http://www.enu.kz
ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САБАҚҚА ДЕГЕН
ҚЫЗҒУШЫЛЫҒЫН ТІЛІН ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ
Узбаева Л. А.
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Шолпан ауылы
«Жүзағаш атындағы орта мектеп-бақша» КММ
бастауыш сынып мұғалімі
http://www.enu.kz
Ойынның педагогикада, оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан белгілі болған
XVIII ғасырдың ӛзінеде-ақ Ж.Ж. Руссо мен И.Г. Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ
ӛмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың
ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір
қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы
оқушы неге үйренеді?
Қисынды ой-қабілетін дамытады
Ӛздігінен жұмыс істеуге үйренеді
Сӛздік қоры баийды, тілі дамиды
Зейіні қалыптасады
Байқампаздығы артады
Ӛзара сыйластыққа үйретеді
Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды
Бір-біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа баулиды
Сабаққа қызығушылығы артады.
Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н.
Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі әрекет және оның
жеке ӛмірі, - деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік, тәрбиелік
мақсатта пайдалану-баланың болашақ ӛміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеуі және ӛмірдің
талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым «Бала ойында ғана тынығып»,
«жұмыс жасап», ӛсіп жетіледі. «Оның ойлау қабілеті жетіліп, қарым-қатынас жасау мүмкіндігі
артады»,-деп атап кӛрсеткен.
«Ойын – бала үшін ӛмірлік тәжірибе»,-деп М. Жұмабаев атап кӛрсетсе, «Ойын-баланың
рухани дамуының негізі»,-деп Ж. Плаже, К. Левин, Л.С. Выгоский, Д.Б. Эльконин ӛз еңбектерінде
атап кӛрсеткен.
Ойын-балалр үшін күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын арқылы қабылдап,
үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін тыңдап, ой-ӛрісі кеңейте алады,
білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала кӛптеген мәліметтер алады,
психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына
сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол.
http://www.enu.kz
12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқытудың ойын
технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және сюжеттік,
рӛлдік ойындар білім алушыға ӛзін танытуға, жолдастарының пікірімен санасуға, кӛпшілік
алдында сӛйлеу қабілетін үйренуге, жан-жақты білімін кӛрсетуге мүмкіндік береді. Рӛлдік,
сюжеттік ойындардың кӛмегімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын қарапайым тілдік жағдаяттарда білім
алушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейді», деп атап кӛрсетілген.
Сондай-ақ 12 жылдың білім беруде ұлттық ойындарға және шынайы ӛмірлік әрекетпен
ойналатын ойындарға мән беріледі.
Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру
мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-ұстаз шеберлігіне
байланысты. Оқушының тілін дамытуда сӛздік ойындарын қолдану тиімдірек. Сондай
ойындардың бірі – «Керекті сӛзді тауып айт». Ойынның мақсаты-қажетті сӛздерді дұрыс тауып
айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа қатысты жалпылама сӛзді
атайды, оқушылар қажетті сӛздерді атайды немесе жазады. Бұл ойын оқушыларды талдау жасауға
да үйретеді. Мысалы: тіл дамыту сабағында «Заттың атаулары» деген сӛз аталса, оқушылар,
бірнеше сӛздер айтады және сұрақтар қояды.
Жауаптарды жазады. Сондай-ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Кім тез, шапшаң»
ойынын ӛткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін грамматикалық
ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын оқушылардың грамматиканы толық
меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік береді. Оқушыларды ӛзбеттерімен жұмыс
істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де
бар. Бұл ойын әр түрлі жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бӛлігінде, әр мақсатта
жекеленіп, дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, ӛткенді қайталауда, пысықтау
сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап, қажетті
жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық тренинг,
грамматикалық гимнастика т.б.
Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «Синтаксистік касса», «Сӛйлем қуаласпақ»,
«Құсбегі», «Кедергіден ӛту», «Кім болам?», «Асауды ұстау», «Аударыспақ», «Вагондарды құрау»,
«Қай әріп жоғалды», «Лоторея ұту», «Жасырынбақ», «Атын айт», «Түсін таны» т.б. ойындар
Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады.
«Синтаксистік касса» ойыны. Карточкада бірнеше суреттер кӛрсетіледі (адам, құс, т.б.)
беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне сұрақтары айтылып
қойылады.
«Сӛйлем қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер кӛрсетіледі. Топта
сӛйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой-толғау, хабарландыру, жарнама
құрастырылады (ауызша).
«Кедергіден ӛту» ойыны. Интерактивті тақтадан «кедергілер» кӛрсетіледі. Әр кедергінің ӛз
тапсырамасы тақтадан кӛрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша ойын соңында
кедергілерден ӛтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді.
http://www.enu.kz
«Вагон құрау» ойыны. Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан.
Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі. Қай
топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді.
«Алтын айт» ойыны. Интерактивті тақтадан бір-бірімен араласқан бірнеше суреттер
тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін түсіндіреді.
Сабақтан тыс уақытта қимыл-әрекет ойындарына кӛңіл бӛлінеді. «Туған күні», «Ақ терек,
кӛк терек», «Ақ тоқаш», «Айға ұшу», «Кім болам?» сияқты ойындар ойналады. Қимылдары
дамуымен қатар ойын барысында ӛлең, тақпақ жаттайды.
Мысалы:
Бүгін Анардың туған күніне
Ақ тоқаш пісірдік
Үлкендігі мынадай
Кішкентайлығы осындай
Ақ тоқаш-ау, ақ тоқаш
Біреуді сайлап, ӛзің қаш.
Сонымен қатар 12 жылдық білім беру және оқушы құзыреттіліктерін дамытатындай
рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Оқушылар алдына түрлі ӛмірлік жағдаяттар
беріліп, оқушылар лйнай отырып, сол туындаған проблеманы шешуге дағдыланады. Ойын үстінде
бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы ӛзара ұштасады. Мысалы: «Біздің үйіміз» ойыны. Топ
ӛздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу
үшін материалдарды анықтап алады. Осылайша ойын ӛмірмен байланыста болып, оқушы
құзыреттілігін дамытуға септігін тигізеді.
Сонымен, ойын келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі,
жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт ӛкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі:
баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-
әрекеттердің кӛрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан кӛрінуіне интеллектуалдық,
шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.
Әдебиеттер
1.
Петров А.В. Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу. - 2001.
2.
Калмыкова Е.В. Бастауыш мектептегі ойын технологиясы арқылы оқыту.- 2007.
3.
Ойын технологиясының ерекшеліктері // Интернет.
4.
Креативтілікті дамытудағы ойын технологиясы // Интернет.
5.
Құзыреттілік және ойын технологиясы // С.Буланов.