Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011



Pdf көрінісі
бет39/44
Дата08.01.2017
өлшемі3,67 Mb.
#1421
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Божбанбаев М.А.
 
Ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуде әлеуметтік реформалардың орны мен ... 
 
 
Қорыта  айтсақ,  жоғарыда  тізбелеген  мәселелердің  бәрі  де  –  жинақталып 
қалған көпжылдық мәселелер. Бұларды шешу үшін ауыл шаруашылығына әлі де 
жете мән беруіміз керек.  
Бұл  мәселеде  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  атап  көрсеткеніндей,  «мемлекетіміз 
әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы тиіс» [3]. Бұл үшін ҚР-
ның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы  – ауыл шаруашылығы 
болып  табылады.  Оның  маңыздылығы  –  ең  алдымен  халықты  азық-түлік 
өнімдерімен,  ал  өңдеуші  өнеркәсіпті  қажетті  ауыл  шаруашылық  шикізатымен 
қамтамасыз  ету.  Ауыл  шаруашылығының  еліміздің  экономикалық,  әлеуметтік 
өмірінде  айрықша  орын  алатыны  баршамызға  белгілі.  Ауыл  шаруашылығы 
дамуының  деңгейі  көбінесе  елдің  экономикалық  қауіпсіздігін  анықтайды. 
Қазақстанның  ауыл  шаруашылығына  қолайлы  жерлері  көп  болғандықтан,  әлем 
нарығында  бәсекелестікке  қабілетті  агроөнеркәсіп  секторын  дамытуға  барлық 
мүмкіндіктер  бар.  Оған  қоса,  ел  халқының  жартысына  жуығының  әлеуметтік 
жағдайы  ауыл  аймақтармен  тығыз  байланысты.  Ауыл  республика  экономикасы 
дамуындағы  маңызды  фактор  болса,  ауыл  халқы  еліміздің  қоғамдық-саяси 
тұрақтылығының да шешуші факторы болып есептеледі. 
Ендігі  мәселе,  2009  жылдың  шілдесінен  бастап  «Нұр  Отан»  ХДП  «Жас 
Отан»  Жастар  қанатының  іске  асыруымен  «Дипломмен  ауылға!»  жобасы  қолға 
алынғаны  баршамызға  аян.  Президент  бақылауындағы  бұл  жоба  жастарды 
жұмыс өтілін ауылдан бастауға шақырады. Ауылға баратын жастарға, 70 айлық 
есеп-айырысу  көрсеткіші  (90  мыңға  жуық  теңге)  көлемінде  жоғарылатылған 
жәрдемақы  төленіп,  баспана  алуға,  кредитке  жеңілдік  және  айлығына  25  пайыз 
үстеме  ақы  төлеу  жолдары  қарастырылған.  Бір  жағынан  алып  қарасаңыз, 
«Дипломмен ауылға» жобасынан мемлекеттің де, ұлттың да ұтары көп. Өйткені, 
жаңа жобаның ауыл үшін де, жастар үшін де өзекті ұсыныс болғаны анық.  
Жалпы  алдағы  уақытта  да  ауылдың  тіршілігі  мемлекеттік  саясаттың  басты 
назарында бола бермек. Бұған елбасымыздың жолдауы дәлел бола алады. 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  биылғы  2010  жылғы  жолдауында  Ауыл 
шаруашылығындағы  еңбек  өнімділігі  ең  төмені  және  жылына  бір  жұмыс 
істеушіге  3  мың  доллар  шамасында  келетіндігін,  ал  дамыған  елдерде  бұл 
көрсеткіш  50-70  мың  долларды  құрайтындығын  айтты.  Сондай-ақ,  2014  жылға 
қарай  агроөнеркәсіптік  кешенде  өнімділікті  кем  дегенде  екі  есеге  арттыру 
керектігін,  2014  жылға  қарай  азық-түлік  тауарлары  ішкі  рыногының  80%-дан 
астамын  отандық  тағам  өнімдері  құрауы  тиіс  екендігін  айтты  және  елбасының 
пікірінше бізде ол үшін мүмкіндіктер бар [3]. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі // Егемен Қазақстан, 2005, 1 ақпан. 
2.
 
www.кazinform.kz

3.
 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық 
өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері. Қазақстан халқына жолдауы. //Егемен Қазақстан, 2010, 
30 қаңтар. 

305 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
 
Д.Р.ТҰРҒЫНОВА  
А.Ясауи атындағы XҚТУ-нің магистранты 
 
САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ  
 
В  этой  статье  рассматриваются  периоды  развития  политических  партий  на  основе 
статистических данных. 
 
This article deals with stages of development of political parties in Kazakhstan according to statistics.  
 
Партия – саяси институт. Кез келген партия мемлекеттік биліктің жүзеге 
асуын  қадағалау  немесе  билікті  өз  қолына  алу  бағдарламасымен  жұмыс 
істейді [1.503 бет]. Ал көппартиялық жүйе партиялар арасында бәсекелестік 
туғызып,  жұмыстарының  қарқынды  жүруіне  ықпал  етеді.  Қазақстан  – 
демократиялық  ел,  бізде барлық  партиялардың  құқығы  бірдей.  Қазақстан өз 
бағдарламаларын  жүзеге  асыру  үшін  партияларға  толықтай  мүмкіндік  беріп 
отыр.  Олар  өз  бағдарламасы  мен  мақсаттары  туралы  мәлімет  таратып,  үгіт-
насихат жүргізуге, президенттікке, мәжіліс, мәслихат депутаттығына үміткер 
ұсынып,  сайлауға  қатысуға  фракциялар  құрып,  көзқарасын  ұстанатын 
ақпарат  құралын  иемденуге  құқылы.  Алайда  біздің  елімізде  саяси 
партиялардың  мемлекет  ісіне,  ал  мемлекет  саяси  партия  ісіне  заңсыз 
араласуға жол бермейді.  
Өткен  ғасырдың  90-шы  жылдары  Қазақстанда  600-ден  аса  қоғамдық 
ұйымдар  мен бірлестіктер,  саяси  партиялар  тіркелген.  Заман  талабына ілесе 
алмаған  олардың  біразы  саяси  сахнадан  ығысып  қалған  жайы  бар.  Бүгінгі 
таңда  Қазақстандағы  саяси  партиялардың  саны  тоғыз.  Саяси  партиялардың 
көш  басында  тұрған  ХДП  «Нұр  Отан».  Ал  басқа  партиялар  өз 
мүмкіншіліктерін толық пайдалана алмай жүр. Айталық кейбір партиялардың 
өз  БАҚ-ы  жоқ.  Онсыз  партия  ұстанымын  тарата,  көпшілік  даусын  жинай 
алмайды.  Қазақстанда  тек  ХДП  «Нұр  Отанның»  ақпараттық  жүйесі  толық 
деңгейде жұмыс істеп жүр. Десек те, бір партияның бірнеше БАҚ иемденуі де 
құптарлық  нәрсе  емес.  Және  бір  айтып  кетерлік  жайт,  көпшілік  ақпарат 
құралдарында  партиялар  жайлы,  олардың  жұмыстары  жайлы  ақпарат  аз. 
Жалпы  Қазақстанда  көппартиялық  жүйе  дамудың  алғашқы  сатысында  тұр. 
Олай  дейтініміз  –  біздегі  партиялардың  көбі  сайлаулық  науқан  кезінде  бой 
көрсетіп,  кейін  ізім-ғайым  жоқ  болып  кетеді.  Ал  көптеген  партиялар 
өздерінің  мақсаттарын  айқындай  алмай,  идеологиясын,  тұғырнамасын 
құрастыра  алмай  жүр.  Олар  көбіне  сападан  гөрі  санға  басымдылық  беріп, 
өздерінің  мүшелерін  көбейтуден  әрі  асып  жатқан  жоқ.  Кейбір  партиялар 
бөлініп,  қайта  бірігіп  атауларын  ауыстырып,  бағдарламаларын  өзгертіп,  өз 
ұстанымдарына  өздері  қарсы  шығып,  сөздері  мен  іс-әрекеттері  ұштаспай 
жатады.  Сол  себепті  олар  халық  арасында  беделдерін  төмендетіп  алды. 
Нақты 
социологиялық зерттеу мәліметтеріне қарағанда, танымалдығы мен
  

306 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Тұрғынова Д.Р. Саяси партиялардың қоғамдағы рөлі 
 
 
ықпалдылығы  жағынан  61,5%  иемденіп,  ХДП  «Нұр  Отан»  бірінші  орында 
тұр.  Екінші  орында  10,6%  –  «Ақ  жол»  партиясы  тұрса,  7,4%-бен  «ЖСДП» 
үшінші,  қалғандары  төменгідей  жайғасқан:  «Ауыл  партиясы»  –  2,1%,  1,5% 
«Патриоттар  партиясы»,  0,6%  «Коммунисттер»,  0,1%  «Руханият»  партиясы 
соңғы  орынды  иеленсе,  сұралғандардан  16,2%  адам  ешқандай  партияға 
бүйрегі  бұрмайтындығын  білдірген  [2].  Оппозициялық  партиялар  туралы 
айтар болсақ, олардың негізгі қолдаушысы жұмыссыздар болып отыр. 
Егер  1999  ж.  парламенттік  сайлауда  республикалық  «Отан»  саяси 
партиясын  сайлаушылардың  30,89%-ы  қолдаса,  ал  2004  ж.  сайлау 
нәтижесінде  60,62%-ы  қолдаған.  Өткен  осы  екі  сайлауда  да  "Отан" 
партиясына аз дауыс берген Қызылорда облысының сайлаушылары екен. Бір 
таңқаларлығы,  облыс  азаматтары  1999  ж.  сайлауда  билік  партиясына 
бәсекелес  болған  Коммунистік  партияға  (22,99%),  ал  2004  ж.  сайлауда 
"Ақжол" (37,95%) партиясына көбірек қолдаушылық көрсеткен. Зерттеушілер 
бұған  түрлі  пікір  айтып  жүр.  Біздің  пікірімізше,  мұның  біден-бір  себебі  ол 
кезде  Қызылорда  облысы  республика  бойынша  мұнайлы  өңір  болғанымен, 
облыс  тұрғындарының  тұрмысы  төмен,  жұмыссыздық  деңгейі  жоғары 
болған.  Егер  республика  бойынша  жұмыссыздық  деңгейі  9,3%  құрайтын 
болса, ал Қызылорда облысында жұмыссыздық деңгейі 12,5% құрапты. Бүкіл 
республика  бойынша  жұмыссыздық  көрсеткіші  бойынша  облыс  "бірінші" 
орында тұрған [3]. 
Шындығына  келсек,  билік  партияларының  негізін  мемлекеттік 
қызметкерлер мен бюджеттік сала қызметкерлері құрайды. Ал жұмыссыздар 
мен  басқа  сала  қызметкерлері  арасында  саяси  белсенділік  төмен,  тіпті 
партияларға  қызығушылығы  барлардың  өзі  оппозициялық  партияларға 
басымдылық  береді.  Біздің  елде  партияға  деген  халықтың  сенімі  жоқ.  Оған 
бір  себеп  жетпіс  жылдай  бір  партияның  жетегінде  жүргені  болса,  бір  себеп 
партиялардың  өздерінде.  Яғни  олар  өздері  бағыттарын  айқындай  алмай,  бір 
бөлініп,  бір  бірігіп  атауларын  өзгертіп  жүр.  Ал  кейде  біржақтама  билікке 
қарсы  шығумен  шектеледі.  Бізде  партияларға  көп  мүмкіншілік  берілген, 
мемлекет партия ісіне араласып, жөнсіз шектемейді. Оларға қоғамдық пікірді 
қалыптастыруға,  БАҚ  иемденіп  жарғыларын  сол  арқылы  білдіруіне, 
жиналыстар  ұйымдастыруна,  президенттікке,  парламент  Мәжілісі  мен 
мәслихаттарына кандидат ұсынуға, өз өкілдері арқылы Сенатқа да кандидат 
ұсынуға  құқылы.  Бір  сөзбен  айтқанда,  мемлекеттің  конституциялық 
құрылымын  өзгертіп,  тұтастығына  қауіп  төндірмесе  болды.  Дегенмен, 
демократия – дандайсу, бостандық – бассыздық емес. Партия Қазақстан заңы 
негізінде әрекет етуі тиіс. Партияларға мемлекеттік органдар мен лауазымды 
адамдар  қызметіне  араласуына  жол  бермейді  [4].  Сол  сияқты  мемлекет  өз 
аумағында  басқа  мемлекеттердің  саяси  партиялары  қызметіне  жол 
берілмейді. 
Көппартиялық құрылым – 
тек билікке қарсы шығу емес,
 ол 
 белгілі 

307 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Тұрғынова Д.Р. Саяси партиялардың қоғамдағы рөлі 
 
 
бір қоғам өкілдерінің мүддесін қорғай білу, биліктің жүзеге асуын қадағалау, 
әр партиялар арасында тұрақтылық, бірліктің болуымен қатар, әр партияның 
тәуелсіз,  еркін  болуы.  Ал  бізде  өкінішке  орай,  партиялардың  бір-бірімен 
бәсекелесуге қауқары жоқ. 
Жалпы  алғанда  Қазақстанда  көппартиялылықтың  құрыла  бастау 
процесінің  алғашқы  сатысында  тұр.  Көптеген  партиялар  мен  қозғалыстар 
өзінің  идеологиялық  бағдарламасын  дұрыс  құрастыра  алмай,  саяси 
өзгешелігін ашық көрсете білмеушіліктен қиындыққа ұшырап жүр. Олардың 
платформалары ұқсас, халықпен тығыз байланыс жүйесі жоқ. Сонымен қатар 
Қазақстан  халқының  топтық  ықыласын  жете  түсіну  және  даралануы  әзірге 
бастапқы  күйінде  тұр.  Сондықтан  республиканың  саяси  партиялары  топтық 
ықыласты қорғағанда ашық саясат жүргізе алмайды, өз бағдарламаларын тек 
идеологиялық бағалылықтарға негіздейді.  
Саяси партиялар – азаматтардың түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін 
мемлекеттiк  билiктiң  өкiлдi  және  атқарушы,  жергiлiктi  өзiн-өзi  басқару 
органдарында  бiлдiру  және  оларды  қалыптастыру  iсiне  қатысу  мақсатында 
олардың  саяси  еркiн  бiлдiретiн  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының 
ерiктi бiрлестiгi. 
Партия ісі – қоғам ісі. Бұл бүгінгі шындық.
 
Қазақстанда  саяси  партиялар  сатылап  дамуда,  ол  Қазақстан 
республикасының  тұрақты  да  өркениетті  мемлекет  болуына  көмектесуде 
және  мақсатына  қызмет  етуде.  Еліміздің  әлеуметтік-экономикалық,  саяси 
жағынан  дамып,  өркениетті  елдер  қатарына  қосылу  жолында  саяси 
партиялардың  орны  ерекше.  Елбасымыздың  тұрақты  саяси-партиялық  жүйе 
құруды  маңызды  міндеттердің  бірі  ретінде  санауы  жайдан-жай  емес.  Саяси 
партиялардың қоғамның дамуында алар орны зор. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Саяси түсіндірме сөздік. Жүйелі зерттеулер институты. Астана, 2007.  
2.
 
www. google. kz
. Есенгүл Кәпқызы. Қай партия танымал?.  
3.
 
Әбділдабек М. Көппартиялық болашақтың кепілі ме? //"Түркістан" 1995, 5-сәуір. 
4.
 
www.akorda.kz. ҚР Саяси партия туралы Заң.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

308 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
ҚҰҚЫҚТАНУ 
  
 
Н.М.БАТЫРБАЕВ 
заң ғылымдарының кандидаты, доцент 
 
А.А.АБДИКЕРИМОВА 
А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢДАРЫНА СӘЙКЕС МҰРАГЕРЛІК 
ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МҰРАҒА ИЕ БОЛУ НЕГІЗДЕРІ 
 
В  этой  статье  рассматриваются  понятие  наследственного  правa  и  основы  унаследования, 
согласно законам РК.  
 
The article deals with the conception of the hereditary law and with basis of inheritance according to 
laws of Kazakhstan. 
 
ХХІ  ғасырда  дамудың  тұрақты  экономикалық  және  әлеуметтік 
жолдарын  анықтау,  болашақ  ұрпақ  қамын  ойлау  −  бүгінгі  дүниежүзілік 
қауымдастықтың басты міндеті болып табылды. 
Президентіміздің «Қазақстан−2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-
өркендеуі,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы»  туралы  жолдауы  көп 
мәселенің шешімін табуға жол сілтеді.  
Адамзат  баласының  басынан  кешірген  таптық  қоғамның  бәрінде 
меншік  болғаны  рас.  Бірақ  меншік  формалары  және  сипаты  әркелкі  еді. 
Оның  бірі  жеке  меншік,  бұл  өндіріс  құрал-жабдықтарына,  үй  мен  үй 
мүліктеріне,  сондай-ақ  адамның  қажеттерін  өтейтін  заттары  мен 
бұйымдарына 
деген 
меншіктер 
жүйесін 
қамтиды. 
Адамның 
қожалығындағы малдары, машинасы мен жиынтық қаржылары, жері және 
т.б. мүліктері осы меншіктің мазмұнына кіреді. 
Мұрагерлік  −  өте  ертеден  келе  жатқан  көне  институттардың  бірі. 
Мұрагерлік институтының қалыптасу тарихына көз жіберсек, оның азамат 
қоғамымен  бірге  жасасып,  бірге  дамып  отырғанын  байқаймыз.  Алайда, 
алғашқы  қауымдық  құрылыс  кезінде  адамның  қажеттіліктері  қазіргі 
заманмен салыстырғанда өте қарапайым болып және оны қанағаттандыру 
құралдарының  жетімсіздігі  әсерінен  болар,  ол  кезеңдерде  әлі  мұрагерлік 
деген  түсінік  қалыптаспаған  еді.  Мүмкін,  оны  мұраға  қалдыратын 
мүліктердің  жоқтығымен  түсіндіруге  болар.  Әрине,  ол  заманда  да 
аңшылық,  балық  аулау  құралдары,  жабайы  аңдар  терілері,  үйді  ұстауға 
қажетті  құрал-жабдықтар,  т.б.  адам  өміріне  қажетті  құралдар  әкеден 
балаға,  рудан  руға  өтіп  отырған.  Әкеден  балаға  мирас  түсінігі,  бәлкім, 
осыдан қалған болар. Сонымен мұндай жағдайда туындайтын қатынастар 
құқық нормаларымен емес ғасырлар бойы дәстүрлермен реттелген еді.  

309 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Батырбаев Н.М., Абдикеримова А.А.
 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұрагерлік...
 
 
 
 
Соған  сәйкес,  бұл  қатынастарды    жүзеге   асыру    қазіргідей   мемлекеттік  
мәжбүрлеу  шарасымен  емес,  қоғамдық  пікір,  ру,  тайпа  беделі  сияқты 
шаралармен жүзеге асырылады. 
Кейінірек  шаруашылық  мүліктері  дамыған  сайын  адамдардың 
қатынастары күрделене келе, тайпалық қатынастар әлсіреген кезде қайтыс 
болған адамның мүлкі кімге қалады, кім оған ие болады? Осылайша қоғам 
әлеуметтік топтарға бөліне келе, жеке меншік қалыптаса түсіп, осылармен 
бірге мұрагерлік те пайда болып, дами берді.  
1995  жылғы  30-тамызда  қабылданған  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясының  1-бабы  Қазақстан  Республикасы  өзін  демократиялы, 
зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік  мемлекет  ретінде  орнықтырады. 
Оның  ең  қымбат  қазынасы  −  адам  және  оның  өмірі,  құқықтары  мен 
бостандықтары  деп  көрсетеді  [1].  Негізгі  құқықтарының  бірі  Қазақстан 
Республикасы  Конституциясының  26-бабында  көрсетілген  республика 
азаматы меншік иесі болу құқығына ие, өзінің еркі бойынша өзіне тиесілі 
мүлікпен  иемдене  алады,  пайдалана  алады  және  билік  жүргізе  алады. 
Меншік құқығы мұрагерлік құқықпен тығыз байланысты. 
Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  Кодексінің  235-бабында 
меншік  туралы  меншік  құқығына  ие  болу  негіздері  мыналар  деп  атап 
көрсетілген: 
 1.  Егер  шартта  немесе  заңдарда  өзгеше  көзделмесе,  жаңа  затқа 
меншік құқығы оны дайындығы немесе жасаған тұлғаға тиеді. 
2. Меншік иесі бар мүлікке, меншік құқығына басқа адам сатып алу, 
сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы 
өзге мәселенің негізінде ие болу мүмкін. 
1994  жылы  27-желтоқсанда  Республика  Жоғарғы  Кеңесінде 
қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің  (жалпы 
бөлім) 14-бабында көрсетілген, азамат меншік құқығында мүлікке ие бола 
алады,  сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасы  аумағында  және  оның 
шекараларынан  тыс  аймақтарда  шетел  валютасын    иемдене  алады, 
мұрагер ретінде мұраға иемдене алады және мүлікті мұра ретінде қалдыра 
алады. Республика Конституциясында көрсетілгендей меншік объектілері 
мен  субъектілері,  оның  негізгі  формаларының  көптүрлілігі,  меншік 
иелерінің  өзінің  құқықтарын  пайдалану,  шектеу  оларды  қорғау  негіздері 
заңмен анықталады. 
Заң  бойынша  кез-келген  азаматтың  жеке  меншігіндегі  ақша, 
лицензиялар,  патенттер,  шетел  валютасы  акциялар  өз  шаруашылығын 
жүргізуінен түсетін еңбек табыстары, үй, саяжай және басқа да күнделікті 
тұрмыс қажетіне арналған мүліктері болуы мүмкін. 

310 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Батырбаев Н.М., Абдикеримова А.А.
 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұрагерлік...
 
 
 
 
Мұрагерлік  құқық  отбасы  құқығымен  заңдылықты  қорғайды, 
отбасылардың  нығайып,  одан  әрі  өсіп-өркендеуіне,  кәмелетке  толмаған 
балалар  мен  еңбекке  жарамсыз  отбасы  мүшелерінің  құқығын  қорғауда 
бір-бірін толықтырып, мазмұнын аша түседі. 
1991  жылғы  желтоқсан  айының  16-жұлдызындағы  «Қазақстан 
Республикасының  Мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы»  Заңының  2-
тарауында
  «Ұлтына,    дініне,    қандай    қоғамдық  бірлестікке  жататынына, 
тегіне,  әлеуметтік  және  мүліктік  жағдайына,  шұғылданатын  қызметіне, 
тұрғылықты  орнына  қарамастан  бірдей  құқыққа  иеленіп,  бірдей 
міндеткерлікте болады» [2].
 
Сондықтан,  Қазақстан  Республикасындағы  барлық  азаматтар  шыққан 
тегіне,  әлеуметтік  жағдайына,  тұрғылықты  жеріне  атқаратын  қызметіне 
қарамастан мұрагерлік құқыққа ие бола алады. 
 
Мұрагерлік  −  азаматтық  құқық  қабілеттілігінің  көрінісі.  Заңда 
көрсетілген  реттер  мен  тәртіптерден  басқа  жағдайда  ешкімнің  де 
құқыққабілеттілігіне шек қоюға болмайды.  
Қайтыс  болған  азаматтың  азаматтық  құқықтары  мен  міндеттерінің 
мұрагер бола алатын азаматтарға өтуі мынадай белгілермен анықталады:  
−  мұраға  ие  болу  негіздері  мұрагерлік  құқығының  ережелерінде 
қарастырылған күрделі негізгі құбылыс; 
− мұра арқылы берілетін құқықтар мен міндеттер мұра деп аталатын 
негізді құрайды; 
− құқықтар мен міндеттерді қабылдап алушы мұрагерлер мұраға заң 
бойынша ие болады.  
Мұрагерлік  −  мұра  қалдырушы  мүлік  құқығы  мен  міндеттерінің  заң 
бойынша  басқа  адамдарға  (мұрагерлерге)  өтуін  реттейді.  Мұнда  айта 
кететін  жағдай  мүлік  немесе  заттар  жиынтығы  емес,  керісінше  мүлік 
құқығы мен міндеттерінің жиынтығы. Сондықтан, біз мұраның құрамына 
үй  жөніндегі  меншік  құқығы,  автомобиль  емес,  автомобиль  жөніндегі 
меншік құқығы, сый емес, сыйға деген құқық т.с.с. кіретіндігін айтамыз. 
Мұрагерлік  бойынша  қайтыс  болған  адамның  жеке  басымен 
байланысты  құқықтары  немесе  өзіндік  меншік  құқығы  заң  бойынша 
заңды  мұрагерлеріне  өтеді.  Мысалы,  жалақы,  авторлық  төлемақы,  жинақ 
банкісіндегі қаражат және тұрғын үй кооперативтеріндегі пайлар [3]. 
Сондай-ақ, бұл жерде айта кететін жағдай, мұралық құқық бойынша 
мұрагерлерге  мұра  қалдырушының  борыштары  ауысады.  Мұраны 
қабылдап  алған  мұрагер  мұра  қалдырушының  борыштарына  өзіне 
ауысқан мұрагерлік мүліктің нақты құны шектеріне жауап береді.  
 

311 
 
 
 
 
 
 
А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №1, 2011 
 
Батырбаев Н.М., Абдикеримова А.А.
 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мұрагерлік...
 
 
 
 
Өсиет  бойынша  мұрагеріне  бір  немесе  бірнеше  адамның  пайдасы 
көздейтін міндетті орындауды, мысалы, оның меншігіне бір затты беруді, 
үйді  немесе  оның  бір  бөлігін  өмір  бойы  пайдалануды,  белгілі  соманы 
төлеуді тапсыра алады. 
Мұра  қалдырушы  адам  қайтыс  болғанда  немесе  көрсетілген  тәртіп 
бойынша азаматты өлді деп танылғанда мұра ашылады [4]. 
Азаматтың қайтыс болғанда азаматтық құқық пен міндеттердің басқа 
тұлғаға өтуі келесі белгілермен сипатталады: 
1. Мұрагерлік құқық нормаларында көрсетілген фактілік құрам болып 
табылады; 
2.  Құқықтар  мен  міндеттерге  ие  болатын  тұлға  қайтыс  болған 
азаматтың  жекелі  (сингулиярлы)  құқық  иемденушісі  емес,  жалпы 
(универсалды) құқық иемденуші болады; 
3. Иемденетін құқық пен міндеттер жеке бір мұра құрайды. 
Мұра  қалдырушы  −  оның  қайтыс  болғаннан  кейін  мүлікке  қатысты 
құқықтар  мен  міндеттері  және  басқа  жағдайлары  мұра  ретінде  басқа 
тұлғаларға  өткізетін  азамат.  Бұл  Қазақстан  Республикасының  азаматы 
немесе азаматтығы жоқ азамат болуы мүмкін. 
Азаматтың  тірі  кезінде  оның  барлық  мүлігі  тек  оған  тиесілі,  басқа 
тұлғалар  сонымен  қатар  балалары  оның  мүлігіне  құқығы  жоқ.  Тұлғаның 
қайтыс  болуы  емдеу  мекемесімен  (дәрігер)  анықталады  немесе  кейбір 
жағдайларда соттың азаматты өлді деп тану шешімімен анықталады. Бұл 
құжаттар  АХАЖ  органдары  қайтыс  болған  азаматтың  мұра  қалдырушы 
екенін дәлелдейді. 
Мұрагерлік  тәртіп  бойынша  мұраға  өтетін  мүлік  мұра  немесе 
мұрагерлік масса деп аталады және мұра қалдырушының құқықтары мен 
міндеттері тоқталмайды, мұрагерге мұрагерлік құқық нормалары негізінде 
өтеді. 
Біздің  республикада  азаматтың  көбінің  төмен  өмір  дәрежесі  туралы 
айтылса  да,  қазіргі  кезеңде  азаматтар  меншігінде  кәсіпорындар,  тұрғын 
үйлер,  пәтерлер,  автокөліктер,  ақшалай  салымдар,  акция  және  басқа 
мүліктер көбейген. Бұл мұрагерлік құқықтың дамуына негіз болады. 
Мұрагерлік біздің елде заң бойынша және өсиет бойынша жүргізіледі. 
Заң  бойынша  мұрагерлік  өсиет  бойынша  өзгертілмеген  жағдайда 
жүргізіледі. Заң бойынша мұрагерлік өсиет бойынша мұрагерліктен біздің 
өмірде жиі кездеседі. Оған бірнеше себептер бар: 
Біріншіден,  көптеген  азаматтарды  мұрагерлік  құқық  нормаларымен 
көрсетілген тәртіп қанағаттандырады. 
 

312 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет