№20 (9093) 7 наурыз, сенбі


Әшірбек Сығай кім көрінген туралы мұндай тұжырымды да терең мақала жазбайтыны



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата09.01.2017
өлшемі47,66 Mb.
#1510
1   2   3   4   5

Әшірбек Сығай кім көрінген туралы мұндай тұжырымды да терең мақала жазбайтыны 

бесенеден белгілі. Таланттарды бағалай білу де ол кісінің даналығы. Сағат пен Жібекті 

мерейтойларымен  құттықтай  отырып,  біз  Әшекеңнің  бұл  мақаласын  қай  уақытта 

жазғанын  сұрадық.  «Әшірбек  аға  біздің  ұстазымыз.  Ол  кісідей  республикадағы  әрбір 

талантты  әртісті  бағалап,  көре  білетін  театр  сыншысы  жоқ.  Ол  кісі  біздер  туралы 

мақаланы  қайтыс  болардан  3-4  күн  бұрын  әкелді  де:  «Мерейтойларыңды  өзім 

басқарамын, уайымдамаңдар», — деген болатын. Пенденің айтқаны бола ма, ол кісінің 

қазасы тек бізді емес, бүкіл қазақ елін күңірентті ғой»,- деді Сағат біздің сауалымызға 

жауап беріп. Біз белгілі өнер қайраткерінің мақаласын оқырмандарға ұсынып отырмыз.

Лебаева  жарыса  ойнайды.  Өнерде  де,  өмірде  де 

қатар  жүзген  қос  аққудай  Жібек  Рахымбердіқызы 

мен  оның  жары  Сағат  Жылгелдиевтің  өнері  де 

халқымыздың асыл мұраларының бірі — театр атты 

киелі  ордада  көп  жылдар  бойы  жалғасын  тауып 

келеді. Актриса театрдағы актерлік рөлдерімен бірге, 

бірнеше көркем фильмдерге де түскен. 1997 жылы 

«Сағыныш» фильмінде Кәдеш рөлі ( р е жиссері – 

Ұлжан Қолдауова), 2012-2014 жылдардағы «Бапкер» 

фильмінде  ана  рөлі,  «Жедел  жәрдемдегі»  қалалық 

ене рөлі т.б. Талмай еңбек етудің үлгісіне айналған 

Жібектің  жалынды  өнері  ел-жұртының  жүрегінен 

ешқашан өшпесі анық!



САҒАТ

Өмір  мен  өнер  –  егіз  ұғым.  Олардың  өзара 

бай ланысын,  айырмашылығын  көре  білу,  бар  жан-

тәніңмен сезіне білу – дара қасиет. Тағдырдың тосын 

сыйы мен өнердің сыршыл тұстары шексіз. Соқпағы 

мен сүрлеуі мол күрделі асуларда Сағат Жылгелдиев 

пен Жібек Лебаева бір-біріне тірек, серік, сапарлас 

болып  келеді.  Сағат  Ермағамбетұлы  да  талантты 

актер, асқан әнші, сирек дарын иесі. Оның актерлік 

шеберлігі  көпшілік  көңілінен  шығып,  өзіне  лайық 

бағасын әлдеқашан алып үлгерген. Ол 1954 жылдың 

12 желтоқсанында Қызылорда облысы, Аққыр елді 

мекенінде дүниеге келгенінен жоғарыда аз-кем сыр 

тартқан  едік.  1977  жылы  Құрманғазы  атындағы 

мемлекеттік  консерваторияның  актерлік  бөлімін 

КСРО  Халық  артисі,  Мемлекеттік  сыйлықтың 

лауреа ты, профессор Хадиша Бөкеевадан бітіріп, ол 

да еңбек жолын Талдықорған облыстық қазақ драма 

театрынан  бастаған.  20  жыл  бойы  аталмыш  театр 

шаңырағында  тынбай  еңбек  етіп,  жаңа  белестерге 

көтерілгені рас. Сан түрлі кескін, әр алуан бейнелерді 

сахнада  жандандырып,  қилы  кейіпкерлерге  өмір 

сыйлады. Ол өзінің ізденімпаздығының арқасында, 

жаттанды таптаурындылыққа, біріз ділікке ұрынбай, 

бір-бірінен  ерекше  дараланар  сан  бейнелерді 

ұтымды  кескіндеуге  ұмтылды.  Актер  болу  үшін 

сымбатты кескін-келбет қана емес, жоғары сергектік 

қасиеттер  керегі  де  аян.  Өз  мамандығының  хас 

шебері  болуды  көздеген  сезімтал  жан  мұны 

назарынан  титтей  де  тыс  қалдырмады.  Көптеген 

кейіпкерлерді  кескіндеген  Сағат  Жылгелдиев  өз 

бейнелерінің  жан  әлеміне,  сезім,  сана  иірімдеріне 

терең  үңіле  білді.  Әр  образдың  даралылығына, 

психологиялық  ахуалына  баға  беруге  ұмтылыс 

жасауы  арқылы  ерекшеленді.  Сөзіміздің  айғағы 

ретінде,  Сағат  Ермағамбетұлы  Жылгелдиевтің 

қайсыбір  шығармашылық  еңбектеріне  тоқталып 

өтейік.  М.Әуезовтың  «Қарагөзіндегі»  Сырым 

бейнесін  кейіптеді.  Жиын  тойдың  дүлдүлі,  өлең-

жырдың  бұлбұлы  Сырым  өнерімен  ғана  емес,  өр 

мінезімен, мөлдір де таза сезімімен жұртшылықты 

таңқалдырып,  тамсандырып  жүрген  серілердің 

серкесі  Сағаттың  Сырым  жан-дүниесіне  бой  лай 

отырып, оның өзіндік мінезін аша білуі, Қарагөзге 

деген аса сүйіспеншілігін, құлай ғашық болған хал-

күйін жеткізе білуі актердің таланттылығын аңғартса 

керек.  Сырымның  психологиясына,  эмоциясына 

зер салып, серінің есеңгірер, тебіренер сәттерін екі 

иығы селкілдеп, еріндері кемсеңдей, қос жанары от 

шашып, шабытты толғайды. Жанарынан тоқтаусыз 

аққан  жас  тамшылары  Сырымның  өкінішін,  ашу-

ызасын,  ғашықтығын  сездірер  айшықты  сәттер. 

Сахна өнерінің биігіне Сағат өзі бейнелеген Сырым 

жан  әлеміне  терең  бойлау  арқылы  жетіп  қана 

қоймай, кейіпкерінің ауанына бойлай білетін зерек 

дарын екенін дәлелдей түсті.

М.Әуезовтың  «Абай»  шығармасындағы  Айдар 

кескіні  де  С.Ермағамбетұлына  бұйыр ды.  Махаббат 

пен  адалдық  жолында  жанын  пида  етуге  даяр, 

арамдыққа жаны қас шәкірт келбеті оны өзге қырынан 

танытты. Кіршіксіз көңіл, ыстық ықылас Айдардың 

өн  бойынан  шынайы  көрініс  тапты.  Айдар  мен 

Ажар  махаббаты  Сағат  пен  Жібек  сезімдерін  одан 

әрі алаулата түскендей болды. Қос ғашықтың нағыз 

сүйіспеншілігі кәдуілгі өмірде жарасым тапқан қос 

таланттың  өзара  жүрек  лүпілін  ортаға  салды.  Сол 

себептен  де  болар,  қойылым  барысында  шынайы 

өмір мен өнер көріністері салтанат құрды. Айдардың 

ақкөңілділігі,  тіршілікке  деген  құштарлығы  оның 

көркем бейнесін одан сайын көріктендіре түскендей 

болды. Сағаттың актерлік ізденісі, қажымас қайраты, 

еңбексүйгіштік  қасиеті  Айдар  бейнесін  көрермен 

жүрегіне  шын  ұяла та  білгені  рас.  Т.Қалихановтың 

«Ақын  Сара»  драмасында  бас  кейіпкер  Біржан 

салды жандандырды. Осы тұлғаны нұсқалау арқылы 

Сағат Жылгелдиев өнер бәйгесіне қамшы салдырмас 

жүйрік болып қалыптасқандығын, қай тақырыпқа үн 

қосса да, өзіндік өрнегі бар айшықты тұлға екенін 

байқатты.  Жанрдың  қай  түрінде  бой  көрсетсе  де, 

қарым-қабілеті,  ой-өресі,  қиял  кеңістігі  дараланып 

тұратын бесаспап сахнагер атанды. Біржан сал рөлі 

актердің әншілік өнерінің сахнада шарықтай қанат 

қағуына мүмкіндік туғызды. Сахналық сөзді табиғи 

дауыс ырғағымен, жүрек дірілімен мың құбылтып, 

бойын сахнаға үйретіп қана қоймай, өз кейіпкерінің 

жан-дүниесін  көрерменге  нанымды  жеткізе  алды. 

Біржан бойынан көрініс тапқан сезім толқыныстарын 

әсем  әнімен,  жарасымды  қимыл-қозғалысымен 

айшықты ете түсті. Сал Біржанның төпке жырларын 

еш сүрінбей, кідірмей, шындығында хас шеберлерше 

орындаған  еді.  Бала  кезінен  домбырамен  ән  салу 

қабілеті  оның  саф  өнерін  барынша  өрлете  түсті. 

Бозбала  күнінде  жиі-жиі  қиялға  берілген  Сағат 

бертін  келе  сахнаның  хас  шебері  атанды.  Оның 

өн  бойына  дарыған  ерен  қасиеттерін  қалың 

жұртшылық  әділ  бағалай  білгендігі  бек  ақиқат. 

Талдықорған театрында 20 жылға жуық еңбек етіп, 

алғаш  сахнаға  шыққан  төңірегін  думанға  бөледі. 

Санамалап көрсе, аталған облыстық өнер ордасында 

көптеген  рөлдерді  қанжығасына  байлап  үлгеріпті. 

М.Әуезовтың «Қарагөзінде» – Сырым, «Абайында» 

–Айдар,  «Хан  Кенесінде»  –  Ақпанбет,  Нысанбай, 

«Еңлік –Кебегінде» – Есен, «Таңғы жаңғырығында» 

—  Бақтығұл,  Ғ.Мүсіреповтың  «Ақан  сері  — 

Ақтоқтысында»  —  Ақан,  «Ұлпанында»  –  Құнияз, 

Ш.Айтматовтың «Ана-Жер-Анасын- да» — Жайнақ, 

«Жәмиласында»  –  Данияр,  У.Шекспирдің  «Асауға 

тұсауында»  –  Паж,  Петручио,  А.Фадеевтің  «Жас 

гвардиясында» – Сергей Тюленин, І.Жансүгіровтың 

«Исатай  –  Махамбетінде»  –  Махамбет  және  т.б. 

көптеген  бейнелерді  айшықты,  байыпты  кейіптеп, 

отты өнерін көпшілік назарына ұсыныпты.

1997  жылы  Сағат  Жылгелдиев  өзінің  өмірлік 

жары,  өнердегі  серігі  Жібекпен  бірге  Ғ.Мүсірепов 

атындағы  қазақ  мемлекеттік  академиялық  балалар 

мен  жасөспірімдер  театрында  еңбек  жолын 

жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұл театрда да түрлі 

кейіпкерлермен  қауышты.  Сахна  дарабозының  бір 

ерекшелігі  –  кез-келген  рөлдерге  жан  бітіріп,  әр 

жанрдың  өзіне  тән  ерекшелігін  нәзік  сезіне  білуі. 

Оның  кейіпкерлерінің  арасында  жас  шамалары, 

мінез-құлықтары, 

жүріс-тұрыстары, 

сөйлеу 


мәнерлері ерекше жандар жетерлік. Алайда сезімтал 

актер  өз  шеберлігінің,  актерлік  ауқымы  кеңдігінің 

арқасында әрқайсысының жан

түкпірлеріне  үңіле  отырып,  оған  іштей  баға 

беріп,  өзінің  шеберлік  қиялымен  ұштастырып, 

спектакльдің  көркемдік  бояу-нақышын  құлпыртып 

жібереді.  Көрерменді  мезі  етер  жаттанды 

әрекеттерден  бой  тасалап,  жаттанды  сөз  сөйлеу 

мәдениетіне  көп  мән  беретін  ұқыпты  сахнагер. 

Ол  астарлы  сөздегі  ой  мазмұнын  терең  түсініп, 

үн  ырғағына,  дикция  айқындылығына  ден  қоя 

қарайтын,  ән-жырға  жаны  жақын  әмбебап  талант. 

Жаны  жұмсақ,  жүрегі  нәзік,  отты  да  өршіл 

әрекеттерге  етене  жақын  сахнагердің  өнердегі 

орныерекше. Ақынжанды актер, лирик әнші, әуелете 

әуен созар асқан жыршы. Сыр сүлейлерінің толассыз 

төгіліп жатар жыр-термелерін аса бір шеберлікпен, 

өзіне ғана тән үн мақамымен келістіре шырқайтын 

Сағаттың өнері – мәдени, рухани мол мұра.

Драма  жанрына  деген  сүйіспеншілігі  өзгеше. 

Ұстаз-бапкері  марқұм  Хадиша  Бөкейқызы  одан 

мол  үміт  күткен  еді.  Оның  актерлігіне,  оның 

жанр  табиғатын  түсіну  түйсігіне  тәнті  болатын. 

Сондықтан  да  ол  ән  мен  актерлік  өнерді  қатар 

алып  жүруді  мақсат  тұтты.  Музыкалық  қабілетін 

драмалық  шеберлігімен  байланыстыра  дамытуды 

жөн  санады.  Ақан,  Сырым,  Біржан,  Естайларды 

көзге  әнсіз  елестету  мүмкін  емес.  Ал  Сағаттың 

пішім-порымы,  кескін-келбеті  осы  кейіпкерлерге 

сұранып-ақ тұрған жоқ па?! Ендеше, ол үшін драма 

мен  ән-жыр  өнері  бір-ақ  ұғым.  Екеуі  егіз.  Сөйте 

жүріп, айтулы әнші актер мен жасөспірімдер театры 

сахнасында  Ш.Айтматовтың  «Қызыл  орамалды 

Шынарымында»  –  Аманжолов,  Ғ.Мүсіреповтың 

«Қозы Көрпеш – Баян сұлуында» –Қарабай, «Ақан 

сері  –  Ақтоқтысында»  Қоңқай,  Иран-Ғайыптың 

«Естайдың Қорланында» Естайды және т.б. көптеген 

кейіпкерлер  кескінін  бейнеледі.  Соңғы  спектакль 

өнер мен өмір теңізінде 40 жыл бойы бірге жүзіп келе 

жатқан Сағат Жылгелдиев пен Жібек Лебаеваның 60 

жасқа толу құрметіне орай сахналанғанын айрықша 

атап  өткен  жөн  шығар.  Сағат  бейнелеген  Естай 

көрермен  тарапынан  да,  сыншылар  жағынан  да 

мақтауға тұрарлық дүние болды.

Киелі театр шаңырағында ғана емес, талантты 

өнер иесі радиотолқындар мен көгілдір экрандарда 

танымал.  2012  жылы  «Қазақстан»  ұлттық 

арнасының жобасы аясында түсірілген «Әке серті» 

телехикаясында  басты  бейне  -  әкені  нұсқалады. 

2013  жылы  көрерменге  жол  тартқан  «Сырғалым» 

телехикаясында  да  басты  кейіпкерлердің  бірін 

кейіптеп,  ыстық  ықыласқа  ие  болған-ды.  Саналы 

ғұмырын бүтіндей өнерге арнаған жан, әлі де биік 

асуларға  қарай  беттеп  барады.  Әріптестерінің 

арасында  абыройлы,  көрермендері  алдында 

құрметті  қос  дарын  иелері  Сағат  пен  Жібек  жүріп 

өткен  шығармашылық  тұрғыдағы  жауапты  жол 

аса  жеңіл  болды  деп  айта  алмаймыз.  Сан  мәртебе 

өрледі, ерледі. Сүрінген, құлдыраған тұстары да жоқ 

емес. Сахнаның қат-қабат сырларын ұғу сапарында 

көрмеген  құқайлары,  сезіп-білмеген  қуаныштары 

жетерлік  десе  де  болғандай.  Қысы-жазғы  үздіксіз 

гастрольдік сапарлар, кішкене ұл-қыздарын тамыр-

таныс, ағайын-туыстарына қалдырып, ұзақ жолдарға 

аттанып кетер артистік өмір-ай десеңізші!

Олар  баспаған  топырақ  кемде-кем  шығар. 

Республика аумағын былай қоя тұрыңыз, Өзбекстан, 

Қырғызстан,  Тәжікстан,  Қарақалпақстан,  Египет, 

Түркия  секілді  т.б.  елдерді  сан  рет  шарлады  емес 

пе?!  Шүкір!  Сондай  аласапыранға  толы  артистік 

өмірлерінде  өздерінің  аттарына  кір  келтірмес, 

тәрбиелі  де  тәлімді  ұл-қыздарын  өсірді.  Бұл 

күндерде  олар  ибалы  ата-ана,  берекелі  отбасының 

үлгілі  ақылшылары.  Сәйгүлікше  зулай  шапқан 

уақытқа  не  шара?!  Екеуі  де  алпыс  деген  аталы  да 

жоталы  жасқа  жетіп,  шығармашылық  еңбектеріне 

де  қырық  жыл  толып-ақ  қалыпты.  Күні  кеше  ғана 

студенттік  думанды  жылдардың  қызығына  тоймай 

жүрген  өрімдей  жастар  еді.  Шәкірт  Сағатқа  менің 

де  ұстаздық  еткен  сәттерім  есіме  түсіп,  жастық 

жылдарының буалдыр елесіне елітіп отырған жайым 

бар. Иә, олар саз қосылған. Нағыз шығармашылық 

өнерпаздар  отбасы.  Серілер  шаңырағы  десек 

те  артықтығы  жоқ.  Сағат  о  бастан  сауыққой, 

думаншыл.  Жібекте  де  анау-мынау  жігітке  бергісіз 

ірілік бар. «Затым әйел екен» деп, бүгжеңдеуге жаны 

қас. Еңлікше еңсеріп, Ұлпанша ұйытып кеткісі келіп 

тұрады. Кейде ер кісіше сөз бастап кетер ерліктен, 

өрліктен де құр емес.

Қос  дарын!  Қос  аққу!  Қос  шынар!  Сағат  пен 

Жібек осы айтылған эпитеттердің қай-қайсысына да 

әбден лайық.

Қос  алпыстарың  құтты  болсын,  ұлы  сахна 

өнерінің шын берілген бейнеткештері!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет