Tipi», I. Uluslar arası Mehmet Akif
Ersoy Sempozyumu Bildiriler Kitabı, C. II, Burdur 2009, s. 687.
2.
Duran, Niğar; Batılılaşma Sürecinde Türk Toplumuna Sunulan Çocuk ve Genç Tipleri
(Mehmet Akif, Tevfik Fikret, Muallim Naci Örneği), Marmara Üniversitesi, Sosyal Bilimler
Enstitüsü, Yüksek Lisans Tezi, İstanbul 2007, s. 54.
3.
Ersoy, Mehmet Akif; Safahat, Hazırlayan M. Ertuğrul Düzdağ, İz Yayıncılık, İstanbul 1991,
s.381.
4.
Tarihimizde esir alınan önemli kişilerin boynuna lale takılırdı. Malazgirt’te
RomanosDiogenes, esir alındığında boynuna altın lale takılmıştı. Altın lale esaretin sembolü
olmuştur.Bkz., Ali Haydar Aksal; Akif Duruşlu Asım, İnsan Yayınları, İstanbul 2006, s. 87.
5.
Arı, Mehmet; age., s. 35-36.
6.
Ersoy, Mehmet Akif, Safahat, Hazırlayan M. Ertuğrul Düzdağ, İz Yayıncılık, İstanbul 1991,
s.154.
7.
Ersoy, Mehmet Akif; Safahat, Hazırlayan M. Ertuğrul Düzdağ, İz Yayıncılık, İstanbul 1991,
s. 438.
8.
Ersoy, Mehmet Akif; Safahat, Hazırlayan M. Ertuğrul Düzdağ, İz Yayıncılık, İstanbul 1991,
s.433.
9.
Ersoy, Mehmet Akif; Safahat, (Eseri tertip eden: Ömer Rıza Doğrul), İnkılâp Yayınları,
İstanbul, s. 509.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Ali Haydar Aksal; Akif Duruşlu Asım, İnsan Yayınları, İstanbul 2006.
2.
Arı, Mehmet; «Akif’ten Asım’a», Akif’ten Asım’a, Kültür Bakanlığı Yayınları, Ankara
2007.
3.
Duran, Niğar; Batılılaşma Sürecinde Türk Toplumuna Sunulan Çocuk ve Genç Tipleri
(Mehmet Akif, Tevfik Fikret, Muallim Naci Örneği), Marmara Üniversitesi, Sosyal Bilimler
Enstitüsü, Yüksek Lisans Tezi, İstanbul 2007.
4.
Gülendam, Ramazan; «Mehmet Akif’in İdeal İnsan Tipi», I. Uluslar arası Mehmet Akif
Ersoy Sempozyumu Bildiriler Kitabı, C. II, Burdur 2009.
5.
Ersoy, Mehmet Akif; Safahat, (Eseri tertip eden: Ömer Rıza Doğrul), İnkılâp Yayınları,
İstanbul.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются как Мехмет Акиф Ерсой зовет молодежь беречь
национальные богатства. Он ставит целью воспитание, молодого поколение на
национальном духе.
SUMMARY
In article are considered Mehmet Akif Ersa calls youth to protect national wealth. It sets as the
purpose education, young generation on national spirit.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
90
ТАРИХНАМА ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУ
ӘОЖ 9(С)55 А 32
АУЫЗША ТАРИХ АЙТУ ДӘСТҮРІ ХҮІІІ Ғ. ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ БИЛЕР ЖАЙЫНДА
Айтбай Р.Т.
– т.ғ.к., доцент
Қазақстан, Алматы қ.,
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Аннотация: Мақала қазақ халқының тӛл дерегі ауызша тарих айту дәстүрі
туындыларының негізінде ХҮІІІ ғ. қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымындағы билердің
қызметі жайында баяндайды. Ауызша деректерге: тарихи жырлар, шежірелер, тарихи
дастандар жатады. Бұл деректердегі мәліметтер билердің әлеуметтік құрылымы жағынан әр
түрлі болғандығын дәлелдейді. Билер қазақ қоғамында әр түрлі даулы мәселелерді атқарып
отырған .
Түйін сөздер: тарих айту, дерек, жырлар, билер, ХVІІІ ғ., қоғам, шежіре, дастан,
әлеуметтік құрылым.
XVIII ғ. қазақ қоғамында зор роль атқарған, ықпалды әлеуметтік топтардың бірі билер
еді. Сол кезеңдегі қазақ қоғамының тарихымен айналысқан М.Вяткин «Батыр Сырым»
еңбегінде: «...Қазақтарда билер таптық жағынан сұлтандарға жақын тұрған, ру тектілерінен
шығып, қоғамда айрықша жағдайға ие болған топ» [1,110 б.] деп кӛрсетті. Би терминінің
шығуын М.Вяткин Дешті-Қыпшақ қоғамымен байланыстырады [1,107 б.]. В.В.Бартольд бұл
терминнің «бек» деген сӛздің кейінгі дәуірлерде ӛзгерген түрі екендігін және оның XV ғ.
ерте кездеспейтіндігін айтады [2, 36 б.].
Ауызша тарих айту дәстүрі туындыларында Есім хан тұсында билер институты
қалыптаса бастап, Тәуке хан тұсында толық қалыптасып, нығайғандығы кӛрсетілген.
«Еңсегей бойлы ер Есім» жырында бұл туралы:
Құдайберді – Жаныстан,
Ең әуелі болғаны.
Орта жүздер сайлады,
Арғын Шаншар мырзаны.
Қаз дауысты Қазыбек,
Осыдан тартып шығады
Кіші жүз алшын Жидебай
Баласы мұның Әйтеке
Шежіреден шығады», - [3,135 б.] делінген.
Шежірелердің бірінде, Құдайберді – Жаныстан тараған, Тӛле бидің атасы екендігі
айтылады. Ал, Арғынның ішінде Қаракесек руынан тараған Шаншар – Қазыбек бидің атасы»
[4,56,146 бб.]. «Тӛле бидің тарихы» дастанында XVIII ғ. қазақ қоғамындағы билер, олардың
қызметі туралы біршама мәліметтер бар. Әсіресе, сол кезеңдегі қоғамда терең із қалдырған,
Тәукемен қатар қазақ елін басқаруға қатысқан үш бидің аты кӛбірек аталады. Олар,
Әлібекұлы Тӛле, Келдібекұлы Қазыбек, Байбекұлы Әйтеке. Тӛле би туралы дастанда,
... Атақты қазақ үш биі,
Бірінші әзиз Тӛле еді.
Дүниеде сӛзі кем еді
Мың ауыз сӛзге татитын,
Бір ауыз сӛзі ем еді – делінген.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
91
Қазыбек би туралы, бір жотада сӛйлесе қызып келген уағында қоңыр қаздың
дауысындай болып қарсысындағы жотаға даусы естіледі екен дейді.
Одан да ӛткен Әйтеке,
Қудан ұшқыр, құланнан
Мұндай шешен болмайды
Бір сӛзін жүз мақалдап,
Барған сайын ӛрлейді – деп [5, 286-287 бб.] Әйтекеге сипаттама
берілген.
Бұл сипаттамалардың атақты үш бидің ӛте шешен, тапқыр кісілер болғандығын
кӛреміз. Би болудың негізгі шарттарының бірі де осы шешендік ӛнерді игеруде болса керек.
Үш бидің ішінен дәрежесі жағынан да, беделі жағынан да үш жүзге түгел атағы жайылған
Тӛле би еді. «Әлібек ұлы Тӛле би асқан кемеңгер, шешен, сӛз тапқыш ұғымды, алғыр,
данышпан болған. Дұрысында Ұлы жүзді толық басқарып, бұрмасы жоқ әділ би болған кісі»
[6, 55 б.].
Тӛле би 1663 жылы шаруа жанұясында дүниеге келген. Әкесі Әлібек қарапайым шаруа
болған. Бұл туралы дастанда,
Әлібек әуелі де болды жарлы,
Сегізі де малды болып туысқаны.
Қара үй тігіп, аз ғана ешкі сауып,
Отан етті оңаша бір жотаны-делінген [5, 259-260 бб.].
Бірақ, әкесі шаруа болғанмен, билік айтатын, кӛп тыңдап, аз сӛйлейтін, билік айтса
турасын, әділін айтатын кісі болған. Сол үшінде жұрт ол кісіні би ретінде таныған. Дастанда
бұл туралы былай айтылады:
...Сӛз тиярлар жиылып,
Басын қосып Ұлы жүз,
Би сайлайық деді енді.
Жиылғандар ӛз қалаулыларын айтып, сипаттама бергенде кӛптің назары Әлібекке
ауады. Дастанда ол туралы былай делінген:
Ақ пейіл, жарқын, мінезі кең,
Қой айдаса үстінен,
Кешірімді, ашуы кем,
Аз сӛйлейді, тура айтып,
Және атаның баласы [5, 261 б.].
Бар жағдайы келеді – деп, Әлібекті би сайлайды.
Қариялар бата береді. Бұл эпизодтан бірнеше мәлімет аламыз. Біріншіден, бидің
сайланып, тағайындалатынын білдік. Екіншіден, би болып сайлану үшін, әділ, турасын
айтатын, мінезге бай шешендік ӛнерден де хабары бар адам болуы қажет.
Үшіншіден, ғылыми әдебиетте, мысалы, Т.Сұлтанов XVII ғасырдағы билердің
қоғамдағы орны мен қызметі туралы айтқанда, олардың ықпалды болуы иеліктеріндегі
рудың тектілігі мен үлкендігіне де байланысты екенін айтады. Одан әрі автор ұлы жүз
руларының ішінде Жалайыр мен Ошақтының басты рулар екендігін кӛрсеткен [7, 98 б.]. Біз
қарастырған шежірелердің бірінде, Ұлы жүздің халқы негізгі үш атадан ӛсіп ӛрбіген
делінген. Олар: Үйсін, Жалайыр, Қаңлы [4, 65 б.]. Әлібек Ұлы жүздің осы басты руларының
бірі үйсіннен тараған Дулаттан, оның ішінде Жаныс шыққан еді. Сонымен қатар, жоғарыда
атап ӛткендей Әлібектің әкесі Құдайбергенді де би болған кісі. Әлібектің би болып
сайлануына осы жығдайлар да әсерін тигізсе керек. Ендеше би болып сайлануда ол адамның
шыққан тегі яғни руының тектілігі де ӛз рӛлін атқарған.
Би болып сайланатын адамның бай немесе жарлы болуы, жекелеген жағдайларда ӛз
әсерін тигізгенмен би болып сайланып қалу үшін ең қажетті алғы шарт бомаған. Биді ауыл
ақсақалдары, ру, жүз тектілері қатынасқан жиында сайлаған. Сонымен сайланған адамға бата
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
92
берілген. Әрине, биді сайлағанда би болу үшін қажетті алғышарттар сақталып отырды деп
айту қиын. Бірақ, XVII- XVIIІ ғғ. Халық «би» деген ұғымды жоғарыда кӛрсетілгендей
қасиеттері бар адамдарға байланысты айтқан.
Тӛле кәмелетке толмай-ақ билік іске араласқан. Сӛйтіп, халық арасында «қойшы би»,
«бала би» атана бастаған. Мұндай мәліметті «Олжабай батыр» жырынан кездестіреміз.
Олжабайдың атасы «Айдабол он үш жаста би болыпты» [8, 297 б.] делінген. Бұл мәліметтер
жоғарыдағы пікірлердің дұрыстығын дәлелдегендей. «Ӛнер алды қызыл тіл» деп есептейтін
қоғамда, «би» деген атақ жастың үлкен кішілігіне, әділ билікке берілгендігін кӛрсетеді.
Бірақ, ғылыми әдебиетте, мысалы, XІX ғ. Қазақ қоғамының әлеуемттік қатынастарын
зерттеген С.Зиманов ӛз еңбегінде» билердің шыққан негізгі әлеуметтік ортасы ірі феодалдық
шонжарлар еді» [9, 197 б.] - деп жазды. Әрине, XVIIІ ғ соңына қарай – XІX ғ, қазақ
қоғамының әлеуметтік құрылымында, қалыптасқан дәстүрлерде ӛзгерістер болды. Дегенмен,
билердің шыққан ортасын тек ірі феодалдар еді деп тұжырымдау бір жақты. Себебі «би»
атағы, қызметі қазақ қоғамында мұрагерлік сипат алмаған еді. Тӛле би сияқты, атасынан
бастап би болған жекелеген факторлар кездеседі. Онда да әр кімнің жеке басының
қабілетінің, мүмкіншілігінің арқасында. XVIIІ ғ. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы
туралы жазған М.Бижанов, ӛз мақаласында, орыс зерттеушілерінің еңбектерінің қазақ
қоғамында би атағының мұрагерлік сипатта болмағандығын жазды [10, 158 б.]. Ендеше қазақ
қоғамындағы әрбір адамның жеке басының қабілетіне байланысты, ӛз руында немесе
жүзінде би атағын алуына мүмкіндігі болған.
Жоғары да айтқан үш би мемлекет ісіне араласып, хандармен бірге ел басқаруы, кӛбіне
олардың жеке бастарының қабілетінің нәтижесі еді. Ал, билердің материалдық жағынан
ауқатты, тіпті бай болғандығы да әрине рас. Олар қоғамдағы әкімшілік, сот істерімен
айналысқандықтан, ӛзінің материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндігі болған. Тӛле бидің
әкесі: Әлібектің мысалынан бұған кӛзімізді жеткізуімізге болады. Би сайлағанға дейін
қарапайым шаруа болса, би болғаннан кейін тӛрт түлік малы бар ауқатты кісіге айналған [5,
267-268 бб.].
Билер қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында сұлтандардан кейінгі сатыда тұрған.
Бұл туралы кезінде П.С.Паллас жазған еді [11]. Жоғарыда М.Вяткиннің де бұл пікірді
қолдайтындығын келтірдік. XVIIІ ғ. Қазақ қоғамындағы билер арасында, беделі мен дәрежесі
жағынан сұлтандардан кем емес, қайта олардан жоғары хандармен қатар тұрғындары бар еді.
Олар жоғары да айтқан үш би болатын. Тәуке ханның кезінде, олар үш жүздің басқару
мәселелерімен айналысты. Әсіресе, Тӛленің ролі ерекше еді. «Тӛле бидің тарихы»
дастанында:
Дулаттың ең үлкен Жаныс еді,
Үлкендігі Тӛленің дабысы еді.
Үш жүз болып ынтымақ бас қосқанда.
«Аға» деп Тӛле биге барушы еді – делінген [5, 248 б.].
Одан әрі дастанда үш бидің Тәуке ханмен бірге «Жеті жарғы заң жобасын жасауға
қатысқандығы айтылады. Тӛле бидің рӛлі бұл жұмыста да басқа билерден ерекше екендігі
кӛрсетілген.
Бірі хан, үш би шығарған,
Жеті жарғы деген заң.
Жобасын ескі түзеткен,
Еңсегей бойлы Есім хан.
Нашардың қамын ойласын
Жеңілдік жолмен жүргізген,
Тӛле би мен Тәуке хан [5, 291 б.].
Тәуке қайтыс болғаннан кейін, Тӛле би үш жүздің бірлігін сақтауға күш – жігерін
жұмсайды. Әсіресе жоңғарлар мен соғысқан аласапыран кезеңде елдің тәуелсіздігі мен
бірлігі үшін күрес жасайды.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
93
«Ӛтеген батыр» жырында Тӛле би туралы былай айтылады:
... Тӛле би жайшылықта билік еткен,
Соғыста найза ұстап ерлік еткен.
Жорықта қол басқарып, іс атқарып,
Үйретіп, жас ерлерге тәрбие еткен – деп, Тӛле бидің бір жорықтан
тыныс алып отырғанда, он алты жасар Ӛтеген батырдың батырлығын сынағандығы
айтылады [12, 4 б.].
Тәукеден кейінгі ел бытыраңқылығы, одан «Ақтабан шұбырындының басталуы Тӛле
биді қатты күйзелтеді».
.... Күндіз-түні ыңыранып,
Тӛле би ұйқы кӛрмеді.
Асыл ғана халқым- ау,
Жанын қайда сақтайды?
Заманның түрі бұл болды.
Жанға қалай батпайды? –деп [5,76 б] қиналады.
«Абылай хан» атты жырда Тӛле би туралы былай делінген:
.... Бар еді Ұлы жүздің Тӛле биі,
Халыққа орда болған оның үні.
Үш жүздің баласына бата беріп,
Орыспен де сыры бар тұрған күйі [13,4 б.].
Жырда айтылған бұл пікірді жазба деректер де дәлелдейді. Тӛле би ӛз кезеңінің
жағдайына байланысты кӛршілес Россия мемлекетімен бейбіт қарым-қатынас жасауды
жақтаған қайраткерлердің бірі. Тӛле би 1733 жылы Ұлы жүздің басқа да кӛрнекті адамдары
Қодар би, Сатай, Қангелді және Бӛлек батырлармен бірігіп Ресей үкіметіне хат жолдайды.
Онда Ұлы жүз қазақтарының басқа да қазақ жүздері мен бірге Ресей құрамына енуге әзір
екендігі айтылған [14, 154-155 бб.].
Орынбор әкімшілігіне жазған Тӛле бидің тағы бір хаты белгілі. Бұл хаты Барақ
сұлтанға байланысты еді. Әбілхайыр ханды ӛлтіргеннен кейін Барақ сұлтан жергілікті Ресей
әкімшілігінен қауіптеніп, Ұлы жүзге ӛтіп, Тӛле биден қорғаныс іздейді. Би осы мәселеге
байланысты Орынбор әкімшілігінде жолдаған хатында Барақтың Ұлы жүз жерінде қалғанын
қуаттайтындығын және оны хан жариялау ниеті бар екендігін айтады. Осы хатында Ресей
патшасына бұрын берген уәдесіне беріктігін білдіреді [15, 102 б.].
Міне, осы келтірілген мәліметтер Тӛле бидің сол кездегі кең ӛрісті қайраткер екендігін
кӛрсетеді. Тӛле бидің тек би ғана емес, XVIIІ ғ. қазақ қоғамының кӛрнекті саяси қайраткері
деп айтуға толық негіз бар.
XVIIІ ғ. қазақ қоғамында зор рӛл атқарған үш бидің келесісі Келдібекұлы Қазыбек би.
«Тӛле бидің тарихы» дастанында Қазыбек бидің қазақ-жоңғар қатынасында да белсенді рӛл
атқарып, жоңғар хандығына елшілік сапармен барып қайтқандығы айтылады.
Бір қақтығыстан кейін тұтқын дауымен жоңғарға елші жіберу қажеттілігі туады. Бұл
сапарға атақты үш бидің үшеуі де ыңғай білдіреді. Сонда, Қазыбек би:
Асынып халқым қаруын,
Жӛн, Тӛке, менің баруым,-дей келіп,
«Аттың басы күшті ме, белі күшті ме, жоқ құйрығы күшті ме?»- дегенде, Тӛле би:
«Шырағым, Қазыбек, жол бастауға аттың омырауы күшті, бірақ белі қызметті кӛп істейді,
рұқсат сізге», деп жол береді. Қасына бірнеше аттыларды ертіп, бұл сапарында ол тұтқын,
жер дауына байланысты кӛп іс тындырып қайтады. Ол туралы жырда:
...Қазыбек енді еліне жӛнеледі,
Жиып алып жетім-жесір не ерлерді.
Сіздер де жоғыңды ал деп ертіп келіп.
Қалмақтың жоғын тауып бұл да берді, - делінген [5, 299-306 бб.].
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №2 (44), 2013 г.
94
Қазыбек бидің де Тӛле би секілді, сол кездегі саяси ӛмірге араласып, орыс
әкімшілігімен қарым-қатынас жасағандығын дәлелдейтін, Қазыбек бидің Орынбор
әкімшілігіне жазған хаттары туралы материал баспасӛз бетінде жарияланған болатын [16].
Орынбордың облыстық архивінен бізде бұл хаттарды кездестірдік. Орынбор губерниялық
канцеляриясында сақталған бұл хаттар, жоғарыда дастаннан келтірілген мысалмен бірге,
Қазыбек бидің де саяси қайраткер болғандығын дәлелдейді.
Атақты бидің үшіншісі – Әйтеке би туралы тарихи жырда да, тарихи дастанда да,
айтарлықтай мәлімет жоқ. Жалпы біздің байқауымызша, біз қарастырған тарихи жыр мен
тарихи дастанда Кіші жүзге байланысты, бұл жүздің қайраткерлері туралы мәліметтер ӛте аз.
Жазба деректерде де Әйтеке би туралы мәліметтер жоқтың қасы. Бұның себебін Әйтеке
би туралы жарық кӛрген мақаласында Ә.Кекілбаев, Әйтеке бидің 1710 жылға дейінгі кезеңде
ӛмір сүргендігімен түсіндіреді. Автор Қожаберген жыраудың дастанындағы мәліметтерге
сүйеніп, Әйтеке биді 1710 жылы үш жүздің Қарақұмдағы бас қосуынан бір жыл бұрын дүние
салған деп жорамалдайды [17]. Біз қарастырған Қазанғаптың «Тӛле бидің тарихы»
дастанында, Әйтеке бидің XVIIІ ғ. 20-шы жылдарының аяғында болған Сазтӛбедегі үш жүз
ӛкілдер қатынасқан жиында болмағандығы айтылады [5, 340 б.]. Қалай болғанда да, Кіші жүз
Ресейге қосылған кезеңде Әйтекенің дүниеде болмағандығы айқын. Ауызша тарих айту
дәстүрі туындыларындағы аз ғана мәліметтер оның ӛте ділмар, шешен кісі болғандығы
туралы мәлімет береді.
Сол кездегі қазақ қоғамында зор саяси рӛл атқарған үш би тек сот ісіне билік жүргізіп
қоймай, ел басқару ісіне араласып, басқа мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас
жасап, елшілікте қызмет атқарғандығын дастандағы мысалдан кӛрдік. Әсіресе, Тӛле би ел
бірлігін сақтап, қазақ қоғамын, халқын біріктіруге тырысқан үлкен тұлға. Жолбарыс хан
қайтыс болғаннан кейін, ол кісінің Ұлы жүзге хан орнына билік жүргізгені де белгілі.
Сондықтан болар халық арасында «Толық билікке Тӛле жеткен, толық хандыққа Есім хан
жеткен» деген мақалдың сақталғаны.
XVIIІ ғ. қазақ қоғамындағы билердің барлығы үш бидің дәрежесіне жетті деп айтуға
болмайды. Тарихи дастанда да бұл туралы:
Басқа би мен Тӛле би,
Аспан мен жердей арасы
Қазақта сансыз кӛп билер,
Үш биден бӛлек үш жүздің.
Жеткен жоқ түгел шамасы- делінген [5, 256-257 бб.].
М.Бижанов та, мақаласында билердің ӛз ішінде бірнеше сатыға бӛлінгендігін кӛрсетеді
[10, 164 б.]. Орта деңгейдегі билер болған. Олар бірнеше ру кіретін елдің сот, әкімшілік
мәселелерімен айналысқан. Бұл елді билеген сұлтандар олармен үнемі кездесіп отырған. Бұл
туралы тарихи жырдан мысал келтіруге болады. «Бӛгенбай батыр» жырында, Бӛгенбай
батырдың елінде бір жылы қуаңшылық болып, жігіттері оның сан мың жылқысына қоныс
іздеп кетеді. Абақ еліне таяу жерден малға қолайлы жаңа қоныс табады. Абақ елін билеген
Сәдір тӛре жақын кӛп жылқыны кӛріп, шаппақ болып, сол елдің биі Құнан бимен
ақылдасқандығы айтылады. Бұл жырда былай айтылады:
Ел жиып Сәдір тӛре шаппақ болды,
Жылқыны қыстауында жатқан кӛре.
Құнанға барып тӛре ақылдасты,
Жинаған жауға лайық ылғи жасты.
Құнан би тӛренің бұл ойына қарсы болды.
Келген қонақ шабылған емес мақұл,
Қонаққа келіп жатып залал қылма [18, 5 б.]-деп Сәдір Тӛренің пиғылына
қарсы шығады. Сӛйтіп, Құнан би сӛзінен аса алмаған Сәдір тӛре ӛз ойын жүзеге асыра
алмайды. Бұл мысалдан, қазақ қоғамында бидің беделінің жоғары болғандығы сұлтандардың
ӛзі олармен кеңесіп, олардың сӛзіне құлақ салуға мәжбүр болғандығын кӛреміз. Тек ру
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті
Хабаршы №2 (44), 2013 ж.
95
ішіндегі мәселелермен ғана айналысқан билер тобы да болған. Мысалы, «Арқалық батыр»
жырында, Арқалық батыр қалмақ тұтқынынан қашып келіп, тығылып жатқанда Ботақара елі
жиылып кеңес құрып, Арқалықтың тағдырына байланысты мәселені шешпекші болады.
Сонда ру басы: - «Байметей мен барайын, біреуің ер»,-деді - ақыл екі биден біз сұралық-деп
ұсыныс жасап, билерден ақыл сұрауға аттанады [19, 273 б.]. Екі би – дегендері Керейдің
ішіне кіретін Ботақара мен Қарақас руларының билері болса керек. Бұл мысал, би қызметін
қарапайым ру мүшелері, ру басшыларының да пайдаланғандығын кӛрсетеді.
Тарихи дастан мен жырдағы мәліметтер, билер институтының ханнан бастап,
қарапайым халыққа дейін жүгінетін, қазақ қоғамындағы кеңесші орган қызметін
атқарғандығын дәлелдейді.
Билердің сот қызметіне тоқталсақ, бұл туралы мәліметтер жыр мен дастанда аздау.
«Тӛле бидің тарихы» дастанында жеті жарғы жобасына байланысты, билердің мынадай
мәселелерді шешумен айналысқандығы айтылады. Жер дауы, рудың меншігіндегі қонысына
байланысты, ұрлық-қарлық, барымтаға байланысты туған дауларды қараған. Құн дауы, жесір
дауымен айналысқан [5, 292-293 бб.]. Ең негізгілері осылар еді. «Тӛле бидің» тарихында
Тӛленің бала кезінде әкесімен бірге бірнеше дауды шешіп, атағы шыққандығы айтылады,
бұл даулардың кӛпшілігінің мал дауы екендігін байқаймыз. Қазақтардың негізгі кәсібі мал
шаруашылығы болғандықтан болар.
Тӛленің осындай бір дауды әділ шешкендігі кӛрсетілген. Дастандағы осы мәліметті
пайдаланып, билердің даулы мәселелерді қалай шешкендігін кӛруімізге болады. Әрине, әр
бидің ӛзінің тәсілі болған. Тӛле бидің әкесі Әлібекке екі топ адам келіп, бір тайлақты
даулайды. Екі жағы да інгендерін алып келіп, тайлақты соның баласы деп дәлелдеуге
тырысады. Әкесі тайлақты куәсі кӛп жағына береді. Тӛле мал бағып, үйіне келе жатып,
дауласқандардың екінші тобына қарсы кездесіп, олардың әкесінің билігіне риза болмай бара
жатқандығын байқайды. Үйіне келіп, әкесі дауласқандарды қайта шақырып алыңыз - дейді.
Олар келгеннен кейін Тӛле би былай дейді:
Дауекер екі адамдар,
Екі жота басына
Екі інгенді алып бар.
Екі–екіден бұйдадан,
Ұстап тұрған үш-тӛрт шал.
Ӛз қасымнан ұзатпай
Тайлақты мұнда алып қал.
Олар барып тұрған соң,
Тайлақтың деді санына
Қыл шылбырмен бұрау сал.
Сол кезде тайлақ шыңғырады. Куәсі кӛп жақтың інгені түк етпей тұра береді.
Айырылып қалған аз жақтың інгені боздап күңіренеді. Сӛйтіп, бұйдасын жұлып, тайлаққа
қарай жүгіреді. Тайлақ кімдікі екендігіне жұрттың кӛзі анық жетеді. «Әділ би сұрауын тапса,
аюы куәлік береді» деген нақыл сӛз осыдан пайда болған екен дейді [5, 292 б.].
Бұл эпизодтан, билердің даулы мәселелерді үнемі әділ шеше алмағандығын да кӛреміз.
Оның себебі әр түрлі еді: кейде қабілеті жетпеген, мүмкіндігі аз болған, кейде ӛз мүддесін,
пайдасын ойлап әдейі бұрмалаған. Бірақ, әділ айтатын қара қылды қақ жарған, тапқыр,
шешен билердің атағы бүкіл қазақ даласына жайылып, олардың мәртебесі жоғары
болғандығы айдан анық. Ондай билер туралы мәліметтер ауыздан-ауызға таралып, бүгінгі
күнге дейін жеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |