Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата08.01.2017
өлшемі0,95 Mb.
#1420
1   2   3   4   5   6

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

26 



 

Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, 

Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ 

ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық.  

Ұлы  Отан  соғысының  қатпарлары  парақтарына  үңіліп  қарасақ, 

қазақтардың  қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. 

Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес 

Одағының  батыры  атағын  алғанын  айтсақ  та  жетеді.  Торқалы  тойдың 

қуанышы  өзі  сүйген  халқы  үшін  ерекше  болмақ.  Найзағайдай  жарқылдаған 

отты ой бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін 

ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы 

қылыш ауылымыздың ардагерлерінің  ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі 

болашаққа  күш,  қайрат,  рух  береді.  Міне,  Ұлы  Отан  Соғысына  жетпіс  жыл 

толды!  Қаншама  қиындықпен  келген  еңбек.    Осындай  сұрапыл  жылдары 

қолына  қару  алып,  Отан  қорғауға  үлес  қосқан  сарбаздарымыз,  бейбіт  күнде 

туған жерді түлетуге атсалысқан еңбек майталмандары, Ұлы Отан соғысының 

ардагері Алуадин Орақұлы және Өсәләмов Әбді атамыз Боранқұл ауылының 

тұрғындары,  біздің  мақтанышымыз.  Бүгінде  тоқсан  асқан  ардагерлеріміздің 

айтқан  әңгімелері  ғибратқа  толы.  Адамның  ізгілігі  мен  жақсы  болуы 

болмысынан деген қағида ежелден айтылып келе 

жатқан  пікір.  Әрине, 

көрсетілер  құрмет  олар  үшін  сұраусыз  да.  Әліге  дейін  ардагерлеріміз 

ауылдастарының  арасында,  ұрпағының  алдында  абыроймен  ғұмыр  кешіп 

келеді.  

Жандары  жүдемесін,  жүректері  ауырмасын,  бақуатты  болуларын  қарт 

майдангелерімізге  тілейміз!  Асыл  сүйекті  текті  аталарымызды  ардақ  тұтып, 

құрметтеу біздің парызымыз. «Ер есімі – ел есінде»,- демекші, бізге жарқын 

болашақ,  бақытты  ғұмыр  сыйлаған  аталар,  апалар  ерлігі  ешқашан 

ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай 

мәңгі шуағын шашпақ. Ұлы  жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің!   

 

Иманғалиев Дархан 

8 сынып, Бейнеу лицейі 

Бейнеу ауданы Маңғыстау облысы  

Жетекшісі: Момынова И. К. 

 

Соғыс өртіне 70 жыл 

 

Кеңес  үкіметінің  орнағанына  жырма  төрт  жыл.  30-жылдардағы 



зобалаңнан халық есін жия бастаған. Алдағы бақытты өмір үшін белсене еңбек 

етіп жатты. Еңбекші халық қаннен қаперсіз, тыныштық өмір кешуде болатын. 

Келесі күн жексенбі-демалыс еді. Оқушылардың біразы ертең ертемен пионер 

лагеріне  бару  үшін  буынып-түйініп  қойған.  Енді  бір  бөлігі  ертең  болатын 



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

27 



 

туристтік 

саяхаттарды 

ойлапжатып, 

ұйқыға 

шомған.                                                                                          



Таңғы сағат төртке таяды. Тек шекарашылар ояу болатын. Кенет батыстағы 

шекарашылар  жарқылдаған,  от  сияқты  сәулелерді  байқады.  Олар  тез  арада 

көбейіп, қызылды-жасылды болып, қалқып келіп қалды. Жер-көкті моторлар 

гуілі  алып  барады.  Ә  дегенше  болған  жоқ,батыс  жақтан  келген  ұшақтар 

аэродомдарды,  соғыс  қаруы  тұрған  қоймаларды,  қалаларды  бомболай 

бастады.  Жер  беті  қаптаған  машина:  танкілер,  әскер  тиеген  машиналар, 

мотоциклдерге  мінген  солдаттар.  Бүкіл  дүние  астан-кестен.  Құлаған  үйлер, 

қираған қалалар мен елді мекендер, өртенген қоймалар, қырылған адамдар. 

1941  жыл  маусымның  22-сі  Кеңес  мемлекетінің  батыс  шекарасында 

соғыс осылай бастады.  Батыс шекара өте ұзақ болатын, 3 мың шақырымдай. 

Бұл  соғыс  КСРО  тарихына  Ұлы  Отан  соғысы  деп  енді.  Өйткені  соғысты 

бастаушылар осы мемлекетті жоюды мақсат етті. Ал кеңес халқына өз елін, 

мемлекетін, халқының тәуелсіздігін сақтап қалу керек болды. Сондықтан да 

осы соғысты жеңіспен аяқтау үшін оған бүкіл ел, бүкіл халық катысты. 

Германия  фашисттері  бұған  дейін  де  бірнеше  елдерді  басып  алған 

болатын. Олар КСРО-ға қарсы соғысқа барынша дайындалды. Күшіне сенгені 

сондай, бұл елді 3-4 айда басып алу жоспарлаған болатын. Бірақ жау қатты 

қателескен  болатын.  Қатысқан  әскерлер  мен  қырылған  адамдар  жөнінен, 

шаруашылыққа,  жалпы  адамзатқа  келтірген  зияны  жөнінен  тарихта  мұндай 

соғыс болған емес. 

Герман  фашисттері  тарапынан  бұл  нағыз  әділетсіз  соғыс  еді.  Олар 

тыныш  жатқан  елге  басып  кірді.  Ал,  Кеңес  елі  тарапынан  әділетті,  қорғану 

соғысы болды. Бұл соғысқа бұрынғы КСРО-ның құрамдас бір республикасы 

ретінде  Қазақстан  да,  оның  барлық  халықтары  да  түгел  қатысты.  «Соғыс» 

деген  суық  хабар  Қазақстанның  барлық  жеріне  сол  22  маусымда  жетті. 

Қалалар мен ауылдардың бәрінде де жиналыстар өткізілді. 

Жаз  айының  осы  бір  жайма  шуақ  жексенбісінде  Алматы  қаласының 

еңбекшілері  халық  жиналатын  жерге  жинала  бастады.  Адамдардың  өңінде 

бұрынғы қуаныш пен жайдарылық сезілмейді. 

Жиналысқа  қатысқандар  фашисттердің  опасыздықпен  жасаған 

шабуылын  қатаң  айыптады.  Қазақстан  еңбекшілерінің  барлық  күшін  жауды 

күл-талқан етуге, Қызыл Армияны керекті нәрсенің бәрімен қамтамасыз етуге 

шақырды.  Елді  қорғауға    көмір,  мыс,  қорғасын,  астық  қанша  керек  болса, 

сонша  береміз  делінді.  «Жауға  ешбір  мейірім  болмасын»  деген  үндеу 

қабылданды.  Шымкент  қаласындағы  қорғасын  зауытының  жұмысшылары: 

«Жұмысты  бұрынғыдан  әлдеқайда  жақсы істейміз,  елімізге  қорғасын  қанша 

керек болса, сонша береміз...»- деп уәде етті. 

Ал,  Жамбыл  облысының  Жамбыл  ауданындағы  бұрынғы  Ильич 

атындағы  ұжымшардың  еңбекшілері:  «Биылғы  бітік  егінді  тез  жинап, 

мемлекетке  астық  тапсыруды  бұрын  және  асыра  орындаймыз,  қандай  жау 

болса да жеңеміз...»-деп серт етті. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

28 



 

«Фашистердін  айуандығына  қанымыз  қайнайды.  Бізді  соғыстың 

алдыңғы  шеңберіне  жіберуіңізді  сұраймыз»,-  деп  өтінді  Қарағанды 

шахталарының жұмысшылары. 

Міне,  Қазақстандықтар  бірнеше  мың  шақырым  қашықтықтағы 

халықтардың,  орыстар  мен  украиндардың  белорустар  мен  молдавандардың, 

т.б жеріне жау басып кіргенде осылайша ерліктің, достықтың үлгісін көрсетті. 

Ол  күндері  елдің  батыс  шекарасындағы  кеңес  әскерінің  жағдайы  өте 

ауыр  болды.  Ел  жерінің  әрбір  адымын  күші  басым  жаудан  асқан  ерлікпен 

қорғады. Бұған Брест қамалын қорғаушылардың ерлігі мысал болады. 

Фашистер Кеңес мемлекетінің астанасы Мәскеуді басып алуға бар күшін 

салды.  Үлкен  шығындарға  ұшырғанына  қарамастан,  үсті-үстіне  жаңа  күш 

әкеліп,  алға  қарай  жылжи  берді.  Ақыры  1945  жылы  сәуір  айының  аяғында 

Германия астанасы Берлинде аяқталған болатын. Осы жылғы соғысқа біздің 

жерлестеріміз  де  қатысты.  Рейхстагтің  төбесіне  ту  тіккен  ержүрек 

жауынгерлер  Егоров  пен  Кантария  болатын.  Олар  Рейхстагтің  төбесіне 

жеткенше оның төменгі қабырғаларында қызыл жалаулар желбіреді. Осындай 

алғаш ту тіккен он үш жауынгерлердің бірі Ракымжан Қошқарбаев еді. 

Біз  осы  ата-бабаларымызды  құрметтеуіміз  керек,  себебі  осы  ата-

бабаларымыздың  арқасында  осы  күнге  жеттік.  Біз  осы  ата-бабаларымыздан 

үлгі  алуымыз  керек.  Олар  өз  елінің  нағыз  патриоттары.  Олардың  ерен 

еңбектері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Біз оларды әрқашанда есте 

сақтап,  ардақтауымыз  керек.  Олардың  ішінде  біздің  өз  жүздеген  ата-

бабаларымыз  бар:  Бауыржан  Момышұлы,  Мәншүк  Мәметова,  Әлия 

Молдағұлова,  Шығанақ  Берсиев,  Мәди  Бегенов,  Жұмағали  Қалдығараев  т.б 

қазақ жауынгерлері қатысты. 

 

 

Кенжеғұл Айтқали 



11 сынып, Шахта орта мектебі 

Таушық селосы, Түпқараған ауданы Маңғыстау облысы 

Жетекшісі: Г.Қарабасова 

 

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран 



 

Қайсарлық пен қаһармандық, 

Отанға деген сүйіспеншілік  

аса қатыгез сұрапыл соғыста 

жеңіске жол ашты.  

Н.Ә.Назарбаев 

 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

29 



 

Адамзат  тарихындағы  ең  сұмдық  соғыстың  болып  өткеніне  70  жыл 

толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай 

ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл 

мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын 

қорғаған  жауынгер-солдаттар  мен  офицерлердің  айбыны,  тылдағы  Жеңісті 

жақындатқан  жұмысшылардың  ерлік  еңбектерінің  мәңгі  өшпейтіндігін 

дәлелдейтін белгі болып қалмақ. 

Қасиетті  Маңғыстау  топырағы  қай  заманда  да  ат  тұяғының  дүбірінен, 

атой салған аласапыран кезеңдерінен кенде қалып көрген жоқ. Кезінде жеті 

жұт келіп жайқалған бұл өңірдің ұландары аттың жалы, атанның қомында белі 

қатайып,  ел  мен  жер  намысын  қорғап  есейген.  Ауыл  азаматтары  соғыстың 

алғашқы айларынан бастап, Қызыл Армия қатарына майданға алына бастаған. 

Көптеген жанұялардың бас көтерер ер азаматы қолына қару алып, майданға 

аттанады,  олардың  орнында  қалған  әйелдер  еңбек  майданына  араласады. 

Әйелдер  басқару  орындарында,  егін  және  мал  шаруашылықтарында  тіпті 

көмір  тресінде  де  жұмыс  істеген.  Олар  күнделікті  жұмыс  көлемін  асыра 

орындап  отырады.  Олар  партия  мүшесіне  кандидат,  комсомол  мүшелері 

қызметін атқарады. 

Ұлы Отан соғысында Кеңес Одағы бойынша 27 млн. қаза тапқан болса, 

соның 13% қазақ, Ұлы Отан соғысына қатысқан Қазақстандықтар саны –1 млн 

200  мың.  Соғыста  қаза  болғандар  саны  -  603  мың.  Маңғыстау  облысынан 

соғысқа 5710  адам  әскерге  алынып,  2216  адам  елге  оралған  жоқ.  Ұлы  Отан 

соғысында 5 маңғыстаулық батыр атағына ие болды. Маңғыстау топырағынан 

майданға  аттанғандар  арасында  есімдері  беймәлім  қалған  ерлер  болғанына 

күмән жоқ. Соғыстың аласапыран дүрмегі наградаға ұсынған талай қағазды 

қалтарыста  қалдырған  да  аян.  Маңғыстаудай  маңғаз  түбектен  аттанған 

боздақтар  соғысқа  награда  үшін  келмегендерін,  ел  шебін  қатыгез  жау 

тырнағаннан  тезірек  босатып,  ел-жұртына  аман-есен  оралуды  ғана 

ойлағандарын  айту  керек.  Ұлы  Отан  соғысының  тарихынан  лайықты  орын 

алған Маңғыстаулық батырларымызды атасақ, олар Мәди Бегенов, Жұмағали 

Қалдықараев, Исатай Сүйеубаев, Біләл Қалиев. 

Ұрыс  даласында  тапқырлық  пен  табандылық  көрсеткен  Сталинград 

үшін  шайқастың  Ленин  орденді  ержүрек  батырларының  бірі    жерлесіміз 

Исатай  Шаяхметұлы  Сүйеубаевтың  аңызға  айналған  ерлігін  баяндайтын 

деректер  мол.  Ол  туралы  кезінде  майдандық,  облыстық,    республикалық 

баспасөз  басылымдарында  көп  жазылды.  Жауынгерлік  ерлігін  ақындар-

жазушылар  өздерінің  туындыларына  өзек  етіп,  қалам  тартқандары  баршаға 

аян.  Ерліктің  жай-жапсары  мұрағаттарда,  мұражайларда  толық  сақталған. 

Батырдың  қаһармандық  тұлғасын  әскердегі  жолдастары,  командирлері, 

зерттеушілер өз еңбектерінде құрметпен еске алды.  

Ол 1913 жылы Маңғыстау ауданы Шайыр селолық Кеңесіне (бұрынғы 

«Правда» колхозы, кейін «Октябрьдің 50 жылдығы» совхозы) қарасты Тиген 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

30 



 

жеріндегі  №18  ауылда  дүниеге  келген.  Исатай  Маңғыстау  жерінде  бағзы 

заманнан  бері  қоныстанған  бабамыз  Адайдың  Мұңалынан,  оның  ішіндегі 

әйгілі шебер Қаражүсіп, бергі жағы ХХ ғасырдың басында Ораз, Нұрсұлтан, 

Хажы,  Сәду  Оңғалбаевтар  сияқты  мемлекет  және  қоғам  қайраткерлері,  елге 

сыйлы азаматтар шыққан Жары руының Тоқтамыс атты тайпасынан. 

Жастайынан  қиындыққа  төзіп,  мойымай  өскен  Исатай  сұрапыл  соғыс 

басталғанда небары жалындаған 29 жаста еді. Исатай 1942 жылы өз еркімен 

жазда сұрапыл соғысқа атанады.   

Ол әскери қызметті Оңтүстік-Батыс майданның 21-ші армиясы 293-ші 

атқыштар  дивизиясының  құрамында  бастайды.  Елге  келген  соң  соғыс 

зардаптарынан  әбден  қалжыраған  ауылдастарына  көмектесіп,  колхоз 

шаруасына араласады, колхоздағы  машина-трактор стансасын жолға қойып, 

Таушықтағы  көмір  өндірісінде  техникаларды  жөндеуші  болып  қызмет 

атқарады.  Кейін  Таушық    көмірін  Сартастағы  айлаққа  тар  табанды 

вагоннеткалар арқылы таситын тепловоз жүргізушісі болып қызмет атқарады. 

Ұлы Отан соғысы жайлы бірсыпыра айтып өту мүмкін емес. Қаншама 

ата-бабаларымыз, апа-ағаларымыз осы жеңіс үшін аянбай соғысып, жандарын 

қиды. Бұл соғыс адамзат тарихында ең сұрапыл, әлемді дүр сілкіндірген, жан 

түршігерлік  қанды  қырғын  болды.  Ұлы  жеңіске  еліміздің  барлық  халықтың 

жеңіске  құштарлығының  арқасында,  береке-бірлігінің  арқасында  елімізді, 

жерімізді, Отанымызды сақтаймыз, - деп жан аямай соғысып, жан аямай еңбек 

еткеніміздің  арқасында  қол  жеткіздік.  Сондықтан  да,  бұл  мереке  адамзатқа, 

олардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш, ортақ 

жеңіс! 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Маратов Аманбек 

8 сынып, А. Горький атындағы мектеп-лицейі 

Форт-Шевченко қаласы Маңғыстау облысы 

Жетекшісі: Таңбаева Н. Ш. 

 

Мен таныған ақиқат 

 

                                                    Атам Асқанбаев Баялы мен барлық батыр 



аталарымның ерлік ісіне арнаймын. 

 

Мен  соғысты  көргем  жоқ,  қан  майдан  даласында  өмір  сүргем  жоқ, 



жанарлардағы үрей мен қорқынышты сезгем жоқ. Мен бақытты елдің бақытты 

ұланым.  Бірақ  «соғыс»  деген  сөз  –  мен  үшін үрейлі  сөз.  Өйткені  мен  менің 

бақытым үшін майданда қан кешкен аталардың ұрпағымын. Олардың өшпес 

ерлік  істерінің  ғана  емес,  «соғыс»  деген  атауға  айтылған  лағнетінің  де 

мұрагерімін.  Сондықтан  да  мен  оны  адам  баласы  үшін  ең  үрейлі,  ең 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

31 



 

қорқынышты сөз деп білемін. Өйткені, соғыс атаулы  адамзатты қырып-жоюға 

бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай  рет үстемдік, байлық үшін 

адам  қаны  суша  аққан.  Арыға  бармай-ақ,  елу    миллионнан  астам  өмірді 

жалмаған соңғы соғысты алайық. Кімге қажет болып, не мақсатты көздеп еді 

сол соғыс? Әдетте, соғысты әділетсіздік, жауыздық, қанішерлік бастайды ғой. 

Ол  сонысымен  лағынетті.  Қарапайым  халыққа  қасірет  туғызған,  қарғыс 

арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес.          

Адамзат тарихында ірілі-уақты он бес мыңға жуық соғыстар өткен екен. 

Бірақ солардың ішінде ауқымы, құрбандықтары мен алапаттығы жөнінен  ең 

жантүршігерлігі екінші дүниежүзілік соғыс және оның ажырамас бөлігі болған 

Ұлы Отан соғысы болды.   

Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, 

алғашқы  күннен  бастап  жұдырықтай  жұмылды.  Республиканың  түкпір-

түкпірінде  әскери  комиссариаттарға  еріктілер  ағылды.  Кеше  ғана  мектеп 

партасында  отырған  бозбалалар  мен  бойжеткендер  де,  қала  мен  ауыл 

тұрғындары  да  соғысқа  сұранды.  Меніңде  атам  Ақсанбаев  Баялы  солардың 

біреуі болып 1942 жылы 4 ақпанда соғысқа аттанды. 

Соғыстың  алғашқы  күнінен  бастап  өзінің  ұйымдастырушылық  және 

басқарушылық 

қабілетімен 

ерекшеленген 

атамды 

командирлерді 



дайындайтын  Брянск  әскери  саяси  училищесіне  оқуға  жібереді.Оқуын 

аяқтағаннан  кейін,  өзі  сияқты  кеңес  Одағының  түкпір-түкпірінен  келген 

жауынгерлерді бастап ұрыс алаңына аттанады. Жауыздық пен катыгездіктің 

соғыс  алаңы  ауылдан  келген  жас  жігіттің  мінезін  шыңдап,    «Отан,  ел  үшін 

алға» ұраны рухын қайрап, соңына ерген жауынгерлерімен майдан даласында 

ерлікпен  шайқасқа  шықты.  Соғыс  кезінде  жеке  басының  қаһармандық 

ерлігімен  және  ұрыс  жүргізудегі  әскери  шеберлігімен  ерекше  көзге  түседі. 

Батыр  Бауыржан  Момышұлы  атамыздың    «Батыр  батыр  емес,батырларды 

бастаған  батыр»деген  сөзі  осы  менің  атам  сияқты  командирлерге  айтылса 

керек. Өйткені, 1942 жылы Полтава түбінде болған қанды  шайқаста әскерді  

бастап келе жатқан командир атамның аяғына бірнеше жерден оқ тиіп, ауыр 

жараланып госпиталға түседі.Жарақаты жазылған соң, көп кідірместен соғыс 

алаңына  қайта  оралады.  Ол  майданда  тек  қана  басшы  емес,  сонымен  бірге 

жауынгерлердің ақылгөй  жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман 

тәрбиешісі  бола білді. Себебі, үш жасынан әкесінен жетім қалып, қиындықты, 

өмір  тауқыметін  көп  көрген  командир жас  жауынгерлерге  көп  тәлім  тәрбие 

беретін. 

Тағы  да  қырғын  соғыс,  бейкүнә  жас  бозбалалардың  өлімі,сатқындық, 

қатыгездік...  Мұның  бәрі  командирді  одан  сайын  қатайтып,  жауға  қарсы 

қайсарлықпен қарсы тұруға жетелейді. Командир аласапыран шақта бірнеше 

рет жау  қоршауынан жауынгерлерін алып шығып, қақаған қыста өзі бастаған 

әскерлерді жоғалтпай үнемі берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап отырды. 

Соғыс  алаңында  командир  тек  қана  бастаушы  емес,  ол  мықты  тактик  және 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

32 



 

жетік стратег болу керек. Менің ойымша, осы қабілеттің бәрі менің атамның 

бойынан табылған сияқты. Себебі, ұрыста ерекшеленіп үнемі жауынгерлерді 

бастап жүрген атамды 1943 жылы Полтава және Горький танк училищелеріне 

курсқа жібереді. Білімін шыңдай түскен аға лейтенант Ақсанбаев Баялыны 79-

ші  танк дивизиясының 7-ші танк полкына командир етіп жібереді. Біліктілігін 

арттырған командир Отан үшін бар күшін аямай жауға қарсы шықты. 

Отанын  жаудан  қорғау  үшін  көп  ұлтты  кеңес  халқының  ішінде  қазақ 

халқы  ерекше  ерлігімен  жауға  қарсы  тұрды.  Халық  жадында  сапында  30 

ұлттың  өкілі  бар    Брест  қорғаушыларының  өшпес  ерлігі  мәңгі  сақталмақ. 

Қазақстан  жерінде  жасақталған  И.В.Панфилов  атындағы  8-гвардиялық 

дивизия  Москваны  қорғауда  тарихта  болып  көрмеген  теңдессіз  ерліктің 

үлгісін танытты. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай беріктік 

пен ер жүректілік көрсеткен, өз заманында-ақ аты аңызға айналған Бауыржан 

Момышұлы да бар еді.  

Менің де атам Бауыржан Момышұлы сияқты өжет қолбасшы болатын. 

1943  жыл  24  қазанда  командир  Аксанбаев  Баялы  Ржевск  қаласының 

маңындағы ұрыста  кеңес одағының түкпір-түкпірінен отан қорғауға келген 

жауынгерлерді  «Отан  үшін  алға!»  ұранымен  бастап,  фашистердің  әскерін 

шетінен  қырып  келе  жатқанда    кенеттен  оң  иығынан  оқ  тиіп  қансыраған 

күйінде  жерге  құлай  кетті...  тағы  да  жарақат,  бірақ  ол  атамның  сағын 

сындырмады, жігерін жасытпады. 

Соғыста бірнеше рет жараланғанымен, 1945 жылы соғыс аяқталғанымен 

елге  оралмай,  өмірдегі  өзі  арқалаған  болашақ  үшін  күрес  жүгін,  қоғам 

алдындағы борышын терең түсінген  атам 1947 жылы елге оралады.  

Бұл шығарма менің тарихи деректерге сүйене отырып, командир атам 

туралы әскери билеттегі жазбаларды қолдана отырып,  немерелік қиялымнан   

туындаған  әңгіме.  Бұл  тарихи  оқиғаның  шын  мәнінде  қалай  болғандығын 

осыдан  отыз  бес  жыл  бұрын  өмірден  өткен  үлкен  атам  ғана  білетін  еді.  Ал 

соғыстың  қақ  ортасында  болып,  өлім  мен  өмірдің  ортасында  болған    атам 

соғыс  тақырыбын  ешқашан  қозғамаған  екен.  Ол  туралы  сұраған  адамдарға 

мүлдем еш нәрсе айтпаған... Оның себебін түсіну қиын емес шығар.  

Бүгін  мен  маған  жеткен  осындай  деректерді  ақтара  отырып,  ерлік, 

батырлық  дегендердің  шын  мәнінде  не  екенін  ұғынғандаймын.  Бір-ақ  рет 

берілетін өмір деген құдіретті басып өтіп, өлім уын шашқан оққа қарсы кеуде 

тосу дегеннің қандай қасиет екенін түсінгендеймін.  

Иә, Ұлы Отан соғысы ұзаққа  созылды. Майдан даласында 600 мыңнан 

астам  қазақстандық  қаза  тапты.  Соғыста  қаза  тапқандардың  саны  туралы 

мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. 

Мүмкін, осы қаза тапқандар менің атамның үнемі  көз алдында жүрген  

шығар. Оны ұмыту әсте мүмкін болмаса керек. Әлде,  өздері сияқты бұйрықты 

орындаушы немістің бейкүнә бозбаласының өмірін қыйды ма екен...?  



Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 

средних учебных заведений на патриотическую тему, 

посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

 

33 



 

Қазіргі өмір сүріп жүрген жас ұрпақ  мұның бірін білсе,  бірін білмейді.   

Соғыстан  кейінгі  70  жыл  ішінде  Ұлы  Отан  соғысы  жайлы  естелік  әдебиет, 

деректі  фильмдер  болғанымен,    шын  қанды  соғысты  көз  алдына  елестету 

қиын. Осылардың барлығын ой елегінен өткізгенде, сол майдан даласында  қан 

кешкен аталарымның ерлігін сөзбен айтып жеткізіп, ақылға сыйғызу мүмкін 

емес  сияқты.  Тарихтың  тереңінен  бір-ақ  ақиқат  көрінеді:  Отан  –  Ананы 

қорғау! Осы ақиқат қана бәрін түсіндіріп, барлық сұрақтарға жауап болады деп 

ойлаймын.Осы жолда таңдау біреу-ақ, ЖЕҢІС!  

Иә, аталарымыз жеңді, біз жеңдік! Десе де,  бүгінгі тарих осы соғыс екі 

дауласқан елге қандай пайда әкелді, не үшін, кім үшін деген сұрақтар қоюы да 

заңдылық болар. Өйткені тарих қатпарларын ақтарып, ақиқатты табу мүмкін 

емес.  Сондықтан  да  бүгінгі  күні  замандастарымның  арасындағы  әртүрлі 

пікірге  түсіністікпен  қарау  да  керек  шығар.  Бірақ  мен  мойындаған  ақиқат- 

қанша  уақыт  өтсе  де,  қаншама  тарих  бетпердесі  ашылса  да,  қаншама 

құндылықтар өзгерсе де Ұлы Отан соғысы Ерлері ешқашан өлмейді! Өйткені 

олар өмір үшін, адамдық пен ақиқат үшін күресті! Өйткені олар болашақтың 

күні үшін жанын берді! Бұл санадан еш уақытта сызылмайтын, өшірілмейтін 

ақиқат!  Осы  ақиқат  бұрмаланбаса  екен!  Осы  ақиқат  әр  адамның  жүрегінен 

өшпесе екен! Сонда ғана біз, құдіретті ерлер ұрпағы бейбіт күннің, адамдық 

пен ақиқаттың құнын білер едік! 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет