Сақ Қайрат Өмірбайұлы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата03.01.2017
өлшемі254,96 Kb.
#1068
1   2   3

 

үрейі  ұшып,  берекесі 

қашып тұрған жұртқа қара жұмысқа алу жөніндегі жарлықтың келіп шүйлігуі 

жағдайды тіпті ушықтыра түскенін айтпаса да



 

түсінікті. Осындай қысқа күнде 

қырық  түрлі  хабар  тарап,  елді  сеңдей  сапырыстырған  уақытта  көзсіз 

көбелектей отқа  ұмтылған жұртты  тыныштандырып,  сабырлылыққа  шақыру 

қалайша «өз ұлтын сатқандық» болып шығады? «Малым - жанымның, жаным 

-  арымның  садақасы»  деп



 

білетін  халық  үшін  әсіресе  ауыр  тигені  қара 

жұмысқа  алады  деген  сөз  болды.  Газеттің  жоғарыдағы  188-санындағы  бас 

мақалада  бұл  жайлы,  оның  ел  намысына  тиетіндігі  туралы  былайша  ашық 

жазылады: «мынадай қырғын соғыста мал шығынынан тартынбай, әскерлікке 

алам  десе  де,  ақылдасып  барудан  тайынбастай  болып  жүрген  қазақ  халқы 

бүгін қара жұмысқа алатын жарлық шыққанға дағдарып, таңырқап қалдық.  

______________________________ 

Дулатов М. Он алтының ойраны //Еңбекші қазақ, 1926, 145. 



Бекхожин Х. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі (1860-1958) – Алматы: Мектеп, 1981, 51-б. 

Қазақ  секілді  іргелі  жұрт  өзгелер  қатарында  соғыс  майданында  қару-

жарақ  асынып,  мемлекет  қорғауға  лайық  еді,  қатарда  жоқ  қара  жұмысқа 

байлануды кемшілік санаймыз». 

Мұнда өздерінің үш жыл бойғы жазып келген әскер тақырыбындағы  

қыруар еңбектерінің еш болғандығына наразылықтарын білдірумен қатар, ел 

намысын  жерге  таптағанмен  бірдей  екендігін  айтып,  айыптау  бар.  Алайда 

құрығы  ұзын  патша  әміріне  қарсы  шығып,  опа  табар  жол  жоқ.  Өйткені 

«қашып  жан  сақтауға  болмайды.  Қысқа  ақылмен  қашатын  жігіт  болса,  елде 

бүліншілік  болады.  Бұл  күнде  соғыс  уақыты,  тәртіп  қатты,  қашқындардың 

артынан  қуғыншы  отряд  шығып,  елді  һәм  артында  қалған  әке-шешесін, 

қатын-баласын  шулатқаннан,  шаруасын  күйзелткеннен  басқа  өнер  нәрсе 

жоқ».  Осы  себептен  де  патша  жарлығын  орындамасқа  амалымыз  қалмайды 

деген  қалың  қазақ  еліне  түсіндіру  шаралары  бар.  Соны  көпшілік  қауымға 

жеткізуді ел ақсақалдары мен жұрт жақсыларынан өтінген тілектері берілген. 

Мақала соңында автор: «Жұрт қара жұмысқа алғанын кемшілік көреді 

екен,  олай  болса  жарлықты  орнына  келтіріп,  адамын  жұмысқа  жіберіп 

отырып,  ал  жарлығыңды  орындадық,  бірақ  бізге  бұл  лайық  емес  еді,  бізді 

теңгеріп  әскерлік  қызметіне  ал  деп  сұрағаны  оң  болады.  Жаяу  солдат 

боламыз  дей  ме,  атты  казак  боламыз  дей  ме,  ол  еркі  халықтың  өзінде.  Бұл 

туралы  біздің  пікіріміз  халыққа  белгілі»,  -  деп  әлі  де  болса,  үмітті  үзуге 

болмайтындығын  ауызға  алып,  үркіп  тулаған  ел-жұртты  тыныштандырғысы 

келеді. Сеңдей сапырылысқан халқына басу айтып, ақылға шақырады. «Қазақ 

қаламгерлері патшаның сөзін сөйлеп, сойылын соқты» дегендей айыптаулар 

осыдан  шығарылып,  айтылып  келген  болса  керек.  Ол  әділеттік  болып 

шықпайды. 

«Қазақ»  газеті  қаламгерлерінің  1916  жылғы  қанды  оқиғалар  кезіндегі 

атқарған  қызметтерін  төртке  бөліп  қарастырған  жөн.  Олар:  1.  Патшалық 

әкімшіліктің  бұйрық-жарлықтарынан  туындайтын  құйтырқы  саясатын  елге 

талдап  түсіндіріп  отыру;  2.  Ел  ішінде  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізіп, 

халықтың  бас  амандығы  жолында  күресу;  3.  Жігіттерді  қара  жұмысқа  алу 

кезінде  жіберілген  кемшіліктерді,  яғни  қара  басының  пайдасын  халық 

қамынан  жоғары  қойған  «ел  пысықтарын»  әшкерелеп,  сынап-мінеу;  4. 

Майдан  шебіне  алынған  жұмыскерлердің  күйін  күйттеп,  қам-қаракетін  жеу, 

олардың  арасында  болып,  керек-жарағын  түгендесіп,  хал-жағдайларын 

жариялаи тұру. 

Апталық  тігіңділерін  ақтарып  отырып,  басылым  басқармасының  осы 

талап-міндеттер  үдесінен  шыға  алғандығына  көз  жеткізу  көп  қиындық 

келтіре  қоймайды.  Алдымен,  жоғары  билік  орындарының  бұйрық-

жарлықтарын қандай мақсатта жариялап отырды деген сауалға жауап іздесек, 

оның  өзіңдік  мән-мағынасы  да  жоқ  еместігін  байқауға  болады.  Бөл  арқылы 

патша  жарлығының  қатаң  екендігін,  оның  жолында  әкімшілік  ештеңеден 

тайынбайтындығын танытуға мүмкіншілік туғае еді. Бір ғана мысал, газеттің 

1916 жылғы 207-нөміріңде «Торғай облысы Ырғыз һәм Торғай уездерінің бас 

хакімінің  бұйрығы»  деген  жарияланымды  алып  қарайық.  Мұнда  үкім  қысқа 



да нұсқа: бітірудің ең ақырғы срогы - 15-інші январь 1917-інші жыл. 15-інші 

январьдан кейін шақыруға келмеген еркек жанның бірі қалмай жасын айыру 

үшін қаралады һәм жасы 19 бен 31 арасында болып, шақыруға келмегендер 

ауру-сырқауына  қарамай,  патша  жарлығынан  бас  тартқаны  үшін  тегіс  судқа 

беріледі»  деген  бұйрық  жай  реті  келген  соң  айтыла  салған  сөз  емес, 

шындығында  облыс  тұрғындарының  басына  төнген  нәубет  болатын.  Бұл 

жөнінде  басылым  басқармасы  атынан  жазылған,  апталықтың  1917  жылғы 

214-санында жарияланған «Военное положение» деген мақалада біраз жайдан 

сыр тарқатылады. Автор (аты-жөні көрсетілмеген, біздіңше, А.Байтұрсынов) 

Сенатқа  түсірген  патша  жарлығын  қаз-қалпында  келтіре  отырып,  Ырғыз, 

Торғай  және  Қостанай  уездеріне  военное  положение  орнағанын 

оқырмандарға  хабардар  етеді  және  оның  не  жарлық  екеніне  жан-жақты 

түсініктеме береді. 

Осында  военное  положениенің  елге  тигізетін  зардап-залалының  ең 

үлкені  жай  соттың  әскери  сотпен  алмасатындығына  байланысты  екендігі 

ауызға  алынады:  «Қазаннан  Ырғыз,  Торғай  уездеріне  баратын  военный  суд 

шығайын  деп  жатқан  көрінеді.  Военный  судтың  жай  гражданский  судтан 

айырылатын  толып  жатқан  жігі  бар.  Военный  судтың  жазасы  күшті,  ісі 

шапшаң.  Жай  судтай  следство  жасау  жоқ.  Тергеу,  тексеру  қысқа.  Құрылған 

жерінен  тысқары  болса,  айғақтарды  сұрамасқа  ықтиярлы.  Жазу-сызу  аз. 

Хүкімді  тез  орнына  келтіру  қажет  десе,  ол  хүкімінің  үстінен  риза  алмасқа 

ықтиярлы. Военное положение соғыс заңында болған соң, созып отыру жоқ. 

Ұмар-жұмар іс бітіру болады. Түркістанда военный суд құрылып, бүліншілік 

шыққан  жерлерінің  халқы  тергеуде.  Талай  адамдар  жазасын  тартып  та 

қойды»,  -  деген  жолдар  жоғарыдағы  Торғай  облысы  бас  хакімінің  бұйрығы 

түбі  осылай  болып  жүрмесін  дегенді  ескертіп  тұрғандай.  Кейіннен  Ақтөбе 

қаласында өткен митингіде Торғай облысының вице-губернаторының «Бірде-

бір  қырғыз  (қазақ-С.Қ.)  тірі  қалмаса  да,  патша  бұйрығы  орындалатын 

болады»

1

  деген  сес  көрсетуі  ондай  қауіптің  негізсіз  еместігін  тайға  басқан 



таңбадай айқын аңғартады. 

Бұдан  басылым  басқармасы  жоғарғы  билік  мекемелерінің  бұйрық-

жарлықтарын,  қарарлары  мен  сот  шешімдерін  жариялай  отырып,  оларды  өз 

қажеттеріне жарату мақсатын көздегендіктерін көреміз. Сол арқылы жұрттың 

көзін  ашып,  ненің  не  екенін  түсіндіру,  елді  елертушілердің  сөзіне  еріп, 

арандап  қалмауларына  жол-жөн  көрсету  қам-қарекетінде  болғандықтары 

байқалады.  Бұл  сол  кезең  жағдайында  халықты  қырғынға  ұшыратпай,  аман 

сақтап қалудың бірден-бір дұрыс жолы болғаны дәлелдеуді тілемейді. 

«Қазақ»  қаламгерлерінің  сынықтан  сылтау  іздеп  отырған  патша 

үкіметінің қылышынан қан тамған солақай саясатына қарсы халықты жаппай 

қырылудан  аман  сақтап  қалу  жолындағы  күресінің  екінші  тармағы  ел  ішіне 

барып  түсіндіру  жұмыстарын жүргізумен,  газет  арқылы  үндеулер  таратумен 

жалғасады.  

________________________________ 

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің архиві, 75754 іс, 100 п. 1 т. 



Осы бағытта қолға алған іс-шаралары халық  өкілдерінің басын қосып, 

осынау  ел  басына  түскен  ауыртпалықты  жеңілдетуі  мүмкін  деп  күтілген 

мәжіліс  өткізуден  басталады.  Торғай,  Орал,  Ақмола,  Семей  және  Жетісу 

облыстары  қазақтарының  қатысуымен  9  тамыз  күні  Орынборда  өткен 

мәжілісті  ұйымдастыруға  «Қазақтың»  бас  жазушысы  А.  Байтұрсынұлының 

үлкен еңбек сіңіргеніне мына бір дерек дәлел. 

«Туркестанские  ведомости»  газетінің  1916  жылғы  28-шілдедегі 

санында:  «Губернатор  Тургайской  области  пригласил  к  себе  редактора 

киргизской  газеты  «Казах»  и  имел  с  ним  обстоятельную  беседу  о  призыве 

мусульман ни оборонительные работы. По этому поводу местная киргизская 

интеллегенция  имело  общее  собрание,  в  котором  участвовали  также 

известные киргизские общественные деятели и представители общественных 

организации»,  -  деген  хабар  жарық  көрген.  Осыған  қарап  мәжіліс  «Қазақ» 

қаламгерлерінің басшылығымен өткендігін көреміз. Апталықтың 1916 жылғы 

192-санында жарияланған мәлімет бойынша, осы жиында 18 баптан тұратын 

талап-тілек  алдыға  тартылған  болатын.  Олардың  негізгілері  мыналар: 

«1.Солтүстік уездеріндегі қазақ жігіттерін келер жаңа жыл - бірінші январьға 

дейін, оңтүстік уездер халқын 1917 жылғы 15 мартқа дейін алмай кешіктірсе 

екен.  2.  Ең  әуелі  19  бен  31  арасындағы  жастардың  үштен  бірі  ғана  алынса 

екен. Алғанда 19 жастан бастап алуы тиіс. Өйткені бұл жастағылардың көбі 

үйленбегендер  болады...  3.  Бір  үйдегі  шаруа  басқаратын  алынатын  жастағы 

бір жігіт қалса екен (егер сол үйдің басқа еркектері 17-де, яки 50-ден аспаған 

болса).  4.  Шаһар  медреселерінде  оқып  жүрген  шәкірттер  қалсын...  Алынған 

жігіттер  отыз  кісіден  қостас  болсын.  Әр  қосқа  бір  переводчик  һәм  он  қосқа 

бір молда сайлансын...» 

Бұдан  М.Дулатовтың  жоғарыдағы  тілге  тиек  етілген  «Он  алтының 

ойраны»  деген  мақаласында:  «...  неше  түрлі  сылтаумен  (жарлықтың 

орындалуын  -  С.Қ.)  соза  түсу  жағын  ескеріп  отырдық»  деп  жазатынындай, 

мәжілістің  сол  мақсатта  ұйымдастырылғанына  көз  жеткіземіз.  Ел  қамын 

терең  ойлаған  алаш  азаматтарының  бұл  әрекетінен  нәтиже  де  жоқ  емес. 

Патшалық әкімшіліктің қазақтан қара жұмысқа алу жүмысын 15 қыркүйекке 

кейін  шегеруі  соның  жемісі  болатын.  Торғай  облысы  губернаторының 

жоғарыдағы  талап-тілекке  орай  25  тамызда  «Отказать,  отсрочка 

предоставлена  только  до  15  сентября»,

1

  -  деген  шешім  шығаруы  -  соның 



айқын айғағы. 

1916  жылдың  шілде  айының  орта  тұсынан  бастап  бүткіл  қазақ 

даласында  өте  ауыр  жағдай  қалыптасты.  Бір  жағынан,  патша  жарлығына 

қарсы  халық  наразылығы  ушыға  түссе,  екінші  жағынан,  патша  үкіметінің 

үкімін  қайтсек  те  орнына  келтіреміз  деп  қаһарланған  жергілікті  билік 

мекемелері күшке көшуге дайындалып жатты. 

Міне, осындай өлкені өрт құшып тұрған аласапыран уақытта, кейіннен 

алаш  ардақтысы  М.Тынышбаев  дәл  басып  көрсеткендей,  аттөбеліндей  көзі 

ашық  қазақ  зиялылары  екі  бірдей  оттың  ортасында  қалды.  Біріншіден, 

патшалық әкімшілік оларға көтерілісті ұйымдастырушылар ретінде сезіктене 

                                                           

 


қарап,  бақылауды,  қысым  корсетуді  күшейте  түссе,  екіншіден,  қарапайым 

халық  та  олардың  патша  әміріне  қарсы  ашық  күреске  шыққан 

көтерілісшілерді  қолдамауын  кері  түсініп,  түрлі  өсек-аяңға  бой  алдыра 

бастайды. 

Лай  суда  балық  аулауды  әбден  әдеттеніп  алған  ел  ішіндегі  орта  бұзар 

пайдакүнемдерге  керегі  дс  осы  болатын.  Олар  онсыз  да  жалындап  тұрған 

отты  одан  сайын  құшырлана  көсей  түсіп,  бүлінген  елден  бүлдіргі  таппаққа 

әрекеттеніп  баққан  Газеттің  1917  жылғы  239-нөмірінде  жарияланған  «Қазақ 

баспаханасы» деген мақаласында М.Дулатовтың: «жәбірді жаудан көргеніміз 

жок,  жақыннан  көрдік.  Ағайынның  шағымымен  абақтыға  жатқан  ақынның 

(А.Б.) айтқаны бар:  

 

_______________________________ 



Сапаргалиев Г. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917). Алма-Ата: Наука, 1966, 

91-стр. 

 

«Еш нәрсе емес абақтыға жапқаны,  



Қиын емес дарға асқаны, атқаны.  

Маған қиын осылардың бәрінен  

Өз аулымның иттері үріп жатқаны». 

 

Бізге  ең  қиыны,  жанымызға  батқаны  жаудың  жақыннан  шыққаны 



болды.  Ол  күндері  біз  көрген  қорлығымызды  халыққа  жариялап  шыға 

алмайтын  едік.  Күзетші-тыңшы  көп  еді.  Біз  жетім  едік,  жалғыз  едік. 

Жолдасымыз жоқ еді. Халыққа көрініп, қызмет етейін деген азаматтар ақшаға 

ар-иманын сатқан жүзіқаралардан қаймығып, жарыққа шыға алмайтын еді», - 

деп жазуы сол жайынан сыр тарқатады. 

Осы  мақалада  сондай  халық  қамын  өз  пайдасына  мансұқ  еткен 

жүзіқаралардың кесірінен газет 1916 жылы да әкімшілік орындарының тінту, 

тексеруіне  ұшырағанынан  нақты  деректер  келтіріледі.  Оны  архив 

материалдары  да  жоққа  шығармайды.  1916  жылғы  19  шілдеде  Орынбор 

генерал-губернаторының  атына  Орал  губернаторынан  телеграмма  келіп 

түскен.  Онда  ілбішін  уезіндегі  6-ауылда  7-шілде  күні  Қажығалым 

Аулымбердиев  деген  молданың  басқаруымен  өткен  мәжілісте  қазақтардың 

соғыс  жұмысына  адам  бермеу  жөне  үкімет  орындарына  тізім  жасатпау 

туралы  шешім  қабылдағаны  және  сол  жиында  молданың  әскерге  адам 

бермеуге  шақырған  Бөкейхановтың  хатын  оқығаны  жөнінде  ақпар 

алынғандығы  айтылған.  Телеграммада  сондай-ақ  айтылған  уездің  басқа  да 

ауылдарында  болып  өткен  басқосуларда  «Қазақ»  газетінің  қызметкерлері 

Байтұрсынов пен Дулатовтың да есімдері айтылып, оларға қазақтың ылғи да 

кеңес алуға барып тұратындығы көрсетіледі». 

Мұндай  шағым-арыздың  аяқсыз  қалмайтындығы  айтпаса  да  түсінікті. 

Жоғарыдағы  мақалада  Орал  губернаторының  телеграммасына  орай  1916 

жылы  12  тамызда  Орынбор  жандарм  мекемесінің  бастығы  полковник 

Кошинцевтің  Орынбор  губернаторына  берген  8680  нөмірлі  құпия 

анықтамасынан  мәліметтер  келтіріледі.  Онда  аты  аталған  «Қазақ» 



қаламгерлеріне  тағылған  айыпқа  қатысты  мынадай  деректер  бар:  «1.Орал 

губернаторының  телеграммасында  Байтұрсынов  25-інші  июнь  жарлығына 

қарсы қазақты құтыртты дейді. Бірақ ол 23-інші майдан август басына шейін 

Торғай  уезінде  мал  есебін  алып  жүрді.  Торғай  уезінде  ондай  іс  істегені 

естілмеді.  2...Орал  губернаторының  телеграммасы  бойынша,  30-ыншы 

июльде Дулатовтың пәтерінде һәм «Қазақ» басқармасында тінту болды. Бірақ 

25-інші  июнь  жарлығына  қарсы  қазақты  құтыртқандай  ешнәрсе  табылмады. 

Ә.Бөкейханов  туралы  Самар  жандарм  мекемесіне  білдірдім.  Самар  жандарм 

мекемесінің  бастығынан  хабар  алдым,  Бөкейхановты  сыртынан  бақылап 

жүрміз деген»... 

Осылайша әкімшілік мекемелерінің қатаң бақылауында болған «Қазақ» 

газеті  қаламгерлерінің  патша  жарлығына  қарсы  ашық  күреске  шыққан 

көтерілісшілерді  қолдай  қоймауы  қарапайым  халық  тарапынан  да 

түсінбеушілік  туғызған.  Сол  себептен  де  басылым  басқармасына  өздерінің 

ұстаған  жолдарын  айқындап,  көпшілік  қауымға  дұрыс  жеткізіп  отыру  үшін 

көптеген хат-хабар, мақалалар мен үндеулер жазып таратуларына тура келеді. 

Олардың  барлығына  бірдей  тоқталып,  талдап,  жатпай-ақ  Алаш 

азаматтарының  осынау  халық  басына  түскен  зар  замандағы  атқарған 

қызметтерін «Қазақ жұртына», «Алаштың азаматы» және «Торғай һәм Ырғыз 

уезінің  халқына»  деп  аталатын  үш  бірдей  үндеу  жариялауларынан-ақ  толық 

тануға болады деп білеміз. 

Үндеу қоғамның көкейкесті мәселесіне орай көпшіліктің назарын өзіне 

аудару үшін белгілі бір әлеуметтік топтың немесе жеке тұлғалардың халқына 

арнауы екендігі белгілі. Қазақ баспасөзінің қалыптасу дәуірінде мүндай әдіс-

тәсілдің  алғаш  рет  қажетке  жаратылуынан-ақ  «Қазақ»  басқармасының,  атап 

айтқанда,  Ә.Бөкейханов,  А.Байтұрсынов  пен  М.Дулатовтардың  қолдарынан 

келгенінше халқына адал қызмет етуден аянып қалмағандарына көзіміз жете 

түседі. 


Апталықтың  1916  жылғы  192-нөмірінде  жарық  көрген  «Қазақ 

жұртына» деген алғашқы үндеулері ел арасында өздерінің аттарын жамылып, 

жаңсақ  пікірмен  елді  еліртіп  жүрген  алаяқтардың  бет-пердесін  түріп, 

әшкерелеу  мақсатында  жазылған.  Газет  арқылы  көпшілік  қауымды  олардың 

сөзіне  сеніп,  арандап  қалмауға  шақырады.  Апталықтың  8-шілдедегі  188-

нөмірінде  жарияланған  патша  жарлығына  қарсылық  қылмай,  көну  керек 

деген  пікірінің  «жеті  рет  өлшеніп,  бір  рет  пішілген»  шешім  екендігін 

былайша шегелеп жеткізеді: «...патша жарлығына қарсылық қылмай орнына 

келтіру  керектігін  газетіміз  арқылы  алты  алашқа  жариялау  жолындамыз. 

Біздің  мұнан  басқа  бүгіп  отырған  сырымыз,  ақылымыз  жоқ.  Хатпен  кісі 

пікірін  жұртқа  тегіс  жая  алмайды.  Жұртқа  тегіс  тарайтын  неше  мың  болып 

жұмасына  басылып  шығатын  газеттегі  сөз  екендігі  әркімге  таныс  болған 

шығар.  Сондықтан  газеттегіден  басқаға  сенбеңдер  һәм  көнбе  деп  біз  жазды 

деген хатқа екі бастан сенбендер. Біз ондай сөзді айтпаймыз». 

Ал не себепті көну керек деп отырғандарын газеттің дәл осы нөмірінде 

жарияланған  «Алаштың  азаматына»  деген  екінші  бір  үндеулерінде  жан-

жақты  ашып  көрсетіп,  ұстанған  жолдарының  дұрыстығына  оқырман  көзін 


жеткізе түседі. Мұнда талдап-түсіндірудің ұтымды жолы таңдалған. Ол қара 

жұмысқа жігітгерді бермеуден туатын қиыншылықтар мен патша жарлығына 

көнуден  келетін  ауыртпашылықты  қатар  қойып  салыстыру  әдіс-тәсілі 

болатын.  Осы  арқылы  қайсысы  дұрыс  екендігін  оқырманның  өз  таңдауына 

қалдырылуы туындының асқан шеберлікпен жазылғандығын танытады. 

Сонымен көнгенде келер қиыншылық пен көнбей, қарсыласқаннан туар 

ауыртпашылықтың  қайсысы  халыққа  жеңілдеу  тиеді  деген  сауалға  алаш 

ардақтыларының  берген  жауабы  мынадай:  «Көнгенде,  шаруаға  кемшілік  те 

келер,  барған  жігіт  қазаға  да,  бейнетке  де  ұшырар,  бірақ  елдің  іргесі 

бұзылмас. Ал көнбегенде, хүкімет құр өкпелеп қана қоймас, күш жұмсар, ол 

күшті  законға  сүйеніп  істер»  дей  отырып,  оған  нақты  мысалдар  келтіреді. 

Торғай,  Орал  облыстарында  бірлі-жарым  писерлеріне  зиян  келгенін 

сылтауратып елге әскер шығарылғанын, көптеген кісілер абақтыға жабылып, 

әскери  сотқа  тапсырылғанын,  ал  Жетісу  облысында  арыз-шағым  айтқандар 

таяққа  жығылып,  тұтқындалып,  қорлыққа  ұшырап  отырғанын  қалың  қазақ 

еліне  құлаққағыс  етеді.  Мүны  аз  көріп,  қарсыласуын  жалғастыра  берсе,  ел-

елге  жазалаушы  отряд  шығатынын,  онда  елдің  берекесі  кететінін,  бас  пен 

малға  әлегі  бірдей  тиіп,  елдің  іргесі  бұзылатындығын  тәптіштеп  түсіндіріп 

береді.  «Міне,  біздің  екі  ауырлық  дейтініміз  осы.  Бірі  -  барса,  шаруаға 

кемшілік  келіп,  алынған  жігіттер  аз  қазаға,  бейнетке  ұшырағаны,  екіншісі 

бармаймын  деп  қарсылық  қылса,  елге  келетін  зор  бүліншілік.  Осы 

ауырлықтың жұрт қай жеңілін тандау керек» деп түйін түйіледі. 

Көп ұзамай, соңын ойламай «отқа май құйғандардың» кесірінен ел іші 

тынышсыздана  бастаған  тұста  алаш  ардақтылары  халқын  ақылға  шақырған 

тағы  бір  үндеу  жариялайды.  Жан  толқынысынан  шыққан,  газеттің  1916 

жылғы 195-нөмерінде жарияланған «Торғай һәм  Ы р ғ ы з   уезінің халқына!» 

деген  арнауларын  тебіренбей  оқып  шығу,  әсте,  мүмкін  емес.  Осынау  ел 

қасіретін  сәл  де  болса  жеңілдету  мақсатында  бастарын  тауға  да,  тасқа  де 

ұрған  ардақты  алаш  азаматтарының  жанайқайы  ешкімді  бейжай 

қалдырмайды. 

Жоғары  азаматтық  рухта  жазылған  үндеу  -  басылым  басқармасының 

ашу-ызаға булыққан неден болса да тайынбастай тулаған жерлестеріне соңғы 

арнауы.  Бұдан  кейін  кеш  болатынын  олар  жақсы  түсінді.  Сондықтан 

жандарын  жегідей  жеген  жайларды  түгел  ақтарып,  қалай  болғанда  да  тура 

келген  апат  тасқынынан  ел-жұртын  аман  алып  қалу  қамында  жан  сала 

әрекеттенгендері  байқалады.  Сөздің  құдірет-күші  де  осы  жерде  сезіледі. 

Алаш азаматтарының қолындағы жалғыз қаруы  - баспасөз. Сол арқылы елге 

таралған жанайқай - жүректен шыққан сөздері кімді де болсын ұйытып, жан 

тебірентпей  тұрмайды:  «Бұл  хатты  жазушы  біздер  -  өз  балаларың,  өз 

тумаларың.  Жанымыз  ашиды,  қабырғамыз  қайысады.  Біздің  ата-ана,  туған-

туыстарымыз  іштерінде.  Бізді  қазақ  баласы,  қанына  тартады,  жаны  ашиды 

десеңдер, тіл алыңдар! ...Біз газет арқылы болсым, ауызша да болсын, бұрын 

сан  рет  айтқанбыз,  көнбесеңдер,  елге  бүліншілік  болады,  әскер  шығады, 

түбінде алмай қоймайды дегенбіз. Сол айтқанымыз, міне, келді. Бұған біздің 

көзіміз  бұрыннан  жеткен.  Әлі  де  болса,  бізді  осы  елдің  баласы  екен  дейтін 


болсандар, біздің ең соңғы, қысылғандағы ақылымызды алыңыздар! Түбінде 

іс  өткен  соң  өкінгеннен  пайда  жоқ.  Өлген  тірілмейді,  өшкен  келмейді»,  - 

деген  жолдардан  олардың  азаматтық  борыштарын  барынша  адал 

атқарғандықтарына қанамыз. 

«Қазақ»  газеті  көрнекті  қаламгерлерінің  ел  басына  сын  болған  сол бір 

тарихи  кезеңдегі  енді  бір  атқарған  қызметтері  патша  жарлығымен  қара 

жұмысқа алынған қазақ жігіттерінің қам-қарекетін жеуге арналады. Оның өзі 

екі  бағыттан  тұрады.  Біріншісі  -  осынау  қарбалас  кезеңде  өз  пайдасын 

күйттеген «сауысқан-қарғалардың» өлексе іздеген ісін әшкерелеп, сын тезіне 

салу  жолындағы  амал-  әрекеттері.  Екіншісі  -  майдан  тылындағы  қазақ 

жұмыскерлерінің  жай-күйін  анықтап,  жыртығына  жамау  болу,  хал-

жағдайларын елге білдіріп тұру бағытындағы ерен еңбектері. 

Алғашқы  мәселе  туралы  айтқанда,  басылым  басқармасы  ел  қамын 

жегенсіп,  өз  пайдасын  көбірек  ойлап  жүрген  «жұрт  жақсыларын»  сынап-

мінеуді  басты  тақырыптарының  біріне  айналдырғанына  қанамыз. 

Апталықтың  1916  жылғы  195-нөмірінде  жарық  көрген  «Елді  еліртушілер» 

деген  мақаласында  М.Дулатов:  «Істің  ар  жағын  қойып,  бер  жағымен  болып 

отыр.  Жұрт  түбінде  не  боларымен  бұлардың  жұмысы  жоқ.  Суды  лайлап 

жіберіп, балық ұстауларына оңай жол табылды. Бұрын жұрт жұмысына тиын 

шығармайтындар  бұл  күнде  жұрт  ісіне  мыңнан  шығарамыз  деп  отыр. 

Солардың  көбі  бұрын  жеп  үйреніп  қалған  дағдылы  ауыздардан  асып,  жұрт 

жұмысына  қанша  жұмсалар  екен.  Көбі-ақ  атқамінерлердің  қалтасының 

бөрыштарында қалып қоятыны шексіз», - деп қарапайым халыққа шындықты 

жазып,  солардың  жеміне  айналмау  жөнінде  ой  тастайды.  Осы  мазмұндас 

апталықтың 1916 жылғы 198-санында жарық көрген «Біздің ел» деген екінші 

бір  мақаласында  қанша  айтылып,  жазылып  жатқанына  қарамастан 

құлқынының  құлы  болған  «ақсақал-қарасақалдардың»  құрған  торына  қара 

шаруалардың  қалайша  топырлап  түсіп  жатқанына  нақты  деректер  келтіреді: 

«Торғай  қазақтары  40  мың  соммен  төрт  адамды  патшаға  жіберуге  қаулы 

қылып тарқады. ...жұрт басы аман қалатын жолға мал аямайтыны рас, бірақ 

халықтың дағдаруын пайдаланып, бір айлық жолға кісі басы 10 мың сомнан 

қаражат алуы - біздің қазақтың ғана қолынан келетін іс. Бір кісіге мың сом да 

азық болуға жараса керек еді, бір мың сом бір кісіге бір айда күніне 33 сом. 9 

мыңға жол болсын!

 

Ізденушілердің мұнысы «ертең қиямет болады, малдың не 



керегі  бар»  деп  Қожа  Насрединнің  жалғыз  қойын  алдап  жегеннің  кебі  емес 

пе?!»  -  деп,  аңқау  елге  арамза  молда  болғандарды  әжуә  етеді,  жұртты 

жемқорлардан сақтандырады. 

Осындай ел ішіңдегі жеке бас пайдасын халық қамынан жоғары қойып, 

тонын  айналдырып  киген  «су  жұқпастардың»  типтік  образын  жасауда 

апталықтың  199-нөмірінде  басылған  «Ішік  кайырлы  болсын!»  деген 

туындының  орны  бөлек.  М.Дулатов

 

қаламынан  туындаған  шығарма  төл 



әдебиетімізді  байытқан  тұшымды  сатиралық  әңгімелердің  бірі  десек, 

қателеспейміз.  Ол  диалогқа  құрылған.  Жұрт  қаржысын  жеке  бастарының 

қажетіне  жаратып,  оңай  олжаға  белшеден  батқан  қос  «жарылқаушының» 

әңгімесінен сол кездегі атқамінерлердің бейнелі образын бұлжытпай танисыз. 



«ой, шырағым-ай, жұрт жарықтықтың арқасында бір бүтінделіп қалалық та» 

деген Қожекеңнің (әнгіме кейіпкері) ақыл-кеңесіне Тоқаш мырзанын: «Сіз әлі 

жұрт арқасында киініп қалалық деп отырсыз, осындағы газетші қулар ...бізді 

кінөраттап жатыр, ...сонша ақшаны қайда жұмсадыңдар десе, елге не дейміз?» 

- деп қобалжушылық танытуы, оған

 

Қожекеңнің: «Шырағым, Тоқашжан, сен 



әлі  баласың  ғой,  біз  мұндайды  көп  көргенбіз,  оның  не  қысылатыны  бар. 

Адвокатқа бердік, переводчик, чиновниктерге бердік дейміз, ретін таппаймыз 

ба», - деп жауап қайыруы - өмір шындығынан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет