көрсетті.
Жұма
13 наурыз 2015 жыл
4 бет
қоғам
Алқа мәжілісіне ауылдық
округ
әкімдері,
мектеп
директорлары, мектептен тыс
мекеме басшылары, мектепке
дейінгі
ұйым
басшылары,
мектеп директорларының оқу
ісі жөніндегі орынбасарлары
және тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасарлары қатысты.
Күн тәртібінде «ҰБТ-ға
дайындық жұмыстары және
ҰБТ-ға дайындық жұмыстары
барысында физика, математика
пәндері
бойынша
сатылар
арасындағы
сабақтастық»,
«Қазақстан
Республикасында
білім беруді дамытудың 2011-
2020
жылдарға
арналған
мемлекеттік бағдарламасындағы
мектеп оқушыларының тамағын
ұйымдастыру бөлігінің орындалу
барысы туралы», «ҚР Үкіметінің
2013 жылғы 19 маусымдағы
«Білім
беру
ұйымдарын
мемлекеттік аттестаттау ережесін
бекіту туралы» ҚР Үкіметінің
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№1270 қаулысына өзгеріс енгізу
туралы»
№635
қаулысына
сай мектептерді мемлекеттік
аттестаттау
қорытындысы»
туралы аудандық білім беру
бөлімінің
бас
маманының
міндетін атқарушы Есенгүл
Рабаева, «Мектептердегі дене
шынықтыру, АӘД пәндерінің
берілу сапасы мен спорттық
шаралардың
ұйымдастырылу
жағдайы туралы» аудандық білім
беру бөлімі аудандық әдістемелік
кабинетінің дене тәрбиесі және
АӘД пәндерінің әдіскері Екпін
Тінәлиев хабарлама жасады.
Алқа мәжілісінде сөз алған
аудан әкімі Асхат Шахаров
ҰБТ-ға әзірлік жұмыстарын
жүйелі түрде жүргізу, сол
себепті білікті мұғалімдерден
құралған педагогикалық құрам
негізінде мектеп бітірушілерге
арналған тест жұмыстарын
жүргізу, балалардың тамақтануы
мен денсаулығына басты назар
аудару, мектептерде ақпараттық
сайттар ашу турасында келелі ой
қозғады.
- Ұстаздар қауымы оқушы
біліміне жете мән беруі керек.
Білім – болашақтың кілті.
Мұғалім мамандығы қадірлі
мамандыққа
айналуы
тиіс.
Мектеп мұғалімдері оқушы
атаулыға сапалы білім бере
алмаса, уақыт өте келе бала
алдында кешірім сұрауға тура
келеді, - деді өз сөзінде аудан
басшысы.
Мәжілісте
көтерілген
түйткілді мәселелерге орай
жекелеген білім ордаларының
басшылары сөз алып, ой-
пікірлерін,
ұсыныс-тілектерін
ортаға салды.
Алқа мәжілісін аудандық
білім беру бөлімінің басшысы
Жасұлан
Сұлтан
жүргізіп
отырды.
Ертай сАҒЫНдЫҚҰЛЫ,
«Қаратөбе өңірі»
Алқа мәжілісі оздырылды
Өткен апта басында
аудандық мәслихаттың
мәжіліс залында аудан
әкімінің қатысымен
аудандық білім беру
бөлімінің кезекті алқа
отырысы оздырылды.
Мерекелеріне
арналған
сайыста он екі команда тартысты
да қызықты ойын өрнегін
көрсетті. Жарыстың ашылу
салтанатына арнайы қатысқан
аудан әкімі Асхат Шахаров пен
«Қаратөбе әйелдері» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы Ажар
Берікқалиева спорттық жарысқа
қатысушы
қыз-келіншектерді
мерекелерімен
құттықтап,
сәттілік тіледі.
Жарыс
қорытындысында
тоғызқұмалақ ойыны бойынша
І орынды Әсемгүл Абилова
(Шөптікөл ЖОББМБ), ІІ орынды
Меруерт Сайнова (Шұғыла
балабақшасы),
ІІІ
орынды
Назерке Жүсібалиева (аудандық
балалар мен жасөспірімдер
саяхаты және экология орталығы)
иемденді. Ал аса тартысты өткен
волейбол ойынында қарсылас
шақ келтірмеген аудандық білім
беру бөлімінің қыздар командасы
жеңімпаз атанып І орынды
иемденді. ІІ орынға Шөптікөл
ЖОББ мектеп-балабақшасының
қыздар құрамасы тұрақтаса,
ІІІ орынды Қаратөбе мектеп-
гимназиясының
командасы
еншіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегер-
лер
арнайы
дипломдармен
және естелік сыйлықтармен
марапатталды.
серікбай ЖӘЛЕЛҰЛЫ,
«Қаратөбе өңірі»
6 наурыз күні Қаратөбе мектеп-гимназиясының спорт
залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай
«Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен қыз-
келіншектер арасында волейбол және тоғызқұмалақ
ойындарынан мекемеаралық жарыс өтті.
Мереке құрметіне
спорттық жарыс
Тіршіліктің негізін қалаушы
нәзікжандыларды
көктемнің
алғашқы мерейлі мерекесімен
құттықтаған аудан әкімі Асхат
Берлешұлы:
–
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
«Әйел – ошағымыздың ұйтқысы,
шаңырағымыздың шамшырағы,
береке
бірлігіміздің
алтын
діңгегі, ұлттық мәдениетіміздің
мәйегі» деп үнемі қамқорлық
көрсетіп келеді. Сіздер өмірді
нұрландырып,
шаңыраққа
шаттық
нұрын
себесіздер.
Сіздердің
қолдауларыңыз
баршамыздың
көңілімізге
сенімділік
ұялатып,
шуақ
сыйлайды.
Осы
айрықша
қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат
құрып, елге ырыс-құт дарысын.
Сіздерге зор денсаулық, баянды
бақыт,
көтеріңкі
көңіл-күй
тілеймін! - деп, ізгілік пен
мейірімділіктің ұйытқысы болып
жүре берулеріне тілектестігін
жеткізіп, жұмыстарына табыс
тіледі.
Сонымен қатар көктемнің
шуағын
ала
келген
мейрамдарымен
аудандық
ақсақалдар алқасының төрағасы
Орынғали
Ермекқалиев,
аудандық мәслихат хатшысы
Батырғали
Тойшыбаевтар
мерекелерімен құттықтады.
Мереке қарсаңында жүздесіп,
дидарласқан аудан басшысы
Асхат Шахаровтың ізгі тілегіне
ризашылықтарын
білдірген
Гүлсара Төреғалиқызы, Мәншүк
Айтбаева, Айдана Төлегенова,
Замира
Омаровалар
зор
алғыстарын білдірді.
Көңілді әңгіме, ақ тілектермен
өрілген
қабылдау
соңында
аналар мен қыз-келіншектерге
құттықтаухат пен сыйлықтар
ұсынылды.
серікбай ХАсАНОВ,
«Қаратөбе өңірі»
Төл мерекелерімен
құттықтады
6 наурызда Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров
Халықаралық әйелдер күніне орай түрлі салада жемісті
еңбек атқарып ауданның әлеуметтік дамуына өз үлестерін
қосып, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген әйел
азаматшаларды қабылдап, мерекелерімен құттықтады.
елмұра
Жұма
13 наурыз 2015 жыл
5 бет
Ө
ткен ғасырдың сексенінші
жылдарында
Қаратөбе
ауданының мәдени өміріне елеулі
із қалдырған Мұхит Айтқалиевті
(суретте) көрген қаратөбеліктер
ұмытпай, оны өнер жайлы әңгіме
болған жерде әлі күнге еске алып
отырады.
2003
жылы
Мұхит
Айтқалиевтің
өмірі,
домбырашылық,
күйшілік
жолдары
жайлы
«Дарабоз
домбырашы» деген кітап жаздым.
Бұл еңбегімді Мұхит ағайдың
Орал, Атырау облыстарындағы
шәкірттері сұратып алдырғаны
есімде.
2017 жылы қаңтар айының
1-і күні Мұхит Айтқалиевның
туғанына -90 жыл толады.
Осыған
орай
Оралдағы
Д.Нұрпейісова атындағы №1
балалар саз мектебі халық
аспаптары бөлімінің меңгерушісі
Асқар
Мұхамбетқалиұлы
Кенжеғалиев 2014 жылы мамыр
айында Мұхит аға еңбек еткен
Алматы, Қарағанды, Шымкент
облыстарында іс сапарда болып,
дәулескер
домбырашымен
жұмыстас болғандармен, оны
көргендермен кездесті. Қарағанды
қаласында Мұхастың отбасымен
кездесіп, әңгімелесті. Мұхит
ағаның домбырашылық шәкірті
Ырысты Жақопқызы Ақтанова
айтқан әңгімелерді, естеліктерді
пайдаландық.
Нәтижесінде
Асқар Кенжеғалиев екеуміз
шығармашылық бірлестікте кітап
жазып, баспаға даярлап болып,
енді бастыруға керекті қаржыға
демеуші іздеу қамында жүрміз.
Қаратөбе
аудандық
халық
аспаптар
оркестрін
ұйымдастырып кеткен Мұхит
Айтқалиев ағамыз жайлы бұрын
қаратөбеліктер естімеген жаңа
деректерді жазып отырмын.
Қаратөбе
балалар
саз
мектебінде домбыра сыныбында
жұмыс жасап жүрген Мұхит аға
1986 жылдың қыркүйек айының
5-і күні өз қолынан маған
өмірбаянын жазып берген еді.
«Мен
Қаласов
Мұхит
Өтеуліұлы 1927 жылы бұрынғы
Батыс
Қазақстан
облысына
қарасты Орда ауданының Азғыр
ауыл советінде дүниеге келіппін.
Әкем 1934 жылы қайтыс
болды. Анамыз осы жылы
Азғырдағы балалар үйіне мені
тапсырған» депті. Одан кейін
Оралдағы №1жетім балалар үйі,
Жымпитыдағы жетім балалар
үйі. Жымпиты балалар үйінің
директоры Мамық Ерниязов,
(Қаратөбе аудандық «Еңбек
туы» газетінің Жымпитыдағы
жауапты шығарушысы қызметін
атқарған зейнеткер Махамбет
Ерниязовтың туған әкесі) бірге
тәрбиеленген Идият Мұратов
(кейін облыстық «Орал өңірі»
газетінің бөлім меңгерушісі),
Жымпиты аудандық «Қызыл ту»
газеті редакторының орынбасары
Ғафур Хұсайынов болатын.
Балалар үйінің завхозы Айтқали
Айбатыров
пен
бәйбішесі
Дәулетиярова Жұмағыз асырап
алып, фамилиясын Айтқалиев деп
жаздырыпты. Жымпиты балалар
үйінен кейін Жымпиты колхоз
– совхозаралық театрда артист.
Дұрысында,
Мұхиттың
руы ысық – Баймұрат емес.
Ол
Аққозылық
Айтқалиева
Сәлиманың әкесі Айбатыров
Айтқалидың руы. Мұхиттың әкесі
Қаласов Өтеулі – Орда жақтың
Әлім - Кетесі. Анасы Заида
Ахметқызының ұлты – татар.
Мұхит үш ағайындыболған.
Үлкені Мақсот, ортаншысы
Мұхит,
кенжесі
Мүсілім.
Мақсот 1943 жылы Сталинград
майданында қаза тапқан. Мүсілім
жастай өмірден өткен.
2014 жылдың 4 мамыр айының
5-і күні кешкі сағат жетілерде
Асқар Кенжеғалиев Мұхиттың
Қарағанды қаласында тұратын
отбасын
тауып,
Мұхиттың
жұбайы, зейнеткер Зілейха мен
баласы Таймаспен әңгімелескен.
1925 жылы Калмыкова (қазіргі
Тайпақ ауылы) ауылында дүниеге
келіппін, - депті Мұхиттың
жұбайы Зілейха апай.
Мен дүниеге келгеннен кейін
он күннен соң әкем Мүсірәлі
дүние салды. Ол кісінің руын,
тегін де білмеймін. Тек әкемнің
есімімен фамилиям Мүсірәлиева
болып аталды, сол ғана қалған.
Ал анамның жүзі есімде жоқ,
білмеймін.
Сірә, үш – төрт жаста
шығармын.
Әйтеуір, қалай
келгеніміз есімде жоқ, қала
үйлерінің ауласында жүрміз.
Анамыз
ауырып
емханаға
келген. Қандай аурумен ауырды
ол кезде білмеймін, қазір ойлап
қарасам «дизентерия ма» екен
деймін.
Әйтеуір,
қасымда
Қазыбай ағам бар екеуміз, сол
үйлердің ауласында түнедік.
Қарсы бетте анамыздың жатқан
ауруханасы. Таңертең тұрып
терезеге жақындаймыз, анамыз
жинап теріп, нан береді. Ішетін
тамағымыз тек су мен нан болды.
Келесі күні тұрып тағы барамыз.
Көп болмады, қанша күн өткенін
білмеймін, бір күні терезеден
бөтен әйел «енді келмеңдер,
аналарыңды алып кетті, енді
келмейді», - деді.
Сөйтіп, кеште аурухананың
қақпасы жабылған кезде біз
сыртында қалдық. Көшеде өткен
- кеткен адамдар керек емес киім-
кешектерін береді, соны жамылып
отырамыз.
Берген
тамағын
жейміз. Өмірдің сондай сынынан
өттік. Сосын бізді балалар үйіне
алып кетті бір кісілер. Мен болсам
үш-төрт жас шамасында, ал ағам
менен шамаменен екі жасқа
үлкендеу. Ауылда өскен екеуміз
де орысша білмейміз, балалар
үйінде тәрбиелендік.
Шамамен 1934-1935 жылдар
сияқты, әлі оқымаймын. Балалар
үйіне орыстар келіп, демалыс
бөлмесінде тұрған бір нәрсені
(кейін білсем – пианино)
басып көрсетті. Қолымызды
шапалақтатқызып
ырғақты
қайталатқызды.
Содан біз музыка мектеп
- интернатына оқуға түстік.
Ол кезде мектеп директоры
Воробев деген хор дирижеры
болды. Сонда жатып музыкадан
оқыдық. Интернат Шаған өзеніне
жақын жерде болды. Ауласы
үлкен болатын. Оқитын музыка
мектебіміз де сол аулада. Түнде
далаға қыздар екі - үшеуден
шығатынбыз. Себебі, әжетханаға
барар жолда арабша жазулары
бар
құлпытастар
болатын.
Қорқатын
едік.
Интернатта
жатып оқығандар көбі қазақ
балалары болатын. Арамызда бір-
екі орыс болды. Есімде Назарова
Надя деген флейташы болды.
Үйден келіп оқитын – кларнетші
Никитин деген болды. Аштық
кезі ғой, сонда да таңертең -
ботқа, түсте - сорпа, кеште тағы
басқасын беретін еді.
Көбіне орысша сөйлегенім
сондай, бір уақыттары қазақша
сөйлей алмай қалдым. Ағам
Қазыбай (Мүсірәлиев мүмкін)
көбіне аулада асық ойнайтын.
Сол себептен музыка сабағын
оқымайтын. Сөйтіп, оны басқа
мектепке алып кетті. Кейін оны
басқа ауданға алып кетті деп
естідім. Содан қайтып ағамды
көрген емеспін. Кішкене кезінен
аяғын ақсап басатын. Сол
себептен соғысқа бармаған болар
деп ойлаймын.
Мектептен соң 1944 жылы
музыка училищесіне пианист
Клавдиенконың класына оқуға
түстім, - дейді Зілейха апай.
Сол
кездерден
ойымда
қалғаны - Болотин – скрипкашы
мұғалім, Фурманова – пианистка,
ұлты еврей болатын.
Ал, бірге оқыған Анна
Муравьева, Кускова, Женя Носова
деген сопрано дауысты әнші
қыздар есімде.
Оралдың музыка училищесін
1948 жылы бітіріп, Алматы
қаласына оқуға кеттім. Әлі
есімде, пойызбен сол кезде бір
апта жүріп бардым. Алматы
мемлекеттік консерваториясының
фортепиано аспабы бойынша
Е.Ф.Гировскийдің класына оқуға
түстім. Консерваторияны 1953
жылы бітірдім. Сол кезде бірінші
пианист қазақ қызы болдым.
Мен 1953 жылы консер-
ваторияны
бітірісімен,
Қарағандыға жолдамамен келдім.
Мұнда музыкалық училищеге
жұмысқа орналастым. Сол кезде
Мұхит осында менен екі жыл
бұрын келген екен. Ол жаңадан
ашылған музыка мектебінде
және музыка училищесінде
домбырадан
сабақ
беретін.
Біз ол кезде бір - бірімізді
танитын болатынбыз. Екеуміз
консерваторияда оқып жүріп,
танысып
едік.
Қарағанды
қаласында үйлендік. Өзі өте
ақкөңіл еді. Жанында жүрген
таныс, жолдастарына үстіндегі
киімін шешіп беруге дайын
болатын.
Мұхит сирек кездесетін
музыка маманы болды. Сол
себептен оған жанында жүрген
жолдастары үнемі нотаға түсіру,
партитура жазу т.б. көптеген
жұмыстарымен келетін. Осы тұста
оның жоғарыда айтқан ақкөңілдігі
сол, олардың тауын қайтармайтын.
Бәріне көмектесетін. Мұхиттың
көп достары болды. Олардың
ішінде
Мұхит
Құбышев,
Нұрғиса Тілендиев, Шамғон
Қажығалиевтерді
ел
біледі
ғой.
Нұрғиса
домбырашы
болды, Шамғон скрипкашы еді.
Нұрғисаға Мұхиттың оркестрге
партитуралар жазып беріп жүрген
кездері есімде. Сол кезде сондай
достар еді олар.
1954 жылы қызымыз –
Танзила (оң жақта) дүниге келді.
1957 жылы
ұлымыз – Тайман (сол жақта)
дүниеге келді.
Екеуміз де жаспыз, ақыл
айтар адам жоқ. 1959 жылдары
ақыры өзара түсініспеушіліктен
ажырасып кеттік. Ол Алматыға
кетті, мен Қарағандыда қалдым.
Мұхит одан кейін Шымкентте
болды, Оралда жүр деп естідім.
Кейін қайтқанын да естіп, білдім.
Қызымыз - Танзила 1974
жылы Қарағанды музыкалық
училищесін аяқтаған соң 1982
жылы
Алматы
мемлекеттік
консерваториясының фортепиано
класынан бітіріп шықты.
1999 жылдан бастап Канада
елінің азаматшалығын алды.
Қазір екі ұлымен, немерелерімен
Торонто қаласында тұрады. Мен
оларға әр жыл сайын барып
тұрамын. Олар бізге келеді.
Ұлымыз – Тайман Қарағанды
музыкалық училищесін 1977
жылы теория бөлімі бойынша
бітіріп, 1982 жылы Алматы
мемлекеттік консерваториясын
музыканттанушы
мамандығы
бойынша өнертанушы доктор,
профессор А.И.Мұхамбетовадан
бітірді.
1998-2000
жылдар
аралығында Қарағанды музыка
училищесінің
директоры
қызметін атқарды. Қазір сол
училищенің теория бөлімінің аға
оқытушысы.
Өзім көп жылдар бойы
училищеде
фортепиано
бөлімінің меңгерушісі болып
қызмет жасадым. 1980 жылы
зейнеткерлікке шықтым. Күні
кешеге дейін Канадаға барып
жүрдім. Қазір тоқсанға таядым.
Осы тамызда қызым және немере
- шөберелерім келеді. Соларды
сағындым. Соған дейін аман
болсам деймін, - деген екен
Зілейха Мүсірәлі қызы.
Мұхит
Айтқалиевтің
домбыра
үйрену
жайлы
жазған
бірнеше
кітабы
Алматы
консерваториясының
кітапханасында
сақтаулы.
Студенттер пайдаланып жүрген
құнды
еңбек.
Мұхиттың
Қаратөбеде жүргенде салған
бірнеше суреттерін тауып, кітапқа
салдық. Суретшілігі жайлы
кітапта арнайы бір бөлім бар.
Бір аяқ бір қолынан инсульт
алып, домбыра тартудан қалған
Мұхит Айтқалиев Оралдағы
қарттар үйінде тәрбиленген.
Шәкірті Ырысты Жақорқызы
барып хал – жағдайын біліп
тұрған.
Мұхит Өтеуліұлы 1992 жылы
сәуір айының 14-і күні Оралдағы
қарттар үйінде 65 жасында қайтыс
болып, 16-сы күні жерленген.
2001 жылдың тамыз айында
оралдық домбырашы шәкірттері
Бейбіт Кенжесұлы Ақошев, Әсет
Махатов, Ырысты Ахтанова мен
жолдасы, әкелі – балалы Серік
пен Бейбіт Ибатовтар Мұхит
Айтқалиевтің
үйін
көтеріп,
құлпытас қойды.
Сөйтіп,
«Свистунгора»
қауымында аты – жөні жазылған
тақтайша
тұрған
молаға
іздеушілері табылып, силикат
кірпіштен қаланған төрт құлақты
бейіт тұрғызылып, «Руы Ысық.
Достарыңызбен бөлісу: