Бағдарламасы бойынша шығарылды Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата03.01.2017
өлшемі5,62 Mb.
#1096
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 

ДƏСТҮРЛІ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

47

Кіші жүз – Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. 

Шежіре бойынша, Кіші жүз рулары əлімұлы, байұлы, жетіру тайпаларынан тарайды. 

Қазақ халқы қалыптасқанға дейін Батыс Қазақстан өңірінде маңғыт немесе ноғайлы 

тайпалар одағы өмір сүрген болатын. Оның құрылуына ішкі жəне сыртқы дұшпандардан 

қорғану мақсаты əсер етті. Ноғай ордасынан бөлінген қазақ тайпаларының жəне алшын 

одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты Кіші жүз 

қазақтары ел арасында «Кіші жүз – алшын» атанған. Шежіре деректері бойынша, оның 

құрамына 12 ата байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, 

есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш), 6 ата əлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, 

кете, шөмекей, шекті) мен 7 тайпадан құралған жетіру (тама, табын, кердері, керейт, 

жағалбайлы, телеу, рамадан) кіреді.

Кіші жүз тайпалары мал шаруашылығымен айналысқан. Олар қазіргі Маңғыстау, 

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай облыстарының жерлерін 

мекендеген. 

Кіші жүз

▲ «Ұлы жүзге таяқ бер де – малға қой, Орта жүзге қалам бер де – дауға қой, Кіші 

жүзге қылыш бер де – жауға қой»

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 

ДƏСТҮРЛІ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ


48

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 

РУЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

Ертеде қазақ халқы ру-ру болып өмір сүрген. Бір атаның ұрпағы болып саналатын 

адамдар өздерін бір румыз деп есептеген. Бірнеше ру тайпаға біріккен. Ру-тайпалар 

жүзді құраған. 

Ру бір атадан тарайтын туыстық сабақтастық негізінде ажыратылады. Қазақ 

халқында рулық жүйе еркек тарапынан жүргізіліп, жеті атаға, яғни жеті ұрпаққа 

созылады. Жетінші ұрпақты қазақтар «туажат» деп атайды. Мұның өзіндік мəні бар. 

Жеті атаға толғанда сегізінші ұрпақтың туыстық мəні жойылып, бөтен елге саналады 

да, құдаласуға жол ашылады. 

Рулар мен тайпалардың өз ұрандары болған: жау шапқанда осы ұранмен атқа мінетін, 

ел көтерілетін, соғыста осы ұранмен жауға шабатын. Ұран көшпелі халықтардың рулық, 

тайпалық құрылыс жағдайында пайда болып қалыптасқан, елді, жеке адамды күреске, 

ерлікке шақырады. Көп жағдайда ұран аса құрмет тұтатын ата-бабаның, соған қоса, 

кейде асыл ананың атынан шығады. Мысалы, сүйіндік арғынның ұраны – Жолбике, 

қаракесек арғынның ұраны – Қарқабат, найманның бір тарауының ұраны – Қызай, 

бұлар – олардың құрмет тұтқан аналарының аттары.

 Бейбіт өмір. Суретші Д.Қастеев


49

ҚАЗАҚ АУЫЛЫ

ҚАЗАҚ АУЫЛЫ

Қазақ халқы ауыл-ауыл болып топтасып өмір сүрген. Мұның себебі – жеке шаңырақ 

көшпелі мал шаруашылығымен айналысуы мүмкін емес еді. Кем дегенде 3 – 4 шаңырақ 

бірігіп, құрамында 15 – 16 адам болған жағдайда, оның ішінде бала-шағаның қолынан 

жеңіл-желпі (қозы бағу сияқты) жұмыс істеу келгенде ғана, олар көшіп-қонып, малын 

бағып-қағып, сауып, күнелте алады. 

Ауыл адамдары көпшілік жағдайда өзара туысқан бір рудың, бір тайпаның адамдары 

болатын. Сонымен қатар бөтен рудың, бөтен тайпаның, тіпті, бөтен ұлттың өкілдері 

де басында «кірме» болып, соңынан құдандалы-жекжаттық қарым-қатынасқа түсіп, 

ауылға, қазақ қоғамына сіңіп кететін. Ондайды тек шежіре бойынша қарттар ғана 

ажыратып отыратын.

Ауылдың жан саны, мал саны артқан сайын одан жеке ауылдар бөлініп шығып 

отырған. Себебі артық малдың тұяғы басқан жер тозып, шөбі шықпай қалады, бағып-

қағу да қиындайды. Сондықтан малшы қауым малды бөліп бағуға мəжбүр болады. 

Іс жүзінде бұл – ауылдың бөлінуі деген сөз. Көпшілік жағдайда малдың иесі ұлын 

үйлендіріп, оған отау тігіп, еншісін бөліп беріп, жеке ауыл етіп шығарады. Сонымен 

бірге кедей не орта шаруалар байып, өз алдына жеке ауыл болып, жеке бөлініп шығып 

отырған. 

Қазақ ауылдарының тағы бір түрлері – отырықшы ауыл жəне жатақ ауылы. 

Қазақстанның оңтүстігіндегі отырықшы елдің қоныстары үлкен қалалардың маңында 

ерте заманнан бар. Бұлардың тұрғындары ежелден егіншілікпен айналысады, малы көп 

болмайды. Жатақ ауылы – көшпелі қазақтың көшіп-қонуға күш-көлігі, басқа да малы 

жоқтығынан қыстауда қалуға мəжбүр болған қауымы. Бұлар егіншілік, балықшылықты 

кəсіп етеді. Ауыл ақсақалдың, бірінші қоныстанып қалған адамның атымен аталады. 

Көшпелі ауылдардың арасында туыстық, көршілік қатынастар мықты болады. Олар 

түрлі ортақ істерді (ас-той, мəйітті жерлеу, т.б.) бірігіп атқарады, құн төлеу сияқты 

шығынды ортақтасып өтейді, жаугершілік заманда күш біріктіріп, дұшпанға тізе қосып 

қарсы шығады.

 Құтты қоныс. Суретші Д.Қастеев


50

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

КЕРЕЙ МЕН ЖƏНІБЕК ХАНДАР

Осыдан көптеген ғасырлар бұрын қазіргі Қазақстан 

жерінде əр түрлі хандықтар болған. Солардың бірі – 

Əбілхайыр (Шайбанның ұрпағы) хандығы. Ол қырық 

жыл ел билеп, өз халқына қаталдық көрсетеді. Сол кезде 

оның қол астында Керей мен Жəнібек сұлтандар болады. 

Ол екеуі бір-біріне жақын туыс екен. Екеуінің аталары 

кезінде ел билеген атақты хандар болған. Керей мен 

Жəнібек сұлтандар Əбілхайыр ханға бағынбай, еркін 

өмір сүргілері келіп, қарамағындағы тайпалармен бөлініп 

кетеді. Олар Шу өзені бойына көшіп келеді. Жасы үлкен 

болғандықтан халық Керейді ақ киізге көтеріп хан етіп 

сайлайды. Осылайша, жаңадан хандық құрылады. Оны 

«Қазақ хандығы» деп, ал оның халқын – қазақ халқы деп 

атай бастайды.

Əбілхайыр ханның қысымына шыдамаған адамдар 

Керей мен Жəнібекті келіп паналайды. Қазақ хандығының 

күшеюінен қауіптенген Əбілхайыр хан əскер жиып, ол 

екеуіне (Моғолстанға) жорық жасайды. Бірақ орта жолда 

Əбілхайыр хан кенеттен ауырып, қайтыс болады. Оның 

хандығы ыдырап, халқының көбі Керей мен Жəнібек 

хандарға келіп қосылады. Сөйтіп, олар өздері құрған 

жас мемлекеттің іргесін бекітіп, шаңырағын биіктетіп, 

күннен-күнге нығайта береді.

Тарихта Керей мен Жəнібекті – «Қазақ хандығын» 

құрушылар деп санайды.

Керей хан Болатұлы, Гирей (т.ж.б. – 1473 жж.) – 

қазақтың алғашқы ханы, Көк Орданың ханы Орыстың 

(Өріс деп те айтылады) шөбересі (Орыс – Тоқтақия – 

Болат – Керей). 



Жəнібек хан. Суретші 

Ə.Бұхарбаев

Керей хан. Суретші 

Н.Қарымсақов

Керей Қазақ хандығын 10 жылдан аса уақыт билеген. Ол Хан тауы етегіне жерленген. 

Оның үш баласы болған: Бұрындық, Қожа-Мұхаммед жəне Сұлтан  Əлі. 

Жəнібек хан Барақұлы (азан шақырып қойған аты – Əбу Сайд, ал Жəнібек – лақап аты) 

(т.ж.б. – 1480 жж.) – Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі, Көк Орданың 

ханы Орыстың (Өріс) шөпшегі, Барақ ханның кіші ұлы, Керей ханның немере інісі. 



51

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

БҰРЫНДЫҚ ХАН

Керей мен Жəнібек хандар қайтыс болғаннан кейін хан тағына Бұрындық отырады. 

Бұрындық – Керей ханның үлкен ұлы, шамамен 1430 – 1510 жылдары өмір сүрген. 

Бұрындық хан билік басында отыз жылдан астам уақыт отырады. Оның кезінде «Қазақ 

хандығы» Сырдария өзенінің бойындағы ежелгі қазақ қалалары – Түркістан, Отырар, 

Сауран жəне т.б. үшін күрестер жүргізеді, бұл күрестер өте ұзаққа созылады. Ақыры, 

Бұрындық хан жаулармен соғысты тоқтатып, бейбіт келісімге келеді.

Бірақ жаулар аз уақыт ішінде күшейіп алып, қазақтарға қарсы бірнеше рет жорықтар 

жасайды. Көптеген қазақ ауылдары тоналады, адамдары тұтқынға алынады. Ал, 

Бұрындық хан болса, жауға қарсы ешқандай əрекет жасамайды. Сол кезде жауға қарсы 

Жəнібек ханның ұлы Қасым сұлтан бас көтереді. Ол Ұлытау деген жерде жау əскерін 

тас-талқан етіп жеңіп, өз жерлеріне дейін қуып жібереді. Содан кейін халық Бұрындық 

ханды «хан» санамай, Қасымды «хан» ретінде тани бастайды.

Керей ханның тұсында Жəнібек «кіші хан» есебінде онымен бірге ел басқарған. 

Керей өлгеннен кейін билікті өз қолына алған. Жəнібектен кейін билік басына Керейдің 

баласы Бұрындық келген.

Жалпы, Жəнібектің даңқына даңқ қосқан – өзінен тарайтын тоғыз көкжал ұлы. 

Бұрындықтан кейін Қазақ хандығының билігі бірыңғай Жəнібектің балалары мен 

ұрпақтарының қолында болған.

 Елордада тұрғызылған Керей мен Жəнібек хандардың ескерткіші 



▲ Қасым ханды Ташкент бекзадаларының қарсы алуы. Суретші Т.Асықов

52

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ



ҚАСЫМ ХАН

Бұрындық ханнан соң хан тағына атақты Қасым хан 

келеді. 

Қасым хан Жəнібекұлы (1445 – 1518 жж.) – қазақтың 

ұлы хандарының бірі, Қазақ хандығының негізін 

қалаушылардың бірі Жəнібек ханның ұлы. 

Ол Бұрындықтың тұсында ханның атты əскерлерін 

басқарып, қолбасшы батыр болған. Талай шайқастарда 

қол бастап, жеңіске жетіп отырған. Ол қан майдандағы 

жеңісті ерлігімен, ел басқаруға қосқан ақыл-кеңесімен, 

көрші елдермен байланыс орнатудағы саясаткерлігімен, 

жұртты соңына ертер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмаған. 

Бұрындық ханның дегеніне көніп, қалтқысыз қызмет еткен. Бірақ Бұрындық елдің 

сенімін ақтай алмай, Самарқандқа кетуге мəжбүр болады. Сонда қаза табады. Осыдан 

кейін барып, Қасым хан билікті өз қолына алады. Ол он жылдай хан тағында билік 

жүргізеді. 



53

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

Хақназар, Ақназар (шамамен 1510/20 – 1580 жж.) – қазақ халқын біріктіруге, 

мемлекеттігін нығайтуға айрықша еңбек сіңірген мемлекет қайраткері, қолбасшы, 

Қасым ханның кіші ұлы. 

Қасым хан қайтыс болғаннан кейін хан тағына көптеген сұлтандар таласады. 

Осыны пайдаланып, көрші елдер қазақтардың жерлерін басып ала бастайды. Жиырма 

жылдай Қазақ хандығы жауға тойтарыс бере алмайды. Осы кезде хан тағына Хақназар 

отырады. 

Хақназар – қазақ тарихында əділ хан болып атағы шыққан хан. Ол қырық жылдай 

билік жүргізеді. 

Хақназар Қасым ханның ісін ілгері жалғастырып, Ноғай ордасының бір бөлігін 

Қазақ хандығына қосады. Мемлекет шекарасын Еділ мен Жайыққа жеткізеді. 

Ойраттарға күшті соққы береді. Моғолстан ханын жеңіп, Ұлы жүз руларының 

көпшілігін қосып алады. Моғолдар шебін Тəңіртаудан əрі ысырады. Жау қолында 

қалған қазақ жерлерін азат етеді, Түркістан, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Тараз 

қалаларын қайтарып алады. Көрші елдермен тату-тəтті қарым-қатынастар 

орнатады. 

Хақназар хан тұсында халық қайтадан бейбіт өмір сүре бастайды. Орыс патшасы, 

Орта Азия хандары Хақназар ханға елшіліктер жіберіп, одақтасуға шақырады. Өз 

халқы үшін тер төгіп, аянбай еңбек еткен Хақназар хан қапыда жау қолынан қаза 

табады.

ХАҚНАЗАР ХАН

Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дəуірлеу биігіне көтеріледі. Қазақ 

халқының саны артады, жері ұлғаяды. Қазақ əскерінің де саны көбейіп, атты əскері 

300 мыңға жетеді. Оның кезінде Сырдария өзені бойындағы қалалардың барлығы 

қазақтарға өтеді. Ол таяу көршілермен ғана емес, сырт елдермен, мысалы, Мəскеумен 

терезесі тең дəрежеде дипломатиялық қарым-қатынас орнатады. Ешбір жау елге соғыс 

аша алмайды. Халық тыныш өмір сүреді. Осылайша, дүние жүзіне қазақтардың даңқы 

тарап кетеді. Қазақ еліндегі барлық сұлтандар Қасым ханды сыйлап, оның жарлықтарын 

екі етпей орындайды. Сол замандағы бір тарихшы: «Бұл елде Қасым хандай күшті 

хан болған емес», – деп жазады. Ал, қазақ халқы болса, Қасым ханды ұмытпай, оның 

ел басқарудағы тəртібін «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап, бүгінге дейін айтып 

келеді.


Керей хан мен Жəнібек хан тарихта Қазақ хандығының іргесін қалап, шаңырағын 

көтерумен ерекшеленсе, Қасым хан – сол хандықты нығайтып, жерін кеңейтіп, халқын 

көбейтіп, даңқын дүние жүзіне танытумен, қазақтың тұңғыш заң ережелерінің негізін 

жасаумен əйгілі болған ұлы хан.



54

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

ТƏУЕКЕЛ ХАН

Тəуекел хан (т.ж.б. – 1598 ж.) Қазақ хандығын 

құрушы Жəнібек ханның ұрпағы болып келеді. Ол – 

Хақназар ханнан соң аз ғана уақыт хан болған Шығай 

ханның ұлы. Тəуекел он жылдан астам хан тағында 

отырды. Оның билігі кезінде Қазақ хандығы Сібір 

жəне Орта Азия билеушілерімен тынымсыз күрес 

жүргізеді. Тəуекел хан Мəскеуге елшілік жіберіп, орыс 

патшасымен одақ құруға күш салады.

Тəуекел хан Ташкент қаласы үшін ұрыс жүргізіп, оны 

Қазақ хандығына қосады. Осыдан кейін ол Самарқанд 

қаласын алады. 

Тəуекел ханның арқасында оңтүстіктегі қалалар 

толығымен қайтарылады жəне Ташкент, Əндіжан 

қалалары Қазақ хандығына бағынады. Бұхара қаласы 

түбіндегі бір шайқаста оқ тиіп, жараланады да, содан 

қайтыс болады. 

МАМАШ ХАН

Мамаш хан (Момыш, т.ж.б. – 1523 ж.) – атақты Қасым ханның ұлдарының бірі. Əкесі 

хан болып тұрғанда ол көптеген басқа сұлтандар сияқты ұлыс басқаруға араласады. 

Əскерлер жорыққа аттанғанда қол басқарады. Қасым хан қайтыс болғаннан кейін 

хан тағына (1518 – 1523) Мамаш отырады. Бірақ басқа сұлтандар Мамаш ханның 

билікке келуіне наразы болып, қарсылық көрсетеді. Осылай, Қазақ хандығында билік 

үшін талас-тартыс басталып кетеді. Бұл мемлекеттің əлсіреуіне əкеліп соқтырады. 

Мамаштың сұлтандар арасындағы билік үшін күресті тоқтатуға күші жетпейді. 

Алайда ол хан тағында бірнеше жылдай ғана отырады. Шайқастардың бірінде оқ 

тиіп, қатты жарақаттанған Мамаш аттан құлап түседі. Жанындағы адамдар оның 

құлағанын байқамай қалады. Аз ғана уақыт билік құрған Мамаш осылай қайтыс 

болады. 


Қазақ хандығында Мамаш ханнан кейін де билік үшін күрес тоқтамайды. Талас-

тартыс 20 жылдай уақытқа созылады. Мемлекеттің, халықтың жағдайы нашарлап 

кетеді. Тарихшылар бұл дəуірді «Қазақ хандығының уақытша əлсіреген дəуірі» деп 

атайды.


Тарихта Тəуекел ханды қазақ халқының жерін біріктіруді аяқтаушы деп санайды.

55

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

ТАҺИР ХАН

Мамаштан кейін хан тағына Таһир отырады. 

Таһир (Тайыр) – Қазақ хандығының негізін салушы Жəнібек ханның Əдік деген 

ұлының баласы. Оның туған жылы белгісіз, шамамен 1529 – 1531 жылдар аралығында 

дүниеден өткен. 

Таһир хан 10 жылдай (1523 – 1533) билік құрды. Таһирдың тұсында да, өзара талас-

тартыс тоқталмай, жалғаса берді. Мұндай жағдайда Таһир сыртқы жаулардың жорықтарына 

тойтарыс жасай алмады. Ол екі рет жау əскерінен жеңіліп қалды. Сондай-ақ Таһир хан 

қазақтар мен бұрынғы көршілес əрі туыс ноғай тайпаларының арасындағы достықты 

жойып, олармен жауласады. Оларға қарсы соғыс ашады. Бұл шайқастарда да Таһир хан 

жеңіледі. Халық көп қырғынға ұшырайды, олардың малдары тоналады. Бұған шыдамаған 

халықтың бір бөлігі батыстан Жетісу аймағына көшіп кетеді. Сөйтіп, Таһир ханға дейінгі 

кезеңде Қазақ хандығында 100 мыңдай əскер болса, оның қол астында 40 мыңдай ғана 

əскері қалады.

Дегенмен, Таһир қазақ хандарының ішінен бірінші болып қазақ жерін қалмақтардан 

қорғау үшін күрес жүргізген. Ол бір таудың етегінде Жатан деген қамал салдырған. 

Сол заманда өмір сүріп, қамалды өз көзімен көрген бір тарихшы оның биіктігін жəне 

мықтылығын суреттеп жазған. Кейіннен бұл қамалды қазақ əскерлері қалмақтарға 

қарсы соғыста үнемі пайдаланып отырған.

БҰЙДАШ ХАН

Таһир қайтыс болғаннан кейін хан тағына Бұйдаш отырады. Бұйдаш – Жəнібек 

ханның Əдік деген ұлының баласы, Таһирдің туған інісі. 

Бұйдаш ханның билігі тек Жетісу жеріне ғана жүрген. Өйткені Таһир ханның кезінде-

ақ Қазақ хандығының əлсіреуі күшейіп, қазақ жерінде бірнеше хандар пайда бола 

бастаған. Бұйдаш – Жетісу жеріндегі қазақ хандарының бірі. Ол аз ғана (1533 – 1534) 

хандық құрды. Оның қол астында 20 – 30 мыңдай ғана əскер болады. 

Бұйдаш ханмен байланысты осы кездегі екі оқиға тарихтан орын алды. Біріншісі – оның 

қырғыздарды моғолдардан қорғауы. Бұл былай болған екен. Бірде көрші елдегі моғол 

ханының бір ұлы көп əскерімен келіп, қырғыздарды қырып, көптеген малын олжалап 

кетеді. Мұны естіген Бұйдаш хан қазақтар мен қырғыздардан əскер жиып, жау əскерін 

талқандайды. 

Екіншісі – Сайрам қаласы түбіндегі жау əскерімен соғысы. Бұл соғыста Бұйдаш хан 

бастаған қазақ əскері жеңіліске ұшырайды. Шайқас алдында қатты шаңды дауыл болып, 

қазақтарға қарсы соғады. Осыны жау əскері пайдаланып, жеңіске жетеді. Бұл соғыста 

Бұйдаш ханмен бірге Жəнібек ханның баласы Əдік сұлтанның бес ұлынан тараған 24 

сұлтан өледі. Жау əскері қазақтың оңтүстігіндегі бірнеше қалаларын басып алады.


56

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

АХМЕТ ХАН

Таһир ханнан кейін елдің бірлігі, хандықтың 

тұтастығы бұзылып, 1533 – 1538 жылдар ара-

лығында елде бір мезгілде бірнеше хан болған. 

Сондай ханның бірі – Ахмет хан. Толық аты-жөні 

– Қожа Ахмет. Жəнібек ханның немерелерінің 

бірі болып саналады.

Кезінде Таһир хан ноғайларға қарсылық көр-

сете алмай Жетісуға қарай көшкенде, елдің батыс 

бөлігіндегі тайпаларды Ахмет хан (XVI ғ. 30-

шы жылд.) басқарып қалады. Ол ноғайлардың 

шабуылдарына қарсы күресті ұйымдастырады. 

Одан ноғай билеушілері қорқа бастайды. Ноғай 

билеушілері арасында болған көрші елдің адамы 

өз патшасына «қазақтар күшті, олар ноғайларға 

қарсы соғысқа дайындалып жатыр, ал ноғай 

билеушілері болса, қазақтардан қорқып отыр», 

– деп хабар жеткізіп барған. Дегенмен, соғыс 

ноғайлардың жеңісімен аяқталады. Ахмет хан 15 

сұлтанмен бірге Едіге бидің ұрпағы Шидақ бидің 

қолына түсіп, біраз уақыт тұтқында отырады. 

Орақ батыр (Едіге бидің басқа бір ұрпағы) оны 

сұлтандарымен бірге өлтіреді. Сөйтіп, қазақ 

халқының жағдайы нашарлап кетеді.



ТОҒЫМ ХАН

Тоғым хан да – Жəнібек ханның ұрпағы. 

Жəнібектің тоғызыншы ұлы Жəдік сұлтанның 

баласы. Тоғым хан елдің орталығында, оңтүс-

тігінде билік құрады. Сырдария өзені бойындағы 

қалалар Тоғым ханға қарайды. Бірнеше жыл билік 

құрып, берекесі кете бастаған билікті қалпына 

келтіруге күш салады. Жан-жақтан анталаған 

көршілерімен қорғаныс соғыстарын жүргізе 

отырып, бар қайрат-жігерін қазақ жерін қорғау-

ға жұмсайды. Сондай шайқастардың бірінде 

Əмудария өзені бойындағы Жағат деген жерде 

Ахмет (Алаша) хан мен Махмұт хан. 

Суретші Қ.Каметов

Сан-Таштағы шайқас. Суретші 



Қ.Каметов

57

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

Тоғым хан жау əскерінен жеңіледі. Сол жеңілісте Тоғым ханмен бірге қазақтың 37 

сұлтаны қаза табады.

Осы «уақытша əлсіреу» кезеңінде Қазақ хандығының жағдайы нашарлап, бірнеше 

хандыққа бөлініп кетеді. Қазақ халқының көптеген жері жау қолында қалады. Мұның 

бəрі – бірліктің, ынтымақтың, ауызбірліктің жоқ болуының салдары. Сол себепті келесі 

қазақ хандарының басты міндеті – жау қолында қалған жерлерді азат ету, елдің бірлігін 

нығайту, мемлекетті күшейту болды.



ЕСІМ ХАН

Есім хан Шығайұлы (т.ж.б. – 1645 жж.) – 

Қазақ хандығының ұлы ханы, Шығай ханның 

баласы (Шығай – Жəнібек ханның тоғызыншы 

ұлы Жəдіктің баласы), атақты Тəуекел ханның 

туған інісі.

Есім хан ағасы Тəуекелден кейін 

билік басына келіп, Қазақ хандығын 

1598 – 1645 жылдары басқарды. Сұлтан 

кезінде-ақ Тəуекелмен бірге Түркістаннан 

Самарқандқа дейінгі жерлерді Қазақ 

хандығының құрамына қаратты. 1599 

жылы Бұхар хандығымен шарт жасасып, 

Ташкент қаласы мен оның айналасын Қазақ 

хандығына қосып алды. Осы кезден бастап 

Ташкент екі ғасыр бойы Қазақ хандығының 

билігінде болды. Есім хан билік еткен тұста 

Қазақ хандығының əскери қуаты күшейіп, 

300 – 400 мыңға дейін атты əскер шығара 

алатындай дəрежеге жетті.

Есім хан ойраттармен күресте ерлік пен табандылықтың өнегесін көрсетіп, «Еңсегей 

бойлы ер Есім» атанады. 

Есім ханның дəуірінде ел билеудегі жол-жобалар мен əдет-ғұрыптар туралы 

ереже дайындалды. Бұл халық жадында «Есім ханның ескі жолы» деген атпен 

қалды. Түптеп келгенде, «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі 

жолы» Тəуке ханның əйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, əдет-ғұрыптарымыз 

бен салт-дəстүрлеріміздің мəдени жəне рухани тұрғыдан шыңдала түсуіне ықпал 

етті. 


Есім хан Түркістанда жерленген.

Есім хан. Суретші Н.Қарымсақов



58

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

ЖƏҢГIР ХАН

Атақты Есiм хан дүние салған соң Қазақ хандығының 

тағына оның кiшi ұлы – Жəңгiр хан (шамамен 1608 – 

1680 жж.) отырды. 

Жəңгір хан 1645 – 1680 жылдар аралығында билік 

құрды. Жəңгір хан бүкiл өмiрiн құдiреттi Жоңғар 

хандығымен күресуге арнаған. Жоңғар хандығы ойрат 

немесе қалмақ, моңғол тайпаларынан 1635 жылы 

құрылған. Жəңгір жас кезiнде ойраттардың қолына түсіп, 

жеті жылдай тұтқында болады. Кейін ол серіктерімен 

бірге елге оралып, Қазақ хандығының билігін қолына 

алады. Бұл кезеңдер қазақ-қалмақ арақатынасындағы 

аумалы-төкпелі, текетірес жылдар болған. Ол ойрат, 

◄ Есім хан кесенесі Түр 

кіс-

тан  қа ла сын да  XVII  ға сыр дан 

сақ тал ған  тарихи  ес керт кіш. 

Қожа  Ах мет  Иа са уи  ке се не сі-

нің  ба тыс  мұ на ра сы нан  оң түс-

тік ке қа рай 12 м жер де ор на-

лас қан.  Ке се не  XVIII  ға сыр дың 

аяғы – XIX ға сыр дың ба сын да 

қи рауға  ұшыраған.  Қа быр ға ла-

ры мен едені күй ді рілген кір піш-

тен  төрт бұ рыш ты  пі шім де 

өріл ген.  Не гіз гі  қас бе ті  пор тал 

тү рін де  бо лып  ке ле ді.  Оң түс-

тік-шы ғыс  жа ғын да  ке се не ге 

кі ре тін  есік  бар.  Ке  се не нің  сақ-

тал ған  бө лі гі  2000  жы лы  қал-

пы на  келтірілді. 

қалмақтармен шайқастарда батылдығымен, қолбасшылық қабiлетiмен көзге түскен. 

Халық оны ерлiгi, жауынгерлiк жеңiстерi үшiн «Салқам Жəңгiр хан» деп атаған.

Жəңгiр ханның билігі тұсындағы басты оқиға Орбұлақ шайқасы болды. Ол 

құрамындағы 600 сарбазымен 1643 жылы Орбұлақ мекенiнде 50 мыңдық жоңғар 

əскерлерін күйрете жеңіп, жауды ел шетінен қуып жіберді. Бұл Қазақ хандығының 

тəуелсіздігіне төнген қауіпті бірер жылға кейін шегерген жеңіс еді. 

Көреген де, тапқыр Жəңгiр көршi түркi мемлекеттерiмен тату тұрды. Жоңғар 

хандығына қарсы əскери одақ құрмақшы болды. Осы мақсатпен екi рет Моғолстандағы 


59



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет