Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»


 Оқу пəнінің 9-сыныптағы базалық мазмұны



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата03.01.2017
өлшемі0,59 Mb.
#1105
1   2   3   4   5   6   7   8

 

6. Оқу пəнінің 9-сыныптағы базалық мазмұны 

 

48.



 

ХХ ғасырдың басынан қазіргі кезге дейін. 

49.

 

«ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан» (6 сағат): 



ХХ  ғасырдың  басындағы  Қазақстандағы  қоғамдық-саяси  үдерістер, 

Қазақстандағы  панисламизм  жəне  пантүркішілдік,  Қазақстандағы  ұлттық- 

демократиялық  қозғалыстар,  Мемлекеттік  Дума  жұмысына  қырғыз  (қазақ) 

облыстарынан өкілдердің қатысуы (Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, 

Б.Қаратаев, М.Тынышпаев, М. Шоқай), саяси басылымдардың дамуы («Қазақ» 

газеті, «Айқап» журналы); 

Қазақстандағы 1916 жылғы  ұлт-азаттық  қозғалыс,  бірінші  дүниежүзілік 

соғыс  жəне 1916 ж. 25 маусымдағы  «бұратаналарды»  тыл  жұмысына  алу 

туралы  Жарлық, 1916 жылғы  ұлт-азаттық  қозғалыстың  себептері,  ұлт-азаттық 

қозғалыстың негізгі кезеңдері, таралған аудандары, əлеуметтік негізі; 

18 

 


 

қозғалыстың  басшылары  (А.Иманов,  Т.Бокин,  Б.Əшекеев,  С.Меңдешов), 

1916  ж.  қазақтардың  азаттық  қозғалысында  жеңілуі  жəне  қозғалыстың  тарихи 

маңызы; 


1917  жылғы  революциялар  аралығындағы  Қазақстан,  Ресейдегі 1917 ж. 

ақпан  буржуазиялық-демократиялық  революциясы  жəне  оның  қазақстандық 

қоғамға  тигізген  əсері,  уақытша  үкімет  жəне  билік  құрылымын  қайта  құру, 

жұмысшы, солдат жəне шаруа депутаттары Кеңестерінің құрылуы;  

Қазақстандағы  бүкілресейлік  саяси  партиялардың  қызметі,  жалпықазақ 

съезінің шақырылуы (1917 ж. сəуір-шілде);  

«Алаш»  партиясы,  Ресей  кадет  партиясының  ұлттық  филиалын  құру 

əрекеті, «Қазақ» газеті жəне ұлттық-демократиялық қозғалыстар; 

І Жалпықазақ съезі (1917 ж. шілде) жəне «Алаш» партиясының құрылуы, 

«Алаш»  партиясы  бағдарламасының  жобасы, «Алаш»  партиясының 

жетекшілері (Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов жəне т. б.).  

50.


 

«1917-1941 жылдардағы Қазақстан» (22 сағат): 

Қазақстанда  кеңестер  билігінің  орнауы, 1917 ж.  Ресейдегі  жəне 

Қазақстандағы  қазан  социалистік  революциясы,  Қазақстанда  (Торғай,  Орал, 

Ақмола,  Семей,  Сырдария  облысы,  Жетісу  жəне  Бөкей  ордасында)  кеңес 

билігінің орнауы; 

қазақ  социалистік  «Үш  жүз»  партиясы,  Қазақстандағы  РСДЖП-ның 

социал-демократиялық ұйымдары; 

Қазақстандағы  ұлттық  автономиялар,  Түркістан  (Қоқан)  автономиясы, 

Орынбордағы  ІІ  Жалпықазақ  съезі (1917 ж.  желтоқсан), «Алаш»  қазақ 

облыстары  автономиясының  құрылуы, «Алашорда  Халық  Кеңесі»  үкіметінің 

қызметі; 

Азамат  соғысы  жəне  шетелдік  интервенция  жылдарындағы (1918-1920 

жж.),  Қазақстандағы  соғыс  қимылдары,  Чехословак  корпусының  бүлігі, 

Қазақстанда  атаман  Дутов  бастаған  соғыс  қимылдарының  басталуы, 

Қазақстандағы  Колчак  əскері,  соғыс  майдандарының  құрылуы,  Колчак 

əскерлерінің  талқандалуы  жəне  соғыс  майдандарының  жойылуы  (Əліби 

Жангелдин, Тоқаш Бокин); 

Кеңес  билігі  мен  «Алашорда»  үкіметінің  қарым-қатынасы, «Алаш» 

партиясы  мен  «Алашорда»  үкіметінің  большевиктермен  күресте  жеңілу 

себептері; 

«əскери  коммунизм»  саясаты,  жер  жəне  өнеркəсіп  орындарын 

ұлттандыру,  «əскери  коммунизм»  саясаты (1918-1920 жж) (мақсаты  жəне 

мазмұны), «əскери  коммунизм»  өнеркəсіп  жəне  ауыл  шаруашылығында, 

«əскери  коммунизм»  саясатының  Қазақстанда  жүргізілу  ерекшеліктері  мен 

салдары, 1921 жылғы  жұт  пен  аштық,  Қазақстандағы  шаруалар  толқулары 

(1920-1922 жж.);  

Қазақ  кеңес  мемлекеттілігінің  құрылуы,  Қырғыз  (Қазақ)  Кеңестік 

автономиясын  құруға  дайындық  жұмыстары,  Қырревком  (Қырғыз  (Қазақ) 

өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет) жəне оның қызметі, 1920 ж. 

26  тамыздағы  Кеңес  үкіметінің  «Қырғыз  (Қазақ)  Автономиялы  Кеңестік 

19 


 

 

Социалистік  Республикасын  (РКФСР  құрамында)  құру  туралы»  Декреті, 

Қырғыз  (Қазақ)  АКСР  Кеңестерінің  Құрылтай  съезі, «Қырғыз  (Қазақ)  АКСР 

еңбекшілері құқықтарының Декларациясын» қабылдау жəне оның мазмұны; 

Қырғыз (Қазақ) АКСР-ы аумағының қалыптасуы, 1920 ж. Қырғыз (Қазақ) 

АКСР-ның 

территориясы, 

Түркістан 

АКСР-і 

жəне 


Орта 

Азия 


республикаларының  ұлттық-мемлекеттік  аумақтарының  анықталуы,  Жетісу 

жəне Сырдария облыстарының Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрамына енуі; 

Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) (1921-1925 жж.), жер-су 

комитеттерінің құрылуы, оның қызметі жəне 1921 ж. жер-су реформасы, жаңа 

экономикалық  саясат  (мақсаты  жəне  мазмұны),  Қазақстандағы  жаңа 

экономикалық  саясат,  жаңа  экономикалық  саясаттан  бас  тарту  жəне  оның 

қорытындылары; 

1920-1930  жж.  Қазақстандағы  индустрияландыру,  Қазақстандағы 

социалистік индустрияландырудың мəні мен ерекшелігі, Қазақстандағы табиғи 

байлықтарды зерттеу жəне игеру, Қ.И. Сəтбаев; 

Қазақстандағы  ірі  кəсіпорындарының  құрылысы  мен  ауыр  өнеркəсіп, 

Түрксіб  құрылысы,  жұмысшы  табының  өсуі,  бірінші  бесжылдықтағы 

Қазақстандағы индустрияландырудың нəтижесі; 

Қазақстандағы  «Кіші  Қазан», «Кіші  Қазан» (мазмұны  жəне  тəжірибеде 

жүзеге асуы), ауылдарды «кеңестендіруге» бағыт алу, жайылымдық-шабындық 

жерлердің 

қайта 

бөлінуі, 



бай 

шаруашылықтардың 

тəркіленуі, 

Ф.И.Голощекиннің  саяси  портреті, 1926-1928 жж.  қазақ  зиялыларына  қарсы 

қуғын-сүргін шараларының күшеюі; 

Қазақстанда 

ауыл 

шаруашылығын 



ұжымдастыру, 

күштеп 


ұжымдастырудың  сталиндік  моделі,  мал  шаруашылығымен  айналысатын 

көшпелі 


жəне 

жартылай 

көшпелі 

шаруашылықтарды 

күштеп 

отырықшыландыру,  Қазақстандағы  ұжымдастырудың  қарқыны  жəне  барысы, 



1928-1930  жж.  астық  жəне  ет  өнімдерін  дайындау  науқаны,  Қазақстандағы 

жаппай ұжымдастырудың экономикалық салдары; 

 1931-1933 жылдардағы  ашаршылық,  ХХ  ғ. 30-ж.  Қазақстандағы 

қасірет, Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық 

салдары, Қазақтардың  республикадан тыс аймақтарға жаппай қоныс аударуы; 

қазақ шаруаларының қарулы көтерілістері жəне Кеңес үкіметінің жазалау 

шаралары,  ұлт  зиялыларының  ұжымдастыруды  жүргізу  тəсілдеріне  қатысы  

жəне олардың қоғамдық-саяси көзқарастары, «Бесеудің хаты»; 

 1920-1930 жж.  Қазақстандағы  қоғамдық-саяси  үдерістер,  шаруаларға 

қарсы  жəне  кулактар  мен  байларды  жоюдағы  сталиндік  жазалау, «Алаш» 

партиясының  мүшелері  мен  ұлттық  интеллигенцияға  қарсы  саяси  жазалау,  

1937 – 1938 жылдардағы жаппай жазалау шаралары;  

Қазақстан  аумағындағы  Кеңестік  «еңбекпен  түзеу»  лагерлері  (Степлаг, 

Қарлаг, АЛЖИР жəне т.б.); 

1920-1930  жылдардағы  Қазақстан  мəдениеті,  халық  ағарту  ісі,  ересектер 

арасындағы  сауатсыздықты  жою,  қазақ  жазуының  араб  əліпбиінен  латынға  

ауысуы,  орыс  жазуы  негізінде  жаңа  əліпбидің  енгізілуі,  ғылым,  жоғары  оқу 

20 


 

 

орындары, КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы (1932 ж.) жəне 

филиалы,  Қ.Сəтпаевтың  Қазақстан  ғылымының  дамуындағы  орны  мен  рөлі, 

Қазақстандық ғалымдар жəне олардың ғылымдағы жетістіктері; 

əдебиет  (Ж.Аймауытов,  А.  Байтұрсынұлы,  Ш.Құдайбердиев,  М. 

Дулатұлы,  М.  Жұмабаев,  Б.  Майлин,  И.  Жансүгіров,  С.  Сейфуллин,  С. 

Мұқанов,  Ғ.  Мүсірепов,  Ғ.  Мұстафин  жəне  т.б.  шығармалары),  өнер,  театр, 

кино, бейнелеу өнері жəне оның қайраткерлері, мəдениет саласындағы кеңестік 

идеология (əдістері жəне салдары); 

қорытындылау. 

51.

 

 



«1941 – 1945 жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы 

Қазақстан» (6 сағат): 

Қазақстан  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында,  Ұлы  Отан  соғысының 

басталуы, Қазақстандағы мобилизация жəне қазақстандық əскери құрамалар;  

 қазақстандықтардың Мəскеу, Сталинградты қорғау шайқастарына, 1943-

1944  жылдардағы  шабуылдарға  қатысуы,  Кеңес  əскерінің  Еуропаны  азат  етуі, 

қазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары;  

Қазақстан – соғыс  арсеналы,  экономиканың  соғыс  жағдайына  ауысуы, 

Ресей мен Украинадағы өнеркəсіп кəсіпорындардың Қазақстанға көшірілуі;  

Қазақ  КСР-нің  əскерді  жəне  елді  металл,  шикізат,  азық-түлік, 

ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі, қазақстандықтар – тыл 

қаһармандары; 

КСРО халықтарын Қазақстанға депортациялау, бірінші кезең – 1937-1938 

жж.,  Қиыр  Шығыстан  кəрістерді, 1940 жылы  поляктар  мен  Балтық  маңы 

халықтарын  депортациялау,  екінші  кезең – 1941 жылы  немістерді 

депортациялау,  үшінші  кезең – 1943-1944 жылдары  қарашайлар,  ингуштер, 

шешендер, қырым татарларын жəне т.б. күштеп қоныс аудару;  

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  Қазақ  КСР-нің  мəдениеті,  Ресейлік 

ЖОО мен ғылыми мекемелерінің Қазақстанға көшірілуі, ғылым мен мəдениет – 

майданға,  КСРО  ҒА  қазақстандық  филиалы  мен  КСРО  ҒА  Қазақстан  табиғи 

қорларын зерттеу бойынша Комиссияның қызметі; 

əдебиет  (М.  Əуезов,  Ж.  Жабаев,  Д.Снегин,  И.Шухов  жəне  т.б.),  өнер, 

театр, кино, Мəскеу жəне Ленинград киностудияларының Алматыға көшірілуі, 

Қазақстандық кинематографияның қалыптасуы, «Қазақфильм» киностудиясы;  

қорытындылау. 

52.


 

«Қазақстан 1946 – 1991 жылдарда» (18 cағат): 

Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946 – 1953 жж.», Қазақ КСР-ның 

əлеуметтік-экономикалық  дамуы,  аймақтың  табиғи  кен-байлықтарын  игеру 

жəне  өнеркəсіптің  дамуы,  Қазақ  КСР-ның  ауыл  шаруашылығындағы 

дағдарысты құбылыстар; 

Сталинизм  идеологиясы  жəне  қуғын-сүргін  саясаты,  Қазақстандағы 

қоғамдық-саяси өмір, Е. Бекмаханов ісі); 

«Хрущев  кезеңіндегі»  Қазақстан  өнеркəсібінің  дамуы,  Қазақ  КСР-і 

өнеркəсібінің  дамуы, 1957 жылғы  реформа  (салалық  принциптен  аумақтық 

принципке ауысу, совнархоздардың құрылуы);  

21 


 

 

  Қазақстандағы  əскери-өнеркəсіптік  кешен,  атомдық  полигонның 

салынуы  жəне  Семейде  ядролық  сынақтардың  жүргізілуі, «Байқоңыр»  ғарыш 

айлағы; 


«Тың эпопеясы», Н.Хрущевтың аграрлық саясаттағы «жаңа курсы» жəне 

оның  Қазақ  КСР-де  жүзеге  асырылуы,  Қазақстанда  тың  жəне  тыңайған 

жерлерді игеру, тың игерудің экономикалық, экологиялық жəне демографиялық 

салдары; 

1954-1965  жж.  республикадағы  қоғамдық-саяси  өмір, 1950 жылдың 

ортасындағы  сталинизмнен  бас  тарту  əрекеті, «Хрущев  жылымығы», 

Қазақстандағы билік басындағы дағдарыс, Теміртаудағы 1959 жылғы оқиға;  

Қазақстанның 1965-1985 жж.  əлеуметтік-экономикалық  дамуы, 1965 

жылғы өнеркəсіптегі реформа, 8-бесжылдық (1966-1970 жж.) қорытындылары; 

экономиканың  шикізаттық  бағыты,  Қазақстан  КСРО-ның  түсті  металл, 

отын-энергетика, химия өнеркəсібінің негізгі базасы ретінде, өндіріс дамуының 

экстенсивті сипаты; 

ауыл шаруашылығындағы 1970-1980 жж., дағдарысты құбылыстар, ауыл 

шаруашылығын  көтеруге  бағытталған  шаралар, 1982 жылғы  азық-түлік 

бағдарламасы, өнеркəсіп озаттары,  «Тоқырау» кезеңіндегі қазақстандықтардың 

материалдық жағдайы;  

 1965-1985 жж.  саяси  өмір  жəне  ұлттық  саясат,  саяси  өмірдегі 

мəселелер, 

ауыртпалықтар 

жəне 


қарама-қайшылықтар, 

Қазақстан 

компартиясының қызметі, кəсіподақтар, комсомол, Қазақ КСР-ның 1978 жылғы 

Конституциясы; 

ұлттық  саясаттағы  деформациялар,  республикалардың  егемендігінің 

шектелуі, 1979 ж. Целиноградтағы оқиға;  

Қазақстандағы  «Қайта  құру»,  КОКП  ОК-нің  сəуір  пленумы  жəне  қайта 

құру, Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер; 

  Қазақстандағы 1986 жылғы  желтоқсан  оқиғасы  (себептері,  барысы 

жəне  салдары),  КОКП  ОК-нің (1987ж.  шілде) «Қазақ  республикалық  партия 

ұйымының  еңбекшілерге  интернационалдық  жəне  патриоттық  тəрбие  беру 

жұмысы туралы» қаулысы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларды 

жазалау шаралары;  

1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасы, Қарағанды кеншілері ереуілінің себептері 

мен сипаты, «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі жайлы Декларация» (1990 

ж.  қазан), 1991 жылғы  «тамыз  бүлігіне»  дейінгі  жəне  одан  кейінгі  кеңестік 

саяси жүйедегі реформалар, КСРО-ның таралуы;  

1946-1991  жж.  əлеуметтік-демографиялық  үдерістер,  Қазақстандағы 

халық санақтары мен халық саны, этникалық құрамы, қазақстандық қоғамның 

əлеуметтік құрылымы;  

Қазақстандағы  экологиялық  мəселелер,  атомдық,  ракеталық  жəне  басқа 

да  полигондар  қызметінің  салдары,  экологиялық  апат  аймақтары,  Арал  жəне 

Балқаш мəселелері жөніндегі комитет;  

22 


 

 

Қазақстандағы 

қоғамдық-саяси 

қозғалыстар, «Невада-Семей» 

антиядролық  қозғалысы, «Азат»  азаматтық  қозғалысы, «Единство» (СНЕК) 

ұлтаралық қозғалысы, 1991 жылғы Орал қаласындағы оқиға; 

1946-1980  жылдардағы  Қазақстандағы  мəдениет,  білім,  міндетті 

сегізжылдық  жəне  жалпыға  бірдей  орта  білім,  білім  беру  жүйесінің 

мамандармен  жəне  материалдық-техникалық  қамтамасыз  етілуі, 1984 жылғы 

жалпы білім беру жəне кəсіптік мектептерді реформалау;  

əдебиет (Ə. Нұрпеисов, Б. Момышұлы, І. Есенберлин, О. Сүлейменов, М. 

Шаханов  жəне  т.б.  Ш.Құдайбердиев,  А.  Байтұрсынов,  М.  Жұмабаев,  Ж. 

Аймауытов,  М.Дулатов),  ақын-жазушылардың  мұраларының  қайта  жаңғыруы 

(1988  ж.),  өнер,  театр,  кино,  əдебиет  жəне  өнер  салаларының  идеологиядан 

арылуы);  

қорытындылау. 

53.

 

«Тəуелсіз Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы жəне нығаюы» (16 



cағат): 

Қазақстанның  тəуелсіздігін  жариялау,  Қазақстан  Республикасының 

тəуелсіздігі  туралы  Заңы (1991 жыл 16 желтоқсан),  Президенттік  басқару 

институтының  қалыптасуы,  Қазақстан  Республикасы  Бірінші  Президентінің 

сайлауы (1991 жыл 1 желтоқсан),  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 

рəміздері мен наградалары, Қазақстан Республикасының Конституциялары; 

Қазақстандағы 

көппартиялық 

жүйенің 

қалыптасуы, 

қоғамдық 

қозғалыстар жəне ұйымдар, Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы 

жəне  дамуының  негізгі  кезеңдері, «Нұр-Отан»  халықтық-демократиялық 

партиясы,  Қазақстан  коммунистік  партиясы, «Ақ  жол»  Қазақстанның 

демократиялық партиясы, социал-демократиялық жəне басқа саяси партиялар; 

қоғамдық қоғалыстар мен ұйымдардың қалыптасуының негізгі кезеңдері, 

үкіметтік  емес  ұйымдардың  (ҮЕҰ)  құрылуы  жəне  қызметі,  Қазақстандағы 

қоғамдық  жəне  кəсіподақ  қозғалысы,  қоғам  қайраткерлері  (О.Сүлейменов, 

М.Шаханов жəне т.б.); 

Қазақстан  Республикасының  ұзақ  мерзімдік  даму  бағдарламалары, 

«Қазақстан – 2030» жəне  «Қазақстан – 2050» стратегиялары, «Қазақстан – 

2030»  стратегиясы»  бүкіл  қазақстандықтардың  экономикалық  əл-ауқатын 

жақсарту,  гүлденген  жəне  саяси  тұрақты  мемлекет  орнату,  ұзақ  жылдарға 

арналған  басым  мақсаттар  мен  стратегиялық  дамулар, «Қазақстан – 2050» 

стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты,  тарихи  маңызы, 

Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары; 

1990 

жылдардағы 



Қазақстандағы 

экономикалық 

модернизация, 

бүкілодақтық  интеграциядағы  Қазақ  КСР-ның  орны  жəне  рөлі,  жоспарлы 

экономиканың  дағдарысы  жəне  нарыққа  көшу,  Қазақстанның  табиғи 

ресурстары,  экономикалық  реформалардың  стратегиясы,  Қазақстандағы 

əлеуметтік-экономикалық  модернизацияның  негізгі  кезеңдері,  экономиканың 

босатылуы 

(ырықтануы), 

ұлттық 


валютаның 

енгізілуі, 

Қазақстан 

экономикасының  ғасырлар  тоғысындағы  тұрақтануы (1998-2011 жж.), 

23 

 


 

Қазақстанның  инвестициялық  саясаты  жəне  шетелдік  инвестициялар,  банк 

жүйесі; 

ХХІ  ғасырдағы  Қазақстан  Республикасының  экономикалық  дамуы, 

индустриалды-инновациялық  стратегиясын  дамыту  жəне  бəсекеге  қабілетті 

экономиканы  жасау,  кəсіпкерлікті  дамыту,  кіші  жəне  орта  бизнес, 

Қазақстанның  қазіргі  кезеңдегі  өнеркəсібі  мен  ауыл  шаруашылығы, 

Қазақстанның  əлемдік  экономикаға  бірігуі,  əлемдік  қаржы  дағдарысы  жəне 

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру шаралары; 

Қазақстан  Республикасының  əлеуметтік  саясаты, 1990 жылдардағы 

дағдарыс жағдайындағы əлеуметтік сала, 2000-жылдардағы əлеуметтік саланың 

дамуы,  зейнетақы  жүйесінің  реформасы  жəне  зейнетақы  қорлары, «жол 

картасы» мемлекеттік бағдарламасы, тұрғын-үй құрылысы; 

Қазақстанның  əлемдік  қауымдастыққа  енуі,  Қазақстан  Республикасын 

халықаралық 

аренада 


тануы, 

Қазақстан 

Республикасының 

сыртқы 


саясатындағы  негізгі  басым  бағыттары,  Қазақстанның  əлемдік  экономикалық 

байланыстар  жүйесінен  орын  алуы,  Қазақстан  Республикасының  ядролық 

қарудан бас тартуы жəне оның тарихи маңызы; 

Қазақстанның  көрші  елдермен  байланыстары,  Қазақстан  жəне  Ресей 

ынтымақтастығы, Қазақстан жəне Қытай халық республикасы (ҚХР);  

саясаттағы көп векторлық жəне стратегиялық одақтастық (Қазақстан жəне 

АҚШ,  Қазақстан  жəне  Еуроодақ  елдері  Қазақстан-Германия,  Қазақстан-

Франция,  Қазақстан-Ұлыбритания  байланыстары,  Қазақстан  жəне  түркі  əлемі 

елдері); 

Қазақстан  жəне  халықаралық  ұйымдар,  Қазақстанның  халықаралық 

ұйымдарға мүше болуы, Қазақстан жəне ТМД), Қазақстан – БҰҰ-ның белсенді 

мүшесі,  Қазақстанның  Еуроодақ  жəне  ЕҚЫҰ-дағы  ұстанымының  нығаюы, 

Қазақстанның  ЕҚЫҰ-на  жəне  Ислам  Конференциясы  Ұйымына  (ИКҰ) 

төрағалық етуі;  

Қазақстан  Республикасының  аймақтық  халықаралық  ұйымдармен 

байланыстары,  ЕурАзЭҚ,  ҰҚШҰ,  ШЫҰ,  АӨСШК,  ОЭК  жəне  басқалармен 

интеграциялық үдерістер;  

Қазақстан  Республикасының  білім  жүйесін  реформалау  жəне  ғылымды 

дамыту,  Қазақстан  Республикасының  білім  туралы  тұжырымдары  мен  заңы, 

Қазақстан  Республикасының  білім  жүйесінің  даму  кезеңдері,  Қазақстан 

Республикасындағы  жоғары  білім  беру,  білім  саласындағы  халықаралық 

байланыстар, «Болашақ»  мемлекеттік  бағдарламасы, 2007-2015 жж. 

Қазақстанда ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы,  ұлттық ғылыми 

орталықтардың құрылуы;  

ХХ  ғасырдың  соңы – XXI ғасырдың  басындағы  Қазақстан  мəдениетінің 

дамуы,  кеңес  мемлекеті  ыдырағаннан  кейінгі  қазақ  мəдениетінің  қайта 

жандануы жəне дамуы, Қазақстандағы ұлттық мəдениеттер байланысы; 

əдебиет,  музыка  өнері,  театр,  кино  өнері, XXI ғасырдың  басындағы 

өнердің басқа да жанрлары, «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, қазіргі 

ақпараттық мəдениет; 

24 

 


 

Н.Ə.  Назарбаев – Қазақстан  Республикасының  бірінші  Президенті, 

Н.Ə.Назарбаевтың  саясаткер,  ойшыл,  қоғам  қайраткері  болып  қалыптасуы, 

Елбасы, тəуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Президенттің рөлі, 

Н.Ə. Назарбаев жəне Еуразия идеясы; 

Астана – Қазақстан  Республикасының  жаңа  Елордасы,  Астананың 

көшірілуі,  жаңа  Астананың  құрылысы,  жаңа  астананың  құрылуының  тарихи 

маңызы. 


Қорытынды қайталау. 

7. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

54.



 

 Пəндік нəтижелер. 5-6 сыныптың соңында оқушылар: 

1)

 

тарих пəнін, археологиялық жəне жазба деректерді; 



2)

 

ауа-райының адамдардың өміріне жəне шаруашылық қызметіне əсерін; 



3)

 

уақыт сызығын, тарихтағы жыл санауды; 



4)

 

алғашқы адамдардың тұрақтарын; 



5)

 

ежелгі  Қазақстан  тарихындағы  маңызды  оқиғаларды,  тарихи 



тұлғаларды; 

6)

 



тарихи Отан ұғымын; 

7)

 



Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді; 

8)

 



мемлекет, мемлекеттік рəміздер тарихы туралы білуі тиіс. 

55.


 

 5-6 сыныптың соңында оқушылар: 

1)

 

жыл  мен  ғасыр  арақатынасын,  тарихтағы  жыл  санаудағы  ұзақтық  пен 



жүйелілікті орната білуді; 

2)

 



картадан  тарихи  объектілерді  көрсете  білу,  географиялық  жағдайды 

сипаттай алуды; 

3)

 

ежелгі адамдардың кəсібін, өмірі мен тұрмысын суреттей алуды; 



4)

 

ежелгі сəулет жəне өнер ескерткіштерін суреттей білуді; 



5)

 

Қазақстан  территориясында  өмір  сүрген  тайпалардың  өзара 



байланысын талдауды; 

6)

 



оқу  материалдарының  мазмұнын  өз  сөзімен  əңгімелеуді,  тарихи 

оқиғаға өз бағасын бере білуді; 

7)

 

оқулықтағы мəтінінен негізгісін таба білуді; 



8)

 

мəтін мазмұнына сай қысқаша жоспар құра білуді; 



9)

 

тарихи терминдерді қолдану жəне оларды түсіндіре білуді; 



10)

 

 басқа оқушылардың жауаптарына өз көзқарасын  білдіруді  меңгеруі 



тиіс. 

56.


 

 7-8 сыныптың соңында оқушылар: 

1)

 

 ортағасырлар    кезеңіндегі  Қазақстанның  əлеуметтік – экономикалық 



дамуын; 

2)

 



 Қазақстан 

территориясындағы 

мемлекеттердің 

құрылуы 


мен 

дамуының ерекшеліктерін; 

3)

 

 моңғол  жəне  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  тəуелсіздік  үшін 



күрестегі, мемлекеттің сыртқы саясатындағы, негізгі фактілер мен оқиғаларды; 

4)

 



 Қазақстан халқының мəдениеттегі жетістіктерін; 

25 


 

 

5)

 



 ортағасырлар кезеңіндегі негізгі тарихи ескерткіштерді; 

6)

 



 жаңа дəуірдегі Қазақстан тарихының хронологиялық шегін; 

7)

 



 ХVІІІ ғ. басындағы Қазақстанның ішкі жəне сыртқы саяси жағдайын; 

8)

 



 қоғамның 

əлеуметтік 

құрылымы 

мен 


басқару 

жүйесін, 

шаруашылығын; 

9)

 



 ұлт – азаттық қозғалыс тарихындағы маңызды оқиғаларды; 

10)


 

 ұйғырлар мен дұңғандардың Жетісуға қоныс аударуының себептерін; 

11)

 

 ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан мəдениетін білуі тиіс. 



57.

 

 7-8- сыныптағы оқушылар білуі тиіс:  



1)

 

орта ғасырлардағы халықтың өмірі мен тұрмысын мазмұндауды; 



2)

 

тарихтағы негізгі саяси өзгерістерге талдау жасай білуді; 



3)

 

 түрлі деректерден тарихи ақпараттарды іздестіре білуді; 



4)

 

 хронологиялық, синхронды кестелер жасауды; 



5)

 

 орта  ғасырлардағы  қалалардың  экономикалық,  саяси  жəне  мəдени 



дамуын түсіндіре білуді; 

6)

 



 адамзат  дүниетанымының  қалыптасуындағы  діннің  рөліне  баға  бере 

білуді; 


7)

 

 қоғамның мəдени жəне рухани дамуында ислам рөліне баға беруді; 



8)

 

 мəтінді талдау, негізгісін анықтай білуді; 



9)

 

 оқу мəтініне жоспар жасай білуді; 



10)

 

 маңызды  тарихи  оқиғаларға,  тарихи  қайраткерлерге,  əлеуметтік 



топтарға мінездеме бере білуді; 

11)


 

 күнделікті мəселелерді шешуде алған білімдерін пайдалана білуді; 

12)

 

 аргументті түрде өз ұстанымын дəйекті дəлелдей алуды; 



13)

 

 хабарламалар мен баяндамаларды орындауды; 



14)

 

 тақырыпты оқып меңгеруі барысында тарихи картаны пайдалануды; 



15)

 

 берілген тақырыптың мазмұнына конспект құра білуді; 



16)

 

 тест сұрақтарымен жұмыс істеуді; 



17)

 

 өздігінен  қосымша  материалдар  іздеуді  (интернет,  кітапхана  жəне 



т.б.) меңгеруі тиіс. 

58.


 

 9-сыныптың соңында оқушылар: 

1)

 

 отан  тарихының  біртұтастығы  мен  жүйелілігін  сипаттайтын  негізгі 



фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды; 

2)

 



Отан тарихының кезеңдерін;  

3)

 



Қазақстанның  тарихи  жолының  ерекшеліктері  мен  оның  əлемдік 

қауымдастықтағы рөлін; 

4)

 

тарих беттеріндегі ақтаңдақтарға қазіргі көзқарасты; 



5)

 

қазіргі қоғамдық үдерістердің тарихи шарттылығын; 



6)

 

 Қазақстанның  Бірінші  дүние  жүзілік  соғыс  жылдарындағы  тарихи 



дамуын, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі жəне Азамат соғысы туралы; 

7)

 



«əскери коммунизм» мен жаңа экономикалық саясаттың саяси мəнін; 

8)

 



қазақ  мемлекетінің  құрылуының  басты  кезеңдерін,  ҚазАКСР  мен 

ҚазКСР-ның құрылуын; 

26 

 


 

9)

 



 Қазақстанда  индустрияландыру  мен  ұжымдастырудың  барысы  жəне 

оның қазақ халқына тигізген зардаптарын; 

10)

 

тоталитарлық  мемлекеттің  қалыптасуы  жəне  ұлт  зиялыларына  қарсы 



жаппай қуғын – сүргін туралы; 

11)


 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  Қазақстанның  Ұлы  Жеңіске  қосқан 

үлесін; 

12)


 

соғыстан  кейін  Қазақстанның  экономикалық,  əлеуметтік-саяси 

дамуын; 

13)


 

 тың  жəне  тыңайған  жерлерді  игеру  себептері,  оның  Қазақстанға 

тигізген салдарын, Қазақстанның «тоқырау» жылдарындағы тарихын; 

14)


 

 Қазақстан Тəуелсіздігінің жариялануы туралы; 

15)

 

 Егеменді Қазақстанның дамуын білулері тиіс. 



  59. 9-сыныптағы оқушылар: 

1)

 



белгілі  бір  тарихи  тақырып  бойынша  кеңейтілген  əңгіме  дайындай 

білуді; 


2)

 

қазіргі  замандағы  басты  оқиғалардың  себебін,  тарихи  маңызын 



өздігінен аша білуді; 

3)

 



мемлекет саясатының мəнін түсіндіре алуды; 

4)

 



жаңа тақырыппен өздігінен жұмыс істеуді, ізденіс жұмыстарын жүргізе 

алуды; 


5)

 

оқыған  тақырыбы  бойынша  өздігінен  талдау  жасап,  ондағы  негізгі 



мəселені таба білуді; 

6)

 



мемлекет  тарихындағы  оң  жəне  келеңсіз  құбылыстарға  баға  бере 

алуды; 


7)

 

белгілі  бір  мəселелер  бойынша  өзіндік  көзқарасын  дəйекті  дəлелмен 



білдіре алуды; 

8)

 



тест тапсырмаларымен жұмыс істей білуді; 

9)

 



конспект, кесте, сызбалар құра білуді; 

10)


 

 тарихи  деректерді  (деректердің  авторын,  уақытын,  не  үшін  жəне 

оның құрылу мақсатын анықтауды) талдай алуды; 

11)


 

 мəтін,  карта,  кесте,  сызба  жəне  т.б.  түрінде  берілген  тарихи 

материалдарды талдай білуді; 

12)


 

 тарихи  мəліметтердегі  фактілерді,  пікірлерді,  құжаттарды  жəне 

тарихи түсініктерді айыра білуді; 

13)


 

 оқытылып  отырған  кеңістік  жəне  уақыт  аралық  аясындағы  тарихи 

үдерістер    мен  құбылыстардың    себеп – салдарлық  байланыстарын  орната 

білуді;   

14)

 

 тарихи  мəселелерді  талқылауда  өз  көзқарасын  білдіруді, 



талқыланып  отырған  мəселеге  тарихи  мəліметтерді  дəйектей  отырып,  өз 

ұстанымын айта білуді; 

15)

 

 тарихи  материалдармен  өздігінен  жұмыс  істеп,  солардың  негізінде 



рефераттар, конспектілер, пікір жаза білуді; 

16)


 

 қазіргі  өмір  жағдайына  байланысты  тарихи  құбылыстарды  саралай 

отырып, өз ұстанымын анықтай білуді; 

27 


 

 

17)


 

 сырттан алынған əлеуметтік ақпараттарды сыни қабылдауда тарихи 

талдай білу дағдыларын қолдана білуді; 

18)


 

 өз  əрекеті  мен  айналасындағылардың  əрекетін  тарихи  жағдайда 

қалыптасқан əлеуметтік мəселеге сəйкес салыстыра білуді; 

60.Тұлғалық нəтижелер оқушылардың: 

1)

 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясына,  заңдарына  жəне 



құқықтық тəртіпке сыйластықпен қараудан; 

2)

 



азаматтық  жауапкершілік  пен  жоғары  патриоттық  сезім  жəне  Отанды 

қорғау мен оған қызмет етуден; 

3)

 

 мемлекеттік  жəне  ана  тілін  меңгеру,  Қазақстан  территориясында 



тұратын  халықтардың,  басқа  да  этностардың  құндылықтарын,  мəдениеті  мен 

дəстүрін құрметтеуден; 

4)

 

 туған  өлкесінің  табиғатын  сақтау  жəне  аялау,  қоршаған  ортаны 



қорғауда белсенділік көрсетуден; 

5)

 



 салауатты  өмір  сүру,  өзін  қорғау  жəне  айналадағы  адамдардың 

қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан; 

6)

 

 өз  бетімен  білім  алу  жəне  өзін  өзі  жүзеге  асыра  білу,  жасампаздық 



еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен; 

7)

 



 үлкенге құрмет жəне кішіге ізет көрсете білуінен; 

8)

 



 əлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды, 

идеологияны, құқыққа қарсы əрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.  

61. Жүйелі-іс əрекетте оқушылар: 

1)

 



 ғылым негіздері жəне адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми 

жетістіктер бойынша игерген  жүйелі білімді;  

2)

 

 ғылыми ақпаратты  талдау, өңдеу, жинақтай білу жəне оларды қолдана 



алуы; 

3)

 



 танымдық,  жобалау,  құрастыру  жəне  іздену,  шығармашылықпен 

қолдану əдістерін;  

4)

 

 қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды; 



5)

 

 жоғары  коммуникативтік  қабілеттілік  пен  көптілді  мəдениеттілікті  



қолдана білуі  тиіс. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет