Есту қабілеті бұзылған (нашар еститін, кейіннен естімей қалғандар)


 Дайындық сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата09.01.2017
өлшемі267,15 Kb.
#1483
1   2   3

7. Дайындық сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 

талаптар 

 

108. Пәндік нәтижелер. Дайындық сыныптың соңында оқушылар: 

1)  есту  аппаратымен  және  есту  аппаратынсыз  берілген  сөздерді,  сөз 

тіркестерін, фразаларды есту арқылы қабылдауды және айтуды: 

оқу іс әрекетін ұйымдастыруға байланысты сөздік материалдарды; 

тақырыптарға байланысты сөздік материалдарды; 

2)  берілген  материалдарды  аппаратсыз  0,9  м-1м  қашықтықтан  (1 

деңгейдегі  нашар  естушілік),  0,2  м-0,3м  қашықтықта  (2  деңгейдегі  нашар 

естушілік), құлақ түбінен (3 деңгейдегі нашар естушілік) қабылдауды; 

3)  жеке  есту  аппараттарымен  1м-1,3м  қашықтықта  (1  деңгейдегі  нашар 

естушілік),  1м  қашықтықта  (2  деңгейдегі  нашар  естушілік),  0,5  м  қашықтықта 

(3 деңгейдегі нашар естушілік) қабылдауды; 

4)  3-5  қысқа  сөйлемнен  тұратын  мәтіндерді  есту  арқылы  қабылдауды 

және айтуды; 

5) дыбысталатын ойыншықтарды ажыратуды;  

6) дыбыстың шыққан бағытын анықтауды; 

7)  дыбысталудың  қарқындылығы,  ұзақтығын,  санын  ажыратуды  білуі 

тиіс. 


 

8. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

 

 

109. Пәндік нәтижелер. 1-сыныптың соңында оқушылар: 

1)  есту  аппаратымен  және  есту  аппаратынсыз  берілген  сөздерді,  сөз 

тіркестерін, фразаларды есту арқылы қабылдауды және айтуды: 

оқу іс әрекетін ұйымдастыруға байланысты сөздік материалдарды; 

тақырыптарға байланысты сөздік материалдарды; 

2)  берілген  материалдарды  аппаратсыз  1м-1,3  м  қашықтықтан  (1 

деңгейдегі  нашар  естушілік),  0,3м-0,4м  қашықтықта  (2  деңгейдегі  нашар 

естушілік), 5-7 см қашықтықта (3 деңгейдегі нашар естушілік) қабылдауды; 

3) сөздік материалды жеке есту аппараттарымен 1,5 м -1,7 м қашықтықта 

(1  деңгейдегі  нашар  естушілік),  1м  -1,2  м  қашықтықта  (2  деңгейдегі  нашар 

естушілік),  0,5  м  -0,7м  қашықтықта  (3  деңгейдегі  нашар  естушілік) 

қабылдауды; 


4)  5-7  қысқа  сөйлемнен  тұратын  мәтіндерді  есту  арқылы  қабылдау  және 

айтуды; 


5) тілдік емес дыбыстарды, әуенді, жануарлардың, құстардың дауыстарын 

аппаратпен және аппаратсыз есту арқылы қабылдауды; 

6)  есту  арқылы  жиілігі  әртүрлі  дауыстарды  қабылдау  және  әртүрлі 

жиілікте сөйлей алуды;  

7) дыбыстың шыққан бағытын анықтауды; 

8) ересек адаммен баланың дауысын ажырата алуды; 

9)  5-8  буыннан  тұратын  сөздер,  сөз  тіркестері  және  фразаларды    бір 

тынысты шығарғанда айта алуды; 

10)  өз  бетімен  4-5  буыннан  тұратын  таныс  сөздерді  буындық  құрамын 

сақтай отырып, орфоэпия ережесіне сай айтуды; 

11) қалыпты сөйлеу тіліне тән темппен айтуды; 

12)  7-8  буыннан  тұратын  сөздер,  сөз  тіркестері  және  фразаларды    бір 

тыныс шығарғанда айтуды; 

13)  хабарлы  және  сұраулы  сөйлемдерге  байланысты  дауыстың  мәнерін 

өзгертуді; 

14) қазақ тіліндегі дыбыстарды ашық,  жабық және  тұйық буында, сөзде, 

сөз тіркестерінде дұрыс айтуды; 

15) екі дауыссыз қатар келген сөздерді дұрыс айтуды білуі тиіс. 



 

9. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  

 

110. Пәндік нәтижелер. 2-сыныптың соңында оқушылар: 

1) дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді ажыратуды; 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілін, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажыратуды; 

3) диалог жүргізуді; 

4) сөйлемдерді ажыратуды; 

5) математикалық материалды ажыратуды және тануды; 

6) 8-10 сөйлемге дейінгі таныс және таныс емес мәтіндерді ажыратуды; 

7) таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдануды; 

8)  9-10  буыннан  тұратын  сөздер,  сөз  тіркестері  және  фразаларды  бір 

тынысты шығарғанда айту; 

9)  сөйлесіп  отырған  адаммен  ара  қашықтыққа  байланысты  дауыстың 

күшін өзгертуді; 

10) сөздердегі дыбыстарды ажыратуды; 

11)  өз  бетімен  4-5  буыннан  тұратын  таныс  сөздерді  буындық  құрамын 

сақтай отырып, орфоэпия ережесіне сай айтуды; 

12) «Буын», «екпін» ұғымын; 

13) мәтінді оқу кезінде хабарлы және сұраулы екпіндерді қолдануды; 

14) қалыпты сөйлеу тіліне тән темппен айтуды білуі тиіс. 



 

 

 

10. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  

 

111. Пәндік нәтижелер. 3-сыныптың соңында оқушылар: 

1) дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді ажыратуды 

және тануды; 

2) таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдануды; 

3) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажыратуды және тануды; 

4) диалог жүргізе білуді; 

5) ұқсас бірнеше сөйлемдер арасынан керекті сөйлемдерді тануды; 

6) математикалық материалды ажыратуды және тануды; 

7) деформацияланған мәтіндерді қабылдауды және ажыратуды; 

8) 10-12 сөйлемге дейінгі таныс және таныс емес мәтіндерді ажыратуды; 

9) 13-15 буыннан тұратын сөздер, сөз тіркестері және фразаларды қажетті 

синтагм  үзілістерін  графикалық  белгісіне  қарап  таныс  емес  создерде  еліктеу 

арқылы, таныс сөздерде өз беттерімен айтуды; 

10) сөйлемдерді хабарлы, лепті, сұраулы екпінмен айтуды; 

11) сөздердегі айтылуы жақын дыбыстарды ажыратуды; 

12)  мәтіндерді,  тақпақтарды  орфоэпиялық  ережесін  сақтай  отырып 

айтуды білуі тиіс. 

 

11. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

  

 

112. Пәндік нәтижелер. 4-сыныптың соңында оқушылар: 

1) дыбысталуы таныс сөздерді, қысқа фразаларды, мәтіндерді ажыратуды 

және тануды; 

2) таныс емес сөздер, фразалар, мәтіндерді қолдануды; 

3) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажыратуды және тануды; 

4) диалог жүргізуді; 

5) сұрақ жауап алмасуды; 

6) жоспар құрып, жоспар бойынша мәтінді мазмұндауды; 

7) мәтінді оқыған кезде хабарлы, сұраулы, лепті екпіндерді дұрыс айтуды; 

8) сөздердегі айтылуы жақын дыбыстарды ажыратуды; 

9) мәтіндерді, тақпақтарды орфоэпиялық ережесін сақтай отырып айтуды; 

10) қалыпты сөйлеу тіліне тән темппен айтуды білуі тиіс. 

113. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың: 

1)  Қазақстан  Республикасы  Конституциясы  туралы  түсінігі  болуы  және 

оны құрметтеуінен; 

2) өз Отанына деген мақтаныш сезімінен; 

3)  өз  ана  тілін  білуі  және  құрметтеуінен,  өз  халқының  және  Қазақстанда 

өмір сүріп жатқан басқа ұлттардың салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына 

құрметпен қарауынан; 

4)  өз  елінің,  туған  өлкесінің  табиғатын  аялауға  және  қорғауға 

ұмтылуынан;  


5)  үлкендерге  құрметпен,  кішілерге  қамқорлықпен  қарап,  айналасына 

мейірімді, кішіпейілділігінен көрініс табады. 

114. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың: 

1) сөйлеу тілін қарым қатынас құралы ретінде қолдана білуімен; 

2) қарым қатынас кезінде сөздік материалдарды естіп қабылдауымен; 

3) ауызша сөйлеу тілін меңгеруімен айқындалады. 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет