Абеуп.К.А., Батенова.Ж.Р.
КМҚК №42 «Тілек» балалабақшасы
Адамдар өмірінің барлық салаларында- материалдық өндірісте, қоғамдық
қатынастарда болып жатқан терең өзгерістер қазіргі білім беру жүйесінен ақыл-ой мен
дененің жоғары дамуын, өндірістің ғылыми-техникалық және экономикалық негізін
терең білуді талап етеді.нарықтық экономика жағдайында адамның кәдеге асуының
шешуші факторы оның белсенділігі, жаңа әлеуметтік-экономикалық қарым-
қатынастарда өз позициясын табу қабілеті болып табылады. Сондақтан қазіргі
балалардың белсенділігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Мұнда жетекші бағыт
балабақшаның оқу іс-эрекеттің негізгісі-танымдық іс-әрекетті қалыптастыру болып
табылады.
Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі,
өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып-білуге тырысты. Адамнан тыс
таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір қоғамда
қоғамның практикалық қажеттілігіне сәйкес жүріп жатады. Ендеше адамзат дамуында
адам танымының қоғамдық, тарихи сипаты болады. Таным-адам санасын дамытудың
негізі. Танымды адамның жаңа, әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге
болады.
Г.Гегель «Таным дегеніміз-сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерін,мәнді
қатынастарын адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеудің
қайшылыққа толы күрделі процесі»-деді.
Табиғатты және қоғамды танудағы ең басты принцип- адамдардың әлеуметтік
қызметінің
мәнін
ашып,
оның
сан
қилы
қасиеттерін,
түрлері
мен
формаларын,қоғамдық қатынастар мен сананың арақатынасын анықтау қажет.
Адамның әлеуметтік мәні қанша бай, терең болса, адам қызметі сонша көп түрлі болып
келеді. Таным прцесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде өндірістің,
33
ғылымның даму дәрежесінен, білімдеріміздің шағындағы мен мәңгі дами беретін
обьективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің арасындағы
қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді кеңейтетін,тереңдететін
және анықтап отыратын ғылымның үсті-үстіне жаңа табыстарға жетуі формасында
унемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ ешқашан да толық жоғалып
кетпейді.мұны танымның субьектісі мен обьектісі арасындағы шешуші қайшылық
дейді. Ол унемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда болып
отырады.
Балалардың танымдық белсенділігі туралы мәселе тамырын тереңге жіберіп, көне
заманнан бастау алады. Көрнекті философ Сократтың өзі оқыту барысында
шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың
маңыздылығын атап көрсеткен болатын.
Ежелгі Рим философтарының түсіндірулерінде білімді игеруде шәкірттердің
белсенді танымдық іс-әрекеті айтарлықтай роль атқарады деген пікір айтылады.
Оқытуды кушейту құралы-оқушылардың танымдық белседілігі туралы пікір
Я.А.Коменскийдің еңбектерінде,сонан соң И.Г.Песталоцци мен А.Дистервегтің
еңбектерінде терендетіледі. Мәселен, А.Дистервег оқыту барысында баланың
белсенділігі-оның ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі деп
есептейді. К.Д.Ушинский еңбектеріңде балалардың белсенділігін арттыру мәселесі
айтарлықтай ілгерілетілді.50-ші жылдардан бастап ғалымдар танымдық белсенділік
проблемасына ерекше ден қойды [1].
Ғылыми әдебиеттерде осы прблема бойынша білімнің белгілі бір қоры
жинақталған:
-кеңес мектебі тарихында саралап оқыту арқылы белсендіру тәжірибесі жинақталған
(М.А.Мельников,Н.Г.Морозов және т.б.);
-шетел мектептерінің жұмыс тәжірибесі айқындаған (Б.Л.Вульфсон, М.В.Кларин,
З.А.Малькова және т.б.);
-оқушыларға саралық қатынас олардың танымдық іс-әрекетін белсендіру құралы
ретінде ашып көрсетілді (А.А.Вербицкая, Т.И.Шамова және т.б.).
Ғалымдар балалардың оқу барысындағы танымдық белсенділігін қалыптастыру
прблемаларын практикада шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсетеді:
1)Танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты
ұйымдастыру
мен
оқу
міндеттерін
шешу
арқылы
(М.Г.Голант,
Б.П.Есипов,М.Н.Скатин,т.б.);
2)танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы (Д.Н.Богоявленский,
Е.Н.Кабанова-Меллер, Н.А.Менчинская, В.В.Эльконин);
3) іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу
арқылы (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина);
4)оқытуға
әдістемелік
білімдер
әлементтерін
енгізу
арқылы
(И.Я.Лернер,П.И.Пидкасистый);
5) оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Л.И.Рувинский).
Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, біз «іс-әрекет»,
«танымдық іс-әрекет», «оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру»
ұғымдарының психологиялық-педагогикалық мәнін нақтылауға талпыныс жасадық.
34
Іс-әрекет адам мен қоғамның тіршілік етуі мен дамуының негізі.Педагогика
ғылымда іс-әрекет проблемасы оқу-тәрбие процесінің негізі ретінде қарастырылады.
Педагогикалық және психологиялық сөздікте іс-әрекетке мынадай анықтама беріледі:
«адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі.
Адамның дене және ақыл-ой қуатының дамуына шешуші қызмет атқаратын іс-әрекет
түріне еңбек жатады. Адамның өзге іс-әрекетінің барлығы (ойын, оқу, т.б.) еңбекпен
тығыз байланысты. Адамның әлеуметтік тарихи дамуы барысында қоғамдық ерекше
қажеттілік ретіндегі теориялық іс-әрекет, яғни ой еңбегі пайда болған. Іс-әрекет
құрамына іс-әрекетті қозғаушы түрткі, іс-әрекетті бағыттаушы мақсат пен нәтиже, іс-
әрекетті жүзеге асырушы құралдар қамтылады. Іс-әрекет түрткісіз адамның түрлі
қажеттіліктеріне, қызығушылығына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет
етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткінің мазмұны мен сапасына лайық
адамның тұпақтылығы байқалады,көздеген мақсатына жетеді. Іс-әрекеттің мақсаты
мен түрткісі- қиындықтарды жеңіп, нәтижеге қол жеткізу. Кез келген іс-әрекет
субьекті арқылы мақсат,құрал, үрдіс, нәтижеде көрінеді. Адам қажеттілігінен туған іс-
әрекет оның санасын бейнелейді. Қоғамдық өмірде адам түрткі мен мақсатты өз
дамуына байланысты пайдаланады. Жеке адамның дамуында іс-әрекет жетекші рөль
атқарады. Адамның іс-әрекеті дене және ой еңбегі арқылы көрінеді. Өнімді еңбек
материалды құндылықтар, ал ой еңбегі рухани құндылықтар жасайды. Адам үшін ең
маңызды іс-әрекет үйрену. Тұлға іс-әрекеті арқылы тәжірибе жиңақтайды, шыңдықты
игереді, іскірлігі артады, дамиды.
Адамның іс-әрекеті сан-алуан түрлі болады. Материалдық және рухани өмірге
қажеттілердің бірі болып өмір сүру үшін адам қоршаған дүние жөнінде хабарлар
болуға, табиғат, қоғам туралы дұрыс түсінік алуға, айналадағы адамдардың және өткен
ұрпақтардың тәжірибелерін игеруге тиіс, оған іздену,ойлау, білу, зерттеу, бір сөзбен
айтқанда танымдық іс-әрекетпен шұғылдану қажет. Сезім орғандары мен ми адамға
қоршаған дүниені қабылдауға, білгендерін есінде сақтауға, оны ойына түсіруге,
ойлауға т.с.с мүмкіндік береді. Сондықтан психикалық процестер: қабылдау, ес, ойлау,
қиял-мұның бәрі адамның танымдық іс-әрекетінің көрінісі. Педагогикалық тұрғыдан
келетін болсақ, таным-«адамның сана-сезіміндегі шындық құбылыстардың
бейнесінің ерекше процесі».Таным процесінде ойлаудың әртүрлі тәсілдері
пайдаланылады (талдау, жинақтау, дедукция, индукция, абстрактыдан нақтыға көшу
және т.б.).Танымның негізі және білім ақиқатылығының өлшемі-практикалық іс-
әрекет.
Психологияда таным процестерінің кезендерін былайша бөліп көрсетеді:
Қоршаған болмыстың объектілері Түйсіну- Қабылдау-Есте сақтау- Ойлау-іс-
әрекет.
Оқу-оқыту процесіндегі балалардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның
құрылымын анықтайды,ал құрылымына оқыту процесінің звенолары-танымдық іс-
әрекетінің кезендері кіреді:
1.
таным міндеттерін жете түсіну;
2.
жаңа материалды қабылдау;
3.
ұғыну-жаңа оқу материалдарын түсініп,жинақтау процесі;
4.
білімді, біліктіліқті және дағдыны бекіту және жетілдіру;
35
5.
білімді, біліктілікті және дағдыны іс жүзінде қолдана білу;
6.
оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, біліктілігін және дағдысын тексеру,
бағалау.
Педагогикада таным процесінің құрылымы төмендегідей:
1. Қабылдау.
2. Ұғыну және түсіну.
3. Жинақтау.
4. Бекіту.
5. Қолдану.
Дәстүрлі дидактикада бұл процестер меңгеру процесінің звенолары деп аталады.
Оқу процесінің түрлі жағдайларына байланысты олар тура осындай тізбекпен жүзеге
асырылуы міндетті емес. Бұл звенолар баланың ерекше танымдық іс-әрекеті ретінде
оқудың ішкі механизмдерін ашып көрсетеді. Таным міндеті түсінікті болса, оны
балалар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір звеносына жеке-
жеке дайындалады.
Қабылдау-адамға тікелей әсер ететін заттардың, яғни құбылыстардың адам
санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде балалардың жаңа материалмен танысуы
түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік-сананың сыртқы әлеммен
байланысы. Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызға бейнеленуін түйсік деп
атайды.
Ұғыну және түсіну- бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды үгу,
фактілерді жинақтау, қорытынды шығару процесі. Ұғыну процесінде оқытылатын
материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.
Бекіту-бұл, балалардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі. Сабақта жаңа
материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өткен оқу материалын еске түсіру үшін
тәрбиеші күнделікті қайталауды жүргізіп отырады.
Білімді, біліктілікті және дағдыны практикада қолдану балалардың өзіндік
қасиетін дамытады.
Балалардың жетістіктерін талдау, білімін, біліктілігін және дағдысын тексеру,
бағалау-бұл оқытудың кері байланыс процесі. Таным іс әрекетінің бұл кезеңінде
балалардың сабақ үстінде тек қана белгілі сұрақ бойынша білімін тексеріп, бағалаумен
шектелуге болмайды. Сондықтан балалардың барлық жетістіктерін-білім сапасын,
пайымдау сауаттылығын, жалпы ой-өрісінің даму дәрежесін ескеріп, талдау жасап
отырған жөн. Оның негізінде білім мазмұны анықталады, объективті баға беріледі.
Оқытудың нәтижесі ең алдымен танымдақ іс-әрекеттің әртүрлі түрлерін немесе
оның жекеленген әлементтерін: ұғымдарын, елестерін, әртүрлі ақыл-ой әрекеттерін
қалыптастыру болып табылады. Танымдық іс-әрекетті тиімді қалыптастыру оқу
процесінің тиімділігін дәлелдейді. Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның
негізгі тұжырымдамаларының бірі ақыл-ой әрекетін кезендер бойынша қалыптастыру
теориясы болып табылады, ол П.Я.Гальперин еңбектерінде орын алады.
Ақыл-ой әрекетін қалыптастыру кезендері:
-
әрекеттің мотиватциялық негізін қалыптастыру кезені.
36
Бұл кезеңнің басты міндеті-балаларда қажетті мотивтерді қалыптастыру, яғни олардың
берілген міндетті шешуін қажетсінуін, берілген материалды меңгеру қажеттілігін
қамтамасыз ету қажет. Ол үшін проблемалық ситуацияларды пайдалануға болады.
-
Іс-әрекеттің бағдарлау негізінің схемасын құру кезеңі.
Баланың алдында іс-әрекеттің бағдарлау негізінің мазмұны ашып көрсетіледі, яғни бұл
әрекетпен, оның орындалу шартымен таныстыру болады. Әрекетті дұрыс орындау
үшін тіректер, бағдарлар бөліп көрсетіледі.
-
Материалдық әлемде әрекетті қалыптастыру кезеңі.
Әрекетті баланың өзі заттар және олардың көмекшілерін тірек ете отырып орындайды,
бұл нақты заттармен, модельдермен пайдалану болып табылады.
-
Қатаң әлеуметтік сөз жоспарында әрекетті қалыптастыру кезеңі.
Әрекетті орындау тізбегін алдын-ала ойластыруға үйрену ғана емес, әрекеттің өзін
сыртқы тіректерсіз орындауды айта білу қажет.
-
Сырттай сөйлеу арқылы әрекетті қалыптастыру кезеңі.
Өзін туралының барлығын айта біліп, үйрену керек. Өзін туралы сөйлеу бұл өзін үшін
айтылатын сөз.
-
Іштей сөйлеу арқылы әрекетті қалыптастыру кезеңі.
Білімді меңгеру процесінің басты заңдылығы- танымдық іс-әрекет және оған енгізілген
білім ақыл-ой формасына ие болатындығында.Егер тәрбиеші бұл процесті осы тізбек
бойынша құрса, онда басты мақсатына, яғни балалардың білім мен біліктілікті
меңгеруіне қол жеткізуіне мүмкіндік алады.
Білімді меңгеру нәтижелерінің сапасы балалардың білімін, біліктілігі мен
дағдысын бағалау өлшемдері ретінде көрінеді.
Білім-адамзаттың жинақталған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен
қоғам зандарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны
ойлау операциясы-талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау арқылы терең ұғыну
қажет. Бала ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл-
дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни балалардың таным іс-әрекетін дамыту,
оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңабілімді еркін игеруге үйрету.
Біліктілік – алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске
асырылады. Білімсіз қандай болса да біліктілік мүмкін емес. Мысалы, сауатты жазу
үшін граматикалық ережелерді білу керек. Дағды-бұл қайта-қайта орындалатын
практикалық әрекетке машықтандыру. Мысалы, тез оқу дағдысы –жүйелі түрде
жаттығу нәтижесі.
Сонымен, оқу процесінде білімнің, біліктіліктің және дағдының өзара байланысы,
бірлігі балалардың таным қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес, қиял, ойлау) дамуына
мүмкіндік туғызады.. Оқыту-екі жақты процесс, онда тәрбиеші мен балалардың
ынтымақтастық іс-әрекеттері жүзеге асырылады. Тәрбиеші балаларды білім алу
әдістері мен тәсілдеріне үйретеді. Бұл- сабақ беру процесі. Балалар сабақта түрлі іс-
әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл-
оқу процесі. Оқу- бұл балалардың іс-әрекеттерінің, яғни объективтік әлемді танудың
ерекше формасы. Оқутудың тиімділігі баланың белсенділік деңгейіне тікелей
байланысты.
37
Балабақшаның оқыту іс-әрекетінде балалардың танымдық іс-әрекетін белсендіру-
балабақшада оқу-тәрбие процесін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі. Балалар
белсенді ой іс-әрекетінде білімді саналы және берік меңгереді. Сондықтан әрбір
сабақты оқу материалы баланың белсенді әрекетінің негізі болатындай етіп, жұмысты
ұйымдастырған дұрыс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Әбілқасымова А.Е. студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. –
Алматы: Білім, 1994.192б.
2. Богоявленская Д.Н, Менчинская Н.А. психология усвоения в школе-М:
Просвищение, 1959-231с.
3. Педагогика және жас ерекшелігі психологиясы, // ред. Басқ. А.В. Петровский-
Алматы: Мектеп. 1987-187б.
4. Хмель Н.Д. педагогический процесс в общеобразовательный школе. –Алматы:
Мектеп 1984-134б.
ТӘРБИЕШІ - ШЫҒАРМАШЫЛЫҚПЕН ӨЗІН - ӨЗІ ДАМЫТУШЫ ТҰЛҒА
Абилдаева М.Б., Ныгызбаева А.К.
№139 «Ақбөпе» балабақшасы КМҚК
Қазіргі заман талабына сай тәрбиеші болу ең жауапты , ең күрделі, ең зиялы маман-
дық болып табылады. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор
жауапкершілікті қажет ететін мамандық.
Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдардың міндеттері:
-
Алдыңғы ұрпақтың соңғы ұрпаққа жинаған, қалыптастырған мәдени
құндылықтарын жеткізу;
-
Баланың тұлғасын дамыту;
-
Баланың, балабақшаға бейімделуі.
Ал, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты , жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана ,
ұлттық дәстүр қалыптасқан , инабатты да ибалы , мейірімд, адамгершілігі мол, рухани
бай азаматты тәрбиелеп өсіру – балабақшаның бірден – бір міндеті. Бұл міндеттің
жүзеге асырылуына үлес қосатын тәрбиеші –педагог екені белгілі. Ол өзінің кәсіби
шеберлігі, біліктілігі, құзыреттілігі арқылы баланың бойына тәрбие, білім нәрін
сіңірте біледі. «Егер бала бір нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны,
ақылы, сезімі, қайраты – бәрі бірге жұмсалады»,- дей келе, «ақыл,ішкі, сезім, қайрат
қатынасатын болғандықтан, үшеуін бірдей тең тәрбие қылу – тәрбиешінің міндеті»,
деген ойды М.Жұмабаев анық айтып көрсеткен. Бұл ойды түйіндесек, балалардың
өмірінде мектепке дейінгі ұйымның, оның ішінде тәлім – тәрбие беріп отырған
тәрбиеші – пелагогтың алатын орны маңызды да ерекше.
Тәрбиеші - педагог – зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті
көз-қарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің
пікіріне сыйластықпен қарайды. Жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлекция жасап
38
отырады: мәдениеті, эрудициясы жоғары, эстетикалық, көркемдік талғамы бар.
Саясатқа,
білімге,
өнердегі
жаңалықтарға
қызығушылық
танытады.
Шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отырады.
Тәрбиеші - педагог – рухани бай тұлға.Оның рухани байлығы балаға деген
махаббатынан, жоғары адамгершілік және ұят сезімінен көрінеді. Ол өзінің
әріптестерінің пікірімен санасады. Тұлғаның рухани байлығы өмірдің мәнін және өмір
сүру мақсатын, өзінің кәсіби шеберлігін айқындауына ұмтылуында болып табылады.
Педагог адамдардың қарым - қатынасына, әлем сұлулығына ерекше мән береді. Онда
эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Ол жаңа өсіп келе жатқан баланың рухани
әлемінің байлығын түсінуге тырысады, сондықтан да өзінің планетарлық, тіпті
космостық ойлау үрдісін дамытады.
Тәрбиеші - педагог – шығармашыл тұлға. Ол бірсарындылықты ұнатпайды,
сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру – оның
қалыпты кәсіби үлгісі. Тәрбиеші – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірде және кәсіби
қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді. Оның еркін ой - пікірі және
кәсіби жауапкершілікті сезінуімен тұтастықта. Өзін - өзі бағалай алады, алайда
менмендікке жол бермейді. Ол батыл шешім қабылдайды, өзінің өмірлік позициясы
бар, яғни айналадағы ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым - қатынастың берік жүйесі
бар.
Тәрбиеші - педагог – адамгершілігі мол, мейірімді тұлға. Бүкіл тіршілік атаулыға,
әсіресе балаға үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Өзімен көз қарасы сәйкес келмейтін
адамға төзімділік танытады. Әр ұлт өкілдеріне және халықтың салт- дәстүрлеріне
сыйластықпен қарайды.
Тәрбиеші - педагог – бәсекелестікті тұлға. Жоғары кәсіби шеберлікті меңгеру
үшін рынок жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты
жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек. Озық
педогогикалық тәжірибелерді оқып, танып өз ой елегінен өткізе отырып,
шығармашылықпен қолдана білу керек. Кәсіби мәні бар басылымдарды қадағалап,
үздіксіз білім жетілдіру курстарынан өтіп отырған жөн. Бәсекелестікті тұлға болу үшін
тек өз елімізде емес, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болады,
жоғары еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады.
Тәрбиеші - педагог мәдениет адамы. Ол белгілі бір мәдени кеңістік пен әлеуметтік
- мәдени ситуацияларды ескере отырып, ең жаңа ғылым, өнер жетістіктерін бойына
сіңіреді. Өз халқының әдет - ғұрпы мен салт – дәстүрін бағалайды, біледі. Көркем және
кәсіби әдебиеттерге қызығушылық танытады, өнердің алуан түріне мән береді, ең
бастысы өзінің шәкірттеріне қызықтыра бітеді.
Тәрбиеші - педагог қандай бір бағытты қаламасын, қандай міндеттерді шешпесін,
негізгі қызметі – тәрбиешілік. Тәрбие үрдісі тәрбиеленушілердің алуан түрлі іс -
әрекеттерін (ойын, оқу, еңбек, жеке, ұжымдық) педагогикалық басқару негізінде
жүзеге асады
Қазіргі кезеңде тәрбиеші – тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ретінде нақты
тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған білім, білік қабілеттеріне талдау жасау керек.
Тәрбиеші ең маңызды, ең шешуші құндылықтарға назар аударған жөн. Құндылықтар
жүйесі қазіргі педагогтардың педагогикалық мәдениетінің мазмұнын айқындайды.
39
Негізгі құндылықтардың ең бастысы – бала, оның рухани – адамгершілік әлемі.
Тәрбиеші үшін ең маңыздысы, оның іскерлігі болып есептеледі, сонымен қатар,
психологиялық мәдениеттің де рөлі ерекше. Бала психологиясының дамуындағы
қайшылықтар мен қиындықтарды түсіну үшін қажет. П. П. Блонский педагогтрды
«практикалық психолог» болуға шақырады. Тәрбиеленушілердің жан - дүниесін
түсініп, сезініп, олардың жеке – психологиялық қасиеттерін бағалаған жағдайда ғана
табысқа жете алады
Тәрбиеші - педагог баланың сеніміне, сүйіспеншілігіне әділетті болғанда ғана
бөлене алады. Сондықтан ұжымдағы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы
адамгершілік – психологиялық ахуал шешуші рөл атқарады.
Балаларды қызықтыру, білім алудың қажет екенін сезіндірудің маңыздылығына
нақты іс - шараға қатысуын қамтамасыз ету арқылы көз жеткізеді, бұл табысқа жетудің
алғашқы қадамы болып саналады.
Жұмыстың келесі кезеңі – тәрбие ісін жүзеге асыру барысында балаларды
ұйымдастырып, топтық ұжымдық, ұжымдық ынтымақтасуы мен шығармашылық іс -
әрекетін жүзеге асыру.
Тәрбиеші –педагог жобалай, болжай білу керек. Бір күн, бір апта, бір ай, бір жылды
жобалап, болжай білген жөн.Сонымен бірге, тәрбиешінің тәрбиеленушімен белсенді
қарым-қатынас құра білу тыңдай да, тыңдата да білу керек. Дер кезінде батыл шешім
қабылдай алуы да маңызды. Жоғары рухани деңгейі, зиялылық, жұмсақ жымиыс,
жайлы дауыс, жеңіл әзіл ең кішкентай балалардан бастап, ересектерге де
ұнайды.Жеңіл әзіл арқылы шиеленісті жағдайдың бетін қайтаруға болады.
Тәрбиеші - педагог үздіксіз даңқ пен табысқа кенеле бермейді. Қиын жағдайларда
тығырықтан шығу үшін жеңіл әзіл керек - ақ.
Педагог - тәрбиеші өзін - өзі бақылап, педагогикалық іс - әрекетін дер кезінде
түзете білген жөн.
Тәрбиеші бала тұлғасына тәрбиелік ықпал етуді біріктіре, кіріктіре білгені дұрыс.
Отбасы, балабақша, достарын қамтып, мезгілінде көмекке келе білу керек. Педагог
кейбір шиеленісті жағдайдан өзінің интуициясы және шығармашылығы арқылы ғана
шыға алады. Психолог, педагог П. П Блонский « Нағыз ұстаз энциклопедиялық сөздік
емес, алайда ол Сократ »- деп жазған еді.( 2/б. 618)
Нағыз педагог ең алдымен шығармашыл және кәсіби ойлайтын адам екені анық.
Бақытты тәрбиеші -педагог қана балаларын бақытқа кенелте алады. Тек мейірімді
педагог ғана балаға мейірім дәнін себе алады. Өзін - өзі дамыта алатын педагог
балаларды өзін - өзі дамытуға ынталандыра алады. Сондықтан біз балаларымыз
күткендей педагог болуымыз өте қажет.
Күнтізбелік жоспар, ұйымдастырылған оқу іс –әрекет жоспарын жасағанда
тәрбиеші тек өзінің жұмысын ғана емес, балалардың іс - әрекетінің сол іс-әрекетке
деген жеке көз қарасымен білім деңгейін, қызығуы мен қабілетін ескерте отыру қажет.
Балалардың алуан түрлі іс - әрекеттерін жобалаған кезде тәрбиеші ұжымдық және
жекелік шешім қабылдау үшін жан - жақты міндеттер мен тапсырмаларды іріктеу
керек: репродуктивті және шығармашылық, оқытушылық, дамытушылық және
жаттығушылықты ескерген жөн.
40
Тәрбиеші - педагог бүкіл әдіс - тәсілдерін біріктіріп, кіріктіріп пайдаланғанда
жоғары көрсеткіштерге жетеді.
Қазіргі жағдайда педагог қызметінің ауқымы кең және алуан түрлі. Оның негізгі
бағыттарының бірі –өзін - өзі дамытуы, кәсіби шеберлігін үздіксіз арттырып отыруы.
Тәрбиеші -педагог өзінің жұмысын жоғары деңгейде жүргізіп қана қоймай, басқаларға
өз тәжірибелерді тауып, танып, тарата білу керек; б) оқу - әдіскерлік проблемаларды
танып, талдама жасайды; в) алуан түрлі әдіскерлік жұмыстарды тиімді тұтастыра білуі
керек; г) жас педагогтардың өзін - өзі дамытуға көмек береді. Өзін - өзі дамытуға
бағдарлама құрғанда жалпы - мәдени, философиялық - әдістемелік, тәрбиелік,
дидактикалық, педагогикалық, психологиялық, техникалық дайындықтарға назар
аударады. Әдістемелік жұмыстың өз мәнінде жүруіне «ашық сабақтардың» рөлі зор.
Педагог өз жұмыс орнының көлемінде шектеліп қалмай, семинарларға,
конференцияларда қатысу белсенділік танытады. Білім жетілдіру курстарына
қатысады.
Тәрбиеші - педагог – зерттеуші. Ол зерттеуші ретінде өзінің педагогикалық
қызметінде қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі,оны шешуге деген қажеттілік
туындайды.
Жұмысқа шығармашылықпен қарау, шабыттану – зерттеушіліктің қозғаушы күші
болып табылады. Педагогикалық инновацияның дамуына байланысты, педагогикалық
эксперимент жүргізе отырып тіпті жас педагогтар да өзінің зерттеушілік қабілетін
дәлелдей алады. Сондықтан педагогикалық негізгі міндеттерінің бірі методикалық
мәдениет арқылы өзін - өзі дамыту болып табылады.
Оқу мен тәрбие – бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі үдіріс. Жаңа
заманның жаңашыл ұстазы осы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүруі оның
шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді. Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде
былай деген болатын: «Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай, келешек
заманына лайық шығару керек». Иә Мағжан атамыз айтқан даналық ой келешекке
білімді ұрпақ керек екенін айқындайды. Өйткені елдің ертеңгі тірегі – жастар. Олар
заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс. Бала тәрбиесі - баршаның ісі. Отбасының,
балабақшаның мақсат мүдесі біреу. Ол заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж дейінгі «Білім беруді дамыту
бағдарламасы».
2. Г.К.Селевко. «Педкеңестер технологиясы».
3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жж
арналған Мемлекеттік бағдарламасы
41
ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК – ЖЕҢІЛ
Достарыңызбен бөлісу: |