Баймұрат. Айтқали ұлы Мұхит
1927. 1.01. – 1992 . 16.04. Белгі
қойған шәкірті Ырысты» деп
жазылған құлпытас қойылды.
Қайыржан ХАсАНОВ,
Қаратөбе ауданының
құрметті азаматы.
Қазақстанның құрметті
журналисі. Орал қаласы
Мұхит Айтқалиевтің туғанына - 90 жыл толу қарсаңында
Қаратөбеліктер Мұхит Айтқалиевті
ұмытпайды
«Балдырған»
бөбекжай-
балалар
бақшасының
дене
шынықтыру нұсқаушысы Талғат
Сайновтың ұйымдастыруымен
өткен спорттық сайыс «Кім
шапшаң?» (шанамен жарыс),
«Кім епті?» (шаңғы жарысы),
хоккей
(шарды
хоккей
таяғымен белгіленген жерге
дейін шапшаңдықпен жеткізу),
«Қырағылар» (жасырынған затты
қар астынан іздеп табу) атты
бөлімдер бойынша оздырылды.
Балаларын шанаға отыр-
ғызып
жарысу,
шаңғымен
сырғанау шарттары бойынша
ата-аналар Сабыр Әлмұханов,
Зульфия Қуаншалиева, Гүлнара
Жұмашева, Думан Сариевтер
т.б.
шапшаңдығымен
және
ептілігімен ерекше көзге түсті.
Сайыс
ережесіне
сай
«Арай» тобы І орын, «Еркемай»
және «Тұлпар» тобы ІІ орын,
«Ботақан», «Шағала» тобы
ІІІ
орындарды
иеленді.
Жеңімпаз топтар дипломдармен
марапатталды.
Гүлімхан ҚАЛИЕВА
дүние-дидар
Жұма
13 наурыз 2015 жыл
Құттықтаймыз!
«Балдырғандағы»
спорттық мереке
25 ақпан күні
«Балдырған» бөбекжай-
балалар бақшасында
балаларды салауатты өмір
салтын ұстану, шымырлық
пен шапшаңдыққа баулу
мақсатында ата-аналар мен
балалар арасында бірлескен
«Қыс қызығы» атты
денсаулық мерекесі өтті.
6 бет
Тәжірибе көрсеткендей, 80%-
ға жуық қабылданған арыздар
мен хабарламалар бірнеше
сөйлемдерден құралған. Соның
ішінде, арыз берушілер өздерінің
толық анкеталық деректерін,
тұрғылықты мекен-жайын және
басқа да қажетті мәліметтерді
көрсетпеген. Сонымен қатар
арызданушылар ҚР Қылмыстық
Кодексінің 351 бабына сәйкес
көрiністі жалған жеткiзу үшін
қылмыстық
жауапкершілікке
тартылатындығы
жөнінде
ескертілмеген. Жасалған немесе
дайындалып жатқан қылмыстар
туралы толыққанды деректер
(жасалған қылмыстың әдіс-
тәсілі, уақыты мен орны),
болжамды қылмыскер (мекен-
жайы, сыртқы келбеті және
ерекше белгілері, қылмысты
жасаудың болжамды себептері
және т.б.), жасалған қылмыстан
келген зардап (алынған дене
жарақаты туралы толыққанды
сипаты, залал шығыны, ондағы
әрбір
қылмыскердің
рөлі,
т.б.), заттай дәлелдемелер
(қылмыскердің немесе қылмысқа
қатынасы заттардың, киімдер
мен қалдырылған іздер және
т.б.), қылмыстың куәгерлері
немесе
көрген
адамдар
(анкеталық деректер, мекен-
жайы, т.б.) мұның барлығы
қылмыстық істі ашу үшін заңды
тұрғыда шешім қабылдауға,
сондай-ақ қылмысты тергеу мен
ашу жұмыстарының тиімділігін
арттыру үшін маңызды. Жаңадан
енгізіліп жатқан әдісті саралаудан
өткізу мақсатында үстіміздегі
жылдың 1-ші қаңтарынан
бастап қылмыстар бойынша
арыздар мен хабарламаларды
жаңа үлгілер бойынша қабылдау
жүзеге асырылатын болады.
Азамат ЖАКуПОВ,
Басқарманың Қаратөбе
ауданы бойынша бас маманы
сотқа дейінгі тергеудің
бірыңғай тізілімі
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
қылмыстар бойынша арыздар мен хабарламалардың
жаңа үлгісін әзірледі. Онымен азаматтар ҚР ІІМ
веб-порталында, Астана мен Алматы қалаларының,
облыстардың ІІд сайттарында, сонымен қатар ішкі
істер органдарының әкімшілік ғимараттарында
таныса алады.
Қаратөбе
ауылының
тұрғыны,
қадірлі апамыз Құрманғалиева Клара
ӨТЕҒАЛИҚЫЗЫН мерейлі 58 зейнеткерлік
жасқа толу мерейтойымен және 8 наурыз
– Халықаралық әйелдер күні мерекесімен
құттықтап, деніне саулық, отбасына бақ-
береке тілейміз.
Төмендегі жыр жолдарын мерейтой иесіне
тарту етеміз:
Зейнеткерлік жасқа жеттің мерейлі,
Қуаныштың кереметін көр игі.
Ұзақ ғұмыр, асқан бақыт тілейміз,
Шаңырақты шаттық әнге бөлейді.
Ақылыңа, кеңесіңе жүгініп,
Сізге арналды шын жүректен жылы үміт.
Біздер үшін бақытты боп жүре бер,
Қосылсын бас дастарқанда бірігіп.
Игі тілекпен, құттықтаушылар: сіңлі-күйеу балалары
Ислам-Ұлдай, Абылай, Қайырбек-Ұлмекен
Аталған спорттық шараға
ауылымыздың әйелдер қауымы
белсене қатысып, тартысқа толы
қызықты ойын өтті. Жарыс
нәтижесі бойынша ауылдың
әйелдер командасы жүлделі І
орын алса, ІІ орынды оқушылар
командасы,
ІІІ
орынды
мұғалімдер командасы иеленді.
Аталған мерекелік спорттық
шараға «Бекмағанбет» ШҚ
жетекшісі Талғат Бекмағанбетов
демеушілік жасады. Жарысқа
қатысушы
командаларға
дипломдар
мен
бағалы
сыйлықтар табыс етілді.
Естай АйТҚОЖАҚОВ,
“Қаратөбе” спорт
клубының Жусандыой
ауылдық округінің әдіскері
Қаратөбе ауылының тұрғыны бүкіл саналы
өмірін ауданымыздың экономика саласына
арнаған, ибалы келін, өмірлік серігіне адал
жар, ардақты ана, бүгінде қызын қияға, ұлын
ұяға қондырып, немерелерінің сүйікті әжесі
болып отырған әріптесіміз саинова сәуле
сАйЫНҚЫЗЫН мерейлі 58 зейнеткерлік
жасымен құттықтаймыз.
Зейнеткерлік жасқа кеп шаттанасың,
Әлі талай шыңдардан бақ табасың.
Шын жүректен бәріміз құттықтаймыз,
Көш керуенің ешқашан тоқтамасын.
Ізгі тілекпен: аудандық сәулет, қала құрылысы және
құрылыс бөлімі ұжымы
Қаратөбе ауылының тұрғыны бауырымыз
Наурызбек Рысбайұлын 14 наурызда толатын
мерейлі 40 жасымен құттықтаймыз. Жеңілі мен
ауыры, шуағы мен дауылы қатар жүретін өмір
атты ұзақ жолдың аяғы талмас жолаушысы
бол!
Өмір қуанышын сыйлаған ата-анаңның
рухы алдында жанашыр бауырларыңның көз
қуанышы, сүйіктіңнің аяулысы, достарыңның
қалаулысы бол!
Арайлап атқан әрбір таң мен нұрлана батқан әрбір кеш бақыт
сыйласын! Жұлдызың жоғары, еңбегің бағалы, мерейің үстем
болсын. Жүрер жолың ұзақ, шығар тауың биік, көрер қызығың
мол болғай!
Игі тілекпен: апа-жезделерің Рулан-Нұрлы, Қайсар-
Айнұр, іні-келіндерің думанбек-Айымгүл, данабек-
Мейрамгүл, қарындас-күйеулерің Тәңірберген-Айнагүл,
Нұршат-Гүлімхан, балаларың, жиендерің
Арулар - асыл жандар
8-наурыз
халықаралық әйелдер
күні мерекесіне орай
Жамбыл ЖОББМБ-
ның дене тәрбиесі
мұғалімдерімен
бірлесіп, волейболдан
қыз-келіншектер
арасында ауыл
ішілік жарыс
ұйымдастырылды.
Т Ү З Е Т у
Аудандық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 5 наурыздағы
түзету беру туралы №4 санды қатынас қағазына сай газеттің
2015 жылғы 3 наурыздағы №9 санында жарияланған сайлау
комиссиялары құрамдары бойынша №276 Қоскөл учаскелік
сайлау комиссиясының мүшесі Мұханбетжанова Әсем
Қадіржанқызының орнына Мұханбетжанова Нұргүл Алмасқызы,
№284 Үшана учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Ақданова
Гулде Шаколовнаның орнына Ахдоңова Гулде Шаколқызы, №286
Темірбек учаскелік сайлау комиссияның мүшесі Сүйнішалиев
Ерболат Исламғалиұлының орнына Сүйнішалиев Ерболат
Исмағұлұлы деп оқулары сұралады.
ХАБАРЛАНдЫРу!
№2 Егінікөл сайлау округі бойынша сайлау нәтижелерін
анықтауды №271 Егіндікөл учаскелік сайлау комиссиясында
сағат 21.00-ге қойылсын.
Жұма
13 наурыз 2015 жыл
7 бет
дүние-дидар
Меншік иесі:
«Жайық Пресс» ЖШс
бас директор
Жантас сафуллин
«Жайық Пресс» ЖШС
Қаратөбе филиалы
«Қаратөбе өңірі» Қаратөбе аудандық
қоғамдық-саяси газетінің
директор-редакторы міндетін атқарушы:
Райсов Ерболат Мырзағұлұлы
Газет жарияланымдарындағы автор
пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы
болып есептелмейді. Редакция оқырман
хаттарына жауап бермейді, оны
қайтармайды. Деректердің дәлдігі үшін
автор жауапты.
Газет ҚР-ң Байланыс және ақпарат
министрлігінің Ақпарат және мұрағат
комитетінде 19.01.2012 жылы тіркелген.
Тіркеу нөмірі
№12264-Г.
Мекен-жайымыз: 090800
Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы
Ғ.Құрманғалиев көшесі, 19, 23-бөлме
Телефондар: Редактор: 31-1-61
Жауапты хатшы (факс): 31-3-35
Біздің электронды поштамыз:
E-mail: Karatobe_oniri@mail.ru
белгісімен жарияланған
материалдар ақылы болып есептеледі.
ж
Газет Қаратөбе аудандық «Қаратөбе
өңірі» газеті редакциясында
компьютерлік әдіспен теріліп, беттеледі.
«Жайық Пресс» ЖШС баспаханасында
басылды.
Орал қаласы, Мұхит көшесі: 57/1
Газет аптасына 1 рет шығады
Көлемі 2 баспа табақ
Тапсырыс: 10
Таралымы: 1573 дана
Мен Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің
Экономика және бизнес жоғары
мектебінің Менеджмент және
маркетинг
кафедрасының
«Менеджмент»
мамандығы
бойынша 4-курс студентімін.
4 жыл бойы білім нәрімен
сусындатып,
талабымызды
тауға қарай домалатқан кафедра
ұстаздары мен қызметкерлеріне
алғысым шексіз. Мен білім
алып жатырған Менеджмент
және маркетинг кафедрасы
«Менеджмент және бизнес»
және
«Маркетинг
және
коммерция»
кафедраларының
бірігуі
нәтижесінде
2011
жылы құрылды. «Менеджмент
және
бизнес» кафедрасы
1995
жылы
құрылған,
кафедраны ҚР ҰҒА мүшесі
профессор
К.Н. Нарибаев
басқарды. «Маркетинг және
коммерция»
кафедрасы 1995
жылы қаңтарда маркетолог
мамандарының
біліктілігін
арттыру мақсатымен құрылған.
Кафедраның білім, ғылым,
өндірістік және инновациялық
потенциалы жоғары. Олардың
барлығы дерлік заманауи әдіс
тәсілдерді қолдану арқылы
жоғары
квалификациялы
білікті мамандарды даярлайды.
Менеджмент және маркетинг
кафедрасы Әл-Фараби атындағы
КазҰУ Ғылыми кеңестерінің
және Экономика және бизнес
жоғары мектебінің жоспарына
сәйкес өз қызметін атқарады.
Кафедра қызметі ҚР «Білім»
жайлы заңнамасы мен ҚР
Үкіметі және Білім және ғылым
Министрлігінің
қаулысына
негізделген.
Менеджмент
және маркетинг кафедрасы
қызметінің жылдық жұмысы
Университет Стратегиясы мен
Экономка және Бизнес жоғары
мектебінің даму бағдарламасын
жүзеге асыруға бағытталған.
Кафедраның білім, ғылым мен
өндірістік және инновациялық
потенциалы жоғары. Олардың
барлығы дерлік заманауи әдіс-
тәсілдерді қолдану арқылы
жоғары квалификациялы білікті
мамандарды даярлайды. Біздің
кафедра құрамында 6 экономика
ғылымдарының
докторы,18
экономика
ғылымының
кандидаттары қызмет етеді.
Осындай білікті ұстаздардан
білім алған біздің кафедра
түлектері бүгінде сан-салада
қызмет етіп, Қазақстанның
гүлденуіне өз үлестерін қосуда.
Адиет ОРАШЕВ,
Әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұу Экономика және
бизнес жоғары мектебінің,
Менеджмент және
маркетинг
кафедрасының,
«Менеджмент»
мамандығы бойынша
4-курс студенті
Биіктерді бағындырған білім ордасы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің отандық білім
ордаларының ішіндегі сөзсіз көшбасшысы, талапты да талантты жастарды білім
нәрімен сусындатқан қасиетті қара шаңырақ екені баршаға мәлім. Маған да осы
бір қасиетті білім ордасында білім алу бақыты бұйырды.
Қаратөбе колледжі МҚКК-ы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27
қыркүйектегі «Азаматтық қызметке кіру және
азаматтық қызметтің бос лауазымын иеленуге
конкурс өткізу туралы» № 849 Қаулысының негізінде
бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды:
Бос қызмет орыны:
Бас есепші – 1 бірлік
Конкурс өткізу мерзімі:
Конкурстық хабарландыру аудандық газетке
жарияланғаннан кейін 15 күн өткен соң белгіленеді
Конкурс өткізілетін орын: Қаратөбе ауданы, Шөптікөл
ауылы Қаратөбе колледжі МҚКК Ғ.Құрманғалиев көшесі, 26 үй
Мекеме бас есепшісін таңдауға қойылатын негізгі
талаптар:
1) Жоғары білімді – есепші мамандығы;
2) Есепші мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем
болмауы керек;
3) Компьютерлік бағдарламаларды толық білу;
4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу»
Заңын толық білу;
Кәсіби білімі мен дағдысы: колледждегі есеп жұмысын
нормативті құжаттар арқылы жүргізу, бюджеттік қаражатты
тиімді пайдалану, колледждің есебін тиянақты жүргізу.
Өтінішке қоса берілетін құжаттар тізімі:
1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке куәлігінің көшірмесі (заңды түрде) ;
3. Мемлекеттік тілде түйіндеме;
4. Өмірбаян;
5. Толтырылған кадрлар есебінен жеке іс-парағы;
6. Диплом (қосымшасымен) нотариалды немесе басқа да
заңды түрде куәландырылған көшірмесі;
7. Еңбек кітапшасының нотариалды немесе басқа да заңды
түрде куәландырылған көшірмесі;
8. Білім жетілдіру сертификаты, т.б. құжаттар көшірмесі;
9. Бекітілген үлгі бойынша денсаулығы туралы анықтама ф-
086У
Құжаттар мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс:
Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылы, Ғ.Құрманғалиев көшесі
№ 26 үй
Анықтама телефоны: 8/71145/ 31-6-12, 21-2-73
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен
кейін басталып, 15 күнтізбелік күннен соң тоқтатылады.
Адамзатқа ертеден таныс
сыбайлас жемқорлық – заманмен
бірге
өсіп-өркендеп,
небір
тегеурінді қарсылықтарға төтеп
беріп, қайда мол қаражат, пайда
болса, сол жерге тамыр жайып,
бүгінге дейін жойылмай отырған
қауіпті кеселдің бірі.
Сыбайлас
жемқорлықпен
күрес
мәселелері
кез-
келген мемлекет үшін өзекті
проблемалардың бірі. Барлық
елдерде оның трансұлттық
сипаты танылып, оған қарсы
экономикалық, құқықтық және
басқада шаралар қолданылуда.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі
бой көрсететін, ең қауіпті түрі-
парақорлық. Бірінші кезекте пара
берудің себептерін, пара алудың
жағдайларын түп-тамырын жою
үшін қоғам болып белсенділік
танытуымыз қажет. Яғни пара
беру де, пара алу да пайдалы
болмайтындай, үлкен қылмыс
ретінде саналатындай жағдай,
қоғамдық сана қалыптасуы
қажет. Парақорлық мемлекеттік
аппараттың қалыпты қызмет
етуіне бөгет болып, билік және
басқару органдарының беделіне
нұқсан келтіреді, заңдылық
қағидаларын жоққа шығарып,
азаматтардың конституциялық
құқықтары
мен
заңды
мүдделеріне
қысымшылық
жасайды. Әрине, сыбайлас
жемқорлық
қылмыстарымен
күресте қылмыстық-құқықтық
шаралардың маңызы ерекше.
Сөйтсе де, оларды болдырмауда,
ал орын алған жағдайда, жасаған
адамдарды жазалауда тәртіптік,
әкімшілік
және
азаматтық
жауаптылық
шараларында
кеңінен қолданған жөн.
Қазақстан Республикасының
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы» Заңына сәйкес
сыбайлас жемқорлықпен күресті
барлық мемлекеттік органдар
мен лауазымды тұлғалар жүргізуі
тиіс. Мемлекеттік органдардың,
ұжымдардың, жергілікті өзін-
өзі
басқару
органдарының
басшылары өз өкілеттігінің
шегінде
өздерінің
кадр,
бақылау, заңгерлік және өзге
де қызметтерін тарта отырып,
заң талаптарының орындалуын
қамтамасыз етуге міндетті деп
көрестілген.
Сыбайлас
жемқорлық
мемлекетті ішінен жоюдың
бастамасы мен жетістіктерді
жоққа
шығаратын,
ұлттық
қауіпсіздікке
қауіп-қатер
әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан
да Қазақстан Республикасының
мемлекеттік саясатының негізгі
басымдылықтарының
бірі
болып осы зұлымдықпен күресу
болып табылады. Сондықтан
сыбайлас жемқорлықпен күресу
барлық Қазақстан Республикасы
азаматтарының
азаматтық
борышы деп білу керек.
Н.дуйсЕНГАЛИЕВА,
Қоскөл ауылдық округі
әкімі аппаратының
жетекші маманы
сыбайлас жемқорлықпен күрес -
баршамызға ортақ іс
«сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы
2 шiлдедегі №267-заңының 2-бабы 1-тармағына сәйкес «мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын
адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және
соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың
өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген
мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды
тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды
сатып алуы» сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.
Аққозы ауылдық округінің,
Бесоба ауылының кезіндегі тұрғы-
ны, қимас бауырымыз Байболатов
Медет
БӨЛЕКБАйҰЛЫНЫң
бақилық болғанына 15 наурызда 40
күн болуына орай сағынышпен еске
аламыз. Күні кеше құлыншақтай
құлдыраңдап бірге өскен, «апалап»
еркелеп тұратын аяулы інімнен қапыда айырылып қаламын
деп ойлаппын ба?! Міне, енді сыздаған жүрек шіркін,шыдатпай,
өзіңмен үнсіз егіліп, тілдесіп отырмын. Бұдан басқа қолдан
келер шара бар ма?!
Бұл фәниде өзің көріп үлгермеген қызықтар мен
жақсылықтар артыңда қалған, көздері мөлдіреген қос
бүлдіршініңе бұйырғай деп тілеймін. Пейіште нұрың шалқып,
балаларыңды аруағыңмен желеп-жебеп жатқайсың! – деп дұға
бағыштаймыз.
Өміріңнің шаттық, қызық бар күнін,
Тастап кеттің, тастап кеттің барлығын.
Жоқтайды артыңдағы бауырларың,
Мәңгілікке торқа болсын топырағың.
сағынышпен еске алушылар: апа-жездесі Руслан-
Гүлдана және жиендері
Жұма
13 наурыз 2015 жыл
8 бет
соңғы бет
Келісім-шарт бойынша Қарулы
Күштердің қатарына 19 жастан
35 жасқа дейін, өз ісінің майтал-
маны бола алатын, моральдық,
психологиялық ұстамды және
дене даярлығы мықты азаматтар
қабылданады. Атырау, Актау, Ақтөбе
облысындағы әскери бөлімдеріне
келісім-шарт бойынша әскери
қызметке әскери қызметшілерді
жинақтауда. Отанына адал қызмет
ету мамандығын таңдағысы келген
жас жігіттердің келісімшарт әскери
қызметі туралы мәліметі болуы ке-
рек. Келісім-шарт бойынша әске¬ри
қызметке өткен жастарымызға
әскери қызметші аталған соң көп
жеңілдіктер бар: қатардағы сарбаз,
сержанттардың еңбекақысы қызмет
өтімі, лауазымына байланысты 60
мың теңге және одан жоғары, жыл-
ма-жыл өсуде. Демалыска келген
әскери қызметшілердің айтуын-
ша 90 мың тенге аламыз дейді, 45
тәулік кезекті еңбек демалысы,
білім деңгейін көтеремін дегендерге
50 пайыздық жеңілдік және 45 жас-
тан бастап зейнеткерлікке шығу
мүмкіндігі бар. Әскерилерді тұрғын
үймен қаматамасыз ету жағдайына
үлкен мән берілуде. Әскери қызмет
өткеріп жүрген кезеңде мемле-
кет есебінен қызметтік тұрғын үй
беру немесе тұрғын үй жалдағаны
үшін өтемақы төленеді. Қазіргі
кезде ҚР Қарулы Күштері жеке
құрамының 75 пайызы келісім-шарт
әскери қызметкерлерінен тұрады.
2014 жылы Қаратөбе ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен
келісім-шарт бойынша Атырау,
Ақтау каласындағы 41433, 25744,
51809 әскери бөлімдеріне 10 әскери
қызметші қызметке жолданып, өз
жұмыстарын жақсы атқаруда.
Қазіргі таңда аудан көлемінде
және ауылдық округтерде есепте
тұратын әскери міндеттілер арасын-
да келісім-шарт бойынша әскери
қызметке азаматтарды іріктеу және
үгіт-насихат жұмыстар жүргізіліп
жатыр.
ҚР Қарулы Күштерінің әскери
бөлімдерін сарбаздармен /матростар,
сержанттар, старшиналар/ жасақтау
мақсатында, Қаратөбе ауданының
қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
бірнеше әскери мамандықтар
бойынша Ақтау қаласындағы 25744,
51809, Атырау қаласындағы 41433,
41321, Ақтөбе қаласындағы 66597
әскери бөлімдеріне келісім-шарт
бойынша әскери қызметшілермен
толықтыруда.
Достарыңызбен бөлісу: |