Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті
«Мемлекеттік тілді жəне Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»
бағдарламасы бойынша шығарылды
Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігінің Тіл комитеті
«Мемлекеттік тілді жəне Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»
бағдарламасы бойынша шығарылды
ТАРИХ ·
ҚА
ЗАҚС
ТАН
· ҰЛЫ ДА
ЛА
· ӨНЕР · СПОРТ ·
ƏЙГІЛІ АДАМДАР
· ТАБИҒАТ ·
РУХАНИ МҰР
А
·
СА
Я
СА
Т
· ДƏС
ТҮР
растырушылар: Райымбеков Қ.Ж., Байғабылова Қ.Т.
«Сен білесі бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков,
Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 700 бет.
«Сен білесі бе?» – мектеп о ушыларын ата тарихымызбен, лы Дала
өркениетімен, лтты мәдениетімізбен, әдебиетімізбен, өнерімізбен,
салт-дәст р, әдет- рпымызбен әрі тарихи лы т л аларымызбен та-
ныстыра отырып, көптеген пия жайттар мен тарихи о и аларды ,
таби и былыстарды сырын т сінуге көмектесетін энциклопедиялы
жина . Көркем тілмен ыс а әрі н с а жазыл ан мәтіндер балаларды
ту ан жері мен хал ына, тілі мен дініне, әдебиеті мен мәдениетіне де-
ген ма таныш сезімдерін оятып, лы ата-бабаларыны асыл м раларын
рметтеуге баулиды.
Б л жина ты мектеп о ушылары шін тарих, аза тілі мен әде бие-
ті, жаратылыстану, т.с.с. пәндерді ме геруге көмекші рал бола ала-
тыны сөзсіз.
© «Аруна ltd.» ЖШС
УДК (031+075.3)
ББК 95 я 72
С 35
УДК (031+075.3)
ББК 92 я 72
ISBN 9965-26-407-4
С 35
ISBN 9965-26-407-4
ТАРИХ ЖЫЛНАМАСЫ
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР
Қазақ даласында өмір сүрген ертедегі тайпа-
лар мен мемлекеттер........................................5
Ұлы əміршілер................................................22
Ұлы падишалар...............................................28
Шыңғыс хан империясының билеушілері....34
Алтын Орда хандары......................................38
Қазақ хандығы................................................44
Қазақтың билері.............................................64
Қазақтың батырлары.....................................68
ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Алашорда......................................................75
Алаш арыстары...............................................79
ТƏУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Қазақстан Республикасы................................87
Қазақстанның астаналары.............................92
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
құры лымы....................................................96
Қазақстанның аймақтық-əкімшілік құры-
лымы ..............................................................100
Қазақстанның төл мерекелері.....................126
Қазақстан ақшасы........................................132
Қазақстанның ордендері мен медаль
-
да ры.....................................................136
Қазақ даласындағы ірі шайқастар.............142
Жоңғар шапқыншылығы.............................146
Ұлы Отан соғысы.........................................152
Ғарышты игеру.............................................162
Желтоқсан көтерілісі...................................164
ҰЛЫ ДАЛА МƏДЕНИЕТІ
Алғашқы діни түсініктер.............................169
Қазақ жерінде болған діндер......................174
Мұсылмандық иман-шарттары...................178
Көшпенділер тұрмысы.................................182
Мал шаруашылығы......................................192
Егін шаруашылығы......................................200
Саятшылық...................................................201
Құсбегілік.....................................................204
Ат жарыстары...............................................232
Ұлттық ойындар...........................................236
Балалар ойындары........................................242
Ет тағамдары................................................246
Ақ тағамдар...................................................252
Астықтан жасалатын тағамдар...................255
Жеті қазына...................................................258
Ер қанаты болған бес сəйгүлік...................264
Көшпелілер байлығы – жылқы....................268
Ежелгі қазақ жеріндегі тулар......................270
Қазіргі əскери рəміздер...............................274
Байырғы əскери рəміздер............................275
Қару-жарақтар..............................................280
Сауыт-саймандар......................................284
ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ
Ұлы Жібек жолы...........................................289
Қалалық мəдениет........................................294
Тарихи ғажайыптар.....................................310
Жазба жəдігерлер.........................................314
Тастағы таңбалар.........................................318
Ортағасырлық Қазақстан туралы зерт теу-
лер................................................................322
Дала жарғылары...........................................330
Сот ісі............................................................336
РУХАНИ МƏДЕНИЕТ
Далалық тарихнама......................................345
Қазақ жазуы..................................................352
Қазақ дүниетанымы.....................................356
Күнтізбе.......................................................360
Ай аттарының сыры....................................366
Білім ордалары.............................................370
Дəстүрлі оқу орындары...............................376
РУХАНИ МҰРА
Қазақ халқының ауызекі шығармашы-
лы ғы......................................................385
Жұлдыздар туралы мифтер.......................386
Ұлы адамдар жайлы аңыздар....................390
Аңызға айналған жерлер............................394
Əфсаналар..................................................398
Эпостық жырлар..........................................402
Тұрмыс-салт жырлары................................408
САЛТ-ДƏСТҮРІҢ – САЛТАНАТЫҢ
Қазақ халқының салт-дəстүрі, əдет-
ғұрпы...........................................415
Шаңырақ құру салтанаты...........................418
Адамның бір қызығы – бала деген...........424
Батаменен ер көгерер.................................430
Тұрмыстық салт-дəстүрлер........................434
Қазақ халқының əдет-ғұрыптары..............440
Əдепті бала – арлы бала............................446
Қазақ халқының ырымдары мен тыйым-
да ры..........................................................448
Ұлттық қолөнер............................................454
Зергерлік өнер..............................................476
Тоқымашылық өнер.....................................480
Киім тігу өнері............................................482
Ыдыс-аяқ жасау өнері.................................488
Əуен-саз аспаптарын жасау өнері.............492
Ұлттық ою-өрнектер...................................496
ӨНЕР ƏЛЕМІ
Қазақ халқының сəулет өнері...................501
Қазақ халқының шешендік жəне ақындық
өне рі............................................................524
Қазақ халқының əн-күй өнері..................543
Қазақ халқының театр жəне кино өнері.......
....................................................................557
Би өнері.........................................................565
СПОРТ
Спорт...........................................................567
ДАЛА ДАНАЛАРЫ
Дала даналары.............................................583
ТАБИҒАТ – ТУҒАН ҮЙІҢ
Табиғат – туған үйің....................................611
МАЗМҰНЫ
ТАРИХ ЖЫЛНАМАСЫ
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР
І. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ
ЖƏНЕ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ
5
ЕЖЕЛГІ ТАЙПАЛАР
АРИЙЛЕР МЕН ТУРЛАР
Арийлер мен турлар (б.з.б. II мыңжылдықтың бірінші жартысы – І мыңжылдықтың
бас кезеңі) – қазақ жерінде өмір сүрген ең ежелгі тайпалар болып табылады. Олар –
көшпелі өмір салтын ұстанған алғашқы малшылар. Негізінен,
бұл тайпалар жылқы малын баққан, сонымен бірге өгіз,
сиыр, қой, түйе ұстаған. Алыс көшпелі жайылымдарға төрт
дөңгелекті киіз күймелі арбамен көшіп жүрген. Осы кезде
киіз үйлер пайда болған. Арийлер мен турлар түсті металл
өндіріп, қару-жарақ соққан.
Арийлер мен турлар əскери адамдарды құрметтеп, қадір
тұтқан. Əскери адамдар құралайды көзге атқан мерген,
батыр болған. Ұрыстарда айбалта мен пышақ қолданған.
Олар ағынды аттар жегілген əскери арбаларды пайдаланған.
Көшпелі малшылар бұл арбаларды, басқа халықтарда
болмағандықтан, мақтан еткен. Металл өңдеуді біліп, еңбек
жəне соғыс құралдарын соққан, ал байлар өздеріне алтын
мен күмістен əсемдік бұйымдар жасаған. Күнге, айға,
отқа табынған. Өздерін қоршаған əлемді жақсылық пен
жамандыққа бөлген.
▼ Ежелгі тайпалардың тұрмысы.
.
▲“Авеста” – жер бетіндегі ең
көне кітаптардың бірі. “Аве-
ста” – Қазақстан, Орталық
Азия, Иран, Əзербайжан,
Ауғанстан жерлеріне таралған
Заратуштра
ілімінің қасиетті жазбалар
жинағы.
◄
Көне дəуірден бізге сақ-
талып жеткен ескерткіш-
тердің бір тобы – ыдыс тар.
6
Сақтар (б.з.б. 1 мыңжылдық – б.з. І ғ.) – қазақ жерінде өмір сүрген ежелгі тайпа.
Олар Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан
жерлерін мекен еткен.
Сақтар, негізінен, мал өсірумен айналысқан. Əсіресе, жылқы малын көптеп өсірген,
өйткені жылқыны жоғары бағалаған. Сақтар ат құлағында ойнайтын шабандоз, əрі ат
үстінде садақ тартып, атқанын мүлт жібермейтін мерген болған. Мұндай өнерде оларға
ешкім тең келе алмаған. Олардың аттары да таң қаларлықтай жүйрік болған. Бірде
парсылар патшасы сақтардың бір сарбазының астындағы атына қызығып, айырбас
ретінде оған өзінің байлығын ұсынған екен. Бірақ сарбаз одан бас тартқан көрінеді.
Уақыт өте келе сақтар отырықшылыққа көшкен. Жер өңдеп, егін шаруашылығымен
шұғылданған. Бекіністі қалалар мен шағын елді мекендер салған. Сол бір алыс кезеңде
олар өз мемлекеттерін құрған.
Сақтар қоғамында əскери адамдар – жауынгерлер ерекше құрметке ие болған.
Батырлығымен, мергендігімен көзге түскен адамдардың арасынан патша, көсем
сайланған. Оларда əйелдер мен қыздар да ержүрек болған. Соғыс өнерін жетік біліп,
еркектермен бірдей соғысқан. Мысалы, Томирис патшайым ақылы мен айласы,
батырлығы арқасында парсы əскерін жеңгенін тарихтан білеміз.
Сақтарда қолөнер мен зергерлік өнер жақсы дамыған. Олар əр алуан жануарларды:
бұғыны, жылқыны, түйені, бұланды, барысты, тауешкіні өте шебер бейнелеген.
Киімдерін жануарлар бейнесі бар алтын жапсырмалармен сəндеген. Шошақ төбелі бас
киім, шекпен, шалбар жəне етік киген.
Олар темірді қорытып, еңбек жəне соғыс құралдарын жасаған. Табиғат күштері мен
аспан шырақтарына, əсіресе, Күн мен отқа табынған.
Көшпелі қоғамдағы тұңғыш жазу сақтарда пайда болған. Сақтардың сауатты
болғанының бір айғағы – Есік қорымдағы «алтын адаммен» бірге көмілген күміс
тостағанның түбіне түсірілген таңбалар. Ол – Қазақстаннан табылған ең ескі жазу.
САҚТАР
◄ Сақ жауынгерлері.
Мойынға тағатын
əшекей (пектораль),
б.з.д. VI – V ғғ.;
Бұғылар, жапсырма,
б.з.д. V ғ.;
ЕЖЕЛГІ ТАЙПАЛАР
7
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
ҮЙСІНДЕР
Үйсіндер (б.з.б. II – б.з. V ғ.) – ежелгі дəуірде Қазақстанның оңтүстігінде өмір сүрген
тайпалар. Үйсіндер батысында Шу, Талас өзендерінен бастап, шығысында Тянь-Шянь
тауының шығыс сілемдеріне дейінгі, солтүстігінде Балқаш көлінен бастап, оңтүстігінде
Ыстықкөлге дейінгі аумақты жайлаған. Астанасы – Шығу (Чигучен – Қызыл алқап)
қаласы Ыстықкөлдің жағасында орналасқан.
Үйсіндер батыл əрі жауынгер халық болған. Ұрыстарда шыңдалған ондаған мың
атты əскері қай кезде де жауларымен соғысуға дайын тұрған. Қуатты көршілерінің өзі
оларды мойындап, құрметпен қараған.
Үйсіндердің шаруашылығы аралас болған, яғни көшпелі мал шаруашылығымен
де, отырықшы егіншілікпен де айналысқан. Жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе асыраған.
Халықтың бір бөлігі малмен жайлауға көшкенде, қалғандары жер өңдеп, егін еккен.
Тары, бидай, арпа өсірген. Көкөніс, жеміс-жидек отырғызған. Жабайы алма, жүзім,
өрік жинаған.
Үйсіндерде темір қорытып, пышақ, қылыш, орақ соғатын ұсталар, ағаштан немесе
қыштан ыдыс-аяқ жасайтын қолөнершілер, асыл тастармен безендіріп əшекейлік
бұйымдар жасайтын асқан шеберлер болған. Соның бір айғағы – үйсіндер дəуірінде
жасалған алтын тəті (диадема). Ол аң, құс жəне адам бейнелерімен безендірілген.
Бұл бейнелер неше түрлі өсімдік өрнектерімен көмкерілген. Мұны жасаған ұстаның
шеберлігіне таңданбасқа шара жоқ.
Үйсіндердің байлығы жылқымен өлшенген, байлары үйір-үйір жылқы өсірген.
Ақсүйектері жібек матадан киім киген. Алтын жəне мыстан соғылған мөрлер ұстаған.
► Үйсін жауынгері
8
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
Қаңлылар (б.з.б. II ғ. – б.з. V ғ.) – Қазақстан
жерін мекендеген ежелгі тайпалардың бірі. Олар
шығысында – Талас пен Шудың төменгі ағысы
аралығындағы, оңтүстігінде – Ташкент ойпаты,
солтүстігінде – Сырдарияның төменгі ағысы
аралығындағы аумақта өмір сүрген. Орталығы
(астанасы) – Битянь қаласы болған. Қаңлылар көне
түркі тілінде сөйлеген.
Қаңлылар мал бағып, суармалы егін ша-
руашылығымен шұғылданған. Олар, негізінен,
жылқы мен қой өсірген. Танаптарда тары, арпа,
бидай еккен. Қауын, қарбыз өсірген. Сырдария
аңғарының тығыз тоғайларында жабайы аң-
құстарды аулаған. Сонымен бірге балық аулау
кəсібімен де айналысқан.
Қаңлыларда қолөнер ісі жақсы дамыған. Олар
темір өңдеуді білген, одан еңбек құралдары мен
қару-жарақ дайындаған. Саз балшықтан неше түрлі
ыдыс-аяқ пен құмыра түрлерін жасаған.
Қаңлылардың бекініс қалалары, қолөнер жəне
сауда орталықтары болған. Ежелгі қаң лылардың
жері арқылы Ұлы Жібек жолы өткен. Шетел
көпестері мен жергілікті саудагерлер өздерінің
бұйымдарын, азық-түлік пен тауарларын күміс жəне
мыс теңгелерге сатқан.
ҚАҢЛЫЛАР
ҒҰНДАР
Ғұндар (б.з.б. IІІ ғ. – б.з. V ғасырлары аралығында
өмір сүрген) – ежелгі түркі тілдес тайпалар. Қытай
жазбаларында кездесетін тарихи атауы – гунну
(хунну). Олар бастапқы кезде Солтүстік Қытай,
Моңғолия, Байкал өңірлерін қоныс еткен. Б.з.б.
IІІ ғасырдың соңына таман ғұндар бірігіп, əскер
түзеп, мемлекет құрған. Жаулау жорықтарының нə-
тижесінде ғұндар б.з.-дың І ғасырларында Батыс-
қа қарай бет түзеген. Жолай көптеген тайпаларды
▲ Каңлы жауынгері.
▲ Қаңлы керамикасы. Б.з. I – IV ғғ.
Оңтүстік Қазақстан
9
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
▲ Ғұн. Қалпына келтірген
ан тро полог Г.В. Лебедин-
ская. Этнография инсти-
туты. Мəскеу қаласы
бағындырып, өздеріне қосып алған. Орталық жəне Шығыс Қазақстан жерлерін өздеріне
қаратқан. Б.з. ІV ғасырында ғұндар басқа да көшпенді тайпалармен бірге оңтүстік орыс
даласына жеткен. Дунайдан асып, Венгрияға дейін барып қоныстанған.
Ғұн мемлекетін билеген əміршіні «тəңірқұт», («қаған» немесе «шаньюй») деп
атаған. Ғұндар жиырма төрт ру-тайпаға бөлінген. Ақсүйектер тайпасына осылардың
тек төртеуі ғана жатқан. Шаньюйлердің барлығы – Мөде, Хуханье, Чжичжи (Шөже)
жəне т.б. ең бай ақсүйектерден шыққан. Əр ру-тайпаны рубасылар билеген. Сондай-
ақ əр рудан бір-бірден түменбасылар белгіленген. Олар тəңірқұттың ұлдары, інілері
немесе жақын туысқандары болатын. Түменбасылар қағанға бағынған.
Ғұндарда лауазымдар мен жоғары шендер əкеден балаға мұраға қалдырылған.
Ғұндар соғыс тұтқындарынан жəне өздеріне тəуелді елдердің тұрғындарынан құл
ұстаған. Құлды үй шаруасында, мал бағуда, жер өңдеуде,
күнделікті тіршіліктің бар саласында пайдаланған.
Олар жылқы, қой, сиыр, өгіз өсірген. Халықтың бір бөлігі
егін шаруашылығымен шұғылданып, тары, арпа еккен. Ғұн дар-
дың қалалары мен қоныстары болған. Оларда əскери іс жоға-
ры деңгейде дамыған. Сансыз көп əскері қара, ақ, жирен, ала
түсті өте мықты аттар мінген. Қылыш жəне қысқа семсермен
қаруланып, садақты шебер атқан.
Ғұндар жыл сайын халық пен мал санағын жүргізіп отыр-
ған. Олардың өз жазулары, заңдары мен ұстанған салт-дəстүр-
лері болған. Ғұндарда зергерлік өнер қарқынмен дамыған.
Ғұн зергерлері өз бұйымдарын, негізінен, алтыннан жасаған.
Олардың алтыннан əшекей бұйым жасау шеберліктерінің
шыңдалғаны сондай, қолдарынан шыққан кейбір бұйымдар
бүгінгі шеберлердің ең таңдаулы туындыларымен бəсекеге
түсе алады.
◄ Ғұн жауынгері.
10
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
Ежелгі түркілер туралы мəлімет тұңғыш рет б.з.-дың 542 жылындағы қытай
жылнамаларында кездеседі. Қытай жазбаларының айтуынша, түркілер ғұндардың
ұрпақтары болып табылады. Ал көне аңызға сəйкес, түркілер қасқырдан тараған ұрпақ
деп есептеліп, «Ашина» (қасқыр) əулеті атанған. Ашина тайпасы VІ ғасырдың ортасына
дейін жужандардың қол астында болады. VІ ғасырдың
ортасынан бастап билікті қолына алған Бумын түркілердің
басын біріктіріп, Түрік қағандығын (552 – 745 жж. өмір
сүрген) құрады. Түрік мемлекетінің алғашқы билеушісі
Бумын қаған болып есептелінеді, оның мұрагерлері, яғни
балалары Қара Ыссық (Қараессе) пен Мұқан қағандар
жужандарды талқандауды аяқтайды.
Түркілер шығысында Тынық мұхиттан бастап, батысын-
да Қара теңізге дейінгі ұлан-ғайыр даланы қол астына
қаратқан. Бүгінгі Қазақстан жері сол замандарда осы бір аса
қуатты Түрік мемлекетінің құрамында болған. Мемлекетті
Ашина əулетінен тарайтын мұрагерлер басқарған. Билік,
əдетте, балаларына, бірге туған ағайындарына немесе
жақын туыстарына көшіп отырған. Түркілердің жоғарғы ел
билеушісі «қаған» деген лауазымға ие болған.
Түркілер, негізінен, көшпелі мал шаруашылығымен
айналысқан. Олар үй жануарларының жаңа түрлерін шы-
ғаруға көп көңіл бөлген. Сонымен қатар елдің бір бөлігі
жер өңдеумен, қолөнер кəсібімен, саудамен айналысқан.
Қалалар, қоныстар салған. Басқа елдермен сауда жəне
мəдени қарым-қатынас орнатқан. Ұлы Жібек жолының
үлкен бөлігін қолдарында ұстап, иелік еткен.
ТҮРКІЛЕР
◄ Түркі жауынгері.
▲
Құмыра. Біздің
заманымыздың IV – VI
ғасырлар бұйы мы.
Қазақстанның көне керами-
касынан жасалған. Жетісу
өңірінен табылған
11
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДА ӨМІР
СҮРГЕН ЕРТЕДЕГІ ТАЙПАЛАР
МЕН МЕМЛЕКЕТТЕР
Қарлұқтар – түркі тілдес тайпалар. Бұл тайпа туралы
алғашқы деректер б.з.-дың V ғасырынан белгілі. Қарлұқ
қағандығы (766 – 940 жж.) VIII ғасырда Жетісу жеріне
ойысып, 940 жылға дейін өмір сүрген. Қарлұқтар қазақ
жерін – Жоңғар Алатауынан осы күнгі Оңтүстік Қазақстан
облысына дейінгі аралықты жайлаған. Қарлұқ жерінің
үлкен болғаны сонша, оны батысынан шығысына қарай
кесіп өту үшін сауда керуені 30 күндей уақыт жүреді екен.
Мұны араб саяхатшысы ибн Хаукал жазып кеткен.
Қарлұқ билеушілері ежелгі Тараз бен Суяб қалаларын
өздеріне астана еткен. Қарлұқ көсеміне «жабғу»
лауазымы берілген. Олардың негізгі кəсібі көшпелі мал
шаруашылығы болған. Жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе
малдарын ұстаған. Халықтың кейбір бөлігі егіншілікпен
айналысып, арпа, тары, бұршақ, атбас бұршақ өсірген.
Өзге халықтарға қарағанда, бақша өсіруді жетік
меңгерген. Сонымен қатар сауда-саттық жасап, қолөнер
кəсібіне де көңіл бөлген.
ҚАРЛҰҚТАР
▲ Қарлұқ атты жауынгері
ОҒЫЗДАР
Оғыздар – түркі тілдес тайпалар. Тарихта V ғасырдан бастап белгілі. Олар ертеректе
Жетісу өңірін мекендеген. Алайда қарлұқтармен соғыста жеңіліп, Жетісу өңірін тастап
шығуға мəжбүр болады. Сөйтіп, олар Қаратау бөктері мен Сырдарияның төменгі
сағасына қарай қоныс аударады. ІХ ғасырдың екінші жартысында оғыз көсемдері
қарлұқтар мен қимақтардың бір бөлігімен одақтасып, Сырдария аймағын мекендейтін
печенег, баджагар, т.б. тайпаларға соққы береді. Оларды ығыстыра отырып, Сырдария
бойына, Арал маңайына қоныстанады. Осылайша олар Оғыз мемлекетін (ІХ – ХІ ғғ.
өмір сүрген) құрып, Сырдарияның төменгі сағасындағы Жаңакент (Янгикент) қаласын
астана етеді. Жаңакент Орта Азияға, Шығыс Еуропаға жəне Қиыр Шығысқа апаратын
керуен жолының бойында орналасқан.
Қарлұқ елінде 25 қала мен қалашықтар тұрғызылған, оның ішінде: Исфиджаб
(қазіргі Сайрам), Тараз, Құлан, Мерке қалалары бар. Олар Ұлы Жібек жолының бойында
орналасып, Оңтүстік Қазақстан жəне Жетісу өңірінің экономикалық жəне мəдени
дамуына, қалалардың гүлденуіне, сауда-саттықтың өркендеуіне ықпал еткен.
12
Достарыңызбен бөлісу: |