Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата03.01.2017
өлшемі1,3 Mb.
#1066
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Шпенглер О. «Закат Европы». 1 Т. М.,- 1993.,- с. 264. 
2. Шпенглер О. «Закат Европы». 1 Т. М.,- 1993.,- с. 155.  
3. «Полис»,- 1994,- №1., с. 5-7. 
4. «Ислам және ӛркениет», - 2013,- №2., 10-11бб.   
5. «Ислам және ӛркениет», - 2013,- №2., 12 б.   
 
РЕЗЮМЕ  
В данной статье рассматриваются исторические, политические настроения Исламской 
цивилизации  в  контексте  центральной  Азии  и  Казахстана.  В  обществе  где  основная  масса 
людей  состоит  из  мусульман  социально-экономическое  положение  впрямую  зависит  от 
религии.  Потому  что  религия  как  главный  моральный  потенциал  и  облик  нации  и  этносов 
играет важнейшую роль в обществе. В географической пространстве исламская цивилизация 
функционирует интеграционную роль, жители придерживающие ислам понимают ценность, 
роль, функции данной религии.  
 
SUMMARY 
This  article  examines  the  historical,  political  sentiments  of  the  Islamic  civilization  in  the 
context of Central Asia and Kazakhstan. This article examines the historical, political sentiments of 
the  Islamic  civilization  in  the  context  of  Central  Asia  and  Kazakhstan.  In  a  society  where  the 
majority of people is  made up of Muslim socio-economic status  is directly  dependent  on religion. 
Because religion as a major moral capacity and shape nations and ethnic groups played a vital role 
in  society.  In  the  geographical  area  of  Islamic  civilization  functioning  integrative  role,  the  people 
understand the value adheres to Islam, the role of the functions of religion. 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
112 
ӘОЖ 9(с) 55 А 33 
 
Л.Н.ГУМИЛЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАР  
ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
 
 
Акилбекова С.Е. – 
магистрант 
Қазақстан, Алматы қ.,  
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті 
 
Аннотация: Бұл мақалада Л.Н.Гумилев еңбектеріндегі қазақ жерінде мекен еткен сақ, 
ғұн  жалпы  түрік  тайпаларының  тұрмыс-тіршілігі,  ӛмір  салты,  мекен  еткен  жерлері  оның 
тарихи  маңызы,  ғалым  еңбектеріндегі  осы  мәселеге  байланысты  кӛлемді  зерттеулерінің 
нәтижелері, оның бүгінгі тарихтағы маңызы қарастырылған. 
Сонымен  бірге,  Л.Н.Гумилевтің  еуразияшылдығы  мен  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  -  Н.Ә.Назарбаевтың  еуразияшылдық  идеясының  ӛзара  үндес  болып  келуі,  ХХІ 
ғасыр  дамуына  жауап  бере  алатын  қазіргі  еуразиялық  ілімнің  Қазақстандағы  Еуразия 
халықтары бірлігінің маңызы кӛрсетілген. 
Түйін  сөздер:  «ежелгі  түркілер»,  пассионарлық,  еуроцентристік,  еуразиялық, 
полицентризм, «татар-моңғол езгісі», еуразияшылдық.  
Еуразия  идеясымен  тарихи  сананы  қайта  жаңғыртқан  орыс  ғалымы  Лев  Николаевич 
Гумилев  (1912-1992  жж.)  –  ХХ  ғасырдың  кӛрнекті  ғалымы.  Ӛткен  жылы-ақ  аса  кӛрнекті 
тарихшы,  түркітанушы,  географ,  этнограф  Л.Н.Гумилевтің  100  жылдық  мерейтойы 
Қазақстанда, таяу шетелдерде атап ӛтілген болатын. Оның Еуразия аймағы мемлекеттерінің, 
халықтарының, мәдениеті мен тілінің тарихы туралы, түркі және славян, Азия және Еуропа 
халықтарының  тарихы  жӛніндегі  еңбектерінің  адамзат  тарихындағы  ролі  орасан  зор.  Бұл 
жағынан  алғанда,  Л.Н.Гумилев  тек  еуразияшыл  ғана  емес,  сонымен  қатар,  ең  алдымен, 
түркология  мен  славистиканы  жақындастырған  шығыстану  мен  ресейтанудың  арасындағы 
ғылыми шыңды бағындырған еуразиятанушы-зерттеуші десек те болады [1]. 
Осы  орайда  Л.Н.Гумилев  әлем  мен  түркі  жұрты  үшін  кім  деген  сұрақ  туындайды? 
Біріншіден,  әрине,  ол  кеңестік  идеологияландырылған  «ғылым»  үшін,  ұдайы  «күдіктілер» 
қатарында болған ғалым. Екіншіден, шартты атауға ие түркіге дейінгі, түркіден кейінгі тарих 
қатпарларын  қай  тұрғыдан  зерттеуге  болатынын  айқындап,  ӛзі  сол  бағыт-тақырыптарды 
батыл  қарастырған  зерттеуші.  Үшіншіден,  ол  дерек-дәйек  жетегіндегі  кӛп  ғалымның  бірі 
болмай,  «пассионарлық  теория»  (жеке  тұлға  мен  ұлттың  ішкі  серпілісінен  туындайтын 
сапалы  ӛзгерістерге  байланысты  құбылыс)  секілді  адамзат  дамуының  тамыр  бүлкілін 
әдіснамалық  тұрғыдан  сараптай  алған  ғұлама  [1].  Тӛртіншіден,  Ресей  мен  Батыста  әбден 
жайылып,  тамырлап  кеткен,  адамзат  тарихындағы  еуроцентристік  кӛзқарасты  қиратып, 
тарихшылар  назарын  мүлдем  басқа  салаға  –  бұрын  адамзаттың  «арамтамағы»  аталынған 
кӛшпелілер  тақырыбына  аударды.  Тек  аударып  қана  қоймай,  дүниенің  тӛрт  жағын  бірдей 
жайлаған  жер  кіндігі  Орта  Азия,  одан  қалды  Византия,  Персияны,  Үндімен,  Қытаймен 
қосатын, шын мәнінде Шығыс пен Батыс тоғысатын түркі әлеміне тәнті болды. Ол әлемнің 
Еуропа  мен  Шығыстың  ӛмір  салтымен  бәсеке  болуға  мүмкіндігі  бар-ды.  Барша  мемлекетті 
«Ел»  деп  атаған,  баспалдақты-бағынышты  жүйе  жасаған,  шен-шекпенді  билеуші  топқа 
орынды кигізген, әскери тәртіппен, дипломатия арқылы Түрік Еліне баршаны игізген, ӛмірге 
деген кӛзқарас арқылы ӛмір салтын әлемге білгізген Ұлы империя Гумилевтің пассионарлық 
теориясына негіз бола алды. 
Л.Н.Гумилев қаламынан туған «Ежелгі түркілер», «Ежелгі Русь және Ұлы дала», «Қиял 
патшалығын  іздеу»,  «Каспий  айналасындағы  мыңжылдық»,  «Ғұн  халқының  тарихы», 
«Ежелгі Тибет», «Хазарияны ашу», «Жердің этногенезі мен биосферасы», «Русьтен Ресейге 
дейін»,  «Қытайдағы  ғұндар»,  т.б.  зерттеулерден  бастап  «Қысқы  ертегі»,  «Күзгі  ертегі» 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
113 
кӛркем  шығармаларына  дейін  жоқ  іздеген  ізгі  ниетті  білімдардың  арманы,  кӛңіл-күйі, 
парасаты, тұжырымы аңғарылады. Солардың ішінде, әлбетте, бізге жақыны – ғұн, түркі, дала 
тарихы мен тағдырына қатысты жазғандары.  Бұл ретте түркітанушы Еуразияның шексіз де 
шетсіз даласына басылған мӛрдей із қалдырған кӛшпелі халықтардың адамзат тарихындағы 
орнына әділ баға беруге жұмылады [2].  
Л.Н.Гумилев  «Кӛшпенділер мәдениеті  ӛзінің 3000 жылдық ғұмырында Жерорта теңізі 
мен  Қиыр  Шығыс  елдеріне  қарағанда  творчестволық  эволюцияны  бастан  ӛткерді»  деп 
санайды [3]. Еуразия сахарасындағы бұл кӛшпенділер ӛркениетін б.з.д. XI ғасырдан бастап, 
б.з. XVIII ғасырына дейін жеткізеді.  
Кӛшпелілер ӛркениеті  – ӛзіндік қайталанбас ерекшелігі бар дербес әлем. Ол  – шығыс 
ӛркениетіне  де,  еуропалық  ӛркениетке  де  ұқсамайтын  дара  құбылыс.  «Кӛшпелілік»  тарихи 
құбылыс  ретінде  әлемдік  тарихтан  ӛзіндік  орнын  алғаны  даусыз.  Әдетте,  бұл  ұғым  қазақ 
тарихының  арғы  бастауларымен  астасып,  әрі  мақтаныш,  әрі  толғаныс  сезімін  тудыратыны 
белгілі. 
Осы  тұрғыда  тарихи  санада  «Ұлы  даланы»  қайта  жаңғыртқан  санаулы  ғалымдардың 
бірі  –  Лев  Николаевич  Гумилев  деп  айтуға  толық  негіз  бар.  Қайта  жаңғыртты  деуіміздің 
себебі,  бұл  тарихи  құбылыс  кеңестік  дәуірдің  идеологиялық  талаптарына  сәйкес  зерттеу 
орбитасынан шығып қалуына байланысты соңғы кезеңдерге дейін ӛзінің объективті бағасын 
ала алмай келді. Зерттеу нысанына айналғанның ӛзінде кӛшпеліліктің әлемдік ӛркениеттегі 
орны мен рӛлі  біржақты түсіндірілгені  белгілі. Кеңестік таптаурын  кезеңдегі  идеологиялық 
қысымға қарамастан Л.Н.Гумилев кӛшпелі  халықтардың тарихы, мемлекеттілігі,  этникалық 
тегі,  мәдениеті  туралы  кешенді  зерттеулерін  ғылыми-мәдени  қауымға  ұсынды.  Ол  дәл 
уақытында  халық  арғы  тарихқа  шӛліркеген  сәтте  «ұлы  дала»  терминін  ғылыми  айналымға 
қайта енгізді. Ӛйткені, тарихи кӛшпелілік пен «Ұлы дала» ұғымдары – бір бірін ӛзара толық-
тырып,  сабақтасып  тұратын  егіз  түсініктер  болатын.  Ұлан-ғайыр  аумақты  алып  жатқан 
далалық белдеудің ұлылығы неде еді? Далалық аймақты мекендеген кӛшпелі халықтар тарих 
пен ӛркениеттің кӛшінен қалып қойды деп есептеген еуроцентристік тұжырым үстем болып 
тұрғанда,  байырғы  ғұн,  түркі  ұрпағының  ӛңір  мен  әлемдегі  елеулі  мәртебесін  Лев  Гумилев 
неден байқады?  
Әйгілі ғалымның тұжырымы бойынша, кез келген халықтың тарихы оны қоршаған орта 
тарихымен  бірлікте  зерттелуі  тиіс.  Яғни,  кӛшпелі  халықтардың  ӛзіндік  ерекшелігі  олардың 
ӛміріне негіз болған  далалық  ландшафт арқылы сақталып қалды. Адамдар даланың ӛсімдік 
және жануарлар әлемінің құрамдас бір бӛлігі ретінде біте қайнасып кеткен [4]. «Сондықтан 
да  егіншілікпен  айналысатын  халықтардың  ӛркениетіне  қатысты  зерттеулермен 
салыстырғанда,  кӛшпелі  халықтардың  тарихын  байыптау  барысында  Орталық  Азияның 
табиғи жағдайына кӛбірек кӛңіл бӛлуге тура келеді», - деп ой түйіндейді. Л.Н.Гумилев ұшы-
қиыры жоқ, жазы ыстық, қысы суық қатаң континентальді климаттық ерекшелігі бар даланы 
жадағай  һәм  дәлелсіз  «ұлы»  демейді,  керісінше,  салыстырмалы  түрде  тұрмыс-тіршілік  пен 
шаруашылыққа  қолайсыздау  табиғи  ортамен  үйлесімді  ӛмір  сүрген,  сол  даламен  жарасқан, 
қайталанбас  далалық  ӛркениет  пен  мемлекеттілігін  қалыптастырған  кӛшпелі  халықтардың 
елдік  парасат-пайымын  ғылыми  жүйеде  дәлелдей  алды.  Түркітанушы-ғалым  «Ұлы  дала» 
құндылығын  дәлелдеу  үшін  ең  алдымен,  «кӛшпелі  халықтар  ӛзіндік  мәдениетін,  мем-
лекеттілігі  мен  тарихын  қалыптастыра  алмады»  деген  еуроцентристік  тұжырымға  ашық 
қарсы шықты. Бұл ол кезде ашық күнде ойнаған найзағайдай құбылыс еді. 
Мәселен,  Лев  Гумилев  «Қытайдағы  ғұндар»  («Хунну  в  Китае»)  атты  еңбегінде:  «XIX 
ғасыр  бізге  дамыған  ӛркениетті  тек  отырықшы  халықтар  жасады,  ал  Орталық  Азияны 
тоқырау немесе тағылық, жабайылық жайлап жатты», деген тұжырымды мұра етіп қалдыр-
ды.  Бұл  тұжырымның  сорақылығы  оның  қате  екендігінде  ғана  емес,  оны  сынауға  да 
жарамайтын ғылыми жетістік ретінде ұсынылуында еді», - деп жазады. Бұл пікірін сабақтай 
келе,  ол  тӛмендегідей  ой  түйіндейді:  «Оларды  ойлануға  мәжбүр  ету  үшін  күшті,  дау 
тудырмайтын  әрі  кӛрнекті  уәж  керек  еді.  Ондай  уәжге  Алтай  мен  моңғол  қорғандарынан 

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
114 
табылған  қолӛнер  бұйымдары  ұсынылды.  Ол  бұйымдардан  қытай,  иран  немесе  эллиндік 
ӛнердің нұсқаларын іздеу ешбір нәтиже бермеді. Біздің заманымызға дейінгі  
I  мыңжылдықтағы  кӛшпенділер  мәдениеті  ӛзіндік  ерекшеліктерге  ие  болды.  Бұл  мәдениет 
еуропалық,  үнділік  немесе  қытайлық  мәдениеттер  секілді  ӛрлеу  мен  құлдырауды  басынан 
ӛткерді,  яғни  қайсыбір  еуропалық  ғалымдардың  болжағанындай  тоқырауда  емес,  даму 
үстінде болды» [5].  
Орталық  Азия  кӛшпелілері  Қытай,  Иран  сияқты  елдердің  мәдениетіне  мүлде 
ұқсамайтын,  ӛзіндік  мәдени  құндылықтар  қалыптастырғаны  және  ғұн,  түрік,  моңғол 
тайпаларының мал шаруашылығына негізделген тұрақты ӛмір салтын, техникасы мен рухани 
мұрасын,  мемлекеттілігін  қалыптастырғаны  белгілі.  Бірақ  та  үнемі  қытай  халқымен  тығыз 
қарым-қатынаста  болған  кӛшпелілер  олардың  не  жазуын,  не  әлеуметтік  институттарын,  не 
әдет-ғұрыптары  мен  салт-дәстүрлерін  қабылдамай,  ӛзіндік  ерекшеліктерін  сақтап  қалды. 
Л.Н.Гумилев  кӛшпелілердің  этнографиялық  ӛзіндік  ерекшеліктерінің  сақталып  қалуы,  ең 
алдымен,  олардың  далалық  ландшафтқа  бейімделген  шаруашылық  жүргізу  әдісіне 
байланысты  болғанын  атап  кӛрсетеді.  Мұны  ол  кӛшпелілер  ӛркениетінің  белгісі  ретінде 
негіздеп  айқындады.  Л.Н.Гумилев  барлық  дерлік  ғылыми-танымдық  еңбектерінде  кӛшпелі 
халықтардың  тӛлтума  мәдениеті  мен  мемлекеттілігі  болды  деген  тұжырымды  дәлелдеп 
отырады.  «Каспий  айналасындағы  мыңжылдық»  («Тысячелетие  вокруг  Каспия»)  атты 
еңбегінде авторлық кӛзқарасын дәлелдей келе: «Еуразияның далалық халықтары – Русь пен 
Тұран рыцарлық Еуропадан, ойшыл Үндістаннан және білімді Қытайдан ешбір кем түспей-
тін  ӛзіндік  мәдениетке,  ерлік  пен  сенімділік  дәстүріне  ие  болған  еді.  Кӛшпелі  түркілердің 
«тағылығы»,  шығыс  славяндардың  «артта  қалғандығы»  туралы  әңгімелер  крест  жорығы 
дәуіріндегі  дипломаттардың  ойдан  шығарған  және  ХХ  ғасырға  дейін  жалғасып  келген 
жалған жаласы», деп жазды [6].  
Сонымен  бірге,  жаңашыл  ғалым  «Ежелгі  түркілер»  атты  іргелі  зерттеу  еңбегінде: 
«Түркі  халықтары  ӛз  мәдениетін  Қытай,  Иран,  Византия  және  Үнді  мәдениетіне  қарсы  қоя 
алды»,  деп  ғылыми  мәселені  жаңа  арнаға  бұрды.  Осы  орайда  ол:  «Осынау  ерекше  дала 
мәдениетінің терең тамыры мен ежелгі дәстүрі бар, алайда отырықшы елдердің мәдениетіне 
қарағанда елеусіз, ескерусіз қалды», - деп ресми тарихтың біржақтылығын түзетуді нұсқады 
[7].  
Еуроцентристік теорияның негізсіздігін ғылыми тұрғыда дәлелдеген Лев Гумилев оған 
қарсы еуразиялық полицентризм тұжырымдамасын ұсынды. Еуразиялық полицентризм әлем 
орталықтарының кӛп екендігін айқындайды. Еуропа – әлем орталығы, бірақ Палестина да – 
әлем  орталығы.  Иберия  мен  Қытай  да  сол  сияқты  орталықтар.  Яғни,  ондай  орталықтар 
кӛптеп саналады. Ғалым ӛркениет дамуына адамзат тұтас қатысқанын жүйелі жеткізеді. Сол 
Л.Н.Гумилев  айтқан  еуразиялық  полицентризм  тұжырымдамасына  тереңірек  зер  салатын 
болсақ, Ұлы дала соның нақ ортасында тұрғанын айқын аңғарамыз. Ғалым ғұн, түркі тұқымы 
табиғатпен  үйлесімділікте  мекендеген  даланың  тарихи  мәртебесін  дәлелдеу  үшін  кӛшпелі 
халықтар  мемлекеттілігінің  пайда  болуы  мен  дамуына  терең  талдау  жасады.  Ол  бұл  ретте 
мемлекеттілік пен елдік туралы зерттеулерін кешенді түрде ӛркениеттік ӛлшемдер теориясы 
негізінде жүзеге асырды. Археологиялық, жазба, тарихи-мәдени, этнологиялық және тарихи-
географиялық  деректерді  жан-жақты  талдау  аясында  Л.Н.Гумилев  кӛшпелі  халықтарда 
мемлекеттіліктің берік негізі болғандығын дәлелдеді. Түркітанушы мемлекеттіліктің қалып-
тасуы  мен  дамуы  мәселелерін  негізінен  ғұндар  мен  түркілердің  этносаяси  тарихы  тұр-
ғысынан зерттеп-зерделеді. 
«Ғұн  халқының  тарихы»  («История  народа  хунну»)  атты  еңбегінде  ғалым:  «Біз  мына 
мәселенің  мәнісін  түсінгіміз  келеді:  қалайша  саны  аз  кӛшпелі  халық  толық  жеңіліп, 
жойылғанға  дейін  бірнеше  ғасыр  бойы  ӛзіндік  ерекшелігі  мен  тәуелсіздігін  сақтап  қалуға 
мүмкіндік берген елдік ұйысуы мен мәдениетін қалыптастырды? Бұл халықтың күші неде еді 
және  неліктен  ол  сарқылды?  Кӛршілері  үшін  ғұндар  кім  еді  және  олар  ұрпақтарына  не 
қалдырды?  Біз  бұл  сұрақтардың  жауабын  таба  отырып,  адамзат  тарихында  ғұндардың 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
115 
алатын  орнын  дұрыс  айқындай  аламыз»,  деп  арғы  тарихымызды  зерттеудің  әдіснамасын 
байыптады [8].  
Кӛшпелілер  мемлекеттілігі  –  адамзат  тарихындағы  ӛзіндік  ерекше  даму  үдерісіне 
негізделген құбылыс. Біздің заманымызға дейінгі III ғасырдан бастап біздің заманның  
XIV  ғасырына  дейінгі  тарихи  дәуірде  Еуразияның  далалық  аймақтарында,  Ұлы  Қытай  қор-
ғанынан Каспий теңізіне дейін скиф-сақ, ғұн, моңғол сияқты кӛшпелі халықтар мен олардың 
үрім-бұтағы  негізін  салған  жиырмадан  астам  мемлекеттік  бірлестіктер  ӛмір  сүріпті.  Бұл 
бірлестіктердің  барлығы  мемлекеттілікке  тән  атрибуттары  бар  саяси  ұйым  ретінде, 
белгіленген  аумақтық  шекарасымен,  ерікті  немесе  тұрақты  әскери  күшімен,  ордасы  белгілі 
шаньюй, қаған немесе хан билік еткен айқын әскери әкімшілік бірлігімен, кӛршілес елдермен 
дипломатиялық байланыстары қалыптасқан елдік жүйе ретінде қалыптасып дамыды. Еуразия 
кеңістігіндегі  бұл  кӛшпелі  мемлекеттер  әлемдік  тарихи  үдерістерге  ықпал  етіп,  терең  із 
қалдырғаны тарихи шындық.  
Мәселен,  Сақ,  Ғұн,  Түркі  қағанаттары  мен  ортағасырлық  Қыпшақ,  Шыңғысхан 
империясының  әлемдік  ӛркениет  пен  мемлекеттер  тарихында  алар  орны  ерекше. 
Түркітанушы-ғалым,  этнограф,  географ  Л.Н.Гумилевтің  тарихшы  есебіндегі  үлкен  ғылыми 
миссиясы осындай түркінің арғы-бергі дүниесіндегі мемлекеттік, елдік құрылымдары туралы 
тұжырымдамалы ой-пікірді жүйелеуінде, талдауында, қорытындылауында дер едік. Сондай-
ақ әрқашан ізденіс үстінде жүрген ғалым Оңтүстік Сібірде, Моңғолияда және  Орта Азияда 
жүзеге  асырылған  археологиялық  зерттеулер  нәтижесі  жақын  уақытта  ежелгі  түркілердің 
ӛнері  туралы мол дерек беретінін де болжап жазып кетті.  Дегенмен, зерттеушіні  Ұлы Дала 
тұрғындарының  материалдық  мәдениетіне  қарағанда,  қоғамдық  болмысының  күрделі 
формалары мен әлеуметтік институттары, атап айтқанда, аймақтық-басқару жүйесі, шендер-
дің иерархиясы, әскери тәртібі, дипломатиясы, кӛрші елдердің идеологиялық жүйесіне қарсы 
қоя  алатын  айқын  дүниетанымының  болуы  қайран  қалдырғанын  байқаймыз.  Л.Н.Гумилев 
кӛзі  тірісінде  байырғы  Түркі  қағанатының  жалғасы  ретінде  Қазақ  еліне,  оның  даңқты 
перзенттеріне  аса  жанашырлықпен  қарағанын  білеміз.  Бұған  пассионарлық  тұрғыдан 
Кенесары хан туралы айтқан пайымы, Қазақстанның баянды болашағы жӛнінде айқындаған 
болжауы  дәлел  бола  алады.  Сонымен  бірге,  республикамыздан  арнайы  барып,  кездесіп 
тұрған Алан Медоев, Ақселеу Сейдімбек, Ғаділбек Шалахметов, т.б. тұлғаларға ақыл-кеңес 
бергені,  80-жылдары  Алматыға  арнайы  келіп,  жас  ізденуші-зерттеушілердің  алдында  дәріс 
оқығаны – айта аларлықтай факт [9].  
Бәрімізге белгілі, елорда Ақмолаға кӛшер алдында болашақ Астананың ғылыми-мәдени 
әлеуетін  қалыптастырып,  дамыту  үшін  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  бұрынғы  педагогика 
институты  мен  құрылыс  институты  негізінде  Еуразия  университетін  құру  туралы  арнайы 
Жарлық шығарды. Сонда Ұлт кӛшбасшысы Арқа тӛсіндегі айрықша бағыттағы оқу орнына 
Л.Н.Гумилев  атын  ұсынды.  Уақыт  бұл  шешімнің  салиқалы парасаттан  туындағанын  дәлел-
деді.  Қазір  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  әлемге  танымал  оқу  орны 
болып қалыптасып үлгерді.  
«Әрбір  халықтың  тарихы  мен  мәдениеті  қайталанбас  мәнге  ие,  сондықтан  ұлттарды 
мәдениетті немесе мәдениетсіз, дамыған немесе артта қалған деп бӛлудің ешбір негізі жоқ», 
деген  Л.Н.Гумилевтің  ғылыми  тұжырымы  бүгінгі  күні  тәуелсіздік  туралы  тегеурінді  ой-
лардың,  тұғырлы  істердің  тәуекелшілдігін  арттырды  дей  аламыз.  Сол  себептен  де 
Л.Н.Гумилев тұлғасы уақыт ӛткен сайын биіктей түсетіндігінде. 
Л.Н.Гумилевтың түбі бір түркі әлемі үшін тағы бір үлкен мұрасы – еуразия идеясының 
ғылыми негіздемесіне қомақты үлес қосуы. Ол ұлы дала мен кӛшпелілер әлемінің тарихын 
зерделеген,  белгілі  еуразияшыл  ғалым.  Оның  Еуразиялық  шығыстанушылығы  30-50-
жылдары  ресейлік  миграциядан  шыққан  еуразияшылдар  қызметімен  қатар,  бірақ  олардан 
тәуелсіз  түрде  дамыды.  Біз  Л.Н.Гумилевтің  шығармашылығының  мәнін  20-30-жылдардағы 
еуразияшылдардың мұрасынан жеке қарастыруға болмайды.  

Казахский государственный женский 
педагогический университет                                                                              Вестник №2 (44), 2013 г. 
 
116 
Еуразияшылдар  мен  Л.Н.Гумилевтің  мағыналы  байланысының  ақиқат  растамасы 
еуразияшылдықтың 
негізін 
қалаушылардың 
бірі 
ретінде 
Л.Н.Гумилевтің 
шығармашылығындағы  еуразияшыл  дәстүрді  қолдап,  оны  осы  жолға  салған 
П.Н.Савицкиймен  жазысқан  хаттары  мен  гумилевтік  тарихи  жұмыстардың  рухы  болып 
табылады. 1958 жылы  П.С.Савицкий Прагадан Л.Н.Гумилевқа былай хат жазған:  «Древние 
кочевники  являются  для  нас  великим  примером  того,  как  нужно  сражаться  и  побеждать, 
защищать  себя,  сохранять  свой  быт,  свой  жизненный  уклад,  свою  самобытность».  Ары 
қарай:  «До  самого  основания  обломить  Западу  рог  его  высокомерия  –  вот  задача  нашего 
времени. Наука о кочевниках может и должна этому служить...». Мұны П.С.Савицкий жеке 
хатында айтқан, сол себепті бұл сӛздерден ғылыми және адами жариялылық сезіледі. 
Лев  Николаевичтің  еуразияшылдығында  ӛзіндік  ерекшеліктің  де  бары  рас.  Оның 
Еуразияшылдық идеясы тарихын үш кезеңге бӛліп қарастыруға болатын сияқты. Біріншісі – 
Қазан  тӛңкерісіне  дейінгі  кезең.  Екіншісі  –  Қазан  тӛңкерісінен  кейінгі  Ресей  эмигранттары 
мұрындық  болған  кезең.  Үшіншісі  –  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  кезең.  Бұл  үш 
кезеңнің  ӛн  бойында  еуразияшылдық  идеяның  дем  берушілері  –  тарихшылар 
Г.В.Вернадский,  Л.П.Карсавин,  Л.Н.Гумилев,  құдайшыл  Г.Ф.Флоренский,  географ 
П.Н.Савицкий,  шығыстанушы  В.П.Никитин,  этнограф  Н.С.Трубецкой  сияқты  кӛрнекті 
тұлғалар болды [9]. 
Еуразияшылдық  идеяның бірінші  кезеңінде ұлы орысшылдық  пиғыл бел алып жатты. 
Батыс  пен  Шығыстың,  яғни  роман-германдар  мен  азиялықтардың  ортасындағы  Ресейдің 
айрықша рӛлі  болу керек деген идея күн тәртібіне қойылды. Еуразияшылдық  доктринаның 
постулаттарын  Г.В.Вернадский  былайша  айқын  тұжырымдады:  «азиялық»  және 
«еуропалық» Ресей арасында табиғи шекара жоқ. Демек, «еуропалық» немесе «азиялық» деп 
бӛлшектейтіндей  екі  Ресей  де  жоқ.  Тек,  «еуразиялық»  немесе  Ресей-Еуразия  деп  аталатын 
бір ғана Ресей бар» [10]. 
Еуразияшылдық  идеяның  екінші  кезеңінде  сол  алғашқы  ой-тұжырымдар  жаңаша 
серпінмен одан әрі жалғасты. Себебі, Ресей эмигранттары социалистік жүйенің ұстанымдары 
азиялық  тұрғындардың  ойынан  шығып,  одан  әрі  еуразияшылдық  идеяның  жүзеге  асуын 
жеделдетеді деп үміттенді. Жай үміттенген жоқ. Еуразия кеңістігінде Ресей ділінің үстемдік 
құруы  ашық  айтылып,  Ресейді  «айрықша  мәдени-тарихи  әлем»  деп  жариялай  бастады. 
Түптеп келгенде, мұндай пиғылдан социалистік Ресейдің де экспансиялық-ассимиляцияшыл 
үрдістері алшақ болмайтын. 
Үшінші  кезеңде  еуразияшыл  идеяның  кӛңіл  қалауынан  гӛрі,  нақтылы  тарихи  ситуа-
циялармен  кӛбірек  санасқанын  аңғаруға  болады.  Яғни,  әлемдік  бәсекелестікте  Еуразия 
халықтары  ӛздерін  мүдделестер,  тағдырластар  ретінде  сезініп,  әлеуметтік-экономикалық 
және  саяси-мәдени  одақтастықты  еуразияшылдықтың  ӛзекті  постулатына  айналдыра 
бастады.  
Бұл мәселеде Л.Н.Гумилев тарихи қисындарды кӛлденең тарту арқылы кӛзге түсті. Ол 
Еуразия ойкуменін тарихи тағдыры біртұтас, әлемнің алтыдан бір бӛлігі ретінде қарастырды. 
Бұл ретте, Лев Николаевич Ресей тарихындағы Ұлы Дала  рӛлін мүлде жаңаша парықтады. 
Атап  айтқанда,  орыс  тарихында  бел  алып  жататын  «татар-моңғол  езгісі»  деген  идеядан 
бірінші болып бас тартты. Ол үшін Ресей деген Моңғол ұлысынан кейінгі біртұтас Еуразия 
империясының  православтық  вариациясы  еді.  Мұндай  идея  ӛзінен-ӛзі  Ресейдің  тарих 
сахнасына шығуындағы Еуразия кӛшпелілерінің рӛлі деген екінші идеяны дүниеге келтірді. 
Міне, еуразияшылдық мәселесінде Лев Николаевич осындай идея арқылы ӛзін ұшқыр, ойлы 
ғалым  ретінде  әйгілей  алды.  Ол  бұрынғы  саяси-идеологиялық   еуразияшылдықты  дәлелді 
тұжырымдамасы  бар  ғылымға  айналдыра  білді.  Әрине,  осындай  ой-идеяларына  қатысты 
болар, қазақстандықтар Лев Николаевич Гумилевті айрықша құрмет тұтады. 
1992  жылы  берген  соңғы  сұхбатында  Л.Н.Гумилев  ӛзінің  ғылыми  биографиясының 
қорытындысын былай шығарады: «Смысл моей жизни отчасти был в том, чтобы восславить 
и воздать должное кочевым народам Евразии, которых я искренне полюбил» [11]. 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                    
Хабаршы №2 (44), 2013 ж. 
 
 
117 
Л.Н.Гумилевтің  мұрасы  саяси,  халықаралық  мәндегі  кӛкейкесті  мәселе,  себебі  ол-
жаһандану  мен  аймақтық  интеграциялану  негізіндегі  мемлекетаралық  және  этносаралық 
қарым-қатынас  тұжырымдамасы  ретінде  еуразияшылдықтың  ғылыми-тарихи  негіздемесі. 
Осы орайда Л.Н.Гумилевтің еуразияшылдығы мен Қазақстан Республикасының Президенті - 
Н.Ә.Назарбаевтың  еуразияшылдық  идеясы  ӛзара  үндес  болып  келеді.  ХХІ  ғасыр  дамуына 
жауап  бере  алатын  қазіргі  еуразиялық  ілімнің  негізін  салушылардың  да  бірі  мемлекет 
басшысы,  сонымен  қатар  ол  Қазақстанның  ұлттық  ӛрлеуінің  және  еуразия  идеясының 
қолдаушысы.  Қазақстан  үшін  Елбасының  Еуразия  халықтарының  бірлігі  контексіндегі 
түркілер мен славяндардың ӛзара қарым-қатынасы мәселесі бойынша, түркі-монғол әлемінің 
тарихын тану бойынша жұмыс істегені аса маңызды болып табылады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет