5. Оқу пəнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
62. 9-сынып (1914 ж- бүгінгі күнге дейін). Барлығы – 34 сағат, (аптасына 1
сағаттан).
40
63. Кіріспе. Қазіргі заман тарихының мазмұны. Қазіргі заман тарихының
мерзімдік шектері. Индустриалдық қоғам. Постиндустриалдық қоғамға өту.
Ақпараттық қоғам.
64. I бөлім. Еуропа жəне Америка елдері 1918-1945 жж. – (9 сағат).
65. Бірінші дүниежүзілік соғыс – (1 сағат):
ХХ ғасырдың басындағы саяси дағдарыс. Бірінші дүниежүзілік соғыстың
басталуы.1914-1918 жж. соғыс қимылдарының негізгі кезеңдері. Германияның
«қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Ресейдің соғыстан шығуы. АҚШ-тың
соғысқа кірісуі. Соғыстың соңғы кезеңі. Үштік одақтың жеңілуі. Компьен
уақытша бітімі. Соғыстың зардаптары.
66. Соғыстан кейінгі əлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесі–
(1 сағат):
Париж бейбіт конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық
жүйе. Германия жəне оның одақтастарымен жасалатын бітім жобаларын
талқылау. Вашингтон конференциясы. Төрт мемлекеттің аралдық иеліктері
туралы келісімі. Бес держава келісімі. Қытай мəселесі. Тоғыз держава келісімі.
Версаль-Вашингтон жүйесі: мəні жəне қайшылықтары.
67. Ұлыбритания – (1 сағат):
Ұлыбританияның соғыстан кейінгі əлеуметтік-экономикалық жəне саяси
дамуы. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары. Екіпартиялы жүйенің
дағдарысы. Жұмысшы қозғалысы. Ағылшын экономикасы тұрақтануының
ерекшеліктері.
Ұлыбритания
дүниежүзілік
экономикалық
дағдарыс
жылдарында. Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы Ұлыбританияның ішкі
жəне сыртқы саясаты. У.Черчилль жəне сыртқы саясаттағы өзгерістер.
68. Франция – (1 сағат):
Францияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. «Солшыл
одақ» үкіметі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жəне оның Франциядағы
зардаптары. Фашистік қозғалыс. Халықтық майдан жəне оның парламенттік
сайлаудағы жеңісі. Францияның сыртқы саясаты.
69. Германия – (1 сағат):
Соғыстың зардаптары, экономикалық жəне саяси дағдарыс. 1918-1919
жж. революция. Веймар республикасы. Фашистік партия жəне нацистердің
өкімет басына келуі. Германияның өнеркəсіптік қуатының қалпына келтірілуі.
Тоталитарлық режим орнату. Нацистік диктатураның əлеуметтік-экономикалық
саясаты. Үшінші Рейъхтің сыртқы саясаты. Соғысқа дайындық.
70. Италия – (1 сағат):
Италия соғыстан кейінгі кезеңде. Фашистік ұйымның құрылуы.
Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы
күресі. «Маттеотти дағдарысы». Фашистік үкіметтің төтенше заңдары.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға əсері. Корпоративтік
мемлекет. Б. Муссолини үкіметінің ішкі жəне сыртқы саясаты.
71. КСРО – (1 сағат):
Ресей империясындағы 1917 жылғы революциялық оқиғалар. Уақытша
үкіметтің құрылуы. Саяси күштердің күресі. Большевиктердің өкімет басына
41
келуі. Жер жəне бітім туралы Декреттер. Ресей халықтары құқықтарының
декларациясы. Азамат соғысы жəне интервенция. КСРО құрылуы.
1924 ж. конституция. И.В. Сталин жəне тоталитаризм. Индустриаландыру.
Ұжымдастыру. Жоспарлы экономиканың құрылуы. 1937-1938жж. жаппай
жазалаулар. ГУЛАГ жүйесін құру. 1936 ж. конституция. Кеңес өкіметінің
сыртқы саясаты.
72. Америка Құрама Штаттары – (1 сағат):
АҚШ-тың соғыстан кейінгі экономикалық жəне саяси дамуы.
«Просперити» кезеңі. Əлемдік экономикалық дағдарыс жəне оның АҚШ-на
əсері. Г. Гувер əкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы. 1932 жылғы
президенттік сайлау жəне демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа
бағыты». Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы АҚШ-тың сыртқы саясаты;
Қайталау – (1 сағат).
73. II-Бөлім. Азия жəне Африка елдері 1918-1945 жж. – (6 сағат).
74. Жапония – (1 сағат):
Жапонияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси жəне
əлеуметтік - экономикалық дамуы. Танака үкіметінің ішкі жəне сыртқы
саясаты. Танака меморандумы жəне сыртқы саясаттағы бетбұрыс.
«Антикоминтерндік пакт» мен «Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның
Қытайдағы жəне Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқыншылық əрекеті.
75. Түркия – (1 сағат):
Осман империясының ыдырауы. Сұлтандық режимнің дағдарысы жəне
шетел интервенттеріне қарсы күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік реформалары.
Саяси, экономикалық жəне мəдени қайта құруларды іске асыру. Түркия
Республикасының ХХ ғасырдың 30 – 40-жылдардағы дамуы.
76. Қытай жəне Монғолия – (1 сағат):
Қытайдың соғыстан кейінгі жағдайы. Шаньдун мəселесі. Гоминьданның
қызметі. Азамат соғысы. Чан Кайши үкіметінің саясаты. Жапонияның Қытайға
қарсы басқыншылық əрекеттері жəне біртұтас майдан мəселесі;
Монғолияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. 1921
жылғы революция. Д. Сухэ-Батор. Монғол Халық Республикасының құрылуы.
Əлеуметтік өзгерістер жəне олардың салдары. Х. Чойбалсан жəне саяси
жазалаулар. Монғол-кеңес жəне монғол-қытай қатынастары.
77. Ауғанстан жəне Иран – (1 сағат):
Жас ауғандықтар қозғалысы. Ауғанстанның тəуелсіздігін жариялау.
Аманолла-хан. Реформалар. Нəдір-хан билігі тұсындағы Ауғанстанның дамуы;
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Иран. 1921ж. мемлекеттік
төңкеріс. Дүниежүзілік соғыстар аралығындағы Иранның саяси жəне
экономикалық дамуы. Сыртқы саясаты.
78. Үндістан – (1 сағат):
Үндістан халқының Британ билеушілерінің отарлық саясатына қарсы
азаттық күресі. Үнді Ұлттық Конгресі. М.К. Ганди жəне зорлықсыз қарсылық
идеясы. Сатъяграха науқаны. Мұсылман Лигасы. Британ билеушілерінің
Үндістандағы əкімшілік реформалары. Джинна жəне Пакистанды құру туралы
42
идея.
79. Азия жəне Африкадағы араб елдері – (1 сағат):
Осман империясы ыдырағаннан кейін Азияда араб мемлекеттерінің
құрылуы. Араб мемлекеттерінің дамуы. Азиядағы араб елдері халықтарының
азаттық күресі;
Африкадағы араб елдері жəне олардың дамуы. Магриб елдері
дүниежүзілік соғыстар аралығында. Араб халықтарының отаршылдыққа қарсы
күресі. Египеттегі ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы
Судан жəне Ливия.
80. Екінші дүниежүзілік соғыс – (1 сағат):
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы жəне барысы. Фашистік «Оғаш
соғыс». Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Балкандағы,
Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары. Германияның Кеңес Одағына
шабуыл жасауы. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа
кірісуі. Антигитлерлік одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У. Черчилль. Ленд-
лиз. Тегеран конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа тəртіп».
Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы. Еуропада екінші
майданның
ашылуы.
Ялта,
Қырым
конференциялары.
Соғыстың
қорытындылары мен сабақтары. Потсдам конференциясы. БҰҰ құрылуы;
81. Қайталау – (1 сағат).
82. ІІІ-бөлім. ХХ ғ. ІІ жартысы – ХХI ғ. басындағы Еуропа жəне Америка
елдері – (8 сағат).
83. Ұлыбритания – (1 сағат):
Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. К. Эттли үкіметінің
əлеуметтік-экономикалық саясаты. Британ отарлық империясының ыдырауы.
Англияның Еуропалық Экономикалық Одаққа қосылуы туралы мəселе.
Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы дамуы. Солтүстік Ирландиядағы
жағдайдың шиеленісуі. М. Тэтчер үкіметінің əлеуметтік-экономикалық
саясаты. Тэтчеризм. Сыртқы саясат. Ольстер мəселесі. Елдің ХХ ғ. аяғы – ХХІ
ғ. басындағы дамуы. Т. Блэр үкіметінің ішкі жəне сыртқы саясаты. Жаңа
лейборизм. Дж. Г. Браун үкіметі. Англия-Қазақстан қатынастары.
84. Франция – (1 сағат):
Францияның азат етілгеннен кейінгі экономикалық жəне саяси жағдайы.
Уақытша режим. Францияның Төртінші республика кезіндегі дамуы. Отарлық
мəселенің шиеленісуі. Алжирдегі соғыс жəне оның елдегі саяси ахуалға əсері.
IV республиканың дағдарысы жəне құлауы. 1958 ж. Конституция жəне Бесінші
республиканың құрылуы. «Голлизм». «Миттеран дəуірі». Сыртқы саясат.
Францияның ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Н. Саркози билігі
тұсындағы Францияның дамуы. Конституциялық реформа. 2012жылғы сайлау
жəне социалистердің жеңісі. Франция-Қазақстан қатынастары.
85. Германия Федеративтік Республикасы – (1 сағат): Германиядағы
оккупациялық режим. Экономиканы қалпына келтіру мəселесі. Елді жіктеу
жəне екі герман мемлекетінің пайда болуы. Германия Федеративтік
Республикасының Конституциясы. К. Аденауэр үкіметінің əлеуметтік-
43
экономикалық саясаты. Неміс «экономикалық ғажайыбы». НАТО құрамына
ену. В. Брандт үкіметі. Г.Коль үкіметінің ішкі жəне сыртқы саясаты. 80-
жылдардың екінші жартысындағы экономикалық өрлеу. Берлин қабырғасының
құлатылуы. Германияны біріктіру. ГФР біріккеннен кейінгі дамуы. Шығыс
жерлердің əлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мəселе. Социал-
демократтар үкіметінің ішкі жəне сыртқы саясаты. ГФР XXI ғ. басындағы
дамуы. А. Меркель үкіметі.
86. Италия – (1 сағат):
Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 50-жылдарда.
Демократиялық қайта құрулар. Республиканың жариялануы. Экономиканы
қалпына келтіре бастау. Аграрлық реформа. 70-жылдардың ортасындағы
экономикалық дағдарыс жəне оның зардаптары. Лаңкестік жəне неофашизм.
Италия ХХ ғ. 80-жылдарында. Итальян неоконсерватизмі. Саяси тұрақсыздық.
Коррупциямен күрес. Италиядағы екінші республика. Италия XX-XXI
ғғ. тоғысында.
87. Орталық жəне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері – (2 сағат):
Аймақ елдерінде кеңестік үлгі бойынша социализм орнату.
Югославиядағы «өзін-өзі басқару социализмі» жəне экономикалық реформалар.
ГДР-ғы 1953 ж. оқиғалар. Венгриядағы 1956 ж. қазан оқиғалары.
Чехословакиядағы 1968-1969 жж. дағдарыс. Польшадағы қоғамдық-саяси жəне
экономикалық дағдарыс. Ереуілдер жəне «Ынтымақ» ұйымының құрылуы. 80-
жылдардың аяғы – 90-жылдардың басындағы революциялар. Польша мен
Венгриядағы
саяси
ахуал.
Чехословакиядағы
«мақпал
революция».
Румыниядағы Чаушеску режимінің күйреуі. Шығыс Германиядағы саяси
өзгерістер. Югославия федерациясының ыдырауы жəне Балканда қарулы
қақтығыстың басталуы. Орталық жəне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі
қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі.
88. КСРО жəне кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері – (1 сағат):
Соғыстан кейінгі экономикалық даму. Саяси жағдай, жазалаулардың жаңа
толқыны. «Хрущев жылымығы». Тың жерлерді игеру кезеңі. Л.И. Брежневтің
билік құру заманы. Кеңес экономикасын реформалаудың сəтсіздігінің
себептері. 1960-1980жж. кеңестік жүйенің дағдарысы. 1977 ж. Конституция.
Коррупцияның күшеюі. М.С. Горбачев жəне қайта құру саясаты. Қоғамдық
өмірді демократияландыруға бағыт ұстау. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО
ыдырауы. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі жаңа тəуелсіз мемлекеттер. ТМД
құрылуы. Орталық Азия мемлекеттері. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі егеменді
мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары.
89. Америка Құрама Штаттары – (1 сағат):
Елдің соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы экономикалық жəне саяси
дамуы. Г. Трумен. Маккартизм. Дж. Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты. Кариб
дағдарысы. Вьетнамда соғыс бастау. Неоконсерватизм. АҚШ-тың ХХ ғ. соңғы
онжылдығы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. Б. Клинтон əкімшілігінің ішкі жəне
сыртқы саясаты. Кіші-Джордж Буштың жəне Б. Обама. билігі кезеңіндегі АҚШ-
ның дамуы. Америка-Қазақстан қатынастары.
44
90. ІV-Бөлім. ХХ ғ. ІІ жартысы – ХХI ғ. Азия жəне Африка елдері – (6
сағат).
91. Жапония – (1 сағат):
Американ оккупациясы жəне Жапонияны демилитарландыру мен
демократияландыру шаралары. Саяси партиялар. Жаңа конституцияның
қабылдануы. Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына келтірілуі.
Сан-Франциско бітім шарты жəне қауіпсіздік келісімі. ХХ ғ. 60-жылдардағы
жапон «экономикалық ғажайыбы». Ғылыми-техникалық прогресс жəне оның
жапон қоғамы мен экономикасына əсері. Жапонияның ХХ ғ. соңғы
онжылдықтары – XXI ғ. басындағы ішкі жəне сыртқы саясаты. Жапон-
Қазақстан қатынастары.
92. Түркия – (1 сағат):
Соғыстан кейінгі кезеңдегі елдің саяси жəне экономикалық дамуы.
Кемализмнің қағидаларын жаңаша түсіндіру. Демократиялық партияның
билікке келуі, оның ішкі жəне сыртқы саясаты. Ұлттық бірлік комитеті жəне
оның қызметі. 1970-1980жж. саяси дағдарыс. Көппартиялық жүйенің дамуы.
Саяси либералдандырудың басталуы жəне əлеуметтік-экономикалық дамуды
жылдамдату шаралары. Түркия жəне Қазақстан қатынастары.
93. Ауғанстан. Иран – (1 сағат):
Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда. Жаңа
конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы əскери төңкеріс жəне
оның зардаптары. Кеңес əскерлерінің енгізілуі жəне Ауғанстандағы азамат
соғысы. ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырдың басындағы Ауғанстан;
Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы əлеуметтік-
экономикалық қайта құрулар. Мосаддык үкіметі жəне мұнай мəселесі. 1978-
1979 жж. ислам революциясы. Иран ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. Иран-Қазақстан
қатынастары.
94. Қытай. Моңғолия – (1 сағат):
ҚХР құрылуы. Мао Цзэдунның жеке басына табынушылық. «Ұлы
секіріс». «Мəдени революция». КХР мен КСРО арасындағы қатынастардың
шиеленісуі. Қытайдағы саяси өзгерістер. Дэн Сяопин жəне экономикалық
реформалар. Қытай – Қазақстан қатынастары;
50-80 жылдардағы Моңғолиядағы қайта құру, қайшылықтары.
90-жылдардағы экономикалық жəне əлеуметтік даму. ХХ ғ. аяғы –XXI ғ.
басындағы Моңғолия. Моңғолия-Қазақстан қатынастары.
95. Үндістан. Пакистан – (1 сағат):
Британдық Үндістанның бөлінісі жəне екі доминионның құрылуы.
Үндістанның республика болып жариялануы. «Неру бағыты». И. Ганди жəне
оның «Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі. Сыртқы саясаты.
Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында;
Пакистан республикасының жариялануы. Азаматтық үкіметтердің
тұрақсыздығы жəне əскери биліктің орнауы. Пакистан-Ислам республикасы.
ХХІ ғасырдың басындағы Пакистан. Бангладеш Халық Республикасы.
96. Араб елдері – (1 сағат):
45
Араб елдерінің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуының негізгі
бағыттары. Египеттегі 1952ж. революция жəне оның араб əлемі үшін тарихи
маңызы. Суец каналын национализациялау. Г.А.Носердің бағыты. Магриб
елдеріндегі ұлт-азаттық күрес. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. Араб-
израиль қайшылықтары жəне Палестина мəселесі. Кэмп-Дэвид келісімдері.
ХХ ғасырдың соңы- ХХІ ғасырдың басындағы араб-израиль қатынастары.
97. ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы
халықаралық қатынастар – (1 сағат):
Соғыстан кейінгі жылдардағы халықаралық мəселелерді реттеу жолдары.
«Қырғи қабақ соғысы» жəне əскери қақтығыстар. Еуропа мен Азияда əскери-
саяси блоктардың құрылуы. Біріккен Ұлттар ұйымының құрылуы. НАТО мен
ВШҰ құрылуы. Жанталаса қарулану. Еуропалық интеграция. ЕҚЫҰ құрылуы.
АСЕАН құрылуы. Таяу Шығыстағы қақтығыстар. Шанхай ынтымақтастық
ұйымы. Əлемдік сыртқы саясаттағы Қазақстанның орны.
98. ХХ – ХХI ғасырдың басындағы ғылым мен мəдениеттің дамуы – (1
сағат):
Ғылым мен мəдениеттің дамуындағы негізгі бағыттар. ХХ ғасырдағы
жаратылыстану, қоғамдық ғылым саласындағы, техника мен өндірістегі
маңызды ашылулар мен жетістіктер. ҒТР. Халықаралық мəдени орталықтардың
құрылуы. ЮНЕСКО-ның қызметі. Дамушы елдердегі мəдени-техникалық
эволюцияның ерекшеліктері мен заңдылықтары. Шығыстағы қоғамдық ой.
Мəдениеттің ғаламдану жағдайындағы дамуы.
Қорытынды қайталау – (1 сағат).
6. Оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
99. Пəндік нəтижелер
100. 6-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1)
ежелгі дүние тарихының негізгі кезеңдерін;
2)
тарихтағы жыл санау жүйесін;
3)
ежелгі дүниедегі алғашқы қоғамдық құрылыс мен мемлекеттер
тарихының өзіндік ерекшеліктерін;
4)
алғашқы өркениет ошақтарын, олардың маңызын;
5)
Қосөзен, Египет, Азияның оңтүстік-батысындағы, Орта жəне Орталық
Азиядағы, Оңтүстік жəне Шығыс Азиядағы ежелгі мемлекеттердің, қалыптасу,
даму ерекшеліктерін, қоғамдық құрылысын, мəдениеттегі жетістіктерін;
6)
Орта Азия халықтарының грек-македон басқыншыларына қарсы
күресін;
7)
ежелгі дүние тарихында болған аса маңызды оқиғаларды;
8)
мəдени-экономикалық дамудағы Ұлы Жібек жолының сауда жолы
ретіндегі маңызын;
46
9)
Ежелгі Грекия мен Римде мемлекеттің пайда болып дамуының өзіндік
ерекшеліктерін, мəдени өмірін жəне антик мəдениеттің əлемдік мəдениетке
қосқан үлесін;
10)
əр түрлі халықтар мен этностардың мифтерін, аңыздарын жəне
шежірелерін;
11)
əлемдік діндер мен философиялық ағымдарды (конфуцийлік, буддизм,
христиандық) білуі тиіс.
101.
Меңгеруі тиіс:
1)
жылдар мен ғасырлардың арақатынасын, оқиғалардың реті мен өту
мерзімін баяндай білуді;
2)
ежелгі дүниенің табиғи-климаттық жағдайындағы ерекшеліктерді жəне
оның адамдардың өмір сүруіне əсерін сипаттай білуді;
3)
ежелгі дəуірдегі уақыттық жəне кеңістіктік өлшемдерді;
4)
ежелгі дүние тарихы шеңберіндегі тарихи оқиғалардың негізгі
себептерін түсіндіре білуді;
5)
ежелгі адамдардың еңбек құралдарын, баспанасын, киімдерін, сыртқы
келбетін сипаттай білуді;
6)
оқыған мəтініне жоспар құра білуді меңгеруі тиіс.
102. 7-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1)
орта ғасырдағы дүние жүзі тарихының негізгі кезеңдерін;
2)
ортағасырлық қоғамның негізгі белгілері мен ерекшеліктерін;
3)
феодалдық қатынастардың мəнін;
4)
орта ғасырлардағы қоғамның əлеуметтік құрамын;
5)
орта ғасырлардағы жер иеленудің, салықтың негізгі түрлерін;
6)
орта ғасырлардағы мемлекеттік құрылыс пен билік түрлерін;
7)
V-X ғасырлардағы Батыс жəне Орталық Еуропада, Таяу Шығыста
орталықтанған
мемлекеттердің
құрылуының
алғышарттары
мен
хронологиясын;
8)
VІ-Х ғасырлардағы арабтардың орта ғасырлық тарихын, ислам
дүниесіндегі мəдениеттің ерекшеліктерін;
9)
ХІ-ХVғасырлардағы Еуропа мемлекеттері дамуындағы ерекшеліктерді;
10)
крест жорықтарының нəтижелерін;
11)
ортағасырлардағы Шығыс əлемінің тарихи көрінісін;
12)
ХІ-ХV ғасырлардағы Орта жəне Орталық Азия мемлекеттерінің
əлеуметтік дамуын;
13)
моңғол-татар
шапқыншылығы
қарсаңындағы
феодалдық
бытыраңқылықты;
14)
орыс жерлерін біріктірудің аяқталуы мен Алтын Орданың құлауын;
15)
орта ғасырдағы тарихи тұлғалар мен ғылымның, мəдениеттің көрнекті
қайраткерлерін;
16)
орта ғасырдағы өркениет аймақтары жəне олардың маңызын білуі тиіс;
103.
Меңгеруі тиіс:
1)
тарихи оқиғалар мен фактілерді талдау жəне салыстыруды, тарихи
үдерістің маңызды белгілерін анықтауды;
47
2)
тарихи оқиғалар желісінің тарихи уақыт пен тарихи кеңістікте жүйелі
дамуын көрсете алуы жəне оның себеп-салдарын анықтауды;
3)
əр түрлі деректерден тарихи ақпараттарды таба білуді;
4)
тарихты оқып-үйренуде қосымша деректерді пайдалануды;
5)
оқытылған кезеңдегі түрлі аймақтардағы болған тарихи оқиғаларды
салыстыра білуді;
6)
тақырыпқа байланысты тарихи картаны пайдалана білуді;
7)
орта ғасырдағы дүние жүзі тарихынан алған білімін басқа пəндерді
оқығанда жəне күнделікті өмірде қолдануды меңгеруі тиіс.
104. 8-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1)
жаңа замандағы дүниежүзі тарихының хронологиялық шеңберін,
негізгі кезеңдерін;
2)
Англиядағы капиталистік өндірістің дамуындағы ерекше белгілерді;
3)
ағартушылық дəуірдің еуропа қоғамының дамуына əсерін;
4)
отарлау саясатының мəнін, отаршылдыққа қарсы қозғалыстарды;
5)
Солтүстік Америкадағы отарлық жүйенің негізгі белгілерін, тəуелсіздік
үшін соғыстың тарихи маңызын;
6)
Француз буржуазиялық революциясының себебі мен нəтижесін;
7)
ХVІІІ ғасырдағы Ресейдің даму ерекшеліктерін;
8)
ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы Үндістан, Осман империясы, Қытай, Иран,
араб елдерінің əлеуметтік-экономикалық дамуын;
9)
Азия мен Африка елдеріндегі отарлық езгінің зардаптарын;
10)
ХVІІ-ХІХ ғасырлардағы дүниежүзі мəдениетінің негізгі жетістіктерін,
мəдениеттің дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғаларды;
11)
ХІХ ғасыр–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің дамуында
болған негізгі белгілер мен ерекшеліктерін;
12)
капитализмнің пайда болуы мен дамуын; революциялық жəне
эволюциялық жолдармен қоғамдық қатынастардың өзгеру мүмкіндіктерін;
13)
революциялардың себептері мен реформалардың қоғам дамуындағы
баламалы жолын;
14)
қоғамдағы жаңа əлеуметтік құрылымды жəне оның реформалардағы
қарама қайшылықтарды шешу құралы ретіндегі рөлін;
15)
ХІХ ғ.–ХХ ғасырдың басындағы дүние жүзі елдерінің даму үдерісін
жəне негізгі ерекшеліктерді;
16)
халықаралық қатынастардың өзекті мəселелерін;
17)
ХІХғ.-ХХ ғасырдың басындағы мəдениеттің дамуын, əлемдік ғылым
мен көркем мəдениеттің маңызды жетістіктерін жəне оның жеке тұлғаның
дамуына əсерін білуі тиіс;
105.
Меңгеруі тиіс:
1)
жаңа замандағы тарихи оқиғалардың даму заңдылықтарын жəне себеп-
салдарлық байланыстарын анықтай білуді;
2)
саяси тарихтағы негізгі өзгерістерді талдай білуді;
3)
тарихи деректерді жинақтап қорытындылауды жəне оларды талдай
білуді;
48
4)
тарихи үдерістер мен оқиғаларға, тарихи тұлғаларға сипаттама беруді;
5)
тарихи оқиғаларға байланысты өз пікірін ашық айта білуді;
6)
картамен жəне картографиялық, хронологиялық материалдармен жұмыс
істеуді;
7)
ғылыми-танымал
жəне
анықтамалық
əдебиеттерден
қосымша
материалдарды пайдалана білуді меңгеруі тиіс.
106. 9-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:
1)
шетелдердің қазіргі заман тарихындағы негізгі оқиғалар мен
құбылыстарды;
2)
ХХғ.–ХХІғ. басындағы дүние жүзінің саяси картасындағы өзгерістерді;
3)
ақпараттық қоғамға өту үдерісінің динамикасын анықтайтын негізгі
факторларды;
4)
ХХғ.–ХХІғ. басындағы ғылым мен мəдениеттің маңызды жетістіктерін;
5)
ХХғ.–ХХІғ.
басындағы
маңызды
əлеуметтік
жəне
ұлттық
қозғалыстардың сипаты мен бағыттарын жəне саяси партиялар мен күштердің
əлеуметтік негіздерін;
6)
ХХғ.–ХХІғ. басындағы əлемнің негізгі аймақтары мен елдер
топтарының саяси, экономикалық жəне əлеуметтік дамуындағы маңызды
бағыттарды;
7)
дүниежүзінің əртүрлі елдеріндегі саяси режимдердің ортақ белгілерін
жəне жеке елдердің даму ерекшеліктерін;
8)
дүние жүзінің ірі елдерінің экономикалық дамуының ортақ белгілерін
сипаттау жəне жеке елдердің даму ерекшеліктерін;
9)
ХХғ.–ХХІғ. басындағы халықаралық қатынастар дамуының негізгі
бағыттарын білуі тиіс;
107.
Меңгеруі тиіс:
1)
ХХғ.–ХХІғ. басындағы шетелдердің саяси жəне экономикалық
дамуына сипаттама беруде тарихи карта мəліметтерін пайдалана білуді;
2)
қажетті ақпараттарды тарихи деректерден өз бетімен іздей білуді;
3)
тарихи білімдерін қазіргі қоғамның əлеуметтік, экономикалық жəне саяси
мəселелерін талдауда қолдануды;
4)
ХХғ.–ХХІғ. басында халықтар мен елдердің тағдырларына елеулі түрде
əсер еткен саяси жəне қоғамдық қайраткерлерге, тарихи оқиғалар мен
құбылыстарға баға беруді;
5)
шетелдердің қазіргі заман тарихындағы маңызды оқиғалардың бірізділігін
анықтауды;
6)
тарихи құбылыстарға тəн белгілерін анықтауды, тарихи оқиғалар мен
фактілерді салыстыру жəне жіктеуді;
7)
ХХғ.–ХХІғ.
басындағы
шетелдердің
тарихындағы
оқиғалар,
құбылыстар жəне процестерге жазбаша сипаттама беруді, өзекті мəселелер
бойынша баяндама мен рефераттар дайындауды меңгеруі тиіс.
108. Тұлғалық нəтижелер. Оқушылардың:
49
1)
Отандық жəне əлемдік тарих пен дəстүрлерге, адам құқықтары мен
бостандықтарына, қоғамдық өмірдің демократиялық принциптеріне құрметпен
қарауынан;
2)
өз халқының жəне əлемнің басқа халықтардың тарихын, рухани
мұрасын құрметтеу, қоғамның мəдени жəне саяси өміріне белсенді түрде
араласуға дайын болуынан;
3)
жеке тұлғаның құқығын құрметтеу, демократиялық құқықтар мен
бостандықтарды дұрыс пайдалана білу, қоғам алдындағы жауапкершілігін
сезінуінен;
4)
қайырымдылық, əділеттілік, ар-намыс, борыш пен толеранттылыққа
негізделген құндылықтар мен нормаларды білуінен;
5)
көпмəдениетті мен көпконфессиялы ортада басқа адамдармен өзара
қарым-қатынас жасай білуі, басқа ұлттардың салт-дəстүрін құрметтеу жəне
түсіністікпен қарау, тұлға аралық қатынастағы тіл табысушылықты
көрсетуінен;
6)
оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білуі, қоғам
дамуының мəселелеріне сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына белсенді
түрде бейімделу қабілетін көрсетуінен көрініс табуы тиіс.
109. Жүйелі-іс əрекеттік нəтижелер. Оқушылардың:
1)
əр түрлі кезеңдегі адамдардың өмірі мен тұрмысына, тарихи
тұлғаларға, оқиғаларға, үдерістерге салыстырмалы сипаттама беруінде;
2)
тақырыптық синхрондық таблицалар жасап, оқиғалар мен фактілерді,
құбылыстарды заманның нақтылы кезеңімен байланыстырып ұштастыра
алуында;
3)
мемлекеттік, тарихи құжаттар, ғылыми-көпшілік жəне анықтамалық
əдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеп, соның негізінде шығармашылық
жұмыстар, жобалар, рефераттар, шағын баяндамалар дайындауында;
4)
қазіргі
заманғы
ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды
пайдалана отырып, жаңа ақпараттар ала білуінде;
5)
тарихи оқиғалардың себеп-салдарын түсініп, өз көзқарасы тұрғысынан
баяндауында, өз бетімен ізденуінде;
6)
тарихи талдау əдістерін меңгеруінде (тарихи деректер, болжамдар мен
дəлелдерді зерделеу;
7)
ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу жəне оларды қолдана
алуында;
8)
халықтардың тарихи мұралары туралы өз пікірлерін айта білуде;
9)
ұлттық жəне діни өзгешеліктері бар өзге мəдениет өкілдерімен қарым-
қатынас жасағанда халықтардың салт-дəстүрлері мен тарихы жайлы білімдерін;
10)
тарихи деректерді саралау жəне талдау, өз бетінше тарихи
құбылыстарға баға беру, өз пікірін білдіруде;
11)
көпмəдениетті, көпэтникалық жəне көпконфессиялы қоғамда тарихи
тұрғыда қалыптасқан əлеуметтік нормалар мен өмірлік құндылықтар жүйелері
туралы білімдерін қолдану, мəдениетаралық өзара іс-əрекетке қатысу, өзге
халық өкілдеріне толеранттық қарым-қатынасты қолдануы тиіс.
50
|