Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата08.01.2017
өлшемі0,95 Mb.
#1420
1   2   3   4   5   6

Досмұхамбет Толқын 

   8 сынып, Бейнеу лицейі 

Бейнеу ауданы Маңғыстау облысы 

Жетекшісі: Момынова И. К. 

 

Ұлы жеңіс 

 

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. 



Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, 

тарихта мәңгілік қалатын күн.  

Бұл  мейрамды  бұрынғы  кеңес  одағына  кірген  15  одақтас  республика 

халқымен  бірге,  кеңес  халқы  неміс  басқыншыларынан  азат  еткен      Еуропа 

елдерінің  Варшава  мен  Прага,  Будапешт  пен  Бухарестің,  София  мен 

Белградтың,  Париж  бен  Венаның,  жер  шарының  басқа  да  көптеген 

қалаларының тұрғындары тойлайды.  

Бір  күшке  жиналған  орыс  пен  тәжік,  грузин  мен  белорус,  қазақ  пен 

украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды... 

Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды  талқандап, 

жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық 

жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград 

түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған 

ұрыстарда  батыр  ерліктер  көрсетті.  Украинаны,  Кавказды,  Белоруссияны, 

Қырымды,  Прибалтиканы  азат  етті,  Польша,  Румыния,  Венгрия, 

Чехословакия,  Болгария,  Германия  жерлеріндегі  майдан  жолдарында  жеңіс 

туын  көтеріп  өтті.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  біздің  қандастарымыз 

қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады.  

Қазақ  ел  басына  күн  туғанда  жалғыз  жанын  қу  шүберекке  түйген 

жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу 

деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

18 



 

Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп 

қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз 

жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең 

соңғысын  арада  50  жыл  өткен  соң  Бауыржан  Момышұлы  алды)  Кеңестер 

Одағының батыры  атағын  алғанын  айтсақ  та  жетеді.  Бұны  сол  кездегі  2,5-3 

млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің 

ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында 

олардың  нәзік  жүректері  тасқа  айналып,  гүл  ғұмырлары  ажалдың  қанды 

тырнағына ілікті. 

Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген 

патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, 

оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 

 Жауға 


қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен 

кең  байтақ  далада  да  жүріп  жатты.  Сол  жылдары  Қазақстан  миллиондаған 

босқындарды  өз  бауырына  аналық  мейірімімен  тартушы,  эвакуацияланған 

завод пен  фабрикаларға,  майданға керекті  оқ-дәрі  мен  азық-түлік  жеткізуші 

үлкен арсеналға айналды.  

Шығанақ  Берсиев  сияқты  еңбек  ерлерімен  қатар  иықтарына  үлкен 

ауыртпалық  түскен еңбек даласында  миллиондап  жұмыс  істеген  әйелдерсіз, 

жасөспірімдер мен қарттарсыз Жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе еді?!  

Ешқашанда  жауынгер  ерлігі  мен  жеңісті  еңбегімен  соққан  еңбекшінің 

ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – болашақ 

ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік   

туралы түсінік беру арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу.  

 

Дүйсенов Еділбек 

11 сынып, Шахта орта мектебі 

Таушық селосы, Түпқараған ауданы Маңғыстау облысы 

Жетекшісі:  А.Айтан 

 

Қайдасың, көке? 

 

Жүйткіп  өтіп  жатқан  зымыран  уақыт  қандай  нәрсеге  де  болмасын  өз 



таңбасын түсіреді. Сол уақыт әміршінің болмысында, жердегі саналы тіршілік 

иелерінің  санасын  сілкінтіп,  жан-жүрегін  жаралайтын,  жадында  мәңгі 

сақталып қалатын уақиғалар болып жатады. 

Жер  бітіп,  су  аққалы  әлемде  қаншама  қырғын  соғыстар  болмады 

десеңізші! Соның нақты бір мысалы, халқымыз сынға түскен кешегі Ұлы Отан 

соғысы. Нәтижесінде 20 миллионнан аса адам оққа ұшып, жер жастанды. 1941-

1945  жылдар  аралығында  болып  өткен  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  алған 

еншіміз,  міне  осындай.  Жеңіс  туын  желбіретіп,  жеңіске  жеткенімізге  де  70 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

19 



 

жыл  толып  отыр.  Бұл  дегенің  аз  уақыт  емес,  самайын  ақ  шалған  жігіт 

ағасының ғұмыры ғой. Жарты ғасырдан аса уақыт болсада қаһарлы кеуделерге 

түсірген  көлеңкесі,  жүректерге  салған  жарасы  кетті  деуге  ауыз  бармайды. 

Өйткені,  арамызда  аман  жүрген  ардагер  майдангерлер,  жарын  күтумен  бар 

ғұмырын  өткізген  жауынгер  боздақтардың  жесірлері,  бәрі-бәрі  сұрапыл 

соғыстың  суретін  саналарында  сақтап келген,  сол  кездің  тірі  куәгерлері біз, 

кейінгі ұрпақтар оларды ұлықтап, ерліктері алдында бас иеміз. 

Ұлы Отан соғысына біздің шаңырақтан Мақтағанов Досбай деген көкем 

қатысып,  Отан  атты  алтын  бесік  ұясын  жан  қиярлықпен  қорғапты.  Досбай 

көке, менің атам Дүйсеннің туған інісі. Ол 1919 жылы туған. Жиырмадан асып 

жалындап тұрған жас жігіт көз алдыма келеді. Оның халқына, оттан да ыстық 

Отанына  деген  шексіз  сүйіспеншілігін,  жауға  деген  қаптаған  өрттей 

өшпенділігін сезінгендей боламын. 

Сол  кездегі  шайқастың  нағыз  қызған  көрігіне  айналған  Сталинград 

шайқасында  жауды  жайпап  жүрген  көкемнің  кескін  келбеті  көз  алдымда 

көлбеңдейді... 

Өмірінің  гүлдей  жайнап  тұрған,  асыл  арманға  толы  жастық  шағын 

сұрапыл  соғыстың  өрті  шалды.  Жүрегінде  үкілеп  жүрген  тәтті  үміті  мен 

махаббат сезімінің орнын фашистерге деген ыза- кек басты... 

Көкемнің  ағасы,  менің  атам  да  інісі  майданға  жүрген  шақта  соғысқа 

баруға  сұранған.  Бірақ,  тылда  да  ер-азаматттар  қат  болғандықтан,  колхоз 

жібермепті.  Біздің  үйіміз,  мүше  колхоз,  балықшылықпен,  жылқы  өсірумен 

айналысады  екен.  Атам  Дүйсен  -  тылда  ерен  еңбегімен  танымал  болған 

жандардың  бірі.  Жылқышы  болған.  Малға  жайлы  қоныс  қуалап,  Бозашы 

бойынан  Үстірт  үстіне  дейін  барып,  мал  баққан.  Жылқыларды  өзі  құдық 

қазып,  қауғамен  қолдан  суарыпты.  Осы  күнгі  Үстірт  жеріндегі  «Дүйсен 

қазған» деген шыңырау құдығы сол қиын кезеңнен қалған бір белгі сияқты. 

Кейіннен  жылқы  фермасын  басқарып,  жоғары  көрсеткіштерге  қол  жеткізіп, 

жеңістің  жақындауына  өз  үлесін  қосыпты.  Соған  байланысты  «Ерлік  еңбегі 

үшін» медалімен наградталған. Досбай көкемнен он төрт жас үлкен атам әне, 

сондай  игі  істер  атқарған.  Атам  -  Ұлы  Жеңістің  65  жылдығына  арналып 

шығарылған  «Тағзым»  кітабындағы  кейіпкерлердің  бірі.  Ол  1985  жылы 

өмірден өтті. 

Әттең осы күні атамның інісі Досбай көкем тірі болса ғой... тоқсан жасқа 

келіп,  төрімізде  отырар  еді-ау  деп  қиялдаймын.  Өкінішке  орай,  от  кешуден 

оралмай  хабарсыз  кетті.  Құлағыма  үлкен  әжеміздің  ұлын  жоқтаған  зарлы 

дауысы келгендей, кей кездері елегізіп қаламын. Көңіліме оңашада мынадай 

өлең жолдары оралады: 

 

Өтіп де жатыр  зырлап күн, 



Қайдасың көке, тіл қатқын 

Өмірін қорғап өттің бе, 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

20 



 

Болашақ біздей ұрпақтың. 

Басқанда түнек жер бетін, 

Ері жоқ болса- Ел жетім. 

Қобыланды батыр сияқты, 

Елестер кескін келбетің. 

Түршігіп соғыс сөзінен, 

Түс көріп кейде көз ілемін. 

Шайқасып әлі таңменнен, 

Жүргендей көкем, сезінем. 

Болмасын соғыс, болмасын, 

Қадалмай тәнге қорғасын 

Шуағын шашып баршаға 

Бейбіт күн мәңгі орнасын! 

Тек осы менің тілегім, 

Үн қатар солай жүрегім. 

Көкемдей менде ер жетіп, 

Қорғаның болам ұлы елім! 

 

Аталарымыздың  ерлігі  жылдар  өткен  сайын  жаңғырып,  ұрпақтарына 



әрдайым  үлгі-өнеге  болып  қала  берері  сөзсіз.  Ұлы  Жеңістің  70  жылдығы- 

халқымыздың қаһармандығын паш етер мерейлі мереке. Ол күндердің даңқы 

мәңгі өшпейді!... 

Тек көкемнің жоқтығы болмаса... 

 

Жайлымысова Гүлжазира 

7 сынып, Е.Өмірбаев атындағы орта мектебі  

Түпқараған ауданы Маңғыстау облысы 

 

Желбіре, жеңістің көк туы! 

 

Қазақ жері – қонақжай, жердің төрі, 



Қазақ жері – қас сақтай елдің елі. 

Елі кедей болмаған – жері байтақ, 

Едігедей, Бабырдай ерлер жері. 

Қазақ жері көп шеккен қасіретті, 

Қазақ елі өнерлі, өсиеті. 

Египетті билеген Бейбарыстың 

Елі текті, киелі, қасиетті 

 

Биылғы жыл – қазақ халқы үшін айырықша ардақты, мемлекетіміз үшін 



ең мерейлі меркелі жыл. Өйткені 2015 жылы жеңістің 70 жылдық мерейтойы  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

21 



 

тойланбақ.  Ғасырға  бергісіз  70  жыл  бойы  күллі  қазақтың  арман  –  тілегін 

аспандатқан,  бабаларымыз  бен  әкелеріміздің  аңсаған  арманы  орындалған 

жеңіс тойы құтты болсын! 

Жеңіс! Осынау сөзді қаншама қазақ армандап,қаншама қазақ көре алмай 

кетті десеңізші? 

Жеңіс  келді,  бірақ  көптеген  адамның  Жеңістен  күткен  үміті,  күткен 

адамдары  келген  жоқ.Көптеген  адамның  баласы,  жары,  қаншама  баланың 

әкесі  соғыстан оралмады.Сұм соғыс қаншама адамды жесір етті, жетім етті? 

Қай  заманда  болсын,  адамзат  алдында  тұратын  ұлы  мақсат  пен 

мұратының  ең  бастысы  –  елі  мен  жерінің  амандығы.  Елі  мен  жерінің 

амандығын  аңсаған    азаматтарымызды,  Ұлы  Отан  соғысына  байланысты 

оқиғаларды  еске  алудың  өзі  қандай  қиын  десеңізші.  Сол  жеңістің  жолында 

қаншама  ана  жарынан,  сәби  әкесінен,  ағайын-тума  бауырынан,  баласынан 

айырылды.Жеңістің жалауы оңайлықпен желбіремегені айдан анық. 

Соғыс  үні.  Бомба  тастаған  ұшақтардың  үні.  Естір  құлаққа  да,  айтар 

ауызға да оңай емес.  

Сол  жылы,  яғни,  1941-1945  жылы  Ұлы  Отан  соғысына  Қазақстан  1 

миллион 366 мың адам аттандырған болатын. Статистикаға жүгінсек, жеңіске 

олардың жартысы ғана аман жеткендігін айтады, қалғандары елі үшін, халқы 

үшін ұрыс даласында көз жұмды.Бірақ... бірақ.... 

Олар  бізге  «Жеңіс»  атты  қасиетті  де  қастерлі  сөзді  мәңгілікке  сыйлап 

кетті. 

Адамзаттың бейбіт дамуының, тұрмыс-тіршілігінің рахатына кенелуінің 



бақыты үшін қаншама миллиондар жанын пида етті. Біз осынау майдан мен 

тыл  ерлерінің  қаһармандығы  мен  ержүректігін,  партизандар  мен  астыртын 

әрекет  етушілердің,  концлагерьлер  тұтқындарының  табандылығы  мен 

мұқалмас ерік-жігерін зор құрметпен еске алып, алапат майдан даласында қаза 

болғандардың арамызда жоқтығына қатты қынжыламыз және жоқ жандардың 

жарқын бейнесін мәңгілік еске алып, мың мәрте бас иеміз. 

 

Жеңіс деген – жақсылықтың  сыңары, 



Жігер менен құштарлықтың құралы. 

Күрескердің арманы мен ұраны, 

Қуаныш пен мерекенің бұлағы 

Қыран құсым көк аспанда самғасын, 

Желбіресін көк аспанда сан ғасыр. 

Жас ұландар биік ұста туыңды, 

Жарқыратып туған елдің таңбасын! 

 

Жеңіс  туы  желбірегеннен  бері  жеріміз  гүлденіп,  түрленіп,  барша  жан 



бақытты ғұмыр кешіп жатыр. Ел басқарып отырған сарабдал саясаткер, өзін 

барша  жанға  мойындата  білген  президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың  еңбегін 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

22 



 

атамай кетуім дұрыс болмас. Егемен елдің ертеңін ойлап жүрген елбасымыз 

басқа  елдермен  тереземізді  тең  етті  емес  пе?  Жеңіс  туының  мәңгілік  көкте 

желбіреуіне  барынша  ат  салысып,  қажырлы  еңбегін,  маңдай  терін  төгіп 

жүрген елағасына да айтар алғысым шексіз.   

Қазақ деген осынау қоңыр елдің басынан қаншама қиын күндер өтсе де, 

«Қазақ» деген қуатты, мықты, күшті ел екендігін үнемі мойындап, ешқашан 

мойыған емес, мойымайды да. 

Біздер ешқашан «соғыс» деген сөзді естімейміз, бізден кейінгі ұрпақ та 

естуге тиіс емес.  

 

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген 



Оқ даусы мәңгіге жойылсын! 

Жойылсын! Жойылсын! Жойылсын! 

 

Небір  қиын-қыстау  күндерді  басынан  өткізген  қазақ  халқының  басын 



бұлт шалмасын! Қазақстанның көк туының астында жеңіс мәңлік орын алып, 

барша жан бақыттқа кенелсін! 

 

Мен едім елімнің текті ұлы, 



Еске алу парыз ғой өткенді

Соғыстың естімей дүрмегін, 

Желбіре, жеңістің көк туы! 

Жеңіс тойы, ел тойы, халық тойы тағы да құтты болсын, ағайын! 

 

 

Жексенбай Айым 



      10 сынып, Есет мектеп-балабақша кешені                      

Бейнеу ауданы Маңғыстау облысы                                

                                Жетекшісі: Жиенбаева  Г. 

 

Ұлы  Отан соғысы... Бұл  сол кездегі  кеңес  халқының  ержүректілігі мен 

төзімділіктерін  паш ететін, тарихта  мәңгі  қалатын күн.  Бұл  күнді  соғыстың  

алғы    шептерінде    қайсарлықпен    шайқас    жүргізіп,  ерліктің    сан  үлгісін  

көрсеткен  ардагерлер тойлайды. 

Қариялар    азайып    бара  жатқаннын  әсіресе    олардың    ортасында  Ұлы  

Отан  соғысынан    аман    оралған    ақсақалдарымыздың    қарасы    жыл    санап 

азайып барады  емес пе?!  Менің туған жерім  Есет  селосында  соғыста  ерлік 

көрсеткен    ардагерлер  аз  болған  жоқ.  Олар:  Иманбаев    Бекен,  Смайлов 

Отарбай,  Раушанов  Ауданбай,  Бөлекбаев  Ерекеш,  Күшікбаев  Нұрбау, 

Майлыбаев  Досан,  Нұрбергенов  Дүнбай,  Ақоразов  Махмут,  Құлекенов  

Жолдыбай  аталарымыз.  Олардың  ерліктерін  біз  ешқашан  ұмытпаймыз. 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

23 



 

Ардагер   аталарымызға арнап  аулымыздың  белгілі азаматы бүгінде  марқұм  

болған  Мұратов Нухы  ағамыздың  бастауымен  ескерткіш  орнатылды. 

Соғыстың  тек  майдан  даласында  ғана  емес,  тылда    жүргені  мәлім. 

Гитлерліктер  КСРО-ның  батыс    аудандарын  басып    алғаннан  кейін,  Сібір 

мен  Қазақстанның  ел  экономикасындағы  маңызы  күрт  артқан.    Жаудың 

қолына  бермеу  үшін  соғыстың  алғашқы  айларында      өнеркәсіптік 

кәсіпорындардың   барлығы тылға көшіріле бастады.    

КСРО-ның  батыс  өңірлерінен        көшірілген    халықпен          қоса,  1941 

жылдың  күзінде    Қазақстанға    Полвольжеден  жүздеген    мың        немістер 

мен    поляктар    жер  аударылды.  1942-1944  жылдары    507  мың  балқар, 

қарашай,   ингуш,  шешен    халқы,  110 мың  түрік-месхетиндер,  180 мың 

қырым  татарлары  күшпен  жер  аударылды.    Оған  қоса,  күн  сайын 

Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен офицерлер тиелген    пойыздар ағылып 

жатты. Әскери госпитальдердің  көбісі Алматыда құрылды.   

Ұлы  Отан  соғысы  4  жылға  созылды.  Майдан  даласында    600  мыңнан 

астам қазақстандық   қаза  тапты. Соғыста   қаза тапқандардың саны туралы 

мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Жекелеген мәліметтер бойынша, адамзат 

тарихындағы бұл ең зұлмат  соғыс 20 миллионнан астам кеңес азаматтарының 

өмірін      қиды.  1710  қала    және    70  мыңнан    астам      село-деревнялар, 

31 850 өнеркәсіптік кәсіпорын, 65 мың шақырым темір жол,  4 100 теміржол 

стансасы, 36 мың  пошта-телеграф   мекемесі,   телефон стансасы және басқа 

да байланыс бекеттері  жермен-жексен болған немесе жартылай қираған. 40 

мыңдай        аурухана    немесе  басқа  да  емдеу  мекемелері,  74  мың 

мектеп,   техникум,   жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары, 42 мың 

кітапхана   және басқа да көптеген  нысандар жойып жіберілген,   тоналған.   

-1945жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды.  

-1945  жылғы  8  мамыр-фашистік  Германияның  тізе  бүккендігі  туралы 

шартқа қол қойылды.  

-1945  жылғы  9  мамыр-Қызыл  Армия  жеңіске  жетіп,  Ұлы  Отан  соғыс 

аяқталды. 

1945  жылғы  9  тамыз-одақтастық  міндеттемелерге  сәйкес  КСРО 

соғыстың  соңғы  ошағы  Жапонияға  қарсы  соғыс  басталды.  Қиыр  шығыста 

Жапониянияға  қарсы  соғысқа  аттанған  әскери  бөлімдер  арасында 

қазақстандық  құрамалары  да  болды.  Тынық  мұхит  флоты  әскери-әуе 

күштерінің  12-шабылдаушы  авиация  дивизиясының  звено  командирі, 

көкшетаулық  Михаил  Янко  1945  жылғы  тамыздың  10-ында  Гастэллоның 

ерлігін қайталады. 

Жапонияға  қарсы  шайқастарға  Ақтөбеде  құрылған  74-жеке  теңіз 

атқыштар  бригадасының  негізінде  ұйымдастырылған  292-атқыштар 

дивизияның  жауынгерлері  Кеңес  Қарулы  Күштері  дәстүрінің  даңқын 

шығарды.  Забайкалье  сонан  соң  1-Қиыр  Шығыс  майдандары  әскерлерінің 

құрамында  қазақстандық  129-миномет  полкі  шайқас  жүргізді.  Қазақстан 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

24 



 

минометшілері  батылдық  және  ерлік  көрсеткені  үшін  2027-жауынгерлік 

ордендер мен медальдарға, соның ішінде 14 адам «Кореяны азат еткені үшін», 

234  адам  «Жапонияны  жеңгені  үшін»  медальдарына  ие  болды.  Қызыл 

Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы 24 күнге созылды. 

Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа 

түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 

мың)  қазақстандықтар.1945  жылғы  2  қыркүйекте  Жапония  жеңілгендігі 

туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды

Міне,  осындай  көптеген  жауынгерлердің    ерен  еңбегі  ел  есінде  мәңгі 



қалмақ! Ел үшін жанын берген азаматтарды біз құрметтеуге тиіспіз! 

«Ер  есімі-ел  есінде»,-  демекші,  бізге  бақытты  ғұмыр  сыйлаған  

аталарымыз,  ағаларымыздың  және  апаларымыздың  ерлігі  ешқашан 

ұмытылмасын! 

 

 

Жұмашев Айзат 



  8 сынып, Опорный орта мектебі, Боранқұл селосы Маңғыстау облысы 

    Жетекшісі: Жолдаскали М. 

 

Ерлікке тағзым 

 

Мен  ең  алдымен  адамзат  тарихындағы  ең  сұрапыл,  қанды  қырғын 

ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс, фашизмге қарсы шайқастар мен 

онда  ерлік  көрсеткен  батырларымызға  бүкіл  жас  буындырдың  атынан 

алғысымды білдіремін. Себебі олар болмаса біз осындай ашық аспан астында 

Ұлы Отан соғысының жетпіс жылдығын тойлап отырмаста едік?! Ешкім де, 

ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ 

ететін,  тауды  жер  ететін.  Жер  бетіндегі  тіршілік  атаулының  бәрін  жалмап 

жұтатын тажал.  

Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс 

атаулы  адамзатты  қырып-жоюға  бағышталған.  Адам  адам  болғалы  осылай. 

Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 

миллионнан  астам  өмірді  жалмаған  соңғы  соғысты  алайық.  Кімге  қажет 

болып,  не  мақсатты  көздеп  еді  сол  соғыс?  Әдетте,  соғысты  әділетсіздік, 

жауыздық,  қанішерлік  бастайды  ғой.  Ол  сонысымен  лағынетті.  Қарапайым 

халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. Таң 

алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау 

оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол 

күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді.  

Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, 

қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

25 



 

танкіге  отырды.  Ол  кезде  бүкіл  ел  солдат  болды.  Сол  жылдардың  бозбала, 

бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған 

еді...  Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін парақтаған адам жеңіс сағатын 

соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-теңіз екенін байқар еді. Осы бір 

аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық 

түрлі ұлт  өкілдері әскер  қатарына  шақырылды.  Майдан  даласынан  394  мың 

қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір 

отбасы  болмады...  Бірінің  әкесі,  бірінің  ағасы  қаза  тапты.  Қаншама  жас 

боздақтардың  қыршын  жасы  қиылды...  Ішінде  ақын  да,  әншісі  де  бар  еді. 

Қауызын  ашпай  көктей  қырқылған  сол  жастардың  ішінде,  әттең  дариға-ай, 

қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен ...                                           

 Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары 

немесе  радиотелехабарлар,  кинолар  аталар  ерлігін  мақтаныш  тұта  бізге 

жеткізді.  Иә,  содан  бері  жарты  ғасырдан  астам  уақыт  өтсе  де,  ешнәрсе  де 

ұмытылған жоқ.  

Солардың жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен,  күшімен,  ісімен, 

ерлігімен,  атаның  туын  жықпай,  ананың  намысы  үшін  туған  жердің 

топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын 

тағып,  жеңістің  таңбасын  басқан  күн  –  Жеңіс  күні.  Сондықтан  да  бұл  Ұлы 

мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған 

ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы 

қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. 

Ол – өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін 

ғажап  күшпен  жеттік.  Ол  күш  –  әрине,  «бірлік».  Қаншама  халық  бір  тудың 

астына  бірігіп  күштерін  бір  арнаға  салды.Ұлы  Жеңіс  он  бес  одақтас  болған 

мемлекеттердің ортақ мерейтойы.  

 

Москва, сенің іргеңді 



Ел, ер болып сақтаймыз 

Сенен аяр жан да жоқ, 

Барлығы да сен үшін, 

Саған қауіп төнгенде 

Жау таянып келгенде, 

Қамсыз тыныш жатпаймыз 

Алпыс ұлттың адамы

Қол ұстасып үн қосып, 

Қорғауға сені дайынбыз, 

 

 -  деп  жазған  Нүрпейіс  Байғаниннің  өлеңінен  халқымыздың  Мәскеу 



қаласына деген ерекше құрметі байқалады. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа 

халқымен  бірге  жауды  талқандап,  жеңіске  жету  ісіне  Қазақ  халқы  да  өзінің 

лайықты  үлесін  қосты.  Қазақстандық  жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет